Неомицин Actinomyces fradiae өндірілетін неомицин А, В және С антибиотиктері-
нің қоспалары. Препарат неомицин сульфаты түрінде шығарылады. Әсер етуспектрі
кең. Аға
Оған грам-оң да және грам-теріс те микроорганизмдер сезімтал. Анаэробтарға,
спирохеталарға, патогенді саңырауқұлактарға және вирустарға әсер етпейді. Микро-
организмдердің неомицинге тұрақтылығы салыстырмалы түрде баяу дамиды.
Препаратты ішке қабылдағанда нашар сіңеді, сондықтан осы жолмен енгізгенде
онын әсері негізінен ас қорыту жолымен шектеледі. Неомицинді оған сезімтал микро-
организмдермен шақыратын энтеритті емдеу үшін қолданады. Аталған қоздыр-
ғыштардың басқа антибиотиктерге резистенттілігі дамығанда бұл препаратты
колдану тиімді болып есептеледі. Неомицин науқасты ас қорыту жолдарының опе-
рациясына дайындағанда (ішекті жартылай «стерилизациялау» мақсатында) пайда-
лы болуы мүмкін. Неомицин ішек таяқшасы, протей мен көк ірің таяқшаларының
кейбір штаммдарына қарсы өте жоғарғы белсенділік көрсетуі оның артықшылығын
айқындайды. Жанама әсерлерінен диспепсиялық бұзылыстар, аллергиялық реак-
циялар, кандидамикоз болуы мүмкін.
Неомицинді жиі жергілікті қолданады. Оны жұқпалы жараларды, бірқатар тері
ауруларын (пиодермия және т.б.), көз ауруларын (мысалы, конъюнктивитте) және
т.б. емдеу үшін қолданады. Зақымдалмаған тері және шырышты қабықтан аз сіңеді.
Глюкортикоидтармен (мысалы, синафлан немесе флуметазон пива-
латымен) қосып сыртқа қолданады. Бұл кезде микробтарға және қабынуға карсы
әсерлері қатар жүреді.
Бүйрек (зәрде белок пайда болады) пен есту жүйкесіне (кұлақта шу және естудің
төмендеуі кереңдікке дейін әкелуі мүмкін) жоғары уытты әсер көрсетуіне байланыс-
ты неомицинді парентералды қолданбайды. Сонымен қатар неомициннің кураре
тәрізді белсенділігі (тыныс алудың тежелуін және тоқтауын туындатуы мүмкін) бар.
Препарат бүйрек җәне есту жүйкесінің ауруларында қолданылмайды.