Мемлекеттер
|
Экспорт
млрд. долл.
|
Дүниежүзілік саудадағы үлесі – %
|
1. АҚШ
|
512
|
12,3
|
2. Алмания
|
421
|
10,1
|
3. Жапония
|
397
|
9,5
|
4. Франция
|
236
|
5,7
|
5. Ұлыбритания
|
205
|
4,9
|
5. Италия
|
189
|
4,5
|
7. Канада
|
165
|
4,0
|
5. Гонконг
|
152
|
3,7
|
9. Голландия
|
148
|
3,6
|
10. Бельгия (Люксембург)
|
131
|
3,1
|
11. Қытай
|
121
|
2,9
|
12. Сингапур
|
96
|
2,3
|
13. Оңтүстік Корея
|
96
|
2,3
|
14. Тайвань
|
93
|
2,2
|
15. Испания
|
73
|
1,7
|
XX ғасырдың соңғы ширегінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының рөлі күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылға қарай дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады.
Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің теңдігі олардың өзара сауда қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.
Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны «үлкен үштік» АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония шеңберінде ағылып жатыр.
Неоклассикалық ұсыныс пен сұраныс балансының постулаттарына негізделген халықаралық сауданың стандартты моделі көптеген неоклассик экономистерінің қоғамдық жалпылама сұранысына көңіл шоғырландырған зерттеулерінің қорытынды нәтижесі болды. Стандартты модельде қолданылатын негізгі ұғымдарды әр түрлі жылдары ирланд экономисі Фрэнсис Эджуор мен американ экономисі австралиялық Готтфрид Хэберлер қалыптастырды. Классикалық модельдерде шектелген нақты тауарлар шеңберіндегі ұсыныс пен сұраныс қарастырылған. Стандартты модель оны жиынтық ұсыныс пен сұранысқа дейін кеңейтті. Жеңіл түсіну үшін бұрынғыдай екі ел (I мен II) және екі-ақ тауар (I мен II) бар деп алынған. Салыстырмалы артықшылықтар моделінде тұрақты орнын басу шығындары шарттарындағы жағдайды қарастырды. Графикте өндірістік мүмкіндіктер шекаралары түзу сызық болып, 2-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін 1-і тауардың тұрақты мөлшерінен бас тарту қажет екенін көрсеткен. Бұл жағдай елдің өзінің салыстырмалы артықшылыққа ие тауарға маманданып, салыстырмалы артықшылық басқа елде болған тауар өндірісінен бас тартуын білдіреді. Көріп отырғанымыздай, бұл экстремалды жағдай стандартты модель үшін жекелеген жағдай ғана болып табылады. Стандартты модель орнын басу шығындары мен жалпы экономикалық теориядан белгілі бар экономикалық жағдайларға сәйкес келетін заңдылықтар өсуінің алғышарттарына негізделген.
Орнын басу шығындарының өсуі 2-і тауардың әрбір қосымша бірлігін өндіру үшін 1 тауардың тұрақты емес, қосымша мөлшерінен бас тарту керектігін білдіреді.
Елдер бір-бірімен саудаға түскенге дейін баланс шекті трансформация деңгейі (ұсыныс) мен шекті орнын басу деңгейінің (сұраныс) өзара әрекеті жолымен қалыптасады (12.1-сурет).
12.1 сурет.- Сауда жоқ жағдайындағы баланс
1-і елдің өндірістік мүмкіндер қисығы орнын басу шекті деңгейінің І-і қисығы елдің максималды қажеттіктері өтелетін А нүктесінде жанасады. Ел өзі өндіретін 1-і және 2-і тауардың максималды мөлшерін тұтынады. 2-і елдің өндірістік мүмкіндіктер қисығы орнын басу шекті деңгейі І-і қисығы осы елдің 1-і және 2-і тауардың максималды мөлшерін тұтынуды көрсететін А1 нүктесінде жанасады. 1-і елдегі 1-і тауардың салыстырмалы бағасы графикте А нүктесі арқылы өтетін түзумен көрсетіліп, ол 2-і тауардың 1/4 бөлігін құрайды. Ал 2-і елдегі 1-і тауардың салыстырмалы бағасы графикте А' нүктесі арқылы өтетін түзумен көрсетіліп, 2-і тауардың 4 бөлігін құрайды. Р/А<Р/А' болғандықтан, 1-і ел 1-і, тауар, ал 2-і ел 2-і тауар бойынша салыстырмалы басымдылыққа ие болады. 1-і мен 2-і елдің максималды өндіріс көлемі А және А1 нүктелерінде жетеді.
35-суретте өндірістік мүмкіндіктер қисығы көрсеткендей, 1-і ел салыстырмалы артықшылыққа ие тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін 2-і тауардың көп мөлшерін беру қажеттігін білдіреді. Ал 2-і елдің өндірістік мүмкіндіктер графигі өзі салыстырмалы артықшылыққа ие 2-і тауардың қосымша бірлігін ендіру үшін. 1-і тауардың көп мөлшерін беру қажеттігін білдіреді.
Трансформацияның шекті деңгейі – 1-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін 2-і тауар өндірісінен бас тарту қажетті даналар саны.
Графикте бұл экономикалық теория пайдаланатын өндірістік мүмкіндіктер қисығы, бірақ бір тауардың екінші тауардың орнын басу шығындарынын өсуін көрсетеді.
Елге 1-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін барған сайын 2-і тауардың көп мөлшерінен бас тартуы қажет. Сондықтан график шығындар тұрақты деп алынған салыстырмалы артықшылықтар теориясындағыдай түзу емес, қисық сызық болды. Ол тауардың ішкі ұсынысының көлемін көрсетеді.
Орнын басу шекті деңгейі – қалыптасқан тұтыну деңгейін сақтауды қамтамасыз етіп, 1-і тауардың қосымша данасын алу үшін 2-і тауардың өндіруден бас тартатын даналарының мөлшері.
График жүзінде бұл жекелеген талғамсыздық қисықтарының ел ауқымында көрсетіліп, (тұтынушынын бірдей әл-ауқат деңгейін), осы екі тауар бар арақатынасының тұтыну барысында қамтамасыздығын көрсетеді. Ол тұтынушының әл-ауқаты төмендемей сол деңгейде қалып, одан алынып жатқан тауарды орын басатын тауардың қандай мөлшері керектігін көрсетеді. Орын басудың шекті деңгейі рыноктағы бар сұранысы сипаттайды. Стандартты модель төмендегідей белгілермен сипатталады:
• әр түрлі тауарлардың шығарылу арақатынасын көрсететін өндірістік мүмкіндіктер қисығы әр түрлі елдерде өзгеше болып, оларды бір-бірімен сауда жасауға итермелейді.
• егер қисықтар сәйкес келіп, басқаша айтқанда тауар шығарылу арақатынасы екі елде бірдей болса, онда сауда өте жақын елдерде сәйкес келмейтін тұтынушылардың талғауындағы ерекшеліктеріне негізделеді;
• ұсыныс трансформацияның шекті деңгей қисығымен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейінің қисығымен анықталады;
• халықаралық сауда пайдаланатын тепе-теңдік баға салыстырмалы әлемдік сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады.
Елдер өзара сауда қатынастарға түскенге дейін, баланс трансформациясының шекті деңгейі (ұсыныс) мен орын басудың шекті деңгейі (сұраныс) өзара әсер жолымен анықталады (12.2-сурет) 1-і елдің өндірістік мүмкіндіктер қисығы орын басудың шекті деңгейінің І-і қисығы елдің максималды қажеттіктері өтелетін А нүктесінде жанасып, ел өзі өндіретін 1-і және 2-і тауардың максималды тұтыну мөлшерін көрсетеді. Екінші елдің өндірістік мүмкіндіктер қисығы орын басудың шекті деңгейінің І-і қисығы А1 нүктесінде жанасып, осы елдің 1-і және 2-і тауардың тұтыну мүмкіндігінің максималды мөлшерін көрсетеді. Айта кететін жағдай, талғаусыздық қисықтары бір-бірімен қиылыспайды, ал елдер сауда жоқ жағдайда жоғары талғаусыздық қисығына жете алмайды, сондықтан бұл елдерде қажеттіліктерді максималды қанағаттандырудың тек бір нүктесі бар.
12.2 сурет.-Сауда жағдайындағы баланс
Өндірістік мүмкіндіктер қисығы мен орын басудың шекті деңгейінің қисығының әр елдегі конфигурациясы әр түрлі болғандықтан, 1-і және 2-і тауардың А және А1 нүктелерінде салыстырмалы бағалардың да өзгешеленетіні айқын. 1-і елдегі 1-і тауардың А нүктесінен өтетін түзу сызық арқылы тепе-тең салыстырмалы бағасы көрсетіліп, 2-і тауардың 1/4 бөлігін құрайды.
Рa = P1/P2 = 1/4
Сауда басталысымен 1-і ел 1-і тауардан салыстырмалы артықшылыққа ие болғандықтан соған маманданып, оның өндіріс көлемін ұлғайтып, 2-і тауар өндірісін қысқартады. Сондықтан өндірістік мүмкіндіктер қисығының А нүктесі сызық бағыты бойынша жылжиды. 2-і ел 2-і тауардан салыстырмалы артықшылыққа ие болғандықтан, оның өндіріс көлемін ұлғайтып, 1-і тауар өндірісін қысқартады. Оның өндірістік мүмкіндіктер қисығы А1 нүктесінен сызықпен жоғары жылжиды. (2-сурет). Бұл процесс екі елде салыстырмалы бағалар теңелмегенше жүріп отырады. Жаңа салыстырмалы баға Ра = 1/4 пен Ра1=4 арасында болып, 1-і елдің В нүктесі мен 2-і елдің В1 нүктесі арқылы өтіп, Рв=Рв1=1-ге тең болады. Осымен салыстырмалы артықшылық теориясы бітеді. Стандартты модель орнын басу шығындарының өсуін есепке ала отырып өзгертілген интерпретацияны ғана ұсынады.
Одан ары қарай сұранысты талдау элементі енгізіледі. Тепе-теңдік экономикада тауардың тұтыну көлемі оның өндірісіне тең болуы керек, графикте олар қиылысуы қажет екені белгілі. Егер Д1 мен Д2 -1-і мен 2-і тауардың тұтынуы болса, онда
Р1 х Д1 + Р2 х Д2 = Р1 х Q1 + Р2 х Q2 = V
1-і ел 1-і тауардың 60 данасын артық өндіріп, оны 2-і елге экспорттап (ВС векторы), 2-і елде 2-і тауардың 60 данасын сатып алады (СЕ векторы). 2-і ел 2-і тауардың 60 данасын артық шығарып 1 елге экспорттайды (В1С1 векторы) да, 1-і елден 1-і тауардың 60 данасын сатып алады (С1Е1 векторы). Осының нәтижесінді ұсынысты сипаттайтын орын басу шекті деңгейінің қисығы 1 елде ІІ1 деңгейге ауысып, 1 елдің 1 және 2 тауарлардың 20 даналарынан, көп тұтынатын Е1 нүктесіндегі салыстырмалы тепе-тең бағасының түзуімен жанасады. Сөйтіп II1-і қисық І-і қисығынан жоғары тұрғандықтан 1-і елдің 2-і тауарды тұтынудағы мүмкіндіктері өсе түсті. Осындай жағдай 2-і елде болады да II1 қисығы I1 қисығынан жоғары болып, екі тауарды тұтыну мүмкіндіктері өсе түседі. Сауда нәтижесінде, салыстырмалы артықшылық моделіне қарағанда, елдердің толық мамандануы жүзеге аспайды. Бұл орнын басу шығындарының өсе түсуінің нәтижесі. 1-і ел 2-і тауардың бір мөлшерін өндіре береді, ал 2-і ел 1-і тауардың белгілі бір мөлшерін өндіреді. Өзара саудадағы тепе-теңдік баға, әр елдің иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға мамандануына дейін қалыптасады. Өзара саудадағы тепе-теңдік баға орнағаннан кейін, одан әрі қарай әр елдің мамандануының экономикалық тиімділігі жоғалады, өйткені орнын басу шығындарының өсе түсуі шет елден сатып алғаннан гөрі қымбатқа түсетін болады. 2-суретте тепе-теңдік баға РВРВ1=1 мағынасында елдердің толық мамандануға жеткенге дейін қалыптасты, өндіріс нүктесі толық мамандану бағытына қарай жылжығанымен, оған жетпей, ол 1-і елдің көлденең осі мен 2-і елдің тік осіне сәйкес келеді.
Саудадан қандай да бір пайда алғанда ғана әрбір ел үшін оның маңызы бар. Өзінің құрылымы бойынша ол айырбастан алынған ұтыс пен маманданудан алынған ұтыстан тұрады.
Айырбастан алынған ұтыс – елдің басқа елдермен сауда қатынастарына түскенінен алынған артықшылық.
Мысалымызды ары қарай қарастырайық. 1-і ел 2-і елмен саудаға түскеннен кейін де 1-і тауарға маманданғысы келмейді немесе қандай да бір себептермен жүзеге асыра алмайды деп болжамдайық. Ол 1-і тауарды өндірістік мүмкіндіктер қисығының А нүктесінде анықталған көлемдерде өндіре береді (36-сурет). Бірақ әлемдік салыстырмалы баға елдің ішкі салыстырмалы бағасындай 1/4 емес, 1-і ге тең болады. Сөйтіп, маманданусыз-ақ оның біршама бағалық қоры болады. Сондықтан, ол әлемдік баға бойынша 1-і тауардың 20 данасын сатып, 2-і тауардың 20 данасын маманданусыз-ақ сатып апа алады; тұтыну өсе түсіп, орын басу шекті деңгейінің В қисығы жоғары ауысып, Т тұтыну нүктесі А нүктесінен жоғары болады. Ешқандай мамандану жоқ болғандықтан, тұтыну нүктесінің А-дан Т-ға ауысуы 1-і елдің 2 елмен сауда қатынастарына немесе айырбасқа түскенінен алынған ұтыс екенін көреміз.
Маманданудан алынған ұтыс – елдің сауда жағдайында ие болған салыстырмалы артықшылығы – бар тауар өндірісіне күш-жігерін жұмылдырып, алған артықшылығы.
Жоғарыда көрсетілген модельдегідей 1-і ел 1-і тауарға маманданды дейік. Осының нәтижесінде өндірістік мүмкіндіктер қисығы А нүктесінен В нүктесіне қарай төмен жылжыды. Бұл нүктеде, жоғарыда көрсетілгендей, ел 1-і тауардың 60 данасын 2-і тауардың 60 данасына айырбастай алатыны көрсетілген (3).
Осының нәтижесінде тұтыну орын басу шығындарының шектігі III деңгейіндегі Е нүктесінде болады. Тұтынудың В-дан Е нүктесіне қозғалысы елдің маманданудан алынған ұтысын көрсетеді.
12.3 сурет.- Саудадан алынған ұтыс және
3-диаграмма
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы негізгі тауарлық топтар бойынша экспорты мен импортының құрылымы
Экспорт
Импорт
Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.
Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.
Сыртқы сауданың құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылык субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік (tariffs) және тарифтік емес шектеулер (non tariffs barriers) кіреді.
Әлемдік нарықтың динамикалық өзгермелі конъюнктурасы жағдайында аргентиналық нұсқа экономика дамуының тежегіші болды, ал Бразилияда даму локомативті болып саналады, өйткені ол алғашында халық шаруашылығының өндірістік кешенінің интенсивті емес, экстенсивті әдіспен дамуын көздеген еді.
Осы айтылғандардан мынадай қорытынды шығады: яғни сауда саясаты бірінші немесе екінші әдісті жүзеге асыру жағдайында да, әр алуан экономикалық салдарды қамтамасыз етеді. Бірақ мынаны атап өту керек, реформалардың басталған мерзіміне байланысты, экономиканың дамуы үшін бөгеттердің ашылуы, халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, аймақтық принциптерді күшейту жағдайларында елдер үшін экономикалық реттеу құралдарын таңдау әр алуан, кейде шектеулі болады.
Мысалы, қазіргі кезде барлық постсоциалистік мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына кіру жолында кедендік және басқа келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің қиындығымен кездеседі.
Әр түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар анықталған, яғни дамушы әлем, әлемдік шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің күрделі әлеміне - ұлттық экономикалардың тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс.
Осыған байланысты елдің экспорттық саясатында осы үшін қабылданатын шаралар келесі іс-әрекеттерден тұрады:
- экспорттық салалардың дамуы үшін жағдайлар жасау немесе экспорттық өндіріс салаларына бағыттау;
- кейбір салалардың дамуын бағалау және импорттық өндіріспен бәсекелесу үшін мүмкіндігі жоқ салаларды жабу бағдарламасын қабылдау;
- егер белгілі бір саланың келешекте әлемдік нарықта белгілі бір орынды қамтамасыз ету мүмкіндігі болса, бірақ та қазіргі таңда осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру жағдайы болмағанда:
1) кедендік қорғау;
2) қаржылық және фискальдық ынталандыру;
3) қолайлы жағдайлар мен жеңілдіктердің басқа түрлерін құру.
Бұл жүргізілетін өнеркәсіптік саясат ұтымдылығы бар сыртқы сауда саясатының адекваттығын қажет етеді (интенсивті модернизацияны бастан кешіріп отырған салаларды қорғау белгілі елде өндірілмейтін тауарлар өндірісін дамыту; өндірістің басым салалары қызмет ете алмайтын тауарлар импортын ынталандыру).
Экспорттық-импорттық саясаты жүзеге асыру кезіндегі әдістемелік жолдар төмендегілерге қатысты мұқият таңдалуы тиіс: нақты тауарға; оны өндірудегі қалыптасқан жағдайға; ішкі ұлттық нарық, елдің экспорттық жеткізулер кұрылымындағы оның орнына; халықаралық еңбек бөлінісіндегі (ХЕБ) болашағына.
Осы жағдайда белгілі бір таңдалған құрал протекционистік режимге, не ырықтандыру режиміне қызмет көрсетеді.
Аталғандардың бірінші режимі өз тіршілігінде уақытша параметрлермен шектелген және қол жеткен мақсат бойынша әлсірейді не толығымен тыйым салынуы мүмкін. Бір мезетте, экспорттық позициялардың даму локомотиві болып табылатын салалар инвестициялық саясатгың басым объектісі болып табылады.
Осы кезде дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымдары тарапынан болатын протекционистік режимдер өзіне қатысты қарама-қайшы күштерда сезінуі мүмкін. Өйткені, кез келген дамушы мемлекет маңызды тұтқалардың (рычагтардың) қысымын басынан өткереді, ал оған жауапты шаралар ретінде оларды маневрлеу үшін жеткілікті варианттарды қолданады.
Әлемдік шаруашылық байланыстар интеграциясының тұжырымдамасын алға қою өзара қарым-қатынастар векторының ақырындап өзгеруін қамтамасыз етеді.
Импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде төмендегідей әдістеме қолданылады: тауарлар өндірісіндегі ұлттық мүмкіндікті талдау; оның ұлттық экономика құрылымындағы экспорттық позициядағы орнын анықтау; әлемдік нарық тенденцияларын талдау.
Төлем балансының тең болмауы, экспорт тиімділігінің төмендеуі жағдайларында протекционистік режимді қамтамасыз ететін құралдардың кең арсеналы қолданылады.
Белгілі бір нақты мақсат пен қорғау дәрежесіне қол жеткізген кезде протекционистік режимнің бұл құралдары басқа шаралармен және реттегіштермен ауыстырылады.
Үкіметтің бүкіл сыртқы экономикалық доктринасы күмәнданды, өйткені еркін саудаға ықпал ету елдің толық мүддесіне сәйкес келмейді (Р. Бреннон, П. Самуэльсон, П.Кругман).
Сонымен қатар, американдық экономистердің басым көпшілігі тікелей протекционизмдік үгіттеуді (жариялауды) жоққа шығарды.
Осының салдарынан, американдық экономикада сауданы жүргізу әдістерін түсінуде елеулі қарама-қайшы пікірлер туындады. Бірақ, біз халықаралық сауданың тежелуін байқаймыз.
Елеулі пікірталастар нәтижесінде осы кезеңдегі АҚШ-тың сыртқы сауда саясаты төмендегі ерекшеліктермен сипатталады:
- әділ сауда терминінің кең түрде түсіндірілуін қатаң қолдануға ұмтылу;
- 30-жылдары Тарифтер мен сауда бойынша Бас ассоциацияның ұсынған өзаралық принципті жаңарту. Бұл принциптің мәні мынада, яғни көп жақты келіссөздер процесінде мемлекеттердің бір-біріне ұсынатын сауда жеңілдіктерінің белгілі бір сәйкестілігін талап етуі;
- американдық үкіметтің сыртқы экономикалык саясатын қоғамның қабылдамауы екі жақты негізде кедендік қорғаудың қарама-қарсы салмағын туындатты. Бұл жол тауарлардың жекелеген категорияларын ескеруді талап етті.
АҚШ-тың агрессиялы сауда тұжырымдамасы саудалық соғыстардың күшеюін айқындады.
Тиісінше, АҚШ «шетелдегі жабық есіктерді ашу үшін» сауда санкцияларын қолдануды қолға алды. Рейган мырза бұл санкцияны соңғы құрал ретінде қолданылатынын атап өтті. Бірақ көптеген экономистердің пікірі бойынша, сауданы ырықтандырудың мұндай жолдары қарама-қарсы шектеуші шарттарды туындата отырып, бүкіл әлемде оған қарсы күресін (конфронтация) күшейтуі мүмкін.
Әкімшіліктің жаңа тұжырымдамасы елеулі түрде елдің өнеркәсіптік саясаты проблемаларымен байланысқан.
Дегенмен, американдық өндіріс еркін сауда саясатын көздей отырып, осы саясаттың бірқатар құралдарын қолданады.
Оның дәлелі ретінде көптеген шетел мемлекеттерінің өнеркәсіптік саясаты қарастырылады, яғни ол саясат кезінде ұлттық өнеркәсіптің жекелеген салаларына жасанды қолдау көрсетіледі.
Шетелдік мемлекеттердің Үкіметі өз компанияларының салыстырмалы артықшылығын субъективті түрде қалыптастыратындығын атап өту керек. Тиісінше көптеген ғалымдар мен ірі өнеркәсіпшілер жеткілікті деңгейдегі теңдік кезінде бәсекелестік жағдайларын талап етеді. Бұл жағдайда АҚШ-тың Сауда палатасы ерекше орын алды, олардың айтуынша Үкіметтік көмекке емес, нарықтарға арқа сүйеу керек.
Бұл жүргізілген сауда саясаты нәтижесінде сыртқы нарықтардағы, соның ішінде ғылыми өнімдер нарығындағы АҚШ үлесінің едәуір темендегені анықталды.
Бұл кездегі факторларды қалыптастырушылар:
• бір жағынан, әлемдегі елдерді АҚШ деңгейіне тартатын жаңа тауар өндірушілердің туындауы;
• екінші жағынан, АҚШ-тағы инвестициялаудың төмендеу жағдайында экономиканың жеткілікті түрде жоғары қарқынмен дамуы.
Осыдан, АҚШ Президенті жанындағы экономикалық кеңесшілер Кеңесі «Американдық өнеркәсіп құрылымын анықтауда Үкімет рөл ойнауы тиіс пе?» деген сұрақ қойып отыр.
Оның мынандай салдары болуы мүмкін: протекционизмнің күшеюі, орталықтандырылған жоспарлау, жемқорлық элементтерінің туындауы, мемлекеттік сектордағы кереғар жағдайлар.
Кесте 12.2.
Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы
млн.АҚШ долл.
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
2006
|
Тауар айналымы – барлығы
|
16254,3
|
21335,4
|
32877,5
|
45201,2
|
61927,2
|
соның ішінде:
|
|
|
|
|
|
ТМД елдері
|
5237,6
|
6912,8
|
10215,1
|
12200,6
|
16637,5
|
әлемнің басқа елдері
|
11016,8
|
14422,6
|
22662,4
|
33000,6
|
45289,7
|
Экспорт – барлығы
|
9670,3
|
12926,7
|
20096,2
|
27849,0
|
38250,3
|
соның ішінде:
|
|
|
|
|
|
ТМД елдері
|
2194,3
|
2980,5
|
4097,2
|
4066,7
|
5574,0
|
әлемнің басқа елдері
|
7476,0
|
9946,2
|
15999,0
|
23782,3
|
32676,3
|
Импорт – барлығы
|
6584,0
|
8408,7
|
12781,3
|
17352,2
|
23676,9
|
соның ішінде
|
|
|
|
|
|
ТМД елдері
|
3043,2
|
3932,3
|
6117,9
|
8133,9
|
11063,5
|
әлемнің басқа елдері
|
3540,8
|
4476,4
|
6663,4
|
9218,3
|
12613,4
|
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ТМД елдеріне экспортталатын қазақстан өнімінің бағалары 0,3%, ал алыс шетелге 11% өсті. Өңдеу стадиялары бойынша жіктелетін экспортталатын өнімнен шикізат қаңтар-наурыз ацларында 9,8%, дайын өнімдер- 6,2, жартылай фабрикаттар- 5,6% қымбаттады. Минералды өнімдер бағасы экспорт көлемінің көп бөлігін алатын 9,8%, газ конденсанты- 20%, мұнай- 12,6%, көмір- 1,2% жғарылады, ал мұнай өнімдері 5,8%, табиғи газ- 8,8% төмендеді. 2003 ж. 1 кварталында металдарға экспортты жеткізу бағалары 9,5% өсті. Қазақстаннан шығарылған ауылш шарауашылық шикізаты 4,9%, мақта- 10,3% жоғарылады, ал жүн- 17% түсті. Экспортталатын дәнді өнімдеріне баға өзгермеді, жүгері- 19,2%, бидай- 2,8%, күріш- 18,7%.
Қазақстан 2007 жылы 5 млн.тоннаға дейін дәнді экспорттай алады. Ағымды жылы қолайсыз табиғи жағдайларға қарамастан 13,9 млн.тонна дәні дайындалды. Дәннің берлігне жинақ көлемі мемлекеттің ішкі қажеттілігін қамтамасыз етеді және дәннің экспортты потенциалын 2007 жылы 5 млн.тоннаға дейін жеткізеді. Былтырғы жылы сыртқы нарықтарда 5,8 млн. Тонна қазақстандық дән сатылды, ал 2003 жылы 4,3 млн.тонна.
. Қазақстан Республикасына экспортталатын дәрі құралдарының 1 тоннасының орташа бағасы 22,4% өсті: $7,6 мың 2005 жылдың бірінші жартысында $9,3 мың 2004 жылдың 1 жартысына. Шетелге жеткізілетін дәрілердің әртүрлігі жоғарылады. Дәрілердің шетелге жеткізудің негізгі жеткізушілері болып Алматы қаласы табылады, бұл жерде дәрі өндірушілердің жартысы және Оңтүстік Қазақстан облысы («Химфарм») АҚ. Басқа аумақтарға экспортталатын дәрі тауарларының тек 3% ғана келеді.
Сонымен қатар Қазақстан экспортының жалпы көлемінде Ресей үлесі 2006 жылы 15,2% және Қырғызстан үлесі- 1,2%, Өзбекстан- 1%, Швейцария- 13%, Қытай- 12,8%. Виргин аралдарының үлесіне қазақстандық экспорттың- 4,7% келеді. Жалпы 2006 жылы Қазақстанның Бермуд аралдарымен тауар айырбасы $2,192 млрд. Немесе 10,2% құрады, Виргин аралдарының үлесіне 3,1% немесе $659,5, Ресей тауар айналымы $5,36 млрд. Немесе 25,2$
Достарыңызбен бөлісу: |