Тақырып 11. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік қарыз
1.Ішкі және сыртқы мемелкеттік қарыздар. 2.Мемлекеттік бюджет құрылымы.
3.Бюджет тапшылығы және оның түрлері.
4.Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.
Мемлекеттік бюджет заңдық тәртіппен бекітілген мемлекеттің табыстары мен шығыстарының құрылымын сипаттайды.
Мемлекеттік шығындар: мемлекеттік сатып алулар және трансферттік төлемдер.
Табыстар негізінен салықтардан алынады, бұл орталық және жергілікті бюджеттерден, сонымен қатар мемлекеттік займдар және бюджеттен тыс қорлардан алынады.
Салықтар – мемлекетке төленетін жеке және заңды тұлғалардың міндетті төлемдері, мемлекеттің фискалдың саясатының негізгі ригагы (тұтқалары); салық ставкаларының мөлшерін өзгерте отырып, үкімет өнім көлеміне әсер етеді.
Егер шығыстар табыстарға тең болса, онда мемлекеттің бюджеттің балансы болады. Мемлекеттің шығындары табыстардан көп болса, онда бюджеттік тапшылық (дефицит), ал мемлекет табыстары шығындардан артық болса, онда бюджеттік артықшылық болады.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері:
а) несиелік – ақшалық эмиссия - ∆ м
б) займдарды шығару - ∆ В
Тапшылық = ∆ M + ∆ В
Инфляциялық салық инфляцияның өсуіне байланысты зардап шегетін ақша құралдарының иелеріне төлейді.
Мемлекеттік бюджеттің алғашқы тапшылығы – жалпы тапшылық пен қарыз бойынша проценттік төлемдер сомалары арасындағы айырма.
Мемлекет ескі займдар, облигациялар иелерімен есептесу үшін:
а) Реқаржыландыру (қайта қаржыланды), яғни жаңа займдарды шығару.
б) конверия, яғни табыстылыққа сәйкес займ шарттарының өзгеруі
в) мемлекеттік қарыз консолидациясы, яғни мерзімге сәйкес шарттардың өзгеруі.
Қосымша ақша саның айналысқа шығару нәтижесінде алынатын табыс және
мемлекеттік бюджет тапшылығын монетизациялау кезінде болатын эффект - сеньораж
Мемлекеттік бюджет құрылымдық және циклдік болып бөлінеді. Құрылымдық бюджет – толық жұмысбастылық жағдайында мемлекеттік шығындардың салықтардың артуын айтамыз.
Циклдік тапшылық – нақты бюджет тапшылықтары мен құрылымдық тапшылық арасындағы айырма. Ол өндірістің циклдік түсуі нәтижесінде пайда болады.
Бюджеттік тапшылықтың үш негізгі концепциясын айқындауға болады:
1. Әр жылдағы баланстау концепциясы – рикардолық тепе-теңдікке негізделген, осыған сәйкес мемлекеттік шығындарды қаржыландыру салықтар есебінде іске асырылады.
Мысалға, бірінші кезеңде бюджеттік тапшылық:
Д = G1 – Т1 (1)
Үкімет бұл тапшылықты мемлекеттік облигацияларды сату арқылы қаржыландырады. Осы уақытта екінші кезеңде үкімет салықтар жинап (Т2) қарыздарды жабу үшін, мемлекеттік сатып алуларды (G1) қоса отырып:
Т2 = Д (1+r) + G1 (2)
Мұндағы, r – проценттік ставка
(2) мәнді (1)-те қойса, онда:
Т2 = (G1 - Т1) (1+r) + G2 (3)
Жақшаларды ашып және салықтарды солға ауыстырамыз. Алынған мәнді (1+r) – ге бөлеміз:
Т1 (1+r) + Т2 = G1(1+r) + G2 (4)
Т +Т/1+r = G1 + G2 /1+r (5)
Алынған теңдеу мемлекеттік бюджеттік шектеулер болып табылады.
2. Циклдік баланстау концепциясында бюджет экономикалық циклы барысында ғана негізделуі тиіс.
3. Функционалдық қаржы концепциясы бюджетке емес, эконмиканың баланстау идеясына негізделген.
Мемлекеттік қарыз – белгілі бір уақыт аралығында бюджеттік тапшылықтың жинақталған сомасы.
Екіге бөлінеді:
1. Сыртқы қарыз – мемлекеттің басқа елдердің ұйымдары мен азаматтарына қарызы.
2. Ішкі қарыз – мемлекеттің өз азаматтары мен ұйымдарына қарызы.
Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік қарыз өзара байланысты. Бюджеттік тапшылық мөлшерін анықтауда (бағалауда) бірқатар мәселелер туындайды:
1. Бірінші мәселе мемлекеттік нақты бюджет тапшылығы – бұл:
Номиналдық бюджет тапшылығы – жыл басындағы мемлекеттік қарыздың мөлшері Х инфляция қарқыны.
2. Бюджетті есептеуде капиталды бюджеттеудің тәртібін жүргізу керек, яғни активтер мен міндеттемелерді ескеру керек.
3. Бюджетке ескерілмейтін міндеттемелер кіруі керек: яғни болашақтағы зейнетақылар және әлеуметтік сақтандыру төлемдері, ағымды жылдағы аударымдар кіреді
Мемлекетгің орталықтаңдырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар — бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Бюджеттерді қарау және бекіту кезінде билік пен басқарудың тиісті оргаңдары бюджеттердің белгілі бір мөлшерлерін белгілеуі мүмкін.
Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы заңмен белгіленген. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысаңдары мыналар болып табылады:
-мемлекеттік қарыздар шығару;
-кредит ресурстарын пайдалану.
Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу — ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішіңде барлық баптар бойынша (қорғалатындарынан басқа) белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету — пайдаланылады. Бюджеттердің атқарылуы процесіңде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесін республика Парламенті мен биліктің жергілікті оргаңдары анықтап, бекітеді. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетгі қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекегтік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен — айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түріндегі пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
1) түсімдерден;
- кірістерден;
- альшған ресми трансферттерден (грантгардан);
бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеуден;
2) шығыстардан және кредит беруден:
шығыстардан;
кредит беруден;
3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);
4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.
Өз кезегінде кірістер:
салықтық түсімдер;
салыққа жатпайтын түсімдер;
капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер болып бөлінеді.
Бюджетгік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер бөлігімен (және бір уақытта санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады.
Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер бойынша (қайтару негізінде берілген — бұрынғы жылдардағы несиелендіру) мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі болып табылады.
Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың шығыстарын қаржыландыруға жұмсалады.
Мемлекеттік борышқа қызмет ету жөніндегі шығыстар "борышқа қызмет ету" функционалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік мекемелерін — әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар — қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу және қарыздарды орналастырғаны үшін комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министрлігін бөле отырып жүргізіледі.
Кейін бюджетке өтеу түрінде қайтаруға жататын, басқа эко-номикалық бірліктерді несиелендіруге арналған қаражаттар тиісті бөлікте — функционалдық топ болып табылатын несиелендіруде көрсетіледі.
Бюджет тапшылыгы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі. Ал бюджет профициті — бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми трансферттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге пайызбен есептеледі.
Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі — бюджет тапшылыгын (профицитті пайдалану) қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып көрсетеді. Оның қос арналымы бар:
тағалылық болған жағдайда — ішкі кездерден (Ұлттық банктен, коммерциялық банктерден, бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойынша, шығыстарды жабуға бағытталатын жыл басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары) және сыртқы қарыздардан қаражаттар тарту;
профицит кезінде — жоспардан тыс түсімдерді, бірінші кезекте мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі бюджеттік бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға пайдалану.
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен айқыңдалады. Қаржы Министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптама — функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын белгілейтін нормативтік құқықтық акт. Ол кірістердің сыныптамасынан, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамаларынан тұрады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттің мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламаларымен, министрліктер мен ведомостволардың, ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысьш қамтамасыз етеді; жеке (дара) сметалар мен қаржы жоспарларын құрама сметалар мен жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, құрама жоспарлар мен бюджеттің жазбаша тізбесі арасындағы үйлесуді қамтамасыз етеді. 1996 жылға дейінгі бюджеттік сыныптама мынадай бөліктерді қамтыды: бөлім, параграф, бап, тарау. Алайда ұзақ уақыт қолданылып келген сыныптама бюджет қаражаттарын жобалаудың, оған есеп жүргізудің және бақылаудың, сондай-ақ бюджет процесін жүзеге асырудың қазіргі заман талаптарына сай болудан қалды. Сондықтан 1996 жылдан бастап ол жаңа, халықаралық стандартқа сәйкес келетін сыныптамамен ауыстырылды.
Жаңа бюджеттік сыныптамаға сәйкес кірістер енді төрт бөлікке жіктелетін болды, олар: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік.
Мемлекеттік кредитінің негізгі нысаны кредит қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады.
Қарыздарды өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады.
Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлерме бойынша тұрлаулы табыс алады); ұтыс немесе лотереялық қарыздар болуы мүмкін. Аталған мемлекеттік қарыздардан басқа олардың тарихыңда (бүрынғы КСРО бойынша) шаруа қарыздары (1924, 1925, 1927 жж.), үш индустрияландыру қарызы белгілі.
Сондай-ақ әскери қарыздар, 1946-1950 жж. халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту қарыздары (5 қарыз) белгілі. Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992 ж. республика үкіметі Мемлекеттік ішкі қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға (2012 жылға дейін) есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының бондары шығарыдды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады.
1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент-занды және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мемлекеттік ішкі қарызының ұлттық жинақ облигациялары таратыла бастады. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.
Ақша ресурстарыңдағы қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін қарастырылған шараларды бюджеттен қаржыландыру кезінде кірістердің түспеген немесе жеткіліксіз түскен кезінде кредиттің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МҚМ) сияқты нысаны пайдаланылады. МҚМ қағазсыз нысанда занды тұлғаларға — коммерциялық банктерге, кәсіпорындарға, фирмаларға арналып 3, 6, 9, 12 ай мерзімге шығарылады. Иелері арасында МҚМ-ді орналастыру аукциоңдық сауда-саттықта жүргізіледі, оңда міңдеттемелердің кезекті шығарылуының дисконтталынған бағасы белгіленеді. Қаржы министрлігі оларды айналыс мерзімінің бітуіне қарай көрсетулі құны бойынша сатып алады, бұл бағалы қағаз номиналы (атаулы құны) мен дисконтты баға арасындағы айырмашылық инвестордың табысын қүрайды. Мемлекет МҚМ-ға есеп айырысу мен шаруашылық операциялар бойынша қалыптасатын рыноктік бағалар бойынша (жағдаятты ескере отырып) төлемдердің мәртебесін бере отырып, олардың тұрақтылығына кепіл болады.
1999 жылдан бастап атаулы қүны 100 АҚШ доллары болатын айналыс мерзімі 5 жыл арнаулы валюталық мемлекеттік облигацияларды (АВМЕКАМ) жинақтаушы зейнетақы активтерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметінің атынан Қаржы министрлігі (эмитент) шығарды. Бұл облигациялар иелеріне өтеу кезіңде олардың атаулы қүнын алуға және жылына 6,14% мөлшерінде сыйақы (мүлде) алуға құқық береді. Сонымен бірге Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланатын құралдардың түрлерін кеңейту мақсатыңда теңгенің еркін айырбас бағамы жағдайында айналыс мерзімдері 3, 6, 9, 12 ай болып табылатын мемлекеттік қазынашы-лық валюталық міндеттемелер (МЕКАВМ) шығаруды бастады. Ол қүжаттық емес нысанда және нақты 100 АҚШ долларына аукциондық әдіспен анықталған дисконтталған баға бойынша орналастырыдды. Қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар Қазақстан Республикасы резиденттері де, бейрезидентттері де болып табылатын заңды және жеке тұлғалар бола алады. Инвесторлардың сатып алынған қазынашылық валюталық міндеттемелер үшін ақы төлеу мен Қаржы Министрлігінің қазынашылық валюталық міндеттемелердің нақты құнын өтеу төлеу күні мен өтеу күнінің қарсаңындағы әр эмиссиясының шарттарын жариялау кезінде Қаржы министрлігі тағайындаған Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |