Реферат
«Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапония»
Орындаған: Әбдіхалық Мадина
Тексерген: Рамазанова Арайлым
Жапонияның экономикасының тарихы және қазіргі кезеңдегі сипаты
Жапония — Шығыс Азиядағы Хоккайдо, Хансю, Синоку және Кюсю секілді шағын ғана аралдарда орналасқан жоғары дамыған мемлекет. Бүгінгі таңда өзінің экономикалық мүмкіндігі жағынан әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер құрамында. Елдің жалпы ішкі өнімі шамамен 2,4 трлн. долларды құрады. Әлемдік өнеркәсіп өндірісінің 12 пайызы Жапония үлесінде. Бұл мемлекет автокөлік, кеме, темір өңдеу жабдықтарын, тұрмыстық-электрондық техника, робаттар шығарудан әлем бойынша бірінші орында/1/. Территориясы -377,8 мың шаршы км. Шекаралық орналасуына қарай: оңтүстік-шығысында Ресеймен, шығысында Оңтүстік және Солтүстік Корея елдерімен әрі Қытаймен, солтүстігінде Сахалин және Курил аралдарымен шектеседі.Халқының саны – 127,33 млн. Астанасы — Токио. Ресми тілі –жапон тілі. Негізгі діндері- синтоизм және буддизм. Хонсюда аралында 101 миллион, Кюсюда 13,4 миллион, Сикокуда 4,2 миллион және Хоккайдода 5,7 миллион адам тұрады. Әлемнің көптеген мемлекеті сияқты күн шығыс елінде де жаппай урбанизация жүруде. 1950 жылдары ауылдық жерлердегі тұрғындар саны 20,7 миллион адамды құраса, 1996 жылы бұл көрсеткіш небәрі 2,1 миллионға жеткен. Жапония 1995 жылы қала халқының саны жөнінен дүниежүзі бойынша ал-тыншы орынды иеленді.
Достарыңызбен бөлісу: |