Минералды 141. Топырақтағы фосфордың көзі. Тыңайтқыштар, өсімдіктер мен жануар қалдықтары. 142. Өсімдіктер үшін қандай қосылыстар фосфордың көзі болып табылады? Ортофосфор 143. Өсімдіктер үшін сіңімділігі бойынша минералды фосфор қанша топқа бөлінеді? 3 144. Сіңімділігі бойынша топырақтағы фосфордың қандай қосылыстары I–топқа жатады? KH2PO4, K3PO4, K2HPO4, NH4H2PO4, (NH4)2HPO4, (NH4)3PO4, Ca(H2PO4)2, Mg(H2PO4)2 145. Сіңімділігі бойынша топырақтағы фосфордың қандай қосылыстары II–топқа жатады? CaHPO4, MgHPO4, AlPO4, FePO4. 146. Сіңімділігі бойынша топырақтағы фосфордың қандай қосылыстары III–топқа жатады? Ca3(PO4)2, Mg3(PO4)2, AlPO4, FePO4. 147. I–топтың фосфаттары неде ериді? Суда жақсы ериді 148. II –топтың фосфаттары неде ериді? Әлсіз қышқылда жақсы ериді 149. III –топтың фосфаттары неде ериді? Күшті қышқылда жақсы ериді 150. Солтүстік Қазақстан топырақтарында фосфаттардың қандай топтары көп?