Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді



бет2/2
Дата31.12.2019
өлшемі0,56 Mb.
#54934
1   2
?

Жұмақтағы шадыман өмірден дәме, ең төзгісіз өмірдің өзін тиімді келісімге айналдыра алмай ма? Елші Пауыл: «уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздеріне әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік ұлылыққа жеткізеді!» — деді (2 Қор. 4:17).

Мен саған, жиырма төрт сағат бойы бір күнді өзіңе қымбат адамдардың ортасында, өзің жақсы көретін нәрселерді жеп, өзіңе ұнайтын нәрсемен айналысып, жұмақ аралында өткізуді ұсынамын. Бірақ бір ғана шарт қоямын: осы жиырма төрт сағат шаттықта бір миллисекундты жайсыздық болады. Өзім көрсетпеуге құқылымын деп есептейтін себептермен, сен армандаған күн осы азаптың өкінішті миллисекундынан басталады.

Сен менің ұсынысымды қабылдайсың ба? Қабылдайсың деп ойлаймын.Титтей сәт — жиырма төрт сағатпен салыстырғанда түкке тұрғысыз? Егер жердегі өмір туралы Құдайдың сағаттары бойынша пайымдасақ, онда ол осы аты шулы миллисекунда. Жетпіс, сексен, тіпті тоқсан жастың өзін мәңгілікпен салыстыруға бола ма? Дұрыс жауабы — жоқ.

Сенің азаптарың, сенің өзіңмен салыстырғанда мәңгі емес, «Болашақта біз үшін анық көрінетін салтанатты ұлылықпен салыстырғанда, қазіргі заманның азаптарының түк емес екендігіне әбден сенемін» (Рим. 8:18).

Келешекте болатын нәрсе осы минутта болып жатқанның арқасында мәнге ие болады. Құдайға бастаған ісін аяқтауға жол бер. Ұлы Композиторға Өзінің симфониясын аяқтауға мүмкіндік бер. Өзімізді не күтіп тұрғанын аңғару қиын емес: сәтті күндер сәтсіз күндермен алмасады. Бірақ Құдай олардың кез келгенінде Құдай болып қала береді. Аштыққа да, мерекелік тойға да Ол әмірін жүргізеді және Өз мақсатына жету үшін Ол соларды қолдануды естен шығармайды.

9 Тарау
Өтінем, аз маз болса да ризашылық айт

Өзім асхана этикеті ережелеріндегі олқылықтарымды жасыруға қанша тырыссам да, менің ақсүйектер тегінен еместігімді жиі өзімді әшкерелеп қояды. Осындай бір күлкілі оқиға біраз жыл бұрын бір діни қызметкердің үйіне шайға шақырғанда орын алды. Ол кезде мен қызметке де, қаламызға да жаңадан келген едім, ал ол — Англияда оқып жүрген Жаңа Зеландиядан келген тәжірибелі бақташы еді. Одан оның қауымында уағыздауға шақыру алып, мен масайрадым, өзімді шайға шақырғанда тіптен қызығушылығым үдеді.

Мен дәстүрлі британдық шәй ішу дәстүрінен тіптен хабарым жоқ еді. Жоқ, әрине «файф-о-клок» туралы естігенмін, бірақ осы саладағы білімдарлығым сонымен шектеліп еді. Батыс Техастың тұрғындары үшін шәй– ең алдымен терлеген құмыралар, биік стакандар, мұз текшелері мен «Lipton» екенін ұмытпаңыз. Беймәлім нәрсені ашатын адамның ынтасымен, мен қызықтырарлық шақыруды қабыл алдым. Шәй сервизін және печенье салынған тарелкілер қойылып жайылған дастарқанды көріп, тамсандым. Бірақ осы сәтте бәрі ашылды. Үй иесінің жұбайы менен, шәйды сүтпен пе әлде лимон қосып құяйын ба, деп сұрады. Ал мен болсам, дұрыс жауабын білмегендіктен, дөрекі болып көрінбейін немесе таңсық сияпатты жіберіп алмайын деп, бүлк етпестен: «екеуін де қосыңыз» дедім.

Сол кездегі оның бет-жүзіне қарап-ақ түсінуге болатын еді. Мен мүлт кеттім. Ол: «Шәйіңіз қатыққа айналсын демесеңіз солай етпегеніңіз жөн», — деді барынша жұмсақ дауыспен.

Кейбір заттар, бір бірі үшін тағайындалмаған. Мысықтың құйрығы және тербелетін кресло — нашар үйлесім. Піл және ыдыс сөресі — мәз емес таңдау. Баталар мен түңілудің шері — осы қоспаны Құдайдың өзі жақтыра бермейді. Жәннаттың жарылқауына жақсытықты білмеушілікті қосшы, сорақы қышқылдықты аласың.

Бәлкім, ризашылық сезімі, күңкілдеумен салыстырғанда адамның туа біткен қасиеті емес екенін өзіңде түсінген боларсың. Сені қайдам, өзім әлдекімге күңкілдеудің уақыты келді деп әлдебіреудің есіне салуға тура келгенін байқаған емеспін.Соған қарамастан, сондай мінез-құлық, өзімізге көктен берілетін жарылқаумен тіптен үйлеспейді. Ризашылықтың едәуір дозасы — бізге жетіспейтіні міне осы.

Осы жағдайда ұнамды ерекшелік болып табылатын Жүсіптен басқамыздың бәріне бұл жетіспейді. Басқа-басқа, туғандары теріс айналып, құлдыққа сатылған, достары опасыздық жасаған Жүсіпте күңкілдеу үшін себеп жетіп артылатын еді. Бірақ Жүсіптің жүрегінен қандай да бір шерді табуға тырыспай ақ қой, — оның жүрегінде ол жоқ, есесіне ол бірден, ризашылықтың біртума екі көрінісімен ерекшеленді.
Аштық жылдары келгенге дейін, Жүсіпте екі ұл туылды, оларды оған Илиопольдің абызы Потифердің қызы Асенет туып берді. Сонда Жүсіп тұңғышына: Манаса деп ат қойды, себебі ол Құдай маған барлық бақытсыздықтарымды және отбасымды ұмыттырды деді. Ал екіншісіне: Ефрем деп ат қойды, өйткені Құдай мені азап көрген елімде өнімді етті деді.

Жар.баст 41:50–52
Балаға ат қою — үлкен жауапкершілік, себебі ол оған өмір бойы ілеседі. Қайда бармасын, кіммен таныспасын, ата-анасының таңдауы оның есіне түсіп отырады. Өзінің қызын Айма деп атап, Техас штатының губернаторы Джим Хогг дәл осыны ойлады дейсіз бе1? Әдетте ата-ана өзінің баласына жарасымды ат қою үшін әбден ізденеді. Жүсіп сондай ата-ананың бірі болатын.

Ол молшылықпен жарылқанған күндер болатын. Құдай Жүсіпті перғауын сарайында үлкен лауазыммен жарылқап қана қоймай, оған әйел де берді, себебі Жүсіпке отбасы құратын кез келген еді. Енді міне бақытты жас жұбайлар зайыптар төсегінде наздануда. Жүсіп, қолын созып, жүкті Асенеттің ішін сипап:

— Мен, баламыздың атын кім деп қоямыз деп ойландым, деді.

— Жарайсың! Мен де соны ойладым. мен «Сіздің балаңыздың есімі» деген кітапты да сатып алдым.

— Оның саған керегі болмайды. Мен есімді таңдап қойдым.

— Қандай сонда?

— Құдай маған ұмыттырды.

— Тұра тұр, Құдай саған баламыздың есімін ұмыттырса, сонда оған қандай ат қоясың?

— Қымбаттым, сен түсінбедің. Құдай маған ұмыттырды — ұлымыздың есімі осы болмақ.

Асенет Жүсіпке, әдетте мысырдың ақылды әйелдері өздерінің қисынсыз еврей күйеулеріне қарағандай көз қиығын тастады.

— Құдай маған ұмыттырды? Әркез ұлымды шақырғым келгенде, мен Құдай маған ұмыттырды деп айтуға мәжбүр боламын ба? — Болашақ ана күмәнданып, басын шайқады, сөйтіп бұның қалай болатынын елестетуге тырысып: — Қымбатты Құдай маған ұмыттырды, түскі ас ішеміз. Қолыңды жу Құдай маған ұмыттырды, — деп айтып көрді. Білмеймін, Жүсіп. Маған Тут немесе Рамзес деген есімдер көбірек ұнайды. Ұлымызды Макс деп атасақ жаман болмас еді, қалай ойлайсың? Бұл есімді кім болса соған қоя бермейді.

— Жоқ, Асенет, мен бәрін ойластырып қойдым. Әркез ұлымның есімін атағанда, мен Құдайдың атын мадақтаймын. Жаратқан Ие маған өз бауырларымнан тартқан барлық бақытсыздықтарымды ұмыттырды және мен бәрі де, ең алдымен Құдайдың — Өзіне риза екенімді білгенін қалаймын.

Жүсіптің әйеліне осы ой ұнаған болса керек, себебі екінші ұлын туғанда олар оны «Құдай мені жемісті етті» деп ат қойды. Олардың тұңғышының есімі Құдайдың рақымын дәріптесе, екінші ұлының есімі Құдайдың қорғауын жариялады.

Қалай ойлайсың, Жүсіптің осы іс-әрекеті Құдайға әсер қалдырды ма? Осы сұраққа жауапты, Жаңа Өсиетте айтылған оқиғадан табамыз. Жүздеген жылдар өткенде «Иса Иерусалимге сапар шегіп бара жатқанда Самария мен Ғалилея аймақтары арқылы жүрді. Бір ауылға келгенде, Оған денесін алапес басқан он кісі кездесті. Олар алыстан тұрып, қатты дауыстап: Иса, Ұстаз, бізге қайырым ете көріңіз!» — деп жалынды (Лұқа 17:11–13).

Мүмкін олар, Иса жолдан олар жаққа бұрылады деп не болмаса Оны шоқ тоғайдың немесе жұмыр тастардың үйіндісі артында әдейі тосып тұрған болар.Олардың қайдан келгені белгісіз, бірақ олар жол бойы: «Таза емеспін! Арамданғанмын!»деп айқайлағаны белгілі. Алапестер өздерінің келе жатқаны туралы ескертуге міндетті болатын, сонда халық олардан жан-жаққа тым-тырақай қаша жөнелетін. Жара қаптаған терісі, өзгерген аяқ-қолдары, бұжыр-бұжыр беттері. Халық алапестерден бойын аулақ ұстайтын, бірақ Иса олардың дауысын естіп, оларға жақындап келіп: «…діни қызметкерге барып, қаралыңдар! — деді (14 аят).

Алапестер, айтылған нұсқаудың мәнін түсінді. Олар, өздерінің қоғамдағы сұмдық жағдайын өзгертуге тек қана діни қызметкердің құқылы екенін білетін. Алапестер бақытына орай Исаны тыңдады. Олар бара жатып, жолда біртіндеп қажетсіз болған балдақтарын лақтырды, бастарынан көздері ғана көрінетін бас киімдерін шешіп, теп-тегіс болған бет терісін ашты, олар арқаларын жазып, жүздеріне күлкі үйірілді. Қасірет шеккен он адам, денсаулықтары қалпына келгеніне қуанып, секіріп, шаттана бастады.

Иса, олардың ойнап-қунап, төбе асқанына қарады. Иса олардың оралғанын тосты. Ұзақ тосты. Сол арада Оның шәкірттерінің бірі ағаштың көлеңкесіне жайғасты, бірі тамақ іздеп кетті. Ал Иса күтуін жалғастырды. Ол отбасымен қауышудың қуанышын естігісі келді. «Ал, әйелің не деді? Балаларың қандай күйде болды? Өзіңді қайтадан салауатты сезіну қандай? «Иса, он адам оралып, Оған «рахмет» деп айтады деп күтті. Бірақ олардың біреуі ғана оралды.

Солардың біреуі өзінің сауығып кеткенін көрген соң, қатты дауыстап Құдайға мақтау айтып қайтып келді де, Исаның аяғына жығылып, Оған алғысын жаудырды. Ал бұл кісі самариялық болатын.


Иса сонда: «сауыққандар он кісі емес пе еді, тоғызы қайда? Құдайға мақтау айту үшін мына шетелдіктен басқа ешкім қайтып келмеді ме?» — деді.

15–18 аят
Исаның Өзі осындай көр-соқырлыққа қайран қалды, одан да сауыққан тоғыз адамға, сөзбен жеткізгісіз ризашылықтарын білдіріп, Исаның аяғына жығылуға әлемдегі ешбір сұрапыл кедергісін келтірмейді деп болжау қисындырақ болар еді. Сонда оларға қайта оралуға не кедергісін келтірді? Аңғару қиын емес.

Олардың бірі алғыс айту үшін қолы бос болмады. Жоқ, әлбетте ол «рахмет» айтпақшы болған. Бірақ алдымен оған отбасымен қауышып, дәрігерлерге, көршілеріне бару керек болатын, сосын итін серуендету керек, тотықұсын тамақтандыру керек. Тірлік бастан асады, өзіңіз де білесіз ғой!

Екінші біріне, алғыс айтуға аса сақтық кедергісін келтірді. Ол мерзімінен бұрын қуануға сақтанып, аса үміттенбей-ақ қояйын, бірдеңеге ұрынып қалмай, ақырын тосайын деді. Иса жасаған жақсылығына не қайтарым сұрар екен? Әй-қайдам, болған іс шындыққа жанаспайды.

Иә, осы жігіттерді ессіздікте айыптай алмайсың.

Үшіншісі тым өзімшіл болып шықты. Ол, бұрын оңайырақ еді, енді міне жұмыс іздеу керек, қоғамдағы өмірге бейімделу керек, деп есептеді.

Төртіншісі, аса өркөкіректік танытты. Өзі анау айтқан науқас емес те еді ғой, уақыт оздырса, өзі-ақ сауығып кететін еді. Оның үстіне, алғыс айту — өзгенің көмегіне мұқтаж екеніңді мойындауды білдіреді емес пе? Қандай есі дұрыс адам, өз дәрменсіздігін мойындайды?

Тым қауырт, тым сақ, тым өзімшіл, тым өркөкірек…таныс нәрселер емес пе? Осы оқиғадан қорыту шығаратын болсақ, олар көңіл көншітбейтін болып шығады: он адамдың тоғызы алғыс айтуды білмеумен науқастанған. Індет дерсің-ау! Неге? Неліктен ризашылық соншалық құнсызданып кетті?

Жақында ұшақпен ұшуларымның бірінде осы сұрақтың жауабын тапқандаймын. Орта Батыстан үйге оралғанымда, біздің ұшақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты Далластың әуежайына қонды. Мен, Сан-Антониоға соңғы түнгі рейске билет тіркеуге үлгіремін деп үміттеніп, кассаға ентеледім. Әуежайда бей-берекетсіздік орнаған: бәрі мен жүгірген жаққа бет алған. Өзім ұшамын деп үміттенген рейске қосымша билеттер тіркеу аяқталып қалды. Өзім сол сәтте қабілетті болған бар сыпайылығыммен, тіркеу үстелінде кезекшілік еткен қызға:

— Тағы бір орын қалған жоқ па, қарап жіберіңізші? — деп сұрадым.

Монитордың экранына көз тастап, ол:

— әй-қайдам, сізге…

Жүрегім сыздап кетті. Мен: «Әй-қайдам, сізге…сы түнді әуежайда өткізуіңізге тура келеді», «Отельден нөмір алуыңызға тура келеді», «Сан-Антониоға таңғы алтыдағы рейспен ғана ұша аласыз» дегенді естуге дайын болдым.

Бірақ қыз бәлендей ондай деген жоқ. Маған қарап, ол күлімсіреді де:

— Эконом-класс салонында орындар бітті. Біз сізді бизнес-класс салонына ауыстыруға мәжбүрміз. Қарсы емессіз бе? — деді.

— Ал мен сізді шөлпілдетіп сүйсем, қарсы болмайсыз ба?

Көп ұзамай мен ұшақта отырдым. Кең креслода ыңғайлы жайғасып, рахаттана аяғымды создым.

Және шексіз риза болдым.

Бірақ осы рейстің барлық жолаушылары менімен ниеттес емес еді. Өтетін жерден әрі отырған еркек, өзіне бір ғана жастық бергеніне қатты кейіді. Ол, салонды және жолаушыларды кештетіп ұшуға дайындап әлек болған бейшара стюардессаларға қанағаттанарлықсыз деңгейде қызмет көрсетілгеніне шағымданып, мазаларын алды.

— Бизнес-класқа билет алып, мен қосымша қызметтің құнын төледім, сол себептен өзіме осылай қатынасуға жол бермеймін. Мен тағы бір жастықты талап етемін!

Ал өтетін жердің бергі тұсындағы сіздердің пақырыңыз, билет сатып алмастан лотереядан ұтып алғандай мәз-мейрам. Сөйтіп, бір жолаушы астаң-кестең болып ашуланса, енді бірі — ризашылықпен жымияды. Неге? Себебі, беймазадам, өзінің ұшуы үшін бизнес-класпен төледі, ал менің орным сый болатын.

Сен өтетін жердің қай бетінде отырсың?

Егер сен, бүкіл әлем өзіңе борыштар деп есептесең, онда сен бос өмір сүріп, күңкілдеуге дайын бол. Сен өзіңді әрқашан да наразы болуға душар етесің. Төбеңдегі аспан ешқашан жеткілікті көгілдір, тәрілкеңдегі жаншылған ет ешқашан жеткілікті қуырылмаған болмақ. Сен сияқты талапшыл адамға жағатындай, өмір ешқашан жеткілікті жақсы болмайды.Және өзің өмірден ерте өтіп, өміріңнің соңына дейін күңкілдеп, шаптығып өтесің. «Өркөкірек адам сирек алғыс айтады. Өзі қаншалық лайық болса, сонша нәрсеге ие екені оның қаперіне де кірмейді»1.

Ризашылыққа толы жүрек болса, әр күнді сый ретінде қабылдайды. Риза бола алатын адам, өзіне жастық жетпей қалғанын байқамайды және өзі ие болған артықшылықтарға көбірек назар аударады. Таяуда мен бір жаралы сарбазға үйге ақысыз ие болу сертификаты берілген банкетке қатыстым. Оның риза болғаны соншалық, тізерлеп отыра кете жаздады. Сахнаға әзер көтерілген ол, іс-шараның жүргізушісін құшағында тұншықтырып қоя жаздады. «Рахмет! Рахмет! Рахмет!» — деп қайталады ол, сосын жақын жерде болған оркестрантты, алдыңғы қатарда отырған толық әйелді, даяшыны және басқа сарбаздарды, қайта айналып жүргізушіні құшақтауға кірісті. Оның марапатталуына ешбір қатысым жоқ болса да, банкет аяқталғанға дейін, маған да алғыс айтып үлгірді.

Біз де осындай риза болуға тиісті емеспіз бе? Иса біз үшін үй тұрғызып жатыр (Жохан 14:2 қар-з), және сол жаралы солдатқа берілгені сияқты біздің меншікке құқымызды растайтын сертификатты дайындап жатыр. Оның үстіне Иса жанымызды тәлкек етіп, сезімдерімізді мұқалтқан күнәнің алапесінен бізді айықтырды. Осыған қарамастан, жолымызда кезіккен Адам Ұлы, бізге сауыққанымызды айтты. О, керемет! Біз шынымен де сауықтық!

Риза жүрек, магнит сияқты ризашылық үшін титтей болса да сылтау табады. Әр түні аспанның қара жамылғысы сансыз жұлдыздарға толады. Рахмет Саған Ием. Көзіміздің құрылысы бізге осы тіркестерді оқуға, ал миымызға алған мәліметтерді өңдеуге мүмкіндік береді. Рахмет Саған Ием.Біздің өкпеміз күнделікті он бір мың литр ауаны жұтып, шығарады. Бүкіл өмірімізде жүрек үш миллиард рет соғады. Біздің миымыз — шынымен де мүмкіндіктер генераторы. Рахмет Саған Ием.

Кептірілген нанға жағылған тосап және ботқадағы сүт үшін; жылы қымтайтын жұмсақ көрпе мен көңіл-күйімізді көтеретін қалжың үшін; Құдайдың сүйіспенішілігін есімізге салатын жылы күн үшін және бүгін аман-есен қонған мыңдаған ұшақтар үшін рахмет. Әйелдеріне адал күйеулер үшін және күйеулерін сүйетін әйелдер үшін рахмет. Өз ата-аналарына ұмытылмайтын масқара төндірудің еңсерілмейтін тілегіне қарамастан, сондай ойлардан бойларын аулақ ұстауды шешкен балалар үшін рахмет. Рахмет Саған Ием.

Ризашылық бізге қиындықтармен күресуге көмектеседі. Өміріміздегі жарылқаулар туралы куәлік беріп, біз Құдайдың жетістіктерін мойындаймыз.Оның жетістіктерін мойындап, біз Оның жүрегін танимыз. Оның жүрегін тану үшін, тек игі сыйларды біліп қана қоймай, игілікті Берушіні де тану керек. Ризашылық міндетті түрде өзіміздің назарымызды Құдайға бұрып, үрей туралы ұмыттырады. Күннің алғаш шапақтары ойпаттағы будақтаған тұманды сейілтетіні сияқты, ризашылық та алаңдаушылықтың ізін де қалдырмастан өшіреді.

Құдайды ду қол шапалақпен қарсы алатын сауыққандардың 10% қатарына кір. «Иеміз Иса Мәсіхтің атымен Құдай Әкеге қай нәрсе үшін де ұдайы шүкіршілік етіңдер» (Еф. 5:20).

Сен өз балаңа Құдайдың құрметіне ат қоюға міндетті емессің, бірақ бір жағынан неге солай етпеске? Тағы айтар болсақ, Оның барлық жарылқауларын тізіп жазып хат жазуға немесе Оны мадақтайтын әнұран жазуға болады. Жетімді өз қамқорлығыңа алып, жағдайы нашар отбасыға қандай да бір электр жабдығын алуға немесе Құдай өзіңді бала еткендей, бала асырап алуға болады. Шыңырауға құлауды болдыртпайтын ең сенімді бағыт, «Рахмет» деген жол белгісі бар жол.

Десек те, бақытсыздықтарды қайтеміз? Ұйқысыз түндер мен дамылсыз үрейлерді қалай жоямыз? Сол кезде де Құдайға алғыс айту керек пе? Иса алғыс айтты. «…Иеміз ұсталып берілен түні нанды алып, шүкіршілік етті де, үзіп беріп…» (1 Қор. 11:23–24).

«Опасыздық жасау» және «алғыс айту» деген сөздерді бір сөйлемде көп кездестіре бермейсің, ал бір жүректе бұлар тіптен жоқтың қасы. Иса шәкірттерімен жоғарыдағы қонақ бөлмесінде жиналды. Зұлым Яһуда бұрышқа тығылды. Қызба Петір үстел басына жантайды. Аз уақыттан соң, біреуі Исаға опасыздық жасайды, ал біреуі Одан бас тартады. Иса, Өзіне опасыздық жасалатын сол түні біле тұра, Құдай Әкеге рахмет айтты. Адам баласының жаны үшін сұм сын сағатында, Исаның жүрегі алғысқа толы болды. Күн нұрын шашқан сәтте кез-келген адам рахмет айта алады, бірақ Иса бізді, айналамызда түн түнегі қоюланған шақтарда да алғыс айтуға үйретеді.

Ол осыған сегіз жасар Даниэлді үйретті. Менің досым Роб, көз жасын жасырмай, өз ұлының қиын өмірі туралы талай әңгімелеген. Даниэль ерні мен таңдайындағы жырықпен туылды (қоян ерін және қасқыр азу), бұл оның ажарын адам қарағысыз ұсқынсыз етті. Ол, іздері әлі де байқалатын отаны бастан кешірді, сондықтан айналадағы адамдар оған назар аударады, кейде түрлі ойларын айтуға да жол беріп жатады.

Бірақ Даниэль оған қымсынбайды. Әуес адамдардың сұрақтарына, ол Құдай өзін осылай жаратқанын айтып, — ойпырым-ай солда сөз болып па!– деп жауап береді. Өз мектебінде бірде ол аптаның ең үздік шәкірттерінің бірі ретінде танылды. Бұндай жағдайда жеңімпазға сыныптастары алдында «Көрсет және әңгімеле» деген презентациямен сөйлеу керек1. Даниэль анасына, сыныптастарына отаға дейінгі суреттерін көрсеткісі келетінін айтты. Анасының мазасы қашты.

— Жаным, өзің қысылмайсың ба? — деп сұрады анасы.

Бірақ Даниэль өз дегенінде табанды болды:

— Еш уайымдама. Мен үшін Құдайдың не істегенін бәрі көргенін қалаймын!2

Даниэльдің үлгісіне еруге өжеттен, сонда сен не болатынын көресің. Құдай саған жарылқаулар тостағанын әзірледі. Оған алғысқа тола қасықты қос.

— Сіздерге өзімнің ұлдарымды таныстыруға рұқсат етіңіздер. — Осындай сөздер айтып, Жүсіп жиылғандарға сөйлей алатын еді. — Құдай маған ұмыттырды және Құдай мені жемісті етті, кіріңдер. Сендерге неге осындай ат қойғанымды білгілерің келе ме? Онда ыңғайланып отырыңдар, мен сендерге Құдайдың мен үшін не істегенін айтып беремін.

10 Тарау
Отбасылық реніштер
туралы сөйлесейік

Отбасылық жаралар ақырындап жазылады.

Өзіңде бақытты балалық шақ болды деп үміттенемін, ата-анаң сені мәпелеп және әлпештеп өсірді, кейде өзіңмен бірге көңілденіп-шаттанған болар. Әкең күнде кешкісін жұмыстан оралып, анаң ұйқыға кеткеніңде көрпеңді қымтаған болар, ал аға-әпкелерің сенің ең жақсы достарың болған шығар. Отбасыдағы реніштерді талдауға арналған осы тарауды, сен қажет емес және өзіңе қатысы жоқ деп табасың деп сенгім келеді.

Осы ойда өзім асыра оптимист болып жатсам, сен жалғыз емес екеніңді — біліп қой. Киелі кітаптағы ең танымал отбасы еменіне азғындау балта шапты. Адам бар кінәны Хауаға жапты. Қабыл өзінің інісін өлтірді. Ыбырайым Саррамен туыстығын мойындауға асықпады. Рабиға сүйікті Жақып ұлын қамқорлауын қоймады, ал Жақып болса Есауды алдап-соғып, қарақшылар тобырымен байланысты. Жаратылыстың басталуы — отбасылық жанжалдар мен ұрыс-керіске толы болды.

Жүсіп ағаларының тарапынан осындай қатыгез қатынасқа лайық болмады. Сөз жоқ, оны сүйкімді жігіт немесе көпшіліктің ықыласы түскен деп атауға болмайтын еді, ол өзінің ғажайып түстерімен бөлісіп немесе ағаларына шағымданудың мүмкіндігін1 қалт жібермейтін және отбасыдағы жанжалдарға ішінара оның да кінәсы болды. Бірақ ол, өзін алдымен құдыққа тастап, сосын тиын-тебенге көпестерге сататындай пәлендей ештеңе жасаған жоқ еді.

Жүсіптің үлкен он ағасы қылмыс жасады. Он бір ұлдың бір әкесі болды, олар бір дастарқаннан ас ішіп, бір аулада ойнап өсті. Ағалары Жүсіпке бас-көз болуы тиіс еді, бірақ олар өздерін ерсі ұстады. Ал әкесі ше? Осындай жауапты сәтте Жақып балаларының жанынан табылмады.

Ақсақал бар ілтипатқа лайық болса да, өзінде отбасылық өмірдің психологиясымен танысу мүмкіндігі болмады. Өзінің алғашқы қателігін ол, сүйіктісіне үйлену үшін өзі сүймейтін әйелге үйлену кезінде жасады. Оның екінші қателігі, туған әпкелі-сіңлілерге үйленгені еді. (Бұнысы тұтатқан сіріңкені петарда толы дүңгіршекке тастағанмен пара-пар). Әпкелердің үлкені оған қатарынан ұлдарды туып берді, ал кішісі бедеу болды. Өзінің отбасын сансыз көп жандардан тұрсын деген тілекпен, Жақып әйелінің қызметші әйелдерінің де көңілін қалдырған жоқ, осылайша жарқын рудың бірталай ұрпақтарын жинап алды. Ақыр соңында сүйікті әйелі Рахила Жақыпқа сүйіктісіне айналған Жүсіпті туып береді. Өздерінің екінші ұлы Бениаминді босану үстінде Рахила дүниеден өтеді, қайғы жаншыған Жақып, дау-дамайы бітпейтін отбасының отағасы болып қала береді.

Жақып сырттай бақылаушының ұстанымында болды. Жүсіп, ағаларының алдында мұрнын шүйіріп, олар өзіне табынатынын болжап айтқанда, Жақып үндеген жоқ.Ұлдары, өздері өткен кезеңде ер-азаматтарын қырып салған Сихем қаласының маңында қойды өрістетуге кеткенін білгенде, оларды тоқтату үшін әрекеттенді ме? Жоқ, барып жағдайды біліп, өзіне баяндасын деп оларға Жүсіпті жіберді. Жақып өз міндетін ұлының мойнына артты.

Немқұрайлы әке. Бетімен кеткен ұлдар.

Ұлдарына әке керек болды, әке өз ұлдарына қатынасын өзгертуі тиіс еді, ал Жүсіпке қорған керек болды. Бірақ әлеуетті қорған — туған әке — өзін еш танытпады және тиісті бақылаудың болмауы Жүсіп үшін сорақы аяқталды.

Бастапқыда Жүсіп өзінің өткен өмірін есіне алғысы келмеді. Өз ағаларын қайта көрген шақта, Жүсіп он жылдай Мысырдың премьер-министрі лауазымында еді. Оның мойнына эмблемасы бар ауыр алтын алқа тағылған еді, онда бүркіттің бейнесі болды, ал қолында — перғауынның мөрімен жүзік болды. Қанға малынған түсті киімді патша киімі алмастырды. Біздің Қанаханнан келген жігітіміз өзіне тәп-тәуір мансап жасады.

Қайда барса да еркі болған, Жүсіп Қанаханға оралмауды шешті. Әскерін жинап, бауырларына кек қайтаруына болар еді ғой? Иә, ондай мүмкіндігі болды. Адам жіберіп, әкесін алдыртуға ше? Ең болмағанда одан хабар алуға? Қалай болғанда да Жүсіпте бәрінің тоқетерін қоюға сегіз жыл уақыты болды. Өзінің отбасын қайдан табуға болатынын біле тұра, Жүсіп оларды іздемеуге бел буды. Жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырып, Жүсіп отбасы құпияларын сауықпаған күйі қалдырды, ол өткенін өткен шақта қалдыруды игі деп шешті.

Бірақ Құдай басқаша шешті. Отбасының бірігуі Құдай үшін аса маңызды. Адам жүрегінің сауығуы оның өткен өмірінің сауығуын да қамтиды, сондықтан Құдай Жүсіптің сөресін шаң басқан қаңқалардан арылтуды жөн көрді.

«Айналадағы барлық басқа мемлекеттерден де адамдар азық сатып алу үшін Жүсіпке келді, өйткені бүкіл өлкені ғаламат ашаршылық жайлап алған еді» (Жар.баст 41:57). Қарай көріңдер, Мысырдың қайырымдылығын іздеген, шетелдіктердің таусылмайтын легін кімдер толтырды! «Осылай Жүсіптің он ағасы азық алып келуге Мысырға қарай бет алды» (Жар.баст 42:3).

Жүсіп ағаларын көрмес бұрын, оларды естіп қалды. Құлағына еврейше сөз жеткенде, ол қызметшінің сұрауларына жауап беріп тұрған болатын. Ана тілі ғана емес, өз отбасында қолданыстағы сөздер естілді. Тағатсыздықты білдірген ишарамен, билеуші қызметшісін тоқтатып, көз жүгірткен тобырдан өз бауырларын көрді.

Олардың шаштары ағарып, таз болғанына қарамастан, Жүсіп оларды таныды, ал жел қаққан, аштықтан жүдеген жүздері қуаң тартып, жолдың шаңынан ұйпа-тұйпа болған. Терге малынған киімдері де денелеріне жабысып қалған. Өркениетті және білімді мысырлықтардың аясында осы еврей еркектер, Таймс-саябағына1 келген ауылдықтар сияқты көрінді. Жүсіпке бидай сатып алу туралы өз өтініштерін білдірудің кезегі келгенде, олар оны танымады. Жүсіп таза қырынған, киімі патшалардыкіндей салтанатты еді, ол мысырлықтардың тілінде сөйлесті. Көзінің айналасы қара сүрмемен жүргізіліп, басында шлемге ұқсайтын қара парик. Алдарында өздерінің кіші інісі Жүсіп деген ой, олардың үш ұйықтаса түсіне кірмеген еді.

Мысырдың билеушісі еврей тілін білмейді деп ойлап, ағалары онымен ишаралап сөйлесті. Бидай масақтарын, сосын ауыздарын көрсетіп, олар бауырларының біріне әмиянмен алға шығуын айтты, асығып-аптығып шыққан ол, күмістерді шашып алды.

Шашылып қалған күмістерді көргенде, Жүсіп ашудан еріндерін тістелеп, жүрегі айныды. Ол өзінің тұңғышын Құдай маған ұмыттырды деп атады, бірақ Жақыптың үлкен ұлдарының қолындағы күмістерді көргенде, ештеңені ұмытпағанын түсінді. Өткен жолы Жақыптың үлкен ұлдарының қолынан күміс тиындарды көргенде, олар бұны күлкі етіп, ол болса аяушылық танытыңдар деп жалбарынып еді. Сол күні құдық түбінен біреуінің болса да жүзінен дос-жаранның нышанын байқағысы келіп, осылардың жүзіне жалтақтаған еді, бірақ бірде-біреуінен ондай ниет таппады. Енді олар оған ақша ұсынуға қалай дәті барады?

Еврей тілінде сөйлей алатын құлын шақыруды бұйырып, Жүсіп қабағын шытып, ағаларына түнеріп қарады. «Жүсіп оларды көрісімен-ақ танығанмен, бөтен адамның сыңайын танытып, олармен қатал сөйлесті». (Жар.баст 42:7).

Ұйқысынан мерзімінен бұрын оятқан осы түнгі күзетшінің дауыс сарынын елестете аламын.

— Кімсіңдер? Қайдан келдіңдер?

Ағалары маңдайларымен еденге ұра жаздап, ұшып түсті, бұл Жүсіпке оның ертедегі түсін есіне түсірді.

— Э-э-э, біз жаңа ғана Қанаханнан келдік. Бәлкім, әміршім біздің ел туралы естіген болар?

Түнерген қабағы ашылмай, Жүсіп ағаларын көзімен тесіп барады:

— Күмән тудырасыңдар өздерің. Күзет, мына тыңшыларды түрмеге тастаңдар! Олар біздің елімізге жаман ниетпен енген.

Барлық он бауыр жарыса шу ете қалды:

— Жоғары мәртебелі! Тақсыр ие! Сіз бізді түсінбей қалдыңыз! Біз — қадірлі адамдармыз, маңдай терімізбен нанымызды тауып жеп жүрген жандармыз. Біз бәріміз — өсіп-өнген үлкен отбасы мүшелеріміз. Мынау Шимон, мынау Яһуда… жалпы біз он екі ағайынды болғанбыз. Бұрын он екі едік.«Ең кішіміз әкеміздің қасында қалды, ал бір бауырымыз қайтыс болды» (Жар.баст 42:13).

Осы сөздер айтылғанда, Жүсіп тамағына тас тірелгендей болады. Соңғы жиырма жылда алғаш өзінің отбасы туралы естіді. Әкесі тірі. Бунямин тірі. Және бәрі оның өзін өлді деп есептейді.

— Былай істеңдер… — Жүсіп ағаларының сөзін бөлді. — үйде қалған ең кіші інілерің де келмейінше бұл жерден ешқайда кетпейсіңдер. Кенже бауырларыңды алып келуге араларыңнан біреуіңді жіберіңдер, ал басқаларың қамауға алынасыңдар.

Осы шешіммен Жүсіп олардың аяқ-қолдарын байлады. Әмір беретін ишарамен ол бауырларын бұғаулады. Оларды өзі ең болмағанда екі жыл өткізген түрмеге тастаған болуы әбден мүмкін.

Оқиға қалай қызық өрбіді: дөрекілік, қатыгездік, тұтқындалу, қарым-қатынасты толықтай үзу!.. осының бәрі Жүсіптің және оның ағаларының өмірінде болды, бірақ енді олар орын ауыстырды. Алдымен бауырлары оған қарсы сөз байласты, енді Жүсіп оларға қарсы қастық ойластырды. Бір кездері ағалары аузына келгендерін айтып, оның көмек сұраған жалбарынуларына құлақ аспап еді, енді олардың өздеріне селқостықтың дәмін татудың кезегі келді.

Не болып жатыр?

Жүсіп, өзі не істеу керектігін әбден ойластырды деп ойлаймын. Оның алдында елдегі аштық мәселесін шешуден де қиын міндет тұрды. Ол Потифар ханымның алдында міз бақпады, жоғары лауазымға тағайындауды да лайықты көтерді, бірақ қандас туған ағаларымен кездескенде, буырқанған ауырсыну мен жеккөрушілікпен не істемек? Жүсіп асып-састы.

Мүмкін сен де осындай жағдайды сезініп тұрған боларсың?

Отбасың сен үшін жердегі ең қауіпсіз жер бола алмады. Балалық шақ туралы сен өміріңнің қиын кезеңі ретінде еске аласың. Өзіңе қамқорлық жасауға тиіс адам, өзінің міндеттерін тиісті атқара алмады. Бірақ сен, Жүсіп сияқты адам қатарына қосылу үшін қолыңнан келгенді істеп бақтың. Сен отбасы құрып түтініңді түтеттің, сөйтіп артқы көріністі көрсететін айнаға соңғы рет көз тастап, өз Қанаханыңмен біржола қоштасуға әзірсің, бірақ …Құдай әзір емес.

Иеміз бізге өзіміз сұрағаннан да артығымен беріп, олардың болуы туралы өзіміз де білмейтін жан-жараларымызды сауықтырады. Ол жүрегімізді жаулап қана қоймай — бірақ оны сауықтырғысы да келеді. Неге? Себебі, жаралы адам айналасындағы адамдарды жаралайды. Осы жайында ойланшы. Неліктен бұрқан-талқан боласың? Неліктен дау-жанжалдан қашуға тырысасың? Неге бәрінің көңілінен шығуға ұмтыласың? Өзіңнің мінез-құлқың жазылмаған жан жарасының зардаптары болғандықтан емес пе? Сенің игілігің үшін, Құдай сенің жан-жүрегіңді сауықтырғысы келеді.

Және сенің балаларыңның игілігі үшін. Жүсіп өзінің ағаларымен татуласқысы келмеді деп болжамдап көрейік. Ұзақ ойланбастан, олармен барлық қатынасын үзді делік. Исраил халқын құтқару жөніндегі Құдайдың жоспары оның жанашырлық таныту қабілетіне байланысты екенін білместен Жүсіп жауапкершіліктен тайды. Мүнда бүтіндей бір халықтың тағдыры көнге қойылып, шешілгелі тұр еді.

Жасыратыны жоқ: сенің өміріңде де өте көптеген адамдардың келешегі көнге қойылған. Бірнеше жыл бұрын менің жақын досымды, әкесінің мәйітін тану үшін мәйітханаға шақырды. Оны әкесінің бұрынғы әйелі түн ішінде атып өлтірген. Қауіпті оқ ату, осы отбасыдағы ашу-ыза мен зорлық-зомбылықтың ұзын шынжырындағы көптеген эпизодтарының бірі болды. Менің досым, әкесінің мәйітіне қарап: «Менің өмірімде зорлық-зомбылықтың ұшқыны да болмайды» деп шешім қабылдағаны есінде.(Ол өз сөзінде тұрды).

Сен де сондай шешім қабылда. Иә, сенің отбасыңның тарихында бірнеше мұңды кезеңдер бар. Бірақ сенің отбасыңның тарихы, саған өз келешегіңді күштеп тағуға міндетті емес. Бұрынғы ұрпақтың қателіктері мен жаңсақтықтарын осы жерде және қазір қалдыруға болады. Сен өз ата бабаларыңнан мұраға алғаныңды өз балаларыңа тапсыруға міндетті емессің.

Құдаймен өз отбасыңдағы реніштер мен ренжіткен адамдар туралы сөйлес. Оған кейбір келеңсіз жай-жапсарларды есіңе салуын өтін. Құпия нәрсені айқын ет. Жүсіп, мұңлы естеліктерді бекерден бекер есіне алған жоқ: өзімізге жан жара салған ауыр жай-жапсарларды айқындау сауығуға апарады. «Ием, маған әкемді кешіруге көмектесші» осындай нақтылықтан жұрдай дұғаның пайдасы аз. Сенің жүрегіңді нақ не нәрсе жаралағанын есіңе түсір: «Ием, әкем менің өміріме тіптен қатыспады. Ол менің туған күндеріме де келмеді. Және сол үшін мен оны жек көрдім».

Немесе былай: «Күнде мектептен оралғанда мен анамды диванға жайғасқан күйінде көруші едім. Көбінесе ол мас болатын. Мен, өз бетімше түскі ас әзірлеп, кіші ініме бас көз болып, үй тапсырмасын орындайтынмын. Бұл әділетсіздік Ием!».

Мұндай шешім қабылдау оңай емес, бірақ Құдайға сенің жүрегіңе рухани ота жасауына жол бер. Сауығу үдерісі ұзаққа баруы мүмкін. Кейде ондай оңалтуларға біздің бүкіл өміріміз кетеді. Отбасылық жаралар — ең терең жаралардың бірі, себебі олар әдетте өзіміз мүлтіксіз сенген адамдардың қолынмен өте ертеде салынады. Сен тым кішкентай болғандықтан өзіңе болған нашар қатынасты түсінген жоқсың. Сен өзіңді қалай қорғау керек екенін білген жоқсың. Одан басқа, сенің азаптарыңа кінәлі адамдар ересек адамдар еді! Анаң, әкең, үлкен ағаң сенен бойларымен биік қана болмай, өзіңнен едәуір ересек болды.

Олар саған өз үкімдерін шығарғанда, сен оларға сендің. Осы уақыт бойы сен өзіңді дұрыс емес ұғымдарға негізделіп үкімдедің. «Сен — топассың… ынжықсың… ұсқынсызсың, айнымаған әкесі… Сен анаң сияқты семізсің…». Ондаған жылдар өтті, ал сенің жүрегіңді жаралаған осы дауыстар әлі сенің жадыңда сайрап тұр.

Бірақ осы дауыстар үндерін өшіруі тиіс! «…бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен, түбегейлі өзгерсін!» (Рим. 12:2). «…бірақ та ержеткеннен кейін мен қол үздім балалық қасиеттерден» (1 Қор. 13:11). Сен туыстарың айтқан адам емессің. Сен — Құдайдың баласысың, Құдайдың отбасының мүшесісің. Сен — Құдайдың жаратылысысың, сені аспан күтуде. Құдайға өзіңді өткеніңмен татуластыруға мүмкіндік бер.

Жүсіп соған жол берді. Татуласу үдерісі ұзақ және қиын болды. Оны суреттеу, Киелі Кітаптың төрт тарауын қамтиды, бұған Жүсіптің өмірінің күнтізбелік бір жылы кеткен болса да, бірақ бірінші қадамды ол тым тез жасады. Мейлі, жасқаншақ болса да, бірақ қадам жасады: үш күннен кейін Жүсіп бауырларын түрмеден босатты, бірақ рақымсыз езушінің бейнесінен шыққан жоқ.

— Кәне, тез қайтыңдар. Қалай еді өзі? Канзас па? Колорадо ма? Ә, иә Қанахан.Сонымен тез қайтыңдар. Мен, өздерің айтқан кіші інілеріңді өз көзіммен көргім келеді. Бірақ бәріңді емес, араларыңдағы біреуіңді тұтқын ретінде алып қаламын.

Ағалары келісті және дәл Жүсіптің көз алдында өздері оған тап берген сол күнді естеріне алды: «Ағайындылар бір-біріне: шынында біз бұл жазаға ініміз Жүсіпке бола ұшырап отырмыз. Оның жапа шегіп, жан даусымен бізге жалынғанын көрсек те, құлақ салмадық. Сондықтан да осы бақытсыздық басымызға төніп тұр» (Жар.баст 42:21).

Бөтен елдің билеушісі олардың сөзін түсінетіні ойларына да келмеді. Бірақ Жүсіп әрбір сөздерін түсінді. Айтылғанды естіп, көздері жасқа толғанын ешкім көрмесін, деп Жүсіп теріс айналуға асықты. Бір-екі минутқа дейін ол бір ауыз сөз де айта алмады, тамағына тығылып келген көз жасын, ішінен атылып шығуға шақ қалып тұрған жан даусын тұншықтырып, өзін басуға тырысып бақты. Себебі қатал билеушіге қызметшілерінің алдында көз жасын төгуге болмайды ғой, бірақ өзгелерден тасаланып, ол еңіреп жылап қоя берді. Кейіннен айқын болғандай, бұл Жүсіптің өмірінде соңғы жылауы емес екен2. Қызметіне бола Потифардың мақтауы, перғауынның өзі жоғары лауазымға тағайындауы оны соншалық толқытқан емес, бірақ ағалары оны ұмытпағанын түсінгенде бала сияқты еңіреді. Туыстарын Қанаханға жіберіп, Жүсіп олардың ердегі сөмкелерін толтыра бидай салуын бұйырды. Бұл оның рақым көрсету еді.

Өзіміз көргендей, туыстық қарым-қатынастардың сауығу үдерісі осындай рақымшылықтан басталды. Егер Құдай Жүсіптің отбасын қайта қауыштырса, неліктен Ол сенің отбасыңды қайта қауыштырмайды деп ойлайсың?

11 Тарау


Кек қайтару масайратады, бірақ кейін…

1882 жылы Нью-Йорктік кәсіпкер Джозеф Ричардсонның иелігінде Лексингтон-авенюдағы енсіз жер бар еді. Жер телімі титтей болатын: ұзындығы отыз екі метр және ені бір жарым метр. Оған көршілес әрі көлемі бойынша өте үлкен жердің иесі басқа кәсіпкер, Хайман Сарнер, көшеге қарап тұратын көп қабатты үй салуды шешіп, Ричардсонға мың долларға оның жер телімін сатып аламын деген ұсыныспен шықты. Ұсынылған сома шамына тиген Ричардсон өзіне бес мың доллар төлеуін талап етті. Сарнер оны сараң деп атап, ұсыныстан бас тартты, Ричардсон оның артынан есікті тарс жапты.

Даулы жер телімінің ауданы құрылысқа пайдалануға жеткіліксіз деп қорытып, Сарнер архитекторға өздері ойластырған жобаны әзірлеуді тапсырады. Ричардсон соғылған көп пәтерлі үйді көргенде, оның тұрғындарына, олардың ешқайсысы оған тиесілі меншіктің үстінен көшені ақысыз тамашаламасын деп терезеден ашылатын көркем көріністі жабуды шешті.

Сонымен, жетпіс жасар Ричардсон ұзындығы отыз екі метр, ені бір жарым метр, әр қабатта екі көпбөлмелі пәтерлері бар төртқабатты үй соғады. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол әйелімен сол пәтерлердің біріне көшеді.

Ғимараттың тар болғаны соншалық, баспалдақпен немесе дәліз арқылы бір ғана адам жүре алатын — екі адам сыймайтын. Бірде-бір пәтерден сен қырық алты сантиметрден асатын түскі ас үстелін таппаған болар едің, ал кішкентай ас үй плитасы тапсырыспен жасалған болатын. Бірде, ірі денелі газет репортері осы үйдің баспалдақ аралығында қалып қойған. Екі тұрғын оған көмектесіп әлек болған, бірақ ол іш киіміне дейін жалаңаштанып шешінгеннен кейін ғана босай алған.

Осы ғимарат Кектің үйі деген атауға ие болды. Ричардсон өмірінің соңғы он төрт жылын осы тар торда өткізді, оның жан дүниесінің тарлығы мен дүниетанымының кемістігін бұдан артық сипаттай алмайсың.1

1915 жылы Кектің үйі бұзылды. Қызық, бірақ мен өткен жылы бір-екі түн сонда түнегенім анық есімде. Ал бірнеше жыл бұрын, онда бірнеше аптаға «тұрып қалдым». Бірдеңені шатастырсам кешір, бірақ жуырда сенде сол жақтағы дәлізбен қысылып-қымтырылмап па едің?

Кек, өмірге жарамсыз, ұсқынсыз ғимараттарды көтереді, бір жерінде жалғыз адамға да тар, бір жерлерінде жайғасқан пәтершілер бір ғана мақсатты: біреудің өмірін төзгісіз етуді көздейді. Ия, олар діттеген мақсаттарына жететіні рас, бірақ та өз өмірлерін де төзгісіз етеді.

Иеміздің «улы жеміс беретін тамырды қазып алып тастамаса, …арамдап, зор зиян тигізетін болады» (Евр. 12:15) деп нықтап айтқаны таңқаларлық емес.

Құдайдың сауықтыруы Кек үйінен көшуді, жауластықтың тар әлемінен рақымның жазығына, тоң мойындықтан арылып, кешірімге жылжуды болжамдайды. Иеміз, өткенімізді сауықтырып, бізді алға жетелейді.

Ондай мүмкін бе? Өзіңнің былығыңды қалай түсінесің? Өткен өміріңде болған жыныстық зорлық-зомбылықты қалай түзеуге болады? Анаңды тастап кеткен әкеңе қатысты соқыр ашу-ызаны қалай басасың? Өзіңді адам құрлы көрмейтіндерді ойлаған сайын, қарып жіберерлік жек көрушіліктен қалай арыласың? Жылдар бойы қансыраған осы жан жарасын Құдай шынымен де сауықтыра ма?

Жүсіпті де осы сұрақтар мазалады. Он ағаң сені мысық сияқты лақтырып тастап, теріс айналып кете барғанын ұмыту қиын-ақ, келісесің ғой. Міне сол себептен Жүсіп оларға дәл соны істеді. Олардың қатты мұқтаждық көріп тұрғанын білсе де, Жүсіп оларға ұрсысып, сатқындықта айыптап, түрмеге қамады. «Жазасын тартыңдар, оңбағандар!».

Сені қайдам, Жүсіптің адамға тән осалдықтан жұрдай болмағаны өзімді қуантады. Басына түскен азаптарды оп-оңай жеңіп шыға білген, құлдықта болған, жат елде жетістікке жетіп, шет тілін меңгерген және жыныстық азғырылудың қысымына төтеп берген Жүсіпте кәдүілгі адам болды. Ол үлгілі тұтқын және үлгілі премьер-министр болды. Күндердің бір күнінде оның басында нұр (нимб) пайда болса таңқалмас едім. Қисынға келсек, Жүсіп ағаларын көргенде қолдарын көкке көтеріп: «Әке, оларды кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын түсінбейді» (Лұқа. 23:34) деуі керек еді. Бірақ ол басқаша әрекет етті, онысы таңқаларлық емес, себебі кешіру — оңай іс емес. Ашырқағандарды тойдырып, перғауынға ақылды кеңес беру, Иеміз бұйырса Леуіліктер Кітабын да жатқа білу — кешірудің алдында әлдеқайда оңай.

Бірақ…
Ашуланғанда күнә жасамаңдар! Күн батпай тұрып, ашуларыңды басыңдар …



Еф. 4:26
Әрқилы кекшілдік, ашу-ыза, айқай-шу, қаралау, тағы басқа барлық жаман нәрселерден арылыңдар.

Еф. 4:31
…сендерді Иеміз Мәсіх қалай кешірсе, сендер де солай етіңдер!

Кол. 3:13
Ием, қалжыңың емес пе?

Менің бір құрбым бар, ол алты жасында анасы оның тәрбиесін ақпейіл, бірақ қуыршақтар, көйлектер, бозбалалармен кездесуден хабары жоқ әкесіне жүктеп, бір саудагермен қашып кеткен. Әкесі кей-кездері бір нәрселерді жасай алмағанымен, қолынан келгенше қызын өсіріп-бақты. Ал жақында сол құрбымның өмірінде анасы қайта бой көтерді — алар-қосары жоқ қанахандық туыстар дерсің, қызымен кездесіп, кофе ішу кезінде ол: «Қымбаттым, сені тастап кеткеніме кешір» — дегенді айтты. Ол әйел өз қызының өмірінен қайта орын алғысы келді.

Құрбыма келген алғашқы ой: «Қалай сонда, бар болғаны осы ма? Бір шыны кофе, кешірім сұрау және мен сені кешіру керекпін бе?» Тым оңай емес пе? Осы ана дәл сол азаптарды басынан кешіруге тиіс емес пе? Жылдар бойы, қызын қайта көре аламын ба екен, деген күмәндардан азапталды емес пе? Бірнеше ұйқысыз түндер әділдікті қалпына келтірер еді. Айтшы қанеки, қызының жан азаптарын Құдайдың ренжіткендерді кешір деген өсиетімен қайтып ұштастырамыз? Осы жағдайда бір тамшы кек, әбден орынды шығар?

Сенікі дұрыс. Өзің бұдан былай біліп ал, Құдай әділдік үшін бізге қарағанда көп қам жейді. Елші Пауылдың сөздерін есіңе түсірші: «…жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар! сүйікті бауырластарым, кек алмаңдар, соны Құдайдың қаһарына қалдырыңдар! Тауратта мынадай сөздер жазылған ғой: жазалау –Менің ісім, тиісті жазасын тартқызамын Өзім» — дейді Иеміз» (Рим. 12:17, 19).

Қастандық жасаушы түнде білдірмей келсе, оның түрін танымай қаламыз, сонда ол жазасыз қалатын болды ғой, деген үрей бізді мазалайды. Ол Фиджиге қашып құтылып, құмда назданып, коктейль ішіп рахаттанады. Алайда, алаң болма. Киелі Жазбада: «Құдай есесін қайтарады», деп айтылған сөз, «…мүмкін қайтаратын шығар» емес. Құдай шынайы және әділ сотты жүзеге асырады. Көрнекі мысал қажет пе? Жүсіптің оқиғасының күтілмеген бұрылысына дайын бол.

Сонымен, үш күннен кейін Жүсіп ағаларының біреуін аманат ретінде қалдырып, қалғанының бәрін түрмеден босатады. Ағалары, бар болған жағдайды әкесіне айтып беру үшін Қанаханға оралады, сол кезде Жақып әлсіз әрі қаусаған шал болып қалған еді. Олар, өздері кіші інісі Буняминмен қайта барғанға дейін Шимон мысырдың түрмесінде болатынын айтты. Сонда Жақыптың: «…Сендер мені балаларымсыз қалдырып отырсыңдар: Жүсіптен айырылдым, Шимоннан да айырылдым, енді Буняминді де алып кетпексіңдер! Апаттың бәрі басыма төніп тұр! — дегенді айтуға ғана шамасы жетті. (Жар.баст 42:36).

Оңбаған десеңші: өзінің сүйіктісін әбден шолжаңдатып, балалардың тәрбиесін бетімен жіберіп, бүтіндей әйелдер гаремін ашып, ұлының түрмеге отырғанын естігенде, өзін мүсіркей бастады. Қарай гөр! Осы отбасыда осындай бей-берекетсіздік орнағаны таңқаларлық емес.

Бірақ ары қарай оқып, біз бұлт арасынан күн сәулелерін шашқанын көреміз. Бір кездері Жүсіптен құтылғысы келген Яһуда, алға адымдап: «Сіз де, біз де, балаларымыз да аштан өлмеуі үшін ұлды менімен бірге жіберіңіз. Мен жас жігіттің қауіпсіздігіне басыммен жауап беремін, оны менің қолымнан қайтарып алатын боласыз. Егер мен ұлыңызды қайтып әкеле алмай, көзіңізге көрінетін болсам, онда мен сіздің алдыңызда өмір бойы кінәлі болып өтейін» (Жар.баст 43:8–9) деп өтінді.

Тұра тұр, мынау дәл сол Яһуда ма? «Жүріңдер, оны ана саудагерлерге сатып жіберейік…» (Жар.баст 37:27) — деп ұсынған адам ба? Құл саударгерлерімен дауласқан ағасы ма?

Иә да, жоқ та.

Өзіміз әңгіме етіп отырған сәтте, Яһуда өзі орға түсіп үлгіріпті. Жүсіптің сазайын тартқызғаннан кейін, үш ұлдың әкесі Яһудамен келесі жағдай болады. Өзінің үлкен ұлын ол Тамар деген қызға үйлендіреді. Бірақ көп ұзамай ұлы қайтыс болады. Сол кездегі дәстүрді сақтап, Яһуда Тамарды өзінің екінші ұлына әйелдікке әпереді. Бірақ екінші ұлы да үмітін ақтамай, қайтыс болады. Яһуда, Тамар келгелі отбасы бақытсыздықтан көз ашпады деп шешіп, және үшінші ұлына да солай болмасын деп, әмеңгерлік салты бойынша кейінгі ұлын үйлендіруге асықпайды.

Кейіннен Яһуданың өзі де тұл болып қалады. Тамар бұрынғы қайынатасы қалаға жол жүргелі жатқанын естіп және одан өзінің электрондық хаттарына жауап алмаған соң, ұзаққа созылған жесірлікпен қоштасу керек деп шешеді де, осы мәселені басқа тәсілмен шешпекке бел буады. Зинақор әйелдің киімін киіп, Тамар Яһудаға сөз салады, ол одан бас тарта алмайды. Ақшаға сатылған әйелдің қызметіне төлем ретінде, өзі келінімен төсектес болғанынан хабары жоқ Яһуда, оған өзінің мөрін, бауын және таяғын қалдырады (Нәпсі еркектерді қаншалық соқыр етеді!). Тамар жүкті болады. Үш айдан кейін ол Яһуданың алдына Тамар ретінде, бірақ жүкті Тамар болып барады. Яһуда оны зығырданы қайнап қарсы алып, жек көретінін білдірді, сөйтіп күнәхар әйелді отқа тастауды талап етеді, бірақ сол кезде Тамар бір кездері Яһуданікі болған мөр мен бауды және таяқты ұсынады, сонда Яһуда өзінің Тамардың құрсағындағы балалардың әкесі екенін мойындауына тура келеді. Күнәсы әшкереленген Яһуда өз отбасының алдында масқара болады.

Шеңбер тұйықталды. Жақыпты алдаған Яһуда, өзі алданды. Жүсіпке тұзақ құрған Яһуда өзі тұзаққа түсті. Жүсіпті қорлаған Яһуда, өзі қорланды. Яһудаға Құдайдың жазасы берілді, сонда Яһуда ойланып: «…ол менен әділірек» (Жар.баст 38:26) — деді.

Жылдар бойы маған, Жүсіптің оқиғасының арасында неліктен Яһуданың «ерліктері» кіргізілген, деген сұрақ маза бермеді. Неліктен 37-ші тарауда Жүсіптің түстерін суреттеуден және ағаларының оған зұлым опасыздық жасауынан басталатын оқиға желісі, кенет 38-ші тарауда қулыққа бейім Яһуда, жалған зинақор Тамар, оның мерзімінен бұрын қайтыс болған екі күйеуі мен жесір әйел ретінде тәуекелге бел бууы туралы таңқаларлық әңгімемен үзіледі? Бірақ, оқиғадағы дақ не үшін қажет болғанын енді түсіндім.

Жақыптың отбасында қандай да бір оң өзгерістер болуы және осы отбасы мүшелерінің бірі есеюге мәжбүр болуы үшін екен. Әкесі жауапкершілікті мойнына алмаса, онда ағаларының бірі өзін ересек азамат ретінде ұстап, өзінің әрекеттері үшін жауап беруіне тура келді. Құдай, оған сепкенін оруға жол беріп, Яһуданың рухани көздерінің ашылуына ықпал етті, сонда Яһуда бәрін түсінді! Ол отбасының мүддесін қорғай бастады. Ол әкесіне жақсы кеңес берді, Буняминнің қауіпсіздігін кепілдеп, інісін Мысырға жеткізуде сәтсіздікке ұшыраған жағдайда жауапкершілікті мойнымен көтеруге дайын болды. Яһуданың ар-ұжданы оянды, Жүсіптің бұл жерде еш қатысы жоқ.

Сонымен, кек қайтару Құдайға тиесілі. Ол Сот күні не болмаса ренжітуші адамның өмір жолының бір кезеңдерінде тиісінше бағасын береді. Сонда осы оқиға не туралы? Құдай, кез-келген Яһуданың есін жидырады. Бұл — кез-келген жемқор шенеуніктің қолынан қағып, кез-келген ашушаң ата-анаың жүрегін жібіте алатыны туралы. Сенің бұрынғы зайыбыңды тізе бүктіру немесе бұрынғы жұбайыңды ақылға келтіру Оған түкке тұрмайды. Кешіргенде, сен әділ сазайын тарттырудан айрылмайсың, — сен тек оны жүзеге асыруды Құдайға тапсырасың, ал Ол саған оны кепілдейді, егер өзімізді ренжіткен адамға сазайын біз тартқызсақ, онда біздің жазамыз артығымен, не болмаса жеткіліксіз болады емес пе? Бірақ Әділ Соттың Өзі істі қолына алса, Оның құзырында күмәнданбауға болады.

Бізден айырмашылығы, Құдай ешқашан адамнан үмітін үзбейді. Ешқашан! Өзіміз әлдеқашан оңбағанды ұмытуға бел бусақ та, Иеміз оның ар-ұжданын, санасын оятып, ақыр соңында тәубеге әкелу талаптарын тоқтатпайды.

Жаулардың сазайын тартқызу ма? Бұл Құдайдың міндеті ғой. Жауларды кешіру ме? Міне бұл сіз бен біздің — міндетіміз. Біз кешіреміз, басқа біреу емес. «Ашуланғанда күнә жасамаңдар! Күн батпай тұрып, ашуларыңды басыңдар; сөйтіп шайтанның жамандыққа түрткі салуына жол бермеңдер! (Еф. 4:26–27). «Кек» деген сөз, грек тілінде topos2, «топография» деген сөзбен бір түбірлес және әлдебір аумақты немесе жер телімін білдіреді. Қызық, қалай ойлайсың? Ашуланғанда, біз өз жүрегімізді шайтанның қарамағына тапсырады екенбіз. Реніш оған біздің жүрегімізде қоныстанып, тіркеуге тұруға жол береді екен. Ол рұқсатты пайдаланып және жаулап алған аумақты әбден ластауды ұмыт қалдырмайды, осыған сен. Өсек, жала, ашушаңдық — әр кез өзімізге кішкене әлсіздіктерге жол беріп, біз шайтанға шабадандарын ашып, жайғасуына көмектесеміз.

Желкелеп қуып шық оны. Оған бір тәулікке де қалуға жол берме. Исаның атымен оған заттарын жиып, табаныңды жалтырат деп бұйыр. Кешіруге бел буып, өзіңдегі реніштер тізімін жасаудан өзіңді тоқтат. Өзіңді ренжіткен адамдарға кек қайтаруды ойластырғанша, олар үшін сиын. Сен бұзушы адамдарға емес, өміріңді бұзушы кешірмеушілікке ызалан. Өз назарыңды соларды өзіңе жасағанға емес, Исаның өзің үшін не істегеніне шоғырландыр. Сеніңше ерсі ме? Бірақ Иса олар үшін де өлді ғой. Егер Ол сені ренжіткен адамдарды кешіруге лайық деп тапса, солай болуы керек. Бұдан кешіру оңайға түсе ме? Жоқ. Бәлкім бұл, кешіру үдерісін жылдамдататын шығар? Әй-қайдам. Мүмкін азаптарды сәл болса да жеңілдететін болар? Білмеймін, Жүсіп азаптанды.

Қанаханнан бауырлары Буняминмен бірге оралды. Жүсіп олардың құрметіне салтанатты қабылдау кешін өткізді. Ол ағаларынан Жақып туралы сұрастырды, Буняминмен кездескеніне қуанды, бірақ өзінің сырын ашпады. «…Құдай саған рақымын түсірсін, балам!»—оның басқа ештеңе айтуға шамасы келмей, сол жерден шыға жөнелді. Көзіне жас толып кеткен ол өз бөлмесіне барып, жылап алды» (Жар.баст 43:29).

Жүсіп ағаларымен бірге ішіп-жеп, көңіл көтеру үшін қайта оралғанда, оларды жасы үлкеніне қарай отырғызып, Буняминге сый көрсетті. Ағаларының алдына бір табақ қойылғанда, Буняминнің алдына бес табақ қойылды. Ағалары осындай жомарттықты әрине байқады, бірақ үндемеді.

Ағаларының қаптарын толтыра бидаймен толтыруды бұйырып, Жүсіп Буняминнің қабына өзінің күміс тостағанын тықты. Ағалары қаладан ұзамай-ақ, оларды Жүсіптің қызметшісі тоқтатып, керуенді тінтіп шығып, тыққан тостағанды тауып алады. Киімдерін парша-парша қылып (шаштарын жұлу дәстүрінің көне үлгісі), аман қаламыз ба деп үрейленген ағалары қайтадан Жүсіптің алдына барды.

Жүсіп, қандай да бір тоқтамға келе алмаған сияқты! Ағаларын құшақ жайып қарсы алып, көзіне жас келіп, олармен дастарқандас болып алып, кейіннен олармен осындай зәрлі әзілдеді. Жүсіпті ішкі қайшылықтар азаптады, себебі ағалары оның бұрынғы, ең терең жарасын тырмалады, ол ағаларының өзіне тағы да жара салуына жол бергенінен гөрі, өлуге дайын еді. Ал басқа бір жағынан, олар өзінің ағалары емес пе, олардан қол үзгенше, өмірімен қоштасар.

Қоштасу кезінде осындай екіойлылық жиі болатын жағдай. Қоштасу кенеттен болмайды, оның жолында кідірістер мен аялдаулар көп: бірде күн жылт етсе, енді бірде көкжиекті қайтадан бұлттар торлайды. Сүйіспеншілікпен ұласқан ашу — біздің жүректеріміз біресе рақымға, біресе ашуға толады. Ренжіткен адамымызға бір қадам жасай тұра, дәл сол сәтте кері шегінеміз. Біз бір жерде тұрамыз, бірақ бұл қалыпты. Кешірім туралы сөз болғанда, біз бәріміз де тәжірибесізбіз. Біздің ешқайсымыз кешірудің құпия формуласын меңгермегенбіз, бірақ сен кешіруге тырысып жатқан кездің өзінде кешірім бересің. Осы талаптарды доғарған кезде ғана, реніш өз құқықтарына ие болады.

Таңдаған жолыңнан бұрылма, сонда сен мәңгіге Рақымның үйінде қоныстану үшін Кектің үйінен таяуда кетесің. Екі бірдей «Сәулет ескерткішінің» жоспарлануымен таныс адам ретінде, саған рақымның мекені көңіліңнен шығатынына кепіл беремін.

12 Тарау


Жоғарғы Билеуші —
сенің Бауырың

Сен ешқашан осыған ұқсасты көрмедің деп дауласа аламын. Баскетболшы айып добын соғу сызығына жақындайды. Оның командасы бақталас командадан бір ұпайға қалып қойған. Ойынның аяқталуына бірер секунд қалды. Екі команданың ойыншылары өз позицияларына орналасып, допты қолға түсіруге әзір. Жанкүйерлер тым-тырыс. Чирлидер-қыздар1 доптан көзін алмай, күйгелектеніп жұтынды. Шын айтамын: сен ешқашан осыған ұқсасты көрген емессің. Мен соған неліктен сенімдімін? Себебі осы айып добын соғып жатқан баскетболшының өзі де осындайды көрмеген.

Ол соқыр.

Оған екі команданың да ойыншылары көздерін тіккен. Бірақ, Пенсильвания штатының Аппер-Дарби қаласында орта мектептің жоғары сынып оқушысы Мэтт Стивенс, ештеңе көрмейді ол соқыр. Оның ағасы темір шеңбердің астына тұрып, оны таяқпен тықылдатып ұрып тұр. Мэтт тыңдап тұр, бір-екі мәрте ол допты еденге ұрып, допты басына көтеріп, лақтырады. Біз, жаттықтырушы не үшін соқыр баланы айып добының сызығына қойды деп ашулымыз?

Қысқаша айтсақ, себебі Мэттің үлкен ағасы бар.

Егжей-тегжейлі жауап алу үшін бізге бірнеше жылға кері, Стивенс отбасында екі көзінің де тор қабы ота жасауға келмейтін қыртыстанумен туылған сәтіне ораламыз. Бесінші сыныпта Мэттің сол көзі, алтыншы сыныпта — оң көзі көрмей қалады. Бала көру қабілетінен айрылғанына қарамастан, оның ағасы екеуі үшін көреді. Бала кезінде Мэттің ағасы Джо оған мүмкін еместі жүзеге асыруға: конькиде сырғанауға, велосипед тебу мен футбол ойнауға үйретіп көмектесті. Кейіннен баскетбол командасының жаттықтырушысы болып, Джо кіші інісін әкімшілік-шаруашылық бөлігі бойынша көмекшісі етіп, жұмысқа орналастырды. Мэтт жаттықтыруларға, өз командасының ойындарына да қатыспайды, бірақ Джоның көмегімен әр жаттықтырудан кейін, айып добын лақтыруға машықтанып жүрді. Ойыншылар спортзалдан кеткеннен кейін ағайындылар, кішісі — айып добын лақтыру сызығында, ағасы — баскетбол себетінің астында ұзақ уақыт қалады. Себеттің астында тұрып, Джо таяқпен себетті ұрады.

Жалпы осы турнирде Мэтт айып добын лақтыруды орындайтын ойыншы болып алғаш тағайындалды. Джо судъялармен және бақталас-командамен матчқа қатыспас бұрын келісіп қойған.Осы ой бәріне ұнады, бірақ ойын осылай өрбиді деп ешкім күтпеген еді.

Мэтт команданың алтыншы ойыншысы да емес — ол ойыннан тыс еді.

Трибунадағы халық тым-тырыс, ойын алаңында тыныштық орнаған. Джо темір себетті таяқпен ұрады. Трибуналардың бірінде Мэттің анасы орнынан тұрды, оның қолында бейнекамера. Ол қолымен бірге бейнекамераның қалтылдамауына күш салуда. Мэтт доппен еденді соғады. Сосын допты басына көтеріп, тұрып қалады да допты лақтырады. Бац! Мэтт есепті теңестірді! Жанкүйерлердің тамсанған айқайы спортзалдың шатырын жұлып кете жаздады. Ақыр соңында трибуналар тынышталды, Мэтт тағы да себеттің тарсылын естиді және өзінің бұрын-соңды болмаған лақтыруын қайталайды. Бац! Екінші ұпай! Бақталас команданың ойыншысы допты қағып алып, алаңды бойлай пас лақтырып, Джонның командасының себетіне лақтырады, алайда… мүлт кетті. Ойын аяқталды және Мэтт оның басты кейіпкері. Тамсанған жанкүйерлер бар күштерімен шаттануда, ал біздің батырымыз өз бетінше орындыққа жайғасуға бет алды. Оған кім көмекке келгенін білесіз бе? Дұрыс, Джо1.

Үлкен ағалар, қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерте алады. Сенің аулаңда бұзақылар жүгенсіз кетті ме? Үлкен ағаң сені қорғайды. Мектептегі таңғы асқа ақшаң қалмады ма? Үлкен ағаң береді. Велосипедте тепе-теңдік сақтай алмай жатсың ба? Ол тепе-теңдік сақтауды үйретеді. Үлкен ағаңды шақырсаң болғаны.



Үлкен ағаң сенен күштірек және саған қарағанда тәжірибесі мол.

Үлкен ағаң — жақын туысың және сен оған қымбатсың. Оның басты міндеті — саған көмектесіп, қамқор болу. Мектептен үйге қайтқанда өзің адасып кетпеуің үшін бас-көз болу. Математика бойынша бақылау жұмысын тапсыра алуың үшін, оған дайындалуға көмектеседі. Ақшаңды бекер жаратуыңа жол бермей, сенімен дүкен аралайды. Үлкен ағаң сені өмірдің қиындықтарына мойымауға үйретеді.

Ондай үлкен ағадан кім бас тартсын? Өзің танымал баскетболист болуға ұмтылмасаң да, өмірден өз орныңды тауып, дос-жаран табуға, қиындықтарыңды шешуге тырысасың ғой. Сол кездері үлкен ағаңа арқа сүйей аласың ба?

Жақыптың ұлдары тап болған жағдайда, өздеріне осылай сүйеніш болар ешкім болмады. Жүсіптің алдында олар бейшара халде еді: ұрлықта айыпталған тілдері мүкіс қойшылар, күшті әміршінің алдында тұрды. Мінәжат еткеннен басқа не қалды оларға? Аяушылық көрсетуін өтінуден басқа не қалды? Яһуда әміршіге, әкелері қарт және дәрменсіз екенін, оның ұлдарының бірі Жүсіп қайтыс болғанын, енді Буняминнен айрылу әкелерінің түбіне жететінін айтты. Ол, сол нәрсе отбасын құтқаруға көмектессе кіші інісінің орнына жазаны өзі өтейін деп ұсынды. Рақым танытар деп үміттеніп, ағалары Жүсіптің алдына бас ұрды, бірақ өздері күткеннен де көп нәрсеге ие болды.

Патша сарайының қызметкерлері мен аудармашыларға кетуді бұйырып, «Жүсіп өзін ұстай алмай» (Жар.баст 45:1), бетін алақанымен жауып, өкіріп жылады. Ол көз жасын сүртіп, жәй ғана өксіген жоқ — ол еңіреп жылады. Еркек адамның тоқтаусыз еңіреуі патша сарайының бөлмелерінде жаңғырды. Бұл катарсис — терең рухани тазару және жаралы жанның сауығуының куәлігі. Жиырма екі жылға созылған қайғы мен өтірік аяқталды. Оның жүрегін жаулауға қылыштарын айқастырған ашу мен сүйіспеншіліктің арасындағы теке-тірес, сүйіспеншіліктің көптен күткен жеңісімен аяқталды.

Еңіреп отырып, ол: «…мен Жүсіппін ғой! Әкем шынында да әлі күнге дейін тірі ме? — деп сұрады (3 аят). Он бір адам аһылап, олардың көздері шарасынан шыға жаздады. Тізерлеп отырған күйі олар, қимылдауға дәттері бармады. Жасқана жалтақтаған олардың бір ғана сөз айтуға шамалары жетті: «Жүсіп?» Кіші інілері олардың көз алдында қорыққаннан өңі қашқан, мойында қыл арқан, Мысырға бет алған көпестердің арбасына ілескен күйінде қалып еді. Ол үшін алған ақшаларын санап, бауырлары ол туралы ойлауды да ұмытқан еді. Жүдеу жасөспірім, қалайша құдіретті елдің билеушісіне айналды? Ағалары қайтадан жарамсақтана, еденге бас ұрды.

Ақыр соңында еңіреуін тоқтатқан Жүсіп, жасқа малынған бетін сүртті — көзінің айналасындағы қара сүрме жуылып кетті, иегі әлі кемсеңдеді. Ол: «…маған жақындаңдар!» — деді. Ағалары аяқтарына тұрды. «…Мен сендер Мысырға сатып жіберген Жүсіппін!» (4 аят).

Жүсіп ағаларын тыныштандыруға тырысты. «Ұрпақтарыңның жер бетіндегі өмірін жалғастыру үшін сендерді ұлы іспен құтқарып, аман-есен қалдыру үшін Құдай мені мұнда өздеріңнен бұрын жіберді» (7аят). Бүгін біз: «Жаман айтпай жақсы жоқ» деген болар едік.

Ағалары алдарында тұрған — өздеріне бола жұбанышсыз жылаған, оларды өздеріне шақырып …және қамқорлық танытқан адамға бұрынғысынша қауіптене қарады.

«Отбасыларыңды алып келу үшін кері қайтыңдар, — деп бұйырды Жүсіп, — сөйтіп Мысырға көшіңдер». Жүсіп, оларды бар қажет нәрсемен қамтамасыз етуге уәде етіп, өз уәдесін тағы да көз жасымен бекітті. Орнынан тұрып, ол кіші інісін құшағына қысты. «Бірге туған інісі Буняминді мойнынан құшақтап …барлық ағаларының да беттерінен сүйіп, құшақтап жылады. Бұдан кейін ағалары онымен сөйлесе бастады» (14–15 аят).

Жүсіп ағаларын бірінен соң бірін құшақтады. Өзін құлдыққа сатуды ұсынған Яһуданы. Өзін ұдайы үлкен ағаға лайық ұстай бермеген Рубенді. Сихемде соншалық қатыгездікпен ерекшеленгені сонша, әкесі оларды «кісі өлтіргіш қарулар» деп атаған Шимон мен Леуіні (Жар.баст 49:5)2. Жүсіп өзін аяқ-қолдарын байлап, өзі аяушылық танытуын өтінгенде оны мазақ қылған әрқайсысын құшақтап, бетінен сүйді.

Жүсіптің ашулы жаушылдығы осы жерде, сарайдың мәрмәр едендерінде жібіді. Ол ағаларын сөгіп және олармен өткенді даулаған жоқ. Олар жәй ғана әңгімелесті. «Әкем қалай? Рубен сен толыпсың. Шимон сенің денсаулығын қалай? Леуі, көрші тұратын сол қызға үйлендің бе? Балаларың бар ма? Аа, тіпті немерелерің де бар ма?»

Перғауынға Жүсіптің ағалары туралы хабар жеткенде, ол: «Сенің отбасың— менің отбасым» деді. Одан кейін Жүсіп оларды жаңа киім және күймелермен қамтамасыз етті. Олар Мысырдың құрметті азаматтары деген мәртебеге ие болды. Кеше ғана қудаланғандар бір сәтте-ақ ерекше артықшылыққа ие болды.

Сол кезде ғана ағалары, өздеріне енді қауіп төнбейтінін түсінді. Аштық әлі де өршіп тұрғанымен— ауыл шаруашылық жерлерін шыжыған күн күйдіріп жібергенімен — өмір түбегейлі оңалмағанымен де, олар әйтеуір қауіпсіздікте еді. Ағалары қиындықты еңсеріп, аман қалды. Олар осыған лайықты адамдар болғандықтан деп ойлайсың ба? Жоқ! Олардың інілері құдіретті болғандықтан. Олардың інісі құдіретті елдің премьер-министрі еді.

Сәттілік деп осыны айт! Мұқтаждықты өз өмірімізден білеміз. Жүсіптің ағалары сияқты біз де құрғақшылықты бастан өткіздік, және қаражат болмай, қорларымыз бітіп, күшіміз сарқылғанның қандай болатынын білеміз.

Біз де өзімізді солар сияқты ұстадық: өзімізге қымбат адамдарды жараладық. Әрине құл сатуға дейін жеткен жоқ, бірақ біздің қай-қайсымыз ашуға бой алдырмадық? Арамызда қайсыларымыз қара басымыздың пайдасын ойлап, жақындарымыздың мұқтаждығына көз жұмбадық? Ондайлар жоқ. Бершабадағы қойшылар сияқты, бізде Жоғарғы Билеушінің көмегін іздедік. Бізде сиындық — біз де қорған сұрап жалбарындық. Бізді де, өзіміз сияқты адамдарға Одан орын табыла ма деген күдік мазалады. Ағалары, Жүсіптің қасында сарайда ие болған нәрсені біз Иса Мәсіхтен табамыз. Біздің үлкен ағамыз — біздің Жоғарғы Билеушіміз.

Сен үшін бұл жаңалық па? Сен, Исаны тек Патша, Иеміз және Құтқарушы деп қана емес, бірақ Бауырым деп те атайтынын естіген шығарсың. Бірде Иса Өзінің шәкірттерімен сөйлесіп отырғанда, Оның отбасы мүшелері назарын аулауға тырысты. Исаның анасы және бауырлары, үйге кірместен, Оған Өзімен сөйлескісі келетіндерін жеткізу үшін адам жіберді. Иса жағдайды пайдаланып, маңызды мәлімдеме жасады: «Міне Менің «шешем» мен «бауырларым»! Себебі көктегі Әкемнің еркін орындайтындар Маған бауыр, қарындас, шеше іспетті жақын» (Матай 12:49–50).

Сол күні осы көріністің куәгерлері болсақ, Исаның «отбасына» қарап, Оның таңдауына түсінбеген болар едік, себебі Оның шәкірттерінің ешбірі асыл тектілігімен, не материалдық жағдайымен мақтана алмайтын еді.Петір кеудемсоқ болатын. Жохан қызбалығымен ерекшеленетін. Өткені күмәнді және достарынан да іліп алары жоқ Матай туралы айтпасақ та болады! Исаның ізбасарларының Онымен туыстыққа құқығы, Жақыптың ұлдарының — мысырдың патша сарайындағы лауазымдарға таласы қандай болса дәл сондай еді, бірақ Иса оларды Өзінің отбасы деп атауды ұят санамады. Ол Өзінің олармен туыстығы жайлы бүкіл халық алдында жариялағанындай, дәл солай бізбен туыстығы туралы айтады. «Адамдарды Оған бағыштаған Мәсіх те, сол адамдар да бір Әкеден тарайды. Сондықтан да Мәсіх оларды бауырларым деп атаудан ұялмайды» (Евр. 2:11).

Иса оған Өзіне келген адамдардың бәрін қосып, Оның отбасының мүшелері деп кімдерді санайтындығы туралы біздің ұғымымызды кеңейтті.

Жүсіптің өмірі туралы әңгіме — бар болғаны басты киелі кітаптық оқиға болып саналатын Исаның оқиғасына кіріспе ғана. Осы екі тұлғаның тағдырында ортақ нәрсе көп: Жүсіп Жақыптың сүйікті ұлы еді, Иса Құдайдың сүйікті Ұлы және солай болып қала береді (Матай 3:17 қар-з). Жүсіп көптеген адамдарды аштықтан құтқарды — Иса Өзін тыңдаған қалың топты тамақтандырды. Жүсіпке өз халқын болатын аштыққа дайындау тапсырылған болатын — Иса Өз халқын мәңгілікте болуға дайындау үшін келді. Жүсіптің даналығының арқасында қоймаларда бидай қоры көбейді — Исаның қолында су ең жақсы шарапқа айналды, ал бес нан бес мың ашыққан адамды тамақтандыруға жетті. Жүсіп табиғи апатты жеңді — Исаға барлық апаттар бағынышты болды: Ол боран және буырқанған толқындарды бағындырды, одан басқа өлгендерге қайта тірілуін, мүгедектерге джигу билеуін, ал мылқауларға әнұран айтуын бұйырған.

Оны сол үшін де жек көрді.

Жүсіп жиырма күміске құлдыққа сатылды — Иса үшін сатқынға отыз күміс төледі. Жалған айып тағып Жүсіпті түрмеге жапты — кінәсіз айыпталған Исаны айқышқа керді. Ағалары Жүсіпті өлі деп есептеді, — зираттың алдына үлкен тас қойған рим әскерлері де Иса туралы солай ойлады. Жүсіп құдіретті елдің билеушісі ретінде өзін көрсетті — Исамен де дәл солай болды: Оны өлтіргендер ұйықтап, ал шәкірттері жылап жатқанда Иса өлілерден қайта тіріліп, жерлеу киімдерін шешіп, зират тасын жылжытып, атқан таңмен таласа шықты.

Перғауын Жүсіпке Мысырды басқаруды жүктеп, оны көтерді, — Құдай Исаны көктегі таққа көтерді. «…Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп, көкке көтеріп, Өзінің оң жағындағы орынға отырғызғанда да қолданды. Осылай Мәсіх күллі билік пен өктемдіктен, күш-қуат пен әкімшіліктен, осы және кешелек замандардағы бүкіл атақ пен дәрежелерден де әлдеқайда үстем. Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті».(Еф. 1:20–22).

Жүсіп пен Исаның арасындағы ұқсастық осымен аяқталмайды, себебі Жүсіптің басқаруы адамның жердегі өмірімен шектелді, ал Исаның билігі мәңгі. Аспан ешқашан бос тұрған тақты көрмейді: Иса қазір де билік етеді, Жердің климаты, уақыт пен мерзімдер Оның уысында. Дүниедегі барлық сұрапыл апаттар — Оның уысында, мұның бәрі: «Мен — Исамын, сендердің бауырларыңмын» дегенді еститін кездесуді жақындату үшін, Құдайдың отбасына лайықсыз қабылданған балалары болған бізге айтылған.

Бізді көргенде Ол ұяттан емес, қуаныштан көзіне жас алады.

Ол бізге: «Қиналып, қатты шаршап-шалдыққандар, еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, бәрің, жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін!» (Матай 11:28). Оған бір шақырымның өзі— тым алшақ ара қашықтық. Иса біздің Оған одан да таяу жақындағанымызды қалайды. Оны орға тастап, отыз күміске сатып, Ол туралы жадымыздан шығардық, біз неткен сұмдық іс істедік десеңші. Алайда Ол бәрімізді: «Келіңдер. Келіңдер. Келіңдер» деп шақырады.

Құдай біздің қамымызды жейді. Жүсіп осы шындықты перғауынға жеткізбекші болды, Иса да бізге «Әкенің алдында әділ Қорғаушымыз бар» екенін айтады (1 Жохан 2:1). Жүсіп ағаларын киім және күймелермен жабдықтады, ал біздің Бауырымыз «барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады» деп уәде етеді (Філіп 4:19).

Кәне, өзіміз үшін Оның қам жейтініне сенім артайық.

Біздің замандастарымыз үшін Құдай, көне мысырлықтар үшін жасағанды жасап, аман қалғандарды құтқарады. Киелі кітаптың ақырғы кітабында Құдай Өзінің пайғамбарлық сөзін қайталайды: «…содан соң қарасам сансыз көп адамдардың ғаламат жиынын көрдім. Олар әрбір ұлт, ру, халық және тілден шығып, тақ пен Тоқтының алдында ақ шапан киіп, қолдарына пальма бұтақшаларын ұстап тұр екен. Жиналғандар қатты дауыспен былай деп мақтау айтты: Құтқарылу тақта отырған Құдайымыз Тоқтының билігінде!» (Аян 7:9–10).

Осы көрініс Құдайдың жүрек соғысын жиілетеді, себебі Оның мақсаты: Құдай Патшалығындағы өмірге қуанатын отбасын жинау. Бұл мақсат мәңгі және бұлтарыссыз. «Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар» (Еремия 29:11; курсив менікі — М. Л.). Екі рет қайталанған «ниетім» деген сөз құлаққа қандай жағымды! Құдайда біздің келешегімізді ең жақсы түрде орналастыру ниеті бар. Біздің барлық сәтсіздіктеріміз бен жіберген қателіктерімізді, Ол біздің игілімізге жұмыс істетеді.Кез келген бүгінгі оқиғаның мақсаты — бізді Құдайға тартып, Ол белгілеген тағайындалуымызды жүзеге асыруға дайындау.

Өмірімізде болатын қиындықтар мен сынақтарды еңсеруіміз, біздің Иемізге қаншалық сенім артып, Оның өмірімізге белгілеген ниеттерімен келісуімізге байланысты болмақ. Бізді қоқыс ретінде орға лақтырғанда, біз қайта аяққа тұрамыз. Құдай осы әділетсіздікті біздің игілімізге айналдыра алады. Өз жақындарымыз бізге опасыздық жасағанда, біз аяққа тұрамыз. Құдай бізге осы ауыртпалықты да еңсеруге күш береді. Жалған айып тағу ма? Әділ сотсыз түрмеге жабу ма? Тұтастай жалғыздық па? Бәлкім өзіміз сүрінетін шығармыз, бірақ құламаймыз. Неге? «…Құдай ниет еткендерінің бәрін өз еркіне сай орындайды…» (Еф. 1:11). Бәрін деген түгелдей бәрін дегенді білдіреді. Бұл өмірде бәрі бізді шарықтау сәтіне жақындатады, «Ол арқылы Құдай жер мен көктегі барлық нәрсені Өзімен татуластыруды қалады, яғни Оның айқышта қанын төгіп, құрбан болғандығының арқасында татулық орнатуды жөн көрді» (Қол. 1:20).

Тиісті және бір Құдайға белгілі уақытта, біз үйге, Қанаханға ораламыз. Ал сол уақытқа дейін өзіңнің Бауырыңмен барынша жақын болуға тырыс.

Керемет айып добын соғулардан кейін Мэтт Стив өз мектебінің батырына айналды. Әр жігіт онымен танысуды армандады, чирлидер-қыздардың өздері онымен сөйлескілері келді. Ол сол қыздардың бірін түлектер кешіне шақырмақшы екен деген сыбыс тарады. Үлкен ағаң иығын тосқанда, өміріміз ғажайып өзгереді.

Сенің қолыңнан келеді.Бірақ өзің күшті болғандықтан емес, сенің Бауырың күшті болғандықтан. Өзің лайықты болғандықтан емес, сенің Бауырың лайықты болғандықтан.Өзің ұлы болғандықтан емес, бірақ сенің Бауырың — Жоғары Билеуші ұлы болғандықтан, және Ол саған аспанда орын дайындап қойды.

13 Тарау
Қоштасулармен
қош айтыс

Джон Гленн жойғыш ұшақты қалай басқару керектігін біледі. Ол Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде елу тоғыз және Кореямен соғыста тоқсан әскери ұшуларды жүзеге асырды. Жылдамдықпен ол етене таныс — 1957 жылы трансконтиненталды ұшу кезінде рекорд жасаған.Джон Гленн космоста да болды. 1962 жылы ол, орбиталды космостық ұшуды1 жасаған алғашқы американдық астронавт болды. Сондай-ақ ол сайлау кезінде де жеңе алады: 1974-жылдан 1999 жылдар аралығында ол Огайо штатының сенаторы болды.

Джон Гленнің қолынан көп нәрсе келеді: ол жалынды сөз сөйлеудің, үкімет комиссияларын басқарудың, кітап жазудың шебері. Бірақ бар дарындарына қарамастан, оның қолынан келмейтін нәрсе бар: Джон өзінің әйелімен қоштасуды үйрене алмады.

Олар бір бірін жөргектен біледі дерсің, себебі Огайо штатының Нью-Конкорд қаласында бірге өсті. Сол жұрт сүйетін астронавт әрі сенатор Джон Гленн, оның отбасындағы нағыз батыр, — 1943 жылы өзі үйленген қыз екенін саған айтатынына сенімді бола аласың.

Энни кекештіктің ауыр формасына душар еді, оның сөйлеуге күш салуларының 85% зая кететін. Ол телефон арқылы сөйлесе алмайтын, мейрамханада тапсырыс бере алмайтын, такси жүргізушісіне қайда апару керектігін айта алмайтын еді. Дүкенде біреуден көмек сұрау мүмкін емес нәрсе. Энни өзіне қажет тауарды іздеп, дүкенде сағаттап сандалуға бар болатын, әйтеуір ешкіммен сөйлеспесе болғаны. Оны отбасыдағы кез-келген төтенше жағдай ықтималдығы үрейлендіретін, себебі ол 911 нөмірін тергенде, Құтқару қызметінің операторына жағдайды түсіндіре алатынына сенімсіз еді.

Қоштасудың қиындығы да осыдан. Әйелімен айырылысу ойы Джонға төзгісіз еді, сондықтан осы екеуі, өздерінің қоштасу рәсімін ойлап тапқан.Рейске кету немесе кез келген іс сапар алдында олар келесідей қоштасатын.

— Мен сағыз алу үшін бұрыштағы дүкенге барып келемін, — дейді Джон.

— Көп бөгелме, — дейді Энни.

Сөйтіп Джон Жапонияға, Кореяға немесе космосқа кететін.

Қарқынды терапияның арқасында жылдар өте Эннидің сөйлеуі жақсарып, түсініктірек болып, өзіне сенімділік пайда болғанымен, зайыптардың сөйлесуінде «қоштасу» сөзі бұрынғысынша тыйым салынған болып қала берді. 1998 жылы сенатор Гленн ғарышкерлік тарихында ақсақалдар қатарын толтырды — ол «Discovery» шаттлының бортында тағы ғарышқа ұшты. Ұшар алдында дәстүр бойынша ол әйеліне: «Мен сағыз алу үшін бұрыштағы дүкенге барып келейін» деді, бірақ осы жолы оған кішкентай сыйлық: сағыз қорабын берді. Энни, Джон аман-есен үйге оралғанша, оны жүрегінің тұсында төс қалтасында сақтады2.

Қош бол. Ешкім осы сөзді айтқысы келмейді: астронавтың әйелі де, мектепке дейінгі жастағы баланың анасы да, қалыңдықтың әкесі де, ауруханадағы әйелінің көңілін сұрап келген күйеуі де, зират басында күйеуімен қош айтысатын әйел де.

Соңғы мысалдағы «қош бол» бізге бәрінен де жеккөрінішті. Өлім — төзгісіз қиын қоштасу. Мен осы тіркестерді, жүрегімде қоштасудың шері тастай болып атқанда жазып отырмын. Соңғы жеті күнде біздің қауымда бес рет жаназа оқу қызметі өтті. Сәбиден бастап тоқсан төрт жасар досымды соңғы сапарға шығарып салдық. Осы қайғы жүректе өз сызатын қалдырды — мен уайымға салынып, жабырқай бастадым. Жұбаныш іздеп, мен: «Қойшы, Макс. Бой ұсын. Өлім — өміріміздің ажырамас бөлігі» емес пе, деп ойладым.

Дәл сол сәтте өз ішімде қарсыластым: «Тіпті де олай емес! Өмірдің бөлігі, бұл — дүниеге келу, сондай-ақ тыныс алу, күлкі, қауышулар және ұйықтар алдында беттен сүю. Өлімнің бұған не қатысы бар? Біз «қош бол» дегенді айту үшін жаратылған емеспіз. Құдайдың алғаш ниетінде ешқандай қош айтысу болған жоқ, сол ниетінде өлімалды жанталас пен жүректің соңғы қағысы да болмаған.

Өлім — жауыз, басқыншы, Луврдың теңдессіз туындыларының жанында шимай-батпақ. Өлім — ережеге қайшы. Құдай маған, өзіміз бірге балық аулайтын дос береді де неліктен оны кейіннен тартып алады екен? Не үшін ол әйелге ана болу бақытын сыйлайды, сосын тосыннан оны осы қуанышынан, ал нәрестесін өмірден айыру үшін бе? Оны өзің қалай түсіндіретінің маңызды емес, — қоштасуда табиғи емес бір нәрсе бар.

Жақып және Жүсіп. Екеуінің де жүрегі бір-бірімен қоштасудың езгісінен жаншылды. Жақыпқа Жүсіптің өлімі туралы хабарлап, ағалары ініміз жабайы аңға жем болды деп, әкесіне қанға малынған ұлының киімін ұсынды. Осы қайғылы хабардан қайғырып, «Жақып көйлегінің өңірін айыра жыртып, азалы киім киіп алды. Содан ұзақ уақыт бойы ұлын жоқтап аза тұтты» (Жар. баст 37:34).

Жақып, сағыныштан зарыққан жаны семіп қалғанша, көз жасын көл қылды. Өзіне қымбат екі адам оны тастап кетті: Рахила өлді, Жүсіп қаза болды. Біраз уақыттан кейін ақсақалдың өзі де солардың соңдарынан кете баратын сияқты еді. «Мен о дүниеге ұлымның қасына аттанғанша қайғырып өтемін» — деп жұбанбады. Әкесі ұлын осылайша зар жылап жоқтай берді» (35 аят).

Жүсіп те соған қайғырды. Екі онжылдық өтті, туған үйден хабар жоқ.Туған күндер, мерекелер, сабантойлар… Ол ешқашан өзінің туғандарын ұмытқан жоқ.

Ағаларына сырын ашып, Жүсіп ең алдымен: «Әкем шынында да әлі күнге дейін тірі ме?» деп сұрады (Жар.баст 45:3). Оның алғашқы сұрағы: «Әкем қалай?» Оның ең басты уайымы отбасының қосылуы болды. Жүсіп, ағаларына Қанаханнан отбасыларын алып кетіп, олармен бірге Мысырға оралуды бұйырды.


Перғауынның тапсырмасы бойынша Жүсіп оларға күймелер мен жол азық берді. Әрқайсысына бір-бірден шапан жауып, Буняминге үш жүз мысқал күміс пен бес әдемі шапан сыйлады. Ал әкесіне арнап он есекке тартып, Мысырдың ең жақсы заттарын, тағы он ұрғашы есекке тиеп, астық, нан, жол азық беріп жіберді. Жүсіп ағаларымен қоштасып, сапарға шығарып салды. Кетерінде оларға: «Жолда бір-біріңмен ұрыспаңдар!» — деп ескертті. Олар Мысырдан шығып, Қанахан еліне, әкелері Жақыпқа келді…

21–25 аят
Жақыптың ұлдарының Қанахан жеріне оралуы таңғажайып керемет болды. Бұрынғы жұлым-жұлымы шыққан киім және жүдеу тайқарлар жоқ. Былғары мен қолтырауын терісінен жақсы киінген Жақыптың ұлдары, сыйлық толы соңғы үлгідегі пикаптармен келді. Әйелдері мен балалары олардың келе жатқанын алыстан көздері шалды. «Күйеулеріміз бен әкелеріміз келді-ау әйтеуір!» Бәрі бір-бірімен құшақтасып, арқаларынан қаға бастады.

Жақып та шатырынан бас көтерді. Ұзындығы иығына дейін түскен ұйпа-тұйпа ақ шаштары, бүкірейген арқасы, әжімнен тілімделген беті. Көзін сығырайтып, алақанымен күнді сәуегейлеп, күнге күйген ұлдарына және олардың мол олжасына қарады. Мұның бәрін қайдан ұрлап алдыңдар деп сұрамақшы болғаны сол еді, ұлдарының бірі: «Жүсіп тірі екен! Ол — бүкіл Мысырдың әміршісі» дегенді айтып салды. Ал ұлдарының айтқандарына сенетіндей Жақыптың жүрегі бүлк етпеді» (26 аят).

Қария жүрегін ұстап, отыра кетті. Лия күйеуіне су беріп, қарт әкелерін осылай келеке қылу жақсы емес дегенді айтқысы келгендей ұлдарына көзін алартып қарады. Бірақ бұл қалжың емес еді. «Олардан Жүсіптің сөздерінің бәрін естіп, оның жіберген күймелерін көргеннен кейін ғана Жақып (Исраил) рухтанды…» (27 аят).

Ұзақ жылдар бойғы уайым, Жақыпты қуаныш атаулыдан айырды. Бірақ ұлдары Жүсіптің сөздерін жеткізіп, оның әкесі туралы сұрастырғанын және ағаларын, әкесін Мысырға қоныстануға шақырғанын естігенде барып, Жақып рухтанды. Олардың шын айтып отырғанын растайтын күймелер мен ұлдарының сәнді киімдерін көріп, Жақып қуанып бас шұлғыған ағайындыларға көз тастап, соңғы жиырма жылда ақсарыдай шашы ағарған ақсақал, ұлымен қайта қауышатынына сенді.

Қуаныштан көздері нұрланып, еңсесі көтерілді. «…Көзім жетті: ұлым Жүсіп әлі тірі екен. Мен сонда барып, оны өлмей тұрғанымда көріп қалайын» (28 аят). Байқасаң, әңгімеде кенет Жақыптың екінші аты айтылады! Не дейміз, отбасының қауышуына деген үміт одан да зорды жасай алады. Ол бізді өзгертеді — біз қайғыдан, қалыптасқан жағдайдан шығар жол іздеуге, сопылықтан қажылыққа көшеміз. (өкшеден ұстаған) Жақыптың орнына біздің бойымызда (Құдайдың ханзадасы) оянады.

«Сонымен Исраил өзінің қасындағы барлық жұртын мал-мүліктерімен ертіп алып, жолға шықты. Ол Бер-Шабаға келгенде әкесі Ысқақ сиынған Құдайға арнап құрбандық жасады» (Жар.баст 46:1). Өзіміз айтып отырған осы кезеңде, Жақып 130-ға келген еді, яғни жас емес. Ақсақалдың мосқал жасынан басқа, көшуге кедергісін келтірген тағы бір жағдай: буындарындағы сырқырау бар еді, бірақ ұлымен кездесуге Жақыпқа ешнәрсе бөгет бола алмайтын еді. Қолына таяғын алып, ол: «Тиеуге болатынның бәрін артыңдар! Біз Мысырға аттанамыз! — деп бұйырды.

Осы тұста киелі кітаптық әңгіме, көріністі шолуға айналып бізге Жақыптың үрім-бұтағының қоныс аударуын ұшар биіктіктен бақылауға мүмкіндік береді. Санақтың арқасында оның отбасы мүшелерінің ешбірі ұмыт қалған жоқ: әйелдері, ұлдары, олардың балалары — бірде біреуін қалдырған жоқ. Бір сөзбен айтқанда, жетпіс адамнан тұратын ру жолға шықты.

Иә, сапар деп осыны айт: пирамидалар, сарайлар, суарылатын егістіктер, сірлемді мұнаралар — Жақыптың отбасы ешқашан мұндайды көрмеген. Енді міне бәрі күткен сәт келді! Көкжиекте бар салтанатында мысыр төрелері көрінді: перғауынның жеке гвардиясы жылқылар мен күймелерде.

Осы айбынды нөкерлер Жақыпқа жақындағанда, қария өзіне бәрінен де жылдам жақындаған күйменің иесінің жүзін көру үшін алға ентеледі. Өзінің сүйікті ұлын көріп, танығанда Жақып: «Жүсіп, ұлым менің» деп сыбырлады.

Күйгелектене, күймешіге аттарды айда деп бұйырған Мысырдың әміршісі Жүсіп, халқы көп екі керуеннің кездесуіне әзер шыдады, күймеден секіріп түсіп, әкесінің күймесіне жүгірді. «Әкесін көргенде оны мойнынан құшақтап тұрып, ұзақ жылады» (29 аят).

Рәсім белгілеген барлық жоралғыларды сырып қойып, әдептілік ұмыт қалды. Жүсіп әкесінің мойнына тығылып, «ұзақ жылады». Жақыптың киімі көз жастан су болғанда, екеуі бұдан былай ешқашан бір біріне «қош бол» деп айтпаймыз деп шешті.

Қош бол. Біздің кейбіріміз үшін бұл сөз, тағдырымыздағы елеулі өзгерістерді білдіреді, және оларды жеңу үшін, түңілдіретін жалғыздық пен зор қайғыны жеңуге тура келеді. Сенің екі адамдық жатын төсегің бір өзің үшін тым кең болды. Сенің үйіңе құлаққа ұрған танадай тыныштық қоныс тепкен, ал саған әні-міне әйелің атыңды атап шақырып немесе бөлмеңе күйеуің кіретін сияқты болып көрінеді.Айырылысу, бір кездері Жақыптың жүрегін жаралағандай сенің де жүрегіңді жаралады. Ештеңе болмағандай айналада өмір қайнап жатыр, ал сен өзіңді жалғыз және тастанды сияқты сезінесің, себебі «қош бол» дегенді айта алмайсың.

Солай болса, еңсең түспесін. Иеміз сенің қиындықтарыңды біледі. Құм сағаттарындағы құмдар сияқты, біздің барлық қоштасуларымыздан Ол хабардар. Егер аспандағы тақ залында күнтізбе іліулі тұрса, онда бір күн міндетті түрде қызылмен қоршалып, сары түспен боялған. Құдай Өз отбасының қауышу күнін белгілеп қойған.
…Өйткені Иеміздің Өзі көктен түсіп, бұйрық береді, әрі бас періште шақырып, Құдайдың кернейі қатты дауыстайды. Сонда ең алдымен Мәсіхке сеніп бұ дүниеден кеткендер қайта тіріледі. Тірі жүрген біз мұнан соң солармен бірге Иемізбен кездесу үшін бұлттың үстімен көкке көтерілеміз. Содан мәңгі бақи Иемізбен бірге боламыз. Бір-біріңді осы сөзбен жұбатыңдар!

1 Салоникалық 4:16–18
Бұл күн байқаусыз қалмайды. Оның үстіне — бұл ұлы күн болады. Сол күннің жеткенін бас періште Михайл керней тартып білдіреді. Он мыңдаған періштелер аспанда көрінеді (Яһуда 14–15). Зираттар мен теңіз тұңғиықтары өлілерді шығарады.

«Ол дүниеге қайта оралған кезде тағы да күнәнің құнын өтеу үшін емес, Өзін аңсап күтіп жүргендерді түгелдей құтқару үшін келеді» (Евр. 9:28). Оның келуі, бүкіл адамзат куәсі болатын теңдесіз оқиға болады. «…Әркім де Оны …көзімен көреді» (Аян 1:7). Оны Мұса көреді. Напалеон да жалт қарайды. Мартин Лютер мен Христофор Колумбтың таңқалғаннан көздері шарасынан шығады. Тозақтағы әділетсіз билеуші және жұмақтағы ақ киім киген азапталушылар, Адамнан бастап, бір минут бұрын туылған сәбиге дейін Жердің барлық тұрғындары керней қатты ойнағанда Иса Мәсіхтің оралуының куәсі болады.

Алайда бәрі бірдей Оған қуанбайды. «…Сол уақытта Менің Билеуші ретінде қайтып келуімнің ғажайып белгісі аспаннан көрінетін болады. Сонда жер бетінде барлық ұлттар үрейленіп, еңіреп жылайды. Олар Менің Билеуші ретінде ғаламат құдіретпен, салтанатты ұлылықпен бұлттардың үстінде көктен келе жатқанымды көреді» (Матай 24:30). Жаратылыстың басталуы кітабында Жақыптың отбасы мүшелерінің барлығының есімдері жазылғандай, дәл сол сияқты Өмір Кітабына Құдайдың отбасы мүшелерінің барлығының есімдері жазылады. Иеміз Оның шақыруын қабыл алған әрқайсысын атымен атайды және Өзін олармен мәңгілікте болу қажеттілігінен құтқарып, Одан бас тартқандарға да құрметпен қатынасады. Сол күні Исаға сенгендердің тілегі орындалып, Көктегі Әке оларды Өз отбасын қауыштыру үшін жинайды.

Сол қауышу қандай керемет болады десеңші! «Ол барлық көз жастарын сүртіп тастап, жұбатады» (Аян 21:4). Бұл біздің Көктегі Әкеміздің алғаш жасайтыны. Ол: «Кәне, бұдан былай жыламаймыз» деп, әр баланың бетін сүртеді. Біздің ұзақ өмірлік жолымыз соңына жетіп, біз Оны көреміз.

Және өзімізбен өлім айырғандарды көретін боламыз. Өзіміз үміттене күтіп жүргеніміз де сол емес пе? «…Тірі жүрген біз мұнан соң солармен бірге Иемізбен кездесу үшін бұлттың үстімен көкке көтерілеміз. Содан мәңгі бақи Иемізбен брге боламыз. Бір біріңді осы сөзбен жұбатыңдар!» (1 Салоникалық 4:17–18).

Стивен Кертис Чапмен және оның әйелі Мэри Бет осы уәденің орындалуына үміттенеді. 2008 жылдың мамыр айында жол апатында олардың бес жасар қызы қаза болды. Стивен — бүкіл әлемге танымал және бәрі сүйіп тыңдайтын мәсіхшіл әнұрандарды орындайтын мәсіхшіл әнші болғандықтан, қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан сөздер әлемнің түкпір түкпірінен келді. Ерлі-зайыпты Чапмендерге жанашырлықпен қоңырау шалулар, ашық хаттар мен электрондық хаттар қаптап кетті, бірақ бір әңгіме Стивеннің ерекше есінде қалды. Ол да жол апатында ұлынан айырылған Бақташы Грег Лори, Стивен мен Мэри Бетке сөйлеп былай деді: «Естеріңде болсын, өздеріңді күтіп тұрған келешек өткен өмірлеріңнен шексіз зор болмақ»3.

Өлім бізді жақынымыздан айырып қана қоймайды — онымен бірге біз ешқашан болмайтын баламыздың неке қиюын және өзіміз көрмей кеткен, бірге өткізетін жақсы жылдарды жерлейміз. Біз өз армандарымызды жерлейміз. Бірақ аспанда осы армандардың бәрі міндетті түрде орындалады. Құдай бізге «барлық нәрсе қалпына келеді» деп уәде етті (Елш.іст 3:21). «Барлық нәрсе қалпына келетін уақыт», өзіміз қол үзген барлық қарым-қатынастарды да қамтиды.

Колтон Барпоға соқыр ішегін алып тастап, шұғыл ота жасаған кезде, ол бар болғаны төрт жаста еді. Ата-анасы қуанды, себебі олардың сәбиі аман қалды, бірақ кейіннен оның әңгімелерін естігенде не айтарын білмеді. Бірнеше ай бойы Колтон өзіне наркоз салғанда не күй кешкенін және аспанда көргенін айтты. Бала, ота кезінде ата-анасы не істегендерін егжей-тегжейлі айтып берді және аспанда кімді көргендерін: өзі бұрын ешқашан кездеспеген және өзіне олар туралы ешкім айтпаған адамдар туралы әңгімеледі. «Аспан шындық» атты кітапта Колтонның әкесі төрт жасар баланың анасына айтқан сөзін айтты: «Сенің ішіңде өліп қалған менің қарындасым болды ғой, иә, мама?»

Ұлының көзінше ата-анасы болған түсік туралы ешқашан айтпаған еді. Колтон болған жағдайды түсіну үшін әлі кішкентай еді. Анасының өңі қашып кетті.
— Ішімде өліп қалған баламның болғанын саған кім айтты? — деп қатқыл сұрады Соня.

— Ол өзі маған айтты, анашым. Менің қарындасым, сенің ішіңде өліп қалғанын айтты … — Бірдеңенің болғанын сезіп, Колтон анасына қауіптене қарады да: — Бәрі жақсы, анашым — деді. — Оның жағдайы жақсы. Құдай оны қабылдады.

Диваннан түсіп, Соня Колтонның алдында тізерлей отыра кетіп, көздеріне қарап:

— Сен, Иса оны қабыл алды демекшісің бе?

— Жоқ, анашым. Оның Әкесі!..

Соняның көздері нұрланып:

— Оның аты кім? Сол кішкентай қыздың аты кім?

— Оның аты жоқ. Сендер әкем екеуің оған ат қоймапсыңдар.


Ата-анасы есеңгіреді. Колтон бұны қайдан білетін еді.

Бірақ баланың тағы бір естелігі болды. Ол ойнауға кетуден бұрын, ата-анасына:

— Иә, ол тағы сен әкем екеуің қашан аспанда боласыңдар деп асыға күтіп жүргенін айтты4. — деп бөлісті.

Аспанда біреу сен туралы да осыны айтады. Сенің атаң? Сенің апаң? Сенің сәбиің? Олар Құдайдың отбасы түгел жиналатын күнді асыға күтіп жүр. Бізде соған үміттенуге тиіс емеспіз бе? «Осылай өз сенімдерін айқын паш еткен қалың көпшілік бізді жарыстағы жанкүйерлердей қоршап тұр… алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық!» (Евр. 12:1). Аспаннан бізге көптеген куәлар қарап тұр, олардың ішінде барлық заманның және халықтардың Ыбырайым, Жақып пен Жүсіптері бар. Жердегі саладан өтіп, олар тәни болмаса да рухани ұрпақтарының өміршең ерліктерін бақылайды. Еврейлерге арналған жолдаудың туындыгері «Құлақ сал, сонда өзіңді аспандағы Құдайдың балалары қалай қолдайтынын естисің, — дейді. “Жүгір! — деп айқайлайды олар. — Жүгір! Сенің қолыңнан келеді!»

Біздің аспандағы соңғы тұрағымызда қоштасу мүлдем болмайды. Біз Киелі кітапты, адалдық пен сенімді жақсы сөздермен ауызға алатын боламыз, бірақ қоштасу?.. Қоштасулар туралы өзіміз біржолға ұмытамыз.

Осы болжау, біздің дүниетанымымызды өзгертіп, торығудан мақсатқа бейімдеп, қайғыдан үмітке, жердегі қоштасулардан көктегі жүздесулерге бағыттасын. Жоғары Билеуші біздің үйге оралуымызды алдын ала тағайындап қойған, олай болса таяғыңды ал да Оның алдынан шығайық!

14 Тарау
Сабырлық сақтап,
берік бол

— Көкпен тірескен үйлердегі анау тесікті көресіз бе?

Мен, Фрэнк есімді толық жүргізуші-жігіттің сұқ саусағына қарай қарап, алға еңкейдім. Көйлегінің жағасы оған тым тар болды, семіз қолдары рульді қысты.

Алдыңғы терезе арқылы Төменгі Манхеттен ғимаратының шарбағына көрсетіп, ол:

— Бұрын сол жерде Егіз-ғимараттар орналасқан болатын — деді. Ол көрсеткен учаскені мен байқамады деп ойлап, түсіндіре бастады: Сүмбісі бар биік ғимараттың сол жағындағы тесікті көрдіңіз бе? Үш күн бұрын ол жерде Дүниежүзілік сауда орталығы бой көтерген еді. Көпір арқылы өтіп, оны күнде көруші едім. Ол айбынды көрініс болатын! Көпірге кіре берісте, сол биік ғимараттарды бұрынғыдай көрмеген күні әйеліме қоңырау шалып жылап жібердім.

Қиратылыстың эпицентріне жақындап, көлік жүретін жол жиегіне орналасқан көптеген жедел жәрдем машиналарының жанынан өттік. Қаза болғандардың туыстары Отбасы медициналық орталығының қақпасы алдына доктардың (док) жанына үймелеген, онда «Жұбаныш» жүзетін госпиталь байланған болатын. Бәрі хабар күтті, бірақ әрбір секунд өткен сайын әлі де аман қалғандарды табады деген үміт елеске айнала бастады.

Үш бақылап-кіргізу бекетінен өтіп, машинаны қойып, біз жарты шақырым жерді жаяу өттік. Өткен аптада осы аяқжолдарды ұялы телефон ұстап, валюта бағамдары туралы әңгіме жүргізген сұр фланель костюмдегі адамдар басып алып еді1. Бүгін де осы аяқжолдар тас пен қоқыс үйіндісінің астынан көрінбейді, ауаны түтіннің иісі жайлаған. Мен, кірген кезде өкпемнің неге толатынын ойламауды шештім.

Мен өртті көремін деп күтпеген едім, бірақ жаңбырмен өрт сөндірушілердің тонналап құйған суына қарамастан, ғимараттардың бұзылған ескі орындарында әлі де от жалындап тұрды. Көрші ғимараттардың едәуір бүлінуін де күтпеген едім — бірде бір ғимаратта сынбаған терезе қалмапты. Дүниежүзілік сауда орталығының үшінші корпусы «Marriott» отельі де қираған. Кез келген басқа күні бұл таңқаларлық оқиға болареді.

Бірақ мені бәрінен де өзімнің және айналадағы адамдардың есеңгіреуі таңқалдырды. Өзімізді шамамен он екі адамнан тұратын, сары қатқыл жұмыс киімін киген сап түзеген өрт сөндірушілер басып озды. Дәл сонша өрт сөндірушілер қарсы алдымыздан шықты. Олар кезікті. Жаңадан келген өрт сөндірушілердің жүзі ызбарлы еді, бірақ оларды алмастырған адамдардың жүзі одан да ызбарлы болды. Олардың көзжанарлары, олардың жолдастарын жаншып қалған арқалықтар сияқты болаттай болды.

Барлық басқа адамдар сияқты мен де есеңгіреген күйде болдым: көзіме жаста келмеді, тамағыма тас та тірелген жоқ — мең-зең күйдегі есеңгіреу. Будақтаған үйінділерге қарап: «Осы қираған ғимараттар, астында бірнеше мыңдаған адамдарды жерледі», — деп ойладым. Американың басына түскен қазаның тілі маған осыған дейін белгісіз еді. Мен өзімнің, әп-сәтте режиссердің: «Камера! Тоқта! Түсірілді!» деген командасы айтылады деген сезімнен арыла алмай жатқанымды сездім. Оның үстіне мен, бутафор үйінділерінен грим жасаған актерлер тарай бастайтынын көргім келді. Бірақ кинокамералар болған жоқ, тек быт-шыт болып майысқан арматура мен бетон бөлшектері ғана шашылып жатты.

Сол күні кешке мен, Отбасы медициналық орталығының кіре берісін күзеткен полиция офицерімен сөйлестім. Ол Жылау қабырғасы сияқты болған, суреттер ілінген фанерлі қалқанның жанында тұрды. Оған хабар-ошарсыз жоғалғандардың туыстары, оларды іздеп таба аламыз деген үмітпен суреттерін іліп орналастырған еді. Мен одан, осы суреттерге қарауға келген адамдардың жүзінен не байқадың деп сұрадым.

— Ештеңе, — деді ол. — Мүлдем ештеңе.

— Олар жылады ма?

— Жоқ.


— Ал сіз? Сіз жыладыңыз ба?

— Әзірге жоқ. Мен көз жасымды барынша тереңге тығып тастадым.

Болған оқиғаның қайтымсыз екеніне сенгісі келмегендіктен көпшілігі анестетиктерге жүгінді2.

Осы адамдардың не сезгенін елестету қиын емес. Апаттар таянышымыздан айырып, бізді торығудың тұңғиығына лақтырып жібере алады.

Алайда, Жүсіптің басына түскен қиындыққа оралайық. «Барлық елде астық қалмады. Жұттың өте қатты болғаны сондай, Мысыр мен Қанахан елдері аштықтан құрып кете жаздады» (Жар.баст 47:13).

Бауырларымен татуласуға зор күш салып жүрген Жүсіп, дәл сол кезеңде елді, басына түскен табиғи апаттың зардаптарынан құтқаруын жалғастырды. Жерге жаңбыр соңғы тамшылағалы екі жыл өтті. Аспанда бір шөкім бұлт болмады. Күн шыжыды. Жер шөл далаға айналып, көкжиекке дейін өлексенің қаңқасы шашылып, үмітсіздіктің көрінісіне айналды. Құрғақшылық ауыл шаруашылық жерлерін жойды. Ауыл шаруашылық жерлері мен қоса өнімнің жойылуы аштыққа әкеліп соқты. Халық көмек сұрап, перғауынға барғанда ол: «Жүсіпке барыңдар! Ол не айтса, соны істеңдер!» деді (Жар.баст 41:55).

Жүсіп аз-кем емес, табиғи апатты еңсеруге тиіс болды!

Ал енді табиғи апаттың ауқымын, оның зардаптарының бірінің ауқымымен салыстырайық. Жылдар өтті және халық Жүсіпке: «…Сіз өмірімізді сақтап қалдыңыз. Бізге қожайынымыздың рақымы түссе екен дейміз. Енді перғауынның басыбайлы қызметшілері боламыз» деді (Жар.баст 47:25).

Өзіміз көргендей, халық сабыр сақтады. Бағынбай кету қаупі төнген және жаппай көтеріліске ұласуы мүмкін жағдайда, мысырлықтар үкіметті сынға алып дүрсе қоя берудің орнына, оған өз алғыстарын білдірді. Бұл, Жүсіп дағдарыс менеджменті курстарында оқыған жоқ па екен деген ой туындатады? Егер оқыған болса, өзі ағаларына айтқан сөздерді дәл сол жақта үйренген: «Өйткені Құдайдың Өзі мені осы жерге өмірлеріңді сақтап қалу үшін сендерден бұрын жіберді. Елді аштық жайлағалы екі жыл өтті, енді келесі бес жыл бойы да жер өңделіп, астық егілмейді. Құдай мені мұнда өздеріңнен бұрын жіберді» (Жар.баст 45:5–7).

Дағдарыс жағдайын бағалауда Жүсіп Құдайға жүгінді. Оның түсінігінде аштықты Құдай бастады, Құдай одан аман шығуға көмектесті және бір сәтке де Ол жағдайды бақылаусыз қалдырған жоқ.. «Құдай… аштық… Құдай…»

Өзіңнің өзекті мәселелерге жасаған талдауың қандай?

— Экономика… экономика… экономика… экономика…

— Ажырасу… ажырасу… ажырасу… ажырасу…

— Ұрысқақ жұбай… ұрысқақ жұбай… ұрысқақ жұбай… ұрысқақ жұбай…

Құдайдың құдіреттілігі туралы куәлік беруден гөрі, көбірек өзің қиындықтарыңа күңкілдейсің бе? Олай болса, өмірің көмір болғаны таңқаларлық емес, себебі солай еткенде өз қиындықтарыңның шешілуіне Құдайдың қатынаспаушылығын мәлімдейсің ғой.

Ал бұл солай емес. Мысырдағы аштықтың өзі Құдайдың ой-ниетін іске асыруға себеп болды.

Таяуда мен өзімнің досыммен таңғы ас іштім. Шәй үстінде әңгімеміздің басым бөлігі оның он төрт жасар ұлының жай-күйі туралы болды. Жеті жыл бұрын баланың көк бауырынан қатерлі ісік табылған еді. Осы үрейлі хабардан кейін бірнеше ай сиынулар мен химиотерапия курстары болды. Бала сауықты. Қазіргі уақытта ол өз мектебінің футбол командасында ойнайды және онкологиялық клиникадағы емделгені туралы ойлауды да ұмытты.

Өзім аса қызықты деп тапқан досымның әңгімесінің мына бөлігін айтып берейін. Бұл оқиға баладан қатерлі ісікті анықтаудан бұрын болған. Ол жеті жаста болғанда, оның жасындағы барлық балалар сияқты өзінің бөле ағаларымен қалжыңдап ойнайды, олардың бірі оны аяғымен ішінен теуіп жібереді. Пациенттің жағдайына алаңдаған дәрігер, іш қуысын жан жақты тексеруден өтуін талап етеді, нәтижесінде баланы хирургке жібереді, ол баладан қатерлі ісікті табады, сосын оған ота жасайды. Қатерлі ісікті алып тастағаннан кейін досым, емдеуші дәрігерден оның ойынша ұлы қатерлі ісіпен қашаннан бері ауыратынын сұрастырған. Дәрігер осы сұраққа сенімді жауап беруге қиналған, алайда қатерлі ісіктің көлемі, пайда болғаннан кейін бір-екі күннен кейін анықтау мүмкін болғанын болжамдады. «Демек, — деп қорыттым мен, — сенің ұлыңа уақытылы ота жасау үшін, Құдай ішке тебілген сол соққыны пайдаланды».

Өздеріңіз үшін менде тағы Изабелланың да оқиғасы бар. Оның өмірінің алғашқы үш жылы Никарагуаның жетімдер панасында өтті. Қыздың не әкесі, не шешесі болмағанымен қоймай, оларға ие болу үміті де болған жоқ. Ай өткен сайын оны біреу қыз етіп асырап алар деген үміт азайды. Дегенмен басқа жетімдер туралы да дәл соны айтуға болар еді.

Кенет оның саусағын есік қысып қалады. Бұл, ол басқа балалардың соңынан ойын алаңына шыққанда орын алған. Қатты ауырсынудан қыз жанұшыра айқайлап жіберді. Иеміз неліктен осындай бақытсыздыққа жол берді, деген сұрақ туады? Неліктен сондай құдіретті және ақпейіл Құдай, онсыз да қайғының дәмін татқан кінәсіз сәбиді ауырсынудан қорғамады?

Мүмкін Ол, осылайша көршілес орналасқан ойын бөлмесінде болған америкалық бала асырап алушы Райан Шноктың назарын аударғысы келген болар? Ол әйелі Кристинамен бірге тәрбиелеуге бала алуға бірнеше ай әуреленді. Жақын жерде персоналдан ешкім болмағандықтан, Райан өзі көмекке ұмтылды: ол аулаға жүгіріп шығып, Изабелланы қолына көтеріп, оны тыныштандырды.

Бірнеше айдан кейін, Райан мен Кристина бала асырап алу туралы ойларын ұмытуға шақ қалғанда, олардың естеріне Изабелла түсіп, соңғы рет талаптануға бел буды. Бұл жолы олар сол қызды асырап алды, енді Изабелла жағдайы жақсы және бақытты америкалық отбасыда өсіп жатыр.

Ішке соққы ма?

Саусақтың есікке қысылуы ма?

Құдай ауыртпалық бермейді, бірақ Ол оны біздің игілігімізге айналдыра алады. «…[Құдай] бірден-қуатты Билеуші, патшалардың Патшасы, иелердің Иесі…» (1 Тімоте 6:15). Аспанның жерден қаншама жоғары болатынындай, Менің жолым да сендердікінен соншама жоғары (Иш. 55:9 қар-з). О, неткен бай Құдайдың даналығы, неткен терең Оның білік-парасаты (Рим. 11:33 қар-з)! Құдайдың ой-ниеттерін біз әрдайым түсіне бермейміз, бірақ бұл жәйт бізге Құдайдың әлдебір игі нәрсені жасағысы келетінін болжамдауға кедергісін келтіре ала ма? Жүсіп, Құдай оның мәселелері туралы хабардар ғана болып қана қоймай, толықтай өзін жақтайды деп болжамдап, осы міндетті үздік еңсере алды.

Бұл оған Құдай берген даналықпен қаруланып, алдағы дағдарысты сенімді қарсы алуға мүмкіндік берді. Өнімді болған жеті жыл бойы ол астықтың артығын бидай қоймаларына жинап, оны алдағы құрғақшылықтың жеті жылы бойы мұқтаждар арасында үлестірді. Адамдардың азық-түлік қоры біткенде, Жүсіп оларға қаржы, үй жануарлары немесе жылжымайтын мүлікті кепілге алып, азық-түлік берді. Елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандырып, ол халықтың қаржылай сауатсыздығына қам жеді. «Бұдан былай сендер түскен өнімнің бестен бірін перғауынға салық ретінде беруге тиіссіңдер. Қалған төрт бөлігі себілетін тұқым әрі отбасыларыңның жейтін тамағы ретінде өздеріңде қалсын» (Жар.баст 47:24 автордың айтып беруі).

Осындай экономикалық стратегия мәңгі есте сақтауға тұрарлық. «Жеті жыл сақта. Жеті жыл сат. Және ынталы басқар». Оның несі қиын?

Ешқандай ғажайып жоқ — іш пыстырарлық.

Осының бәрі өте қарапайым. Ал жарылған Қызыл теңіздің суы, құлаған Иерихонның дуалдары немесе өлілерден тірілген Елазардың зираттан шығуы қайда? Қайғылы жағдай өз шешімін табу үшін, осындай күшті әрекетті талап етеді, солай емес пе? Міндетті емес.

Біз, ешбір салмақты негіздерсіз, адамның рухани деңгейі мен айналадағыларға оның дарыны қалдыратын әсерінің арасында тең белгісін қоямыз. Елші Петір науқастарды сауықтырды, елші Пауыл өлілерді тірілтті, бірақ әрбір Петір мен Пауылға, еркектер мен әйелдер, басқару дарыны бар — ондаған Жүсіптер бар емес пе, олардың сенімді басқаруының арқасында Құдай халықтарды құтқарады. Жүсіп, ешқашан науқастарды сауықтырған емес, бірақ аурулардың етек жаюын болдырмады. Жүсіп, ешқашан өлілерді тірілткен жоқ, бірақ адамдарды аштықтан қырылудан құтқарды. Жоспар құрып, ол бұлтарыссыз соны жүзеге асырды, сондықтан көптеген адам аман қалды. Жүсіп байсалдылықпен әдісқой әрекет етудің жоспарымен қаруланып жеңіске жетті.

Германиямен соғыс қарсаңында британ үкіметі Ақпарат Министрлігіне үгіттеу плакаттарының бірнеше нұсқасын әзірлеуге және басып шығаруға тапсырыс берді. Ондағы ой, өз халқының арасында жігерлендіретін ұрандар тарату еді. Плакаттардан, шрифттердің қатаң бой түзеуі, түстер гаммасы жинақы (екі түстен артық болмауы керек) және Георг VI тәжінің (жалғыз ғана графикалық элемент) болуы талап етілді.

Алғашқы плакат 1939 жылы қыркүйек айында шығарылып, қоғамдық жерлерде ілінді:


СЕНІҢ БАТЫЛДЫҒЫҢ,

БОЛАШАҚҚА ҮМІТІҢ

ЖӘНЕ ҚАЙРАТТЫЛЫҒЫҢ

БІЗДІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗЕДІ!


Көп ұзамай екіншісі пайда болады:
ЕРКІНДІККЕ ҚАУІП ТӨНУДЕ!

ОНЫ БАР КҮШІҢДІ САЛЫП ҚОРҒА!


Екі плакат та барлық британ ауылдарында, темір жол стансаларында, сыраханаларда, дүкендер мен мейрамханаларда, бір сөзбен айтқанда — барлық жерге ілінді. Үшінші плакатты таратуға кезек жетпеді. Оның тиражы екі жарым миллионнан астам болғанымен, плакатты алпыс жылдан кейін Англияның солтүстік-шығысындағы кітап дүкенінің иесі, аукционда сатып алған ескі кітаптардың қорабынан тауып алғанға дейін ешкім көрмеді.

Үшінші плакатта былай жазылған еді:


САБЫРЛЫҚ САҚТАП, БЕРІК БОЛ!
Плакатты дәл сол тәж безендірді, дәл сол нақышта жасалды, бірақ ешқашан жария болған жоқ, себебі оны, Ұлыбританияны фашисттер басып алған жағдайда ғана тарату жоспарланған болатын. Плакат бұрын-соңды болмаған танымалдыққа ие болды және дүкеннің иесі осындай тәж бен мәтінді бейнелеп, кофе кружкалары мен ашық хаттар өндірісін жолға қойды. Біздің замандастарымыз, ізашарлардың сабырлық сақтап, бекем бол деген ұранын асыра бағалаған сияқты1.

Киелі кітап кейіпкерлерінің ішінен Жүсіпте өз кеңсінің қабырғасын осы плакатпен безендіруге барлық негіз болды. Оның әуесқойлығы — есепшінің бас кітабы, графикалар, сметалар, тоқсандық және жылдық есептер еді. Осылай күн, ай, жыл санап өтіп жатты. Ол сабырлық сақтап, бекем болды.

Сен де солай ете аласың. Мейлі, ауа-райы құбылыстары мен елдің әл-ауқатының деңгейін реттеу саған бағынышты болмай-ақ қойсын, келе жатқан цунамиді тоқтата алмайсың және жол апатын болдырмауға қабілетсізсің, бірақ сен әрекет етудің жоспарын құра аласың. Құдай сенің қиындықтарың туралы білетінін ұмытпа. Одан өзіңді қадамдық нұсқаулықпен жабдықтап, дәл қазір өзің жасай алатын бір-екі қадамды көрсетуін сұра.

Осындай қиындықтарға бұрынырақ тап болған адамнан кеңес сұра. Достарыңнан дұға етіп, қолдауын сұра. Қалыптасқан жағдайдан шығар жол ізде, бірақ ең бастысы дағдарыстан шығудың жоспарын құр.

Танымал бизнес-гуру Джим Коллинзде осы тұста бірнеше іскер бақылаулары бар. Мортен Хансенмен әріптестікте ол дағдарыс жағдайларында басқарудың стратегиясын зерттеп, неліктен кейбір компаниялар экономикалық тұрақсыздық жағдайы мен бейберекетсіздікте өркендейді де, ал басқалары құрдымға кететінін, анықтауға тырысты. Осы сұрақтың жауабын іздестіріп, ол жиырма мыңнан аса компаниялардың қызметін сараптады. Сонда келесі тұжырымға келді: «[Табысты жетекшілер] анау айтқан жасампаз емес. Олар бәрінен де көреген емес. Олар басқаларға қарағанда баурап алмайды. Олар аса атаққұмар емес. Олар басқаларға қарағанда жолы болғыш емес. Олар тәуекелшіл емес. Олар өзгелерге қарағанда өжет емес. Олар байыпты және батыл қадамдарға бейім емес. Сонда оларды басқа басшылардан не ерекшелейді? Ең алдымен бақылауға бағынбайтын жағдайларда таңқалдыратын өзін-өзі бақылауы2.

Ақыр соңында табысты жетекші — тіптен әдеттен тыс біртума тұлға емес, бірақ жауапты және байыпты ойлайтын басшы. Руаль Амундсен сияқты. 1911 жылы ол Оңтүстік полюске баратын норвегиялық экспедицияны басқарды. Дәл сол кезде Роберт Скотт британдық антарктикалық экспедицияны басқарды. Олардың екеуін де болжап болмайтын және адамға аяусыз жер учаскесіне өту күтіп тұрды. Екеуіне де сол заманның техникалық жабдығы жетімді болды. Соған қарамастан Амундсен мен оның командасы Оңтүстік полюске, Скоттың командасына қарағанда отыз төрт күн бұрын жетті. Ненің арқасында?

Айқын жоспардың арқасында. Амундсен өзін тамаша стратег ретінде көрсетті. Өзі мүлтіксіз ұстанған жоспар, күнделікті он бестен жиырма шақырымға дейін жүріп өту еді. Жақсы ауа-райы ма? Он бес-жиырма шақырым. Нашар ауа-райы ма? Он бес-жиырма шақырым. Аз-кем емес. Оның командасы күнделікті он бес шақырымнан жиырма шақырымға дейін жол жүріп отырды.

Онымен салыстырғанда Скотт кенеттен әрекет етті. Жағымды ауа райында оның командасы ұзақ қажытарлық жол жүріп, ауа райы нашар болғанда тіптен жылжыған жоқ.Екі жетекші және бір төтенше міндетті шешуде екі түрлі ыңғай, демек екі нәтиже. Амундсен өз командасын жеңіске жетеледі, оның адамдары экспедициядан бүтіндей аман оралды, ал Скотт болса өз командасын жеңіліске және өлімге жетеледі.

Оған себеп, сенімді жоспардың болмауы.

Қиын жағдайға ұшырағанда сен нені таңдайсың? Ғажайыпқа үмітенесің бе? Нанның табиғаттан тыс көбеюін немесе буырқанған теңізді, әмір беріп айнадай айдынын қайтаратын керметті күтесің бе? Таңғажайыптар бұрынғысынша Құдайдың арсеналында бар.

Ол тағы саған: «Мен сенімен біргемін. Мен зұлымдықты игілікке айналдыра аламын. Ал әзірге жоспар құрайық» дейді. Оның саған көмектесу тілегіне сенім арт.

Құдіретті Құдайдың тәуелсіз билігі біздің әрекетсіздігімізді болжамайды. Керісінше, Құдай бізден болып жатқан нәрсеге жауапты қатынасуымызды күтеді. Иемізге сенім арту, парасатты ойлап, батыл әрекет етуге жол береді. Мысалы: «…біз Құдайымызға сиынып, олардан қорғану үшін күні-түні қабырғаға қарауыл қойдық» деп айтқан Нехемия сияқты. (Нехем. 4:9).



«біз сиындық …және күзет қойдық». Біз сенім арттық және әрекет еттік. Өзіңнің әлің келмейтінді жасауды Иемізге сеніп тапсыр. Және қолыңнан келетінді істеп, Оған мойынсұн.

Қиындықтарға өзіңді есеңгіретуге жол берме. Қайғыға өзіңді жаншуға жол берме. Үрейге өзіңді қорқытуға мұрсат берме. Әрекетсіздік амал емес. Шама-шарқыңа қарай әрекет ету — бұл дұрыс. Сөйте тұра Құдайға сенім арту — екі есе дұрыс. Жәй ғана…


САБЫРЛЫҚ САҚТА

ЖӘНЕ БЕРІК БОЛ!

15 Тарау
Қиындық. Құдай.
Игілік

Қай-қайсымызды болса да өмір шалқамыздан жығып сала алады. Оның аяқтан шалуларынан бірде бір адам құтыла алмайды. Күйеуінің ашыналық оқиғасы туралы білген әйел де. Салымдарын алаяқ компаньоны иеленіп кеткенін білген бизнесмен де. Романтикалық кездесу деп армандағаны, кенет жүктілікке апарғанын білген жасөспірім-қыз да. Азаптар мен шешілмеген қиындықтар туындатқан дауыл, сенімін шайқалтқан бақташы да.

Өз тарапымыздан, тұрмыстағы қиындықтар бізді айналып өтеді деп үміттену ақымақтық болар еді.

Бірақ жамандық әрдайым жеңіске жетеді деп есептеу одан өткен ақымақтық.

Киелі кітап беттерінен, сенім: біздің қиындықтарымызды Құдай біздің әділдігімізге түрлендіреді, деп үздіксіз дауыстайды. Бәлкім сен, осы кітапқа өз мәселелеріңнің шешімін жылдам таппақшы болып жүгінген шығарсың. «Қиындықтарды жеңудің бес қадамы». Сенің көңіліңді қалдырсам, кешір. Саған айтар ғажайып сыбыр сөздерім де, сиқырлы таяғым да жоқ, бірақ мен әлдебір нәрсені, дәлірек айтсам, Әлдекімді таптым, Ол кез келген ертегі-қиялдағы формулалардан әлдеқайда жақсы. Мен Құдайды айтып отырмын. Құдай өміріміздің орталығына айналғанда, барлық бақытсыздықтарымыз біздің игілігімізге айналады.

Жүсіптің оқиғасы осыған куә емес пе? Басына бірінен соң бірі үйірілген қайғыдан — отбасыдан тұл қалған, қуылу, құлдық, түрме сияқты сынақтардан жеңімпаз болып шығып, өз заманының қаһарманына айналды. Ағаларына айтқан соңғы сөздерінде ол былай деді: «…сендер маған жамандық ойладыңдар, бірақ Құдай мұның бәрін жақсылыққа соқсын деп…» (Жар.баст 50:20).



Жамандық, Құдай, игілік — Киелі Жазба беттеріндегі барлық оқиғаларда жиі қайталанатын «тірелу нүктесі» міне осы.

Жамандық Әйүптің өміріне, оны азғырып және сынап аттады. Ол бар күшін салып күресті. Бірақ осы жерде Өзінің тәуелсіздігі туралы мәлімдеп және Өзінің шындығын жариялап, Құдай килікті. Әйүп Құдайды таңдаған кезде — шайтан өзінің жауыз шабуылдарының нысанасы еткен Әйүп, Құдайдың әділдігін жұртқа естірте жариялады. Нәтижесінде не болды? Игілік.

Жамандық Мұсаның өміріне, оны ашуға булықтырып және өз руластарын құтқару үшін мысырлық бақылаушыны өлтіруге нандырып ентеледі, бірақ Мұса ойлансын деп оны қырық жылға шөлдалаға бездіріп Құдай килікті. Ақыр соңында Мұса Құдайды таңдайды, сөйтіп әскер емес, азат етуші-бақташыға айналады. Нәтижесінде не болды? Игілік.

Жамандық Дәуіттің өміріне: оған неке адалдығын бұздырып кірді;

Даниялдың өміріне: тұтқынға түсіріп, шет елде болумен енді;

Нехемияның өміріне: оның Иерусалимін жауға талқандатын кірді.

бірақ Құдай килігіп, оның арқасында

Дәуіт забур жыршысы, рақымды жариялаушы болып,

Даниял бөтен елде әміршіге айналып,

Нехемия Бабылдың қаржысына Иерусалимнің қабырғаларын тұрғызды.

Нәтижесінде не болды? Игілік.

Игіліктің масайрауы айдан-анық!

Ал Иса ше? Оның жердегі өмірінде қайғы қаншама рет игілікке айналды?

Исаның ата-анасын түнеу үшін ішке кіргізбеген Бетлехемдегі қонақүй иесі, олар үшін мал қорадан артықты таппады. Қандай жамандық! Құдай осы дүниеге мал қорада— бүкіл жарық дүниедегі ең көріксіз жерде келді. Игілік.

Тойда шарап бітіп қалды. Қырсық! Күйеу жігіт пен қалыңдықтың қонақтары Исаның алғашқы кереметіне куә болды. Игілік.

Дауыл сенімі аз елшілерді өлімші етіп қорқытты. Бәлеге ұшырау! Су бетімен келе жатқан Исаны көріп, олардың сенімдері нығайды. Игілік.

Бес мың адам өз отбасыларын қалай тамақтандыруды білмеді, — Исаның шәкірттеріне қосылуға сәтсіз күн. Бес нан салынған кәрзеңкені Иса наубайханаға айналдырды — Оның шәкірті болу үшін керемет күн.

Исамен бірге жамандықтың бәрі, заңды және күн түнді алмастыратын жігермен ұдайы игілікке айналады. Оған қоса рухани азаттық.

Төбедегі айқышты көрдің бе? Естимісің, рим легионерлерінің табыттың қақпағына соңғы шегені қағып жатқанын? Исаның жаулары, табалап мәз болады. Оңай жеңістен дәмелі шайтанның ордалары тасаланды. Жамандықты білдіретіннің бәрі, қолдарын рахаттана ысқылауда. «Әйтеуір, — деп сыбырлайды шайтан. — Бұл жолы жеңіс менікі».

Қайғылы жұма және үнсіздікте мелшиген сенбі бойы, оныкі дұрыс сияқты болып көрінген: соққыдан құр сүлдері қалған Мәсіхтің денесі және Оның өлімалды демі, еңіреген Мәриям, жерді суарған қасиетті қан тамшылары. Құдай Ұлының ізбасарлары Оны күн батқанға дейін айқыштан шешіп алып, рим қарауылдары зиратты мөрледі, жер түн түнегінде мүлгіді.

Алайда шайтан жамандықтың ақырғы жеңісі деп ойлағанды, Құдай игіліктің абсолютті масайрауына айналдырды. Құдай зиратқа кіре берістегі тасты жылжытып, күлімсіреп, серіппелі адымдап, Өзі жерленген жерден кеткен Исаны жексенбілік таң қарсы алды. Мұқият қарасақ, Одан шайтанның құйрығын қысып, зыта жөнелгенін байқауға болады. «Қашан мен Оны жеңе аламын?» — деп жыламсырайды ол.

Ешқашан. Исаның, Жүсіптің және басқа да мыңдаған сенушілердің оқиғасы бізді, Құдайдың қолында шайтан ойластырған жамандық ақыр соңында игілікке айналатынына көзімізді жеткізеді.

Оған нағыз дәлел — Кристина Кейн. Бес фут пен үш дюйм қайнаған қуат, құштарлық пен сүйіспеншілікті елестетіп көріңіз, сонда сіз менің Австралиядағы құрбымның бейнесін аласыз. Кристинаның жанында болу — Жүсіптің қазіргі замандық үлгісінің жанында дастархандас болғанмен бірдей. Ол осы заманның алпауыт зұлымдығы: сексуалды құлдықпен күресуде. Оны үйінен таппайсың: жылдың он айы Кристина түрлі елдер мен континенттерді аралап, елбасылармен, министрлермен және парламент мүшелерімен кездеседі. Ол — жеңгетайлардың жауы және ұйымдасқан қылмысқа қарсы жау жүрек күрескер. Кристина және оның адал Көмекшісі Құдай, таяу келешекте сексуалды құлдық сияқты әлеуметтік жамандықтың табытына соңғы шегені қағатынына күмәнданбаймын. Дүниетанымы әжептеуір өзгерген осы әйелдің келешектен үміті әсер қалдырарлық!

Он үш жасында Кристина, өзі ата-анасының туған қызы емес екенін кездейсоқ біліп, есеңгіреді: оны тәрбиелеген зайыптар одан осы жәйтті жасырған. Шындықты білгенде, Кристина өзінің туған ата-анасын іздеп табуды шешеді.

Туылуын растайтын ресми құжаттардан ол, анасы Панайота есімді ұлты грек қыз екенін, «әкесі» деген бағанда «белгісіз» деп жазылғанын біледі. Кристина осы сөздің көзіне оттай басылып, неліктен өзі үшін сондай маңызды адам, сегіз әріптен тұратын қандай да бір сөзге айналғанын түсінуге күш салғанын, оған осы сөздің өзі орынсыз болып көрінгенін әңгімелейді1.

Бұнымен бәрі бітпейді. «Баланың есімі» бағанында «аты жоқ» деген алты әріптен құралған екінші сөз тұрды, оны оқығанда Кристинаның тынысы тарылды.

Сонымен баланың әкесі «белгісіз», өзінің «аты жоқ». Осы құжатқа сүйенсек Кристина Кейн бар болғаны «1966 жылғы 23 қыркүйек. № 2508 Туу туралы күәлік»2.

Туған ата-анаңның тастап кетуінен артық жамандық болуы мүмкін бе? Болуы мүмкін. Өзің туыстарым деп санайтын адамдардың тарапынан сексуалдық зорлық-зомбылық көру, сенің дәрменсіздігіңді пайдаланып, күн санап сенің балалық шағыңды тұтастай сұмдыққа айналдыру одан да сорақы. Он екі жыл бойы ешкім тосқауыл қоймаған жексұрын зорлық-зомбылық!..

Соған қарамастан, Кристинаның ата-анасы деп аталғандар жасаған жамандықты Құдай оның игілігіне айналдырды, себебі өжет әйел өткеннің жан жарасын тырмаламай, өзінің Көктегі Әкесінің уәдесін назарға алуды шешті. Ол Ишая кітабындағы үзіндіні жадына сақтады: «Мені ана құрсағынан-ақ Жаратқан Ие тағайындады, есімімді туған кезімнен-ақ есінде сақтады» (Иш. 49:1). Жүсіпке ілесіп, Кристина да өзіне сенген Құдайға сенім арту туралы шешім қабылады.

Жылдар өте, сексуалдық құлдыққа түскен қыздардың жағдайы туралы білгенде, ол өзінің не істеу керектігін білді. Бір кездері атаусыз болған және өзі зорлық зомбылыққа ұшыраған әйел, бүгінгі аты мен заты жоқ, зорлық зомбылыққа душар болған қыздарды құтқаруға бел буды. Шайтанның Кристинаны жою жоспары, оны басқа азапталушыларға көмектесуге жігерлендірді. Оның «A21 Compaign» қоғамдық ұйымының офистері бүкіл әлемде орналасқан. Осы ұйымның мүшелері «адам саудасымен күресіп, мектеп және балалар үйінде зорлық-зомбылықтың профилактикасы бойынша бағдарламалар әзірлеп, зорлық-зомбылық құрбандарына білікті заң көмегін қамтамасыз етіп және оларға қауіпсіз жерлерде пана, сосын арнайы оңалту орталықтарында тынықтырып, қайта қалпына келуге көмек береді»3. Осыны жазып отырған кезімде, бірнеше жүздеген жас әйелдер құлдықтан азат етіліп, қажетті көмек алды4.

Мен келесіні қайталауға ешқашан шаршамаймын: шайтан ойластырған жамандықты Құдай… Ары қарай өзің білесің.

Әлде білмейсің бе? Сен, Құдай игілікке айналдыра алмайтын жамандық жоқ дегенге сенбейсің бе? Ол сені кез-келген ордан, өзің қазір түскен ордан да шығара алатынына сенбейсің бе?

Жүсіп, Құдай өзіне көмектесуге дәрменсіз деп шешсе, не болар еді? Ол кез-келген сәтте Одан теріс айнала алар еді ғой, себебі оның азапты өмір жолында соған итермелейтін жағдайлар жетіп артылды. Жүсіп сенімінен айрылып: «Жетер енді. Бітті. Мен кеттім», деп кері шегіне алатын еді..

Сен де Құдайға қолыңды бір сілтеп кете аласың. Үміттер зиратында, Иемізден үмітін үзіп, шайтанның дәрменсіз құдай туралы насихатын қабылдағандардан аяқ алып жүре алмайсың. Өтінем сенен: солардың қатарын толтырмашы!

Құдай сенен Жүсіпті көреді. Иә-иә, сенен! Сен орға түстің. Сенің отбасыңда бей-берекетсіздік пен астан-кестен. Сенің өміріңнің мысыр түрмесінен ерекшелігі аз. Бірақ Құдай сені Өзіне шақырады.

Сенің отбасыңа, ашу мен кек күніндегі рақымның жаршысы болатын Жүсіп қажет. Сенің ұрпақтарыңа, сенім шынжырындағы берік буыны болған Жүсіп керек. Сенің замандастарыңа Жүсіп керек. Рухани аштық жайлаған әлемде. Өзің, соған мұқтаждар үшін үміт тірегіне айналасың ба? Сен Жүсіп боласың ба?

Құдайға сенім арт. Жоқ қалжыңсыз, Құдайға сенім арт. Ол саған басыңа түскен бәледен құтылуыңа көмектеседі. Бұл тез және оңай бола ма? Солай деп үміттенемін. Бірақ көбіне олай бола бермейтінін мойындау керек. Бірақ ерте ме кеш пе, Құдай кез келген жамандықты игілікке айналдырады.

Ол бұл нәрсенің — Шебері.


Ойлану
үшін сұрақтар

Дайындаған Кристина М. Андерсен
1 Тарау
Сенің қолыңнан келеді
1. Тараудың басында келесі тіркестер бізге үш мәрте ұшырасады: Сенің қолыңнан келеді. Иә ауыр болады, бірақ төзуіңе тура келеді. Құдай осы қайғыны сенің игілігіңе айналдырады. Қазір жігеріңді жасытпай, албырт қиялдарға бой алдырмай және ақымақтық жасамауға тырысу керек. Бірақ үмітіңді үзбе, сонда Құдайдың көмегімен сен бұны еңсере аласың».
а) әр сөйлемді өз алдына бөлек қарастырайық. Олардың қайсысынан сіз өзіңізге көбірек жұбаныш немесе қолдау табасыз? Сондайлар болса, қайсысын осы үзіндіде өзіңіз көргіңіз келмейді? Неліктен?

б) Осы сөздерді Макс Лукадо белгілі бір қиындықтарға тап болған үш түрлі адамға айтады: үш баласымен күйеуі тастап кеткен әйелге; қорлайтын ескертулер жасағаны үшін жұмыстан қуылған қарт ер-азаматқа, ажырасуды ресімдеген әкесі мен анасының арасында таңдау жасауға мәжбүр болған жас қызға. Қазір қалыптасқан немесе өткенде орын алған өз жағдайыңыздың қиындығын қысқаша тұжырымдап көріңіз.

в) Макс Лукадо біздің назарымызды, қиын жағдайларға жауап қатудың орынсыз үш нұсқасына аударады. Төменде келтірілген сондай орынсыз жауап қатудың сипаттамасынан өзіңізді көресіз бе? Өзіңіз дәл қазір немесе қиындыққа ұшырағанда солардың қайсысын көрсетуге бейімсіз?
Ақымақтық: ешнәрсе туралы ойламауға, сананың дәлелдерін және сақтықты елемеуге, ақылды кеңестерді ескермей, басыма не келсе соны істеуге оқталамын.

Албырттық: мен саналы түрде, өзімде болып жатқан қиындықтардан бейхабар болуды таңдаймын, маған көрегендік пен сыншыл ойлау қабілеті жетіспейді, мен өзімнің іс-әрекетіме, айтқан сөздеріме көзімді жұма қараймын, сөйтіп нақтылықтан алшақ, қоршаған орта мен адам болмысының өзгеруі туралы армандарға берілемін.

Түңілу: мен, өзіме жанашырлық пен қамқорлық танытатын адамдардан алшақтауға тырысамын. Үмітсіздік пен мағынасыздыққа, дәрменсіздік пен бақытсыз болу сезіміне берілуге бейіммін.

Әлдебір басқа нәрсе.


2. Жаратылыстың басталуы 37-ші тарауды оқыңыз, онда Жүсіптің отбасында орын алған бақытсыз жағдайдың алдында болған оқиғалар суреттеледі және оны қалай ұрлап, Мысырға құлдыққа сатқаны әңгімеленеді.
а) Осы оқиғаға негізгі үш кейіпкер қатысады: ағалары (біртұтас ретінде), Жүсіп және Жақып. 1-ші сұрақта көрсетілген, қиын жағдайға жауап қатудың үш орынсыз типтерінің қайсысы, осы кейіпкерлерді дәлірек суреттейді?
Ағалары: _______________________________________

Жүсіп: _________________________________________

Жақып: ________________________________________
б) Жаратылыстың басталуы 37-ші тарауда өзіңіз таңдаған кейіпкердің көмегімен және 1-ші сұрақтағы өзін ұстаудың, қиын жағдайда осы кейіпкердің жауап қату типін дәлірек суреттейтін үлгісімен, қиындыққа ұшырағанда өзіңіз қалай жауап қататыныңызды суреттеңіз. Мысалы, егер сіз түңілу реакциясын таңдасаңыз, қиын жағдайға осылай жауап қататын сіз бен киелі кітап кейіпкерінің арасында не ортақ және қандай айырмашылық бар екенін суреттеңіз? Оның сөздері мен іс-әрекетінде не нәрсе сізге өзіңіздің қиын жағдайыңызға жаңаша қарауға көмектесті? (бәлкім сіз, осы кейіпкердің нақты жағдайдағы сөздері мен іс-әрекетіне ерекше назар аударып, Жаратылыстың басталуы кітабының 37-ші тарауын тағы қайталап оқығыңыз келетін шығар).

в) егер өзіңізде басқаша болса, сізді өзіңіз таңдаған кейіпкерден не ерекшелейді? Неге?


3. Жаратылыстың басталуы кітабының 37-ші тарауының басында Жүсіп Мысырға барады. Еврей тілінде Мысыр Мицраим. Осы сөздің түбірі «шектеу, тосқауылдау, шек қою» дегенді білдіреді1. Біз бірден өте тар, тұйықталған кеңістікті елестетеміз. Олай болса, Мысыр Жүсіп үшін — оның Мицраимы десе болады — Жүсіп үшін ол орға немесе құдыққа тасталған сәттен басталды және таршылық немесе қысаңшылық (құлдық, арандатушылық, түрме) оның өмірінде ұзақ жалғасты.
а) Жүсіптің жағдайында, құлдықпен келіспей, бар күшін қалыптасқан жағдайдан шығуға бағыттау әбден орынды болар еді. Қалай ойлайсыз, неліктен ол бірде-бір рет қашуға талпынбады? Қашудың орнына оның қалай әрекет етуді шешкенін суреттеңіз.

б) Мысырда болу метафорасы туралы сіз не ойлайсыз? Қиындықтар өзіңізге белгілі бір шектеулер қойып немесе өзіңіздің әрекет аяңызды тарылтты деп айта аласыз ба? Өзіңіз үшін қандай шектеулер бәрінен де қиын?

в) Сондай шектеулерге өз реакцияңызды қалай сипаттаған болар едіңіз? Мысалы, сіздің ойларыңыз бен күш салуларыңыз алдыңызда тұрған мәселені шешуден жалтаруға немесе оның шешімін іздестіруге я болмаса басқа бір нәрсеге бағыттала ма?
4. Жүсіппен болған оқиғаның өрбуіне қарай, оның тұлғалық болмысы едәуір өзгерістерге ұшырады. Бұрын қара басынан басқаны ойламайтын шолжаңдаған жас жігіт, өз руының көреген көшбасшысына айналып, оларды аштықтан құтқарды. Жүсіпті шектеген нәрсенің бәрі, оқу-жаттығу лагеріне айналды, онда болу оған Құдайдың мәңгілік ой-ниетін жүзеге асыруға тар жолды салды.
а) Тәрбие, өмірге ең жақсы дайындық болып табылады. Осы үдерістің нәтижесінде әлсіз адам күшті болып, ал олақ ысылып — шеберге айналады. Сіздің қиын жағдайыңызда тәрбиенің қандай қорлары жасырылған? Сол жағдайда сіз қандай «буындарыңызды» ширатасыз?

б) Күш салуларыңызға қарамастан, қолыңыздан келмей жатқан нәрсе, ынтаңызға қарай кейінірек қолыңыздан келеді. Осы шындықты Жүсіптің және өз оқиғаңызда қалай көресіз?


5. «Жүсіптің оқиғасы, кез-келген зұлымдықтан жоғары Құдайға сенім артуға үйрету үшін орналастырылған. Құдай — жоғары білікті Тоқымашы және Құрылысшы — шайтан ойластырған зұлымдықты біздің игілігімізге айналдырады. Асып түсу үшін, күрестің стратегиялық маңызды сәтінде негізгі, көбіне жасырын қорға жүгініп, қарсыластан үстем болу керек. Осы наным сізге, өміріңізге Құдайдың килігуін жақсырақ түсінүге және қабылдауға көмектесе ме?
6. К. C. Льюис былай деді: «Құдай бізге ләззаттарымызда сыбырлап, ар-ұжданымызға дауыстап айтады, осы керең болып қалған дүние ести алуы үшін, біздің ауырсынуларымызда Ол айқайлайды, — Ол оның мегафоны2. Ойланыңыз, сізге Жүсіптің оқиғасы өз азаптарыңыз немесе өткізіп жатқан қиындықтарыңыз туралы не айтып бере алады? Егер өзіңіздің ауырсынуыңызда Құдай дауыстаса, Ол сізге сонымен не айтқысы келеді? Ол сізден қандай жауап күтеді?

2 Тарау
Мысырға бару


1. Жүсіп Мысырға құл ретінде түсті. Ол, өзінің тағайындалуынан басқаның бәрінен айрылды. Жүсіп, Құдай Өз жоспарын құрғанда оған сенім артатынын, сол үшін оның өмір жағдайларын қолданады деп сенді.
а) Өмірдің ауыр жағдайлары өзіңіздің Құдайға сенім арту, яғни өміріңізге Оның белсенді қатысатынына сену қабілетіңізге ықпалын, сіз қалай суреттеген болар едіңіз?

б) Ойланып көріңіз, сіздің мәңгілік өміріңіз тұтастай және толығымен Құдайдың қолында, Ол — сіздің құтқарушыңыз және тұтастай мәңгілікті сіз Оның киелі қатысуында өткізетініңізге өзіңіз сенесіз бе? Құдайға өзіңіздің мәңгілік өміріңізді сеніп тапсырасыз да неліктен жердегі өміріңізге Оның қам жейтініне күмәнданасыз?


2. Өзіңіздің тағайындалуыңыз туралы ойлау тәсілдерінің бірі — бұл Құдайдың және сіз бен біздің тарихымыздың қандай аяқталатынын алдын ала біле тұрып оны еске алу. Бұл керемет емес пе? Ишая пайғамбар арқылы Құдай былай дейді:
…Баяғыда болғандарды да ұмытпаңдар! Жалғыз Мен ғана шынайы Құдаймын, Менен өзге құдай жоқ, Маған ұқсас ешкім болмайды! Ақырғы жайттарды әуел бастан-ақ және әлі істелмеген істерді баяғыдан-ақ алдын ала білдіріп келемін. Мен мақсатымды орындап, Өзіме ұнайтындарды іске асыратын боламын деп уәде беремін.

Иш. 46:9–10
«Жариялаудың» осы тәсілі, Құдайдың табиғатында және Оның әрекет ету үлгісінде тіптен теңдессіз әлдебір нәрсені ашады. Жүсіптің оқиғасында, біз түстерді қолданып, Құдай Өзінің қызметшісіне ненің жүзеге асатынын ашқанда, осылай «жариялаудың» жеке оқиғасын көреміз (Жар.баст 37:5–11).
а) Бір кездері өзіңіз ұшырасқан қиындықтар немесе ауыр жағдайлар туралы ойланыңыз. Артқа бұрылып, Құдайдың сол кезде жаныңызда болғанын қандай белгілер растағанын есіңізге түсіріңіз? Әлдекімнің тосыннан мейірбандық танытуы? Өзара қарым-қатынастар немесе жағдайлардағы оң өзгерістер? Құдай сізді кейіннен болатын оқиғаларға қалай дайындады? Басыңыздан өткен нәрсенің нәтижесінде сіздің Құдайға сенім артуыңыз артты ма?

б) Өзіңіз бастан кешкен Құдайдың өз өміріңізге килігуі немесе сізге солай көрінген қатыспауы— өзіңізге қазіргі жағдайларда Оған сенім арту қабілетіңізге қалай әсер етті?

в) Өткен жиырма төрт сағатты есіңізге түсіріңіз. Мейлі кішкентай болса да, Құдайдың рақымының қандай белгілерін байқай аласыз? Екі немесе үш сондай белгіні жазыңыз.

г) Сол белгілер, бүгінгі жағдайларыңызға қатысты Құдайдың қандай ой-ниеттері туралы куәлік бере алады?


3. Біз өз тағайындалуымызға сенеміз: біз жоғалтуға болмайтынды берік ұстанамыз. Екі нақты мысалда — жұмыстан айрылу мен қарым-қатынасты үзуде — Макс Лукадо өз тағайындалуымызды қалай ұмытпау және оған сену керектігін көрсетті. Осы мысалдарды үлгі ретінде қолданып, Құдайдың өзіңізге дайындаған тағайындалуына сеніміңізді нығайтуға көмектесетін екі-үш сөйлем келтіріңіз.
4. Құдайдың шақыруына «иә» деп жауап беріп, Мысырда да аман қалуға болады. Өзіңіз «иә» дегенде, Құдайға өзіңіз туралы бәрі мәлім екенін мойындайсыз (Забур Пc. 138 қар-з). Сіз: «Осыны істейді мен үшін Жаратқан, рақымың, уа, Ием ұласады әрқашан, бас тартпа бізден өз жаратылысыңнан» (Забур 137:8) дегенге сенімді Дәуітке қосыласыз.
а) Егер сол мүмкін болса, Құдайдың шақыруына сіз қалайша «жоқ» деп жауап берген болар едіңіз?

б) Сіздің Құдайдың шақыруына «жоқ» деген жауабыңызды — ішінара Құдайдың сүйіспеншілігінен бас тарту деп пайымдасақ, осы «жоқ» сіздің келешегіңізге қалай әсер етеді?

в) Өзіңіз Құдайға келешекте не нәрсеге қатысты «иә» деп айта аласыз?

3 Тарау
Жалғыз, бірақ түбінде жалғыз емес


Макс Лукадо бізге Құдайдың қатысуына ашылуға көмектесетін төрт қадамды ұсынады, «Тұнық мұхит суы маржандарды қоршағандай бізді де қоршайтын».
1. Өзіңнің Құдайдың қатысуында болу құқығың туралы мәлімде. Киелі Жазба беттері Құдайдың қатысуының жақын екенін растайтын шындықтарға толы:
Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен,

қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден,

себебі Өзің менің қасымдасың,

жігер береді сойылың мен таяғың.



Забур 22:4
Әлемнің Иесі біздің жанымызда,

Жақып сиынған Құдай — биік қорғанымыздай.



Забур 45:8
Құдайдың уәделері өзін ақтайтынына көз жеткізетін:
…Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын.

Матай 28:20

Құдай:
…Мен сені ешқашан тастап кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын — деді.



Евр. 13:5
Сіз Құдайдың қатысуында болу құқығыңызды мәлімдеп, осы құқықты жақтап, оны өзіңізге уәде етілген артықшылық ретінде талап етесіз. Бұл табандылық, қайсарлық пен өжеттілік ұстанымы.
а) Құдайдың қатысуының жақын екеніне өз қатынасыңызды қалай сипаттаған болар едіңіз? Осы шындықты жариялап, сіз табандылық, қайсарлық пен өжеттілік танытасыз деп айтуға бола ма? Немесе өзіңізге күмән, жүрексіздік пен енжарлық тән бе?

б) «Сынақ күндері өзімізден батылдық пен сенімді талап етеді». Жоғарыда келтірілген киелі кітап үзінділерін жеке өзіңізге айтылған ретінде қайта оқып, өзіңіздің бүгінгі жағдайыңызда Құдайдың қатысу жақындығына құқылы екеніңізді мәлімдеңіз. Қиын-қыстау кезде Құдай әрдайым жаныңызда екеніне сену батылдығыңызды дәлелдейтін екі-үш мақұлдауды жазыңыз.


2. Құдайдың қаншалық керемет екенін есіңе түсір. Құдайдың рақымдылығы, қиын кездерде сіз әрдайым Құдайға сенім арта алатындығыңызды дәлелдейтін — Оның табиғатының айнымас қасиеттері.
а) Таймерді екі минутқа қойыңыз. Осы уақыт ішінде есіңізге түскен Құдайдың ізгілігін куәлайтын киелі кітап шындықтарын жазыңыз (таймерді қоюдан бұрын, Макс Лукадоның тиісті тізімін оқып шығу артық болмас). Егер өзіңізде уақыт болса, 85-ші Забурды оқып шығып, Дәуіт тізіп шыққан Құдайдың ізгіліктерін жазып алыңыз.

б) Өзіңіз жасаған киелі кітаптық шындықтар тізімін қарап шығыңыз. Одан өзіңіз үшін аса маңызды Құдайдың айрықша қасиеттерінің астын сызыңыз. Неліктен қазір дәл солар сізге соншалық маңызды болып көрінеді? Олар Құдайдың қандай уәделерін растайды?


3. Өз ауыртпалығыңды дұғада шығар. «Құдайға ашулануға бола ма? Оның әдістерінен көңіл қалу мүмкін бе? Ол таңдаған тәсілдерді сынға алып, ұрсысуға ше? Оған Ол туралы ойлайтыныңның бәрін айт. Біліп жүрсін! <…> Тартынба және Оған өзіңнің шағымдану кітабын арна.
а) Шағым бұл ресми құжат, онда ең алдымен мәселе баяндалады, осы құжатты өзін естірту құқығына ие тұлға ұсынады. Онда өзіңіз таяуда ұшырасқан қиындықты жазып, кішігірім шағым жасаңыз. Не шықты өзіңізде?

б) Осы жағдай сіздің айналадағы адамдарға, өзіңізге қарым-қатынасыңызда қандай сезімдер оятты?

в) Құдаймен өз қиындығыңыз туралы сөйлескенде Онымен ашық болыңыз. Не болмаса күнделікке өз шағымдарыңыз бен дұғаларыңызды жазып жүріңіз. Өз сезімдеріңіз бен ойларыңыз туралы шындықты бүгіп қалу азғырылуына бой алдырмаңыз. Өз түңілулеріңіз бен жан азаптарыңыздың бар ауыртпалығын Құдайға әкеліңіз.
4. Құдайдың адамдарына арқа сүйе. Құдай, Оның атына бола жиналатындардың арасында болады (Мат. 18:20 қар-з). Макс Лукадоның әбден мәнерлі метафорасы бізді «Құдай қауымы кемесінің еденіне тас боп жабысқан теңіз ұлуы болуға шақырады». Екі жармалы ұлулар өз өмірін еркін жүзіп жүрген титтей жәндіктер ретінде бастап, өсе келе қандай да бір қатты үстіртке жабысуы қажет. Осы мақсатта олар, уақыт өте қататын икемді тұтқыр зат өндіріп шығарады. Өскен сайын ұлулар ұлғаятын шоғырланған шеңбер тізбегін үздіксіз қалыптастырады, бұл олардың өздері таңдаған қатты үстіртке бекітілуін күшейтеді.
а) Ұсақ-түйекке тоқталмастан, өзіңіздің сенушілер жиынына қазіргі адалдығыңызды қалай сипаттаған болар едіңіз? Өзіңізді осы жиынның мүшесімін деп есептейсіз бе әлде әлі де еркін жүзіп жүрсіз бе? Егер сіз мәсіхшіл қауыммен тығыз байланыста болсаңыз, осы байланыс әлсіреп жатыр ма әлде керісінше нығайып жатыр ма? Неге?

б) Өздеріңізді ортақ қызмет аясы біріктіретін мәсіхшілердің қандай да бір тобы, достарыңыз болсын, қауым, еріктілер тобындағы ішкі өзара қарым-қатынасты есіңізге түсіріңіз. Солардың ішіндегі қай қарым-қатынасты сіз едәуір «цементтелгенге» жатқызар едіңіз?

в) Өзіңіз адамдарға арқа сүйегенде, олардан тәуелдісіз. Келесі аптада қандай өзара қарым-қатынастар сізге тірек бола алар еді? Сол кезде сіздің тәуелділігіңіз неден көрінеді? Ол практикалық көмек көрсету я болмаса нақты сиыну туралы өтініш бола ма? Немесе шәй үстінде кездесу сізге досыңызбен алдағы сынақ туралы бөлісуге мүмкіндік бере ме? Әлде тағы бір нәрселер ме?

4 Тарау
Ақымақтықты


ақымақтықпен түзей
алмайсың
1. Өмірдің сын сағаттарында «құмды қайраңдардан» өту немесе созылып кеткен тұрмыстағы ырың-жырыңдар кезіндегі жүктемелер психикалық та, рухани күш-қуатымызды да сарп етіп, сондай-ақ айналадағы адамдармен өзара қарым-қатынасымызды нашарлатып жіберуі мүмкін. Өзіңіз қазір ұшырасып жатқан жүктемелерге баға беріп, өз күш-қуатыңыздың сарқылу деңгейін белгілеңіз. Мына шкалада, өзіңіздің ахуалыңызды дәлірек бағалайтын санды шеңбермен қоршаңыз.

_________________________________________________________________________________________



1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

_________________________________________________________________________________________


Мен жүдедім. Менде қалыптасқан жағдайды шешу және өзара қарым- қатынасты нығайту үшін күш қалған жоқ.

Мен жүдеген жоқпын. Қалыптасқан жағдайды шешу және өзара қарым-қатынасты нығайту үшін күш-қуатым жеткілікті.


а) Өз күш-қуатыңыздың жоғары деңгейде сарқылуын суреттеп, қандай теңеуді қолданған болар едіңіз: тозған киім, кеуіп кеткен өзен арнасы немесе майдың буымен соңғы айналым жасап жатқан қозғалтқыш па?

б) Өзіңіз таңдаған теңеу сіздің қандай қажеттіліктеріңізді көрсетеді? Басқа сөзбен айтқанда, дәл қазір өзіңізге не нәрсе жетіспейді?
2. Күш-қуатымыздың сарқылуының нәтижесінде біз кейде теріс әрекеттер жасаймыз, Макс Лукадо соның мынадай мысалдарын келтіреді: ұсақ-түйек ақымақтықты одан да үлкен ақымақтықпен түзеуге әрекет етіп жатамыз, онсыз да қиын жағдайды жаңсақ шешіммен одан бетер қиындатып, қызбалықпен жақындарымызға дүрсе қоямыз, өнегелік тұсында ымыраға барып жатамыз. Өзіңізге қатысты осындай теріс әрекеттерді жоққа шығарасыз ба? Өз тарапыңыздан сондай әрекеттерге жол бермеу үшін сіз күшті қайсы қайнардан алмақшысыз?
3. Ақталулар мен «сананың дәлелдері» («Ешкім ештеңе білмейді». «Мен әшкере болмаймын». «Мен бар болғаны адаммын»), өзіміз әні-міне дегенше бір ақымақтықты келесі бір ақымақтықпен түзетуге әзір екенімізді ескертетін — қызыл жалаушалар. Даллас Уиллард: «Бұрынғы өмірімнен қалған ойлар, сезімдер мен іс-әрекеттер, өзім үшін рухани тұста аса қауіп төндіреді, себебі мен оларды «қалыпты», «бәрі солай істейді» және «мен бар болғаны адаммын» деп ойлаймын» дейді3.
а) Бұрынғы өміріңізден қалған қандай ойлар, сезімдер мен іс-әрекеттер сіздің ақтауларыңыз бен «сананың дәлелдерін» қажетсінеді?

б) Сіздің теріс мінез-құлыққа бейімділігіңіз, қандай әлеуетті қауіпті өзінің ішіне алады?


4. Потифардың әйелімен қарым-қатынаста Жүсіптің қалай «қайраңға ұрынғанын» әңгімелейтін Жаратылыстың басталуы кітабының 39-шы тарауын оқыңыз.
а) Әдеттегідей ақталулар мен «ақылдың дәлелдері», біздің назарымызды өзімізге жетіспей тұрған нәрсеге немесе қалыптасқан жағдайда «жетістіктен» алшақ нәрсеге аударады. Жүсіптің өз қожайынының әйеліне берген жауабы, болып жатқан нәрсеге оның көзқарасын қалай ашады? (9 аят)

б) Турашылдық — бұл адалдық пен ар-намыстылық. Осы тараудың кейіпкерлері адалдық пен опасыздықты қалай көрсетеді? Олардың әрқайсысы көңілден шығуға тырысады? Жүсіптің, Потифардың әйелінің және Потифардың өзінің сөздері мен іс-әрекеттерін қарастырыңыз.

в) Осы тарауда ұсынылған үш тектес адамдардан бағыт-бағдар алып, қазіргі сәтте өзіңіз кімге адалдық танытып жатқаныңызды және оның деңгейі қандай екенін суреттеңіз. Сіздің сөздеріңіз бен әрекеттеріңізге қарап, өзіңіз кімге жағынудасыз соны аңғарыңыз?

г) Басыңызға ауыртпалықтар мен бақытсыздықтар түскенде, Құдайдың өзіңізге адал болған мысалдарын айтып бере аласыз ба?


5. Жүсіп, қай кезде болмасын «сананың дәлелдеріне» құлақ асудан, ар ұжданмен мәмілеге келулерін ақтаудан бас тартып, Құдайға адалдықты таңдады. Бұл дұрыс болды, бірақ онысы оған қымбатқа түсті.
а) Дәуіт былай деп кеңес берді: «…Жаратқанға лайықты тарту арнаңдар, Оған сенім артып, мойынсұныңдар! (Забур 4:6). 2-шіжәне 3-ші сұрақтарда айқындалған, теріс мінез-құлыққа бейімділігіңізге байланысты өзіңізден қандай құрбандық талап етілуі мүмкін?

б) Қандай мәселенің шешімін сіз Иемізге тапсыру керексіз?

5 Тарау
А, бұл небәрі дайындық
болғаны ма?
1. «Құдай бізді әр күн адамдардың немесе қиындықтардың көмегімен сынайды».
а) Сынаққа түскен Макс Лукадо, одан әрі бұртиып жүру немесе кешірім сұрау, туындаған шиеленісті елемеу немесе оны жөнге келтіруді шешу керек болды. Соңғы жиырма төрт сағат ішінде өз үлесіңізге қандай да бір сынақ түсті ме, еске түсіріп көріңіз? Сіз қандай қиындыққа ұшырастыңыз және ол сізден қандай шешімді талап етті?

б) Емтихан сынақтарында сізге баға не болмаса есептелді\есептелген жоқ деп қойылады. Соңғы тәулікте өзіңіз ұшыраған сынаққа орай өз әрекетіңізді сіз қалай бағалаған болар едіңіз?

в) Макс Лукадоға түскен сабақ тақырыбын: «Өзара қарым-қатынастағы адалдық» деп айтуға болады. Өзіңіз өтіп жатқан сабақ тақырыбы қандай? Осы сабақты жақсылап игерсеңіз, не нәрсеге үйрене алар едіңіз? Олай етпеген жағдайда сіз қандай залал немесе теріс зардаптардан жапа шегесіз?
2. Жүсіптің өміріндегі сынақтарды — сіздің де сынақтарыңыз сияқты, — Құдай, жазалау үшін емес, дайындау үшін қолданды. Мақсаттарда осындай түбегейлі айырмашылықтардың болуын Клайв Льюйс былай деп айтып растады: «Егер осы әлемді, біздің бақытымыз үшін тағайындалған жер деп қарастырсақ, ол адам төзгісіз болады, бірақ осы әлемге үйрету және түзету орны ретінде қарасақ, ол әбден жарарлық жер болып көрінеді»4.
а) Осы туралы алғаш естігенде, сіз не ойладыңыз? Осы сөйлем, Құдайдың сынауы дегеннің не білдіретіні туралы сіздің ұғымыңызды өзгертті ме?

б) Жүсіп, сынақтар өзін дайындау үшін, басынан өтіп жатқан сабақтар оны Құдайға адал қызмет ететін және Оған сенім артатын көшбасшы болуға үйретуге бағытталғанын білген жоқ. Жүсіп сияқты сіз де, Құдайдың өзіңізді қандай қызметке дайындап жатқанын аңғармауыңыз мүмкін, бірақ Оның сабақтары сізге өздігінен келешек қызметіңіздің бағытын көрсете алады. Егер оларды мұқият байқап, соңғы сын-сабақтардың «тақырыптарын» есіңізге түсірсеңіз, қалай ойлайсыз Құдай сізді не нәрсеге дайындап жатыр?


3. Елші Жақыптың түсіндіруінде сынақтарға киелі кітаптық қатынас келесідей болуы тиіс:
Тек төзімділіктерің іс жүзінде соңына дейін жетуге тиіс, сонда сендер рухани жағынан жетіліп те кемелденіп, ешбір кемшіліктерің қалмайды.

Жақып 1:2–4
Осы көзқарас, қазіргі қоғамның қалыпты және парасатты мағына деп санайтын нәрсеге қайшы.
а) біздің сынақтарға қатынасымызды өзгерте алатын негізгі сөз «қабылдаңдар». Грек тілінде «қабылдаңдар» деген сөз, — сезімдік жай-күйді емес, ойлау үдерісін бейнелейтін етістік. «Жақып, қиын жағдайда өзіміз сезуге тиіс нәрсе туралы емес, бірақ олар жөнінде өзіміз не ойлау керекпіз, сол туралы жазады»5. Өз жағдайларыңызда ой мен сезімдер арасында осылай айыру туралы сіз не ойлайсыз? Және өзіңізге тіптен қуаныш әпермейтін нәрсе туралы зор қуанышпен ойлаңдар деген ұсынысқа орай не сезесіз?

б) Бір ғалым, «келеңсіздіктерге қараудың» орнына, «келеңсіздіктер арқылы олар әперетін ықтимал нәтижеге қарауды ұсынады6. Өз келеңсіздіктеріңізге қарап, сіз не ойлайсыз? Олар арқылы қарағанда тиісінше өзіңізге қандай ойлар келеді?


4. «Олармен [Құдай өзіңді қоршаған адамдармен] Құдайдың жолдауымен бөліс, сонда сенің сынағың олар үшін куәлікке айналады. <…> Сенің сынақтарың оларға сенің жолдауың бола алады. Ортақ юрисдикция сотында куәлік, куәнің ант беріп, айтқан жария мәлімдемесі. Деректер мен шындықты қолдап, ол бірқатар дәлелдерді ұсынады. Өз қиындықтарыңыздың эпицентрінде сізбен бірге Құдай әрекет етіп жатыр деген ой сізде қандай ұқсастықтар туғызады? Куәгер ретінде сіз өз куәлігіңізде қандай деректер мен шындықтар туралы айта аласыз?
6 Тарау
Құдай әрекет етіп жатқанда, күте тұр
1. Жүсіпті құлдыққа сатып жібергенде, ол он жетіде, ал перғауын оған көпжылғы өнімсіздіктің зардаптарын жеңілдету жөніндегі жұмысты басқаруды тапсырғанда отызда болса керек. Потифардың үйінде және түрмеде болған уақытты қосқанда он үш жылды құрайды.
а) Он үш жыл бұрын өзіңіз қанша жаста болдыңыз? Есептеңіз және сол кездері өзіңізбен не болғанын есіңізге түсіріңіз. Есіңізге түскен үш оқиғаны жазыңыз, сосын сіздің рухани және сезімдік есеюіздің бүгінгі деңгейін сипаттайтын үш оқиғаны келтіріңіз. Сол кездегі және қазіргі өзара қарым-қатынастардағы рухани және сезімдік есеюіңізді салыстырыңыз.

б) Өміріңіздің осы екі кезеңінде болған нәрселерге өзіңізге тән қатынастың айырмашылығы неде, яғни сол кездегі және қазіргі рухани әрі сезімдік есею деңгейлеріңіздің арасында қандай айырмашылықтар бар?

в) Жүсіп күткенде, Құдай әрекет етуін жалғастырды. Өміріңіздің соңғы он үш жылын күту уақыты деп қарастырсаңыз, Құдайдың өз жағдайларыңызға килігуі мен жеке тұлға ретінде сіздің жетілуіңізге Оның қатысуы туралы не айтасыз?
2. Құдайға қарағанда біз көбіне асығамыз. Киелі Жазба бізді Иемізге сенім артып, мойынсұнушылықпен күтуге көп мәрте шақырады. Забур жыршысы сондай күтудің қандай болатынын және ол үшін ненің қажет екендігінің нанымды бейнесін былай сипаттайды:
Шын жүректен Иеме сенім артамын,

Берген сөзіне үмітімді артамын.

Күзетші күткендей таңның атуын

Қарауыл аңсағандай күннің шығуын

Жан тәніммен Иемді күтіп сағынамын.

Уа Исраил халқы, сенім арт Жаратқанға,

рақым мен құтқаратын күш шексіз онда.

Забур 129:5–7

Забур жыршысы, Иемізді күтуге бүкіл жан дүниесінің күшін сарп еткенін мойындайды. Киелі кітаптың басқа аудармалары да оның әдеттен тыс Құдайға ұмтылысын атап өтеді: «Қарауылдар — таңның атуын қалай күтсе, менің жаным Иемді одан да қатты күтеді», (Заманауи орысша аудармасы); «Жаным Иемді аңсайды, менің бар үмітім — Оның сөзінде» (Wycliffe Bible Translators Singapore); «Құдайға өмірім мен дұғамды бағыштаймын және Ол не айтады және қайтарымына не істейді деп күтемін» (MSG).


а) Егер өзіңіздің қазіргі жағдайларыңызды Иемізді күту кезеңі деп ойласаңыз, өз жаныңыздың жай-күйін қалай сипаттар едіңіз? Забур жыршысына ілесіп, толықтай Иемізді күтуге берілгеніңізді мойындай аласыз ба? Немесе алаңдап және қайсібір жағдайларға «қосалқы нұсқалар» жоспарлар қойдыңыз ба?

б) Жоғарыда айтылған Киелі кітап аудармаларына сүйеніп, Иемізді күту қарқындылығыңызды өз сөздеріңізбен суреттеп көріңіз.

в) Өзіңізге мойындаңыз, әдетте екі тілектің қайсысы басым: Құдайды аңсау ма әлде Одан қалағаныңызды алу тілегі ме? Осы екі тілектің арасында айырмашылықты көресіз бе?

г) Түнгі күзеттегі қарауылдардың бейнесі, Иемізге сенім артудың не екенін және күтуді ынталы етуге болатынын өзіңізге түсінуге қалай көмектеседі?


3. «Киелі кітаптың күту — дұға мен сенімнің арқасында Құдайға шоғырлануға мүмкіндік беретін ынталы күш салуды білдіреді. Күту дегеніміз — Иемізге «бойсұну» және Оған «үміттенуді» білдіреді (Забур 36:7; курсив менікі — М. Л.)». Төменде келтірілген тіркестерді қолданып, таяу күндері өзіңіздің Құдайды күтуіңізді қалай күшейте алатыныңызды ойланып көріңіз.
а) дұғаның арқасында мен Құдайға шоғырлана аламын…

б) сенімнің арқасында мен Құдайға шоғырлана аламын…

в) бойсұнып, мен Құдайға шоғырлана аламын…

7 Тарау
Құламайтын-күлдіргі қуыршақ


1. Балласт тепе-теңдікті қолдайтын қарсы салмақ, яғни қарсы бағыттағы күштің орнын толтыратын күш. Жүсіпте балласт «терең тамырлаған, өзіне тұрақтылық берген Құдайдың жоғарғы билігіне сенімі» болды. Он үш жыл бойы ол оған: опасыздық, құлдық, жалған айыптау, түрмеге қамалу, бас тарту сияқты тағдырдың әр соққысынан кейін тұруға көмектесті. Жүсіптің перғауынның қабылдауында болуы, оның құтылуының басталғанын білдірді, алайда қарсы күресетін күш өз әрекетін жалғастырып жатты. Бірақ енді Жүсіптің қиындығы басқаша: бақытсыздық емес, құйтырқылық болды.
а) Жаратылыстың басталуы 41:1–44 үзіндісін оқыңыз, онда перғауынның түстері мен оның Жүсіппен алғаш кездесуі егжей-тегжейлі баяндалады. Перғауынның Жүсіп туралы айтқан сөздеріне (15 аят) және оның қарсы жауабына (16, 25, 28, 32 аят) ерекше назар аударыңыз.

б) Құйтырқылық — өзін-өзі алдауға апаратын, ол өз кезегінде бізді бақытсыздықтың алдында қорғансыз ететін бүркемеленген арандатушылық. Перғауынның Жүсіпке айтылған сөздеріндегі жасырын құйтырқылықты сіз қалай сипаттар едіңіз? (15 аят). Егер ол осы жасырын арандатушылыққа берілгенде, Жүсіпті келешекте қандай бақытсыздықтар күткен болар еді?

в) Жүсіп болған оқиғаларды ғана болжап қоймай (25, 28, 32 аят), бірақ таяу келешекте болатын нәрселерді болжап (16, 32 аят), Құдайдың тұтас билігіне сілтегенде оның сенімі талай рет өз тиімділігін дәлелдеді. Жүсіп үшін Құдайдың билігі өткен шаққа да, келешекке де тарады.
Жүсіптің түрмеден босаған сәтінен бастап бар болғаны бірнеше сағат өткен жағдайда, өзін келешекте қауіпсіздендіру мақсатында ол ең алдымен өзі туралы қам жейді деп болжау қисынға сай болар еді. Жүсіптің солай етуден бас тартуы, оның Құдаймен қарым-қатынасын қалай сипаттайды? Осы әрекет, Жүсіптің Құдайдың тұтас билігіне шексіз сенімін дәлелдей ме?
г) Перғауынның Жар.баст 41:15 және 41:39 үзінділеріндегі сөздерін салыстырыңыз. Жүсіптің сенімі перғауынның көзқарасына қалай ықпал етті? Оның көзқарасында не өзгерді және не нәрсе бұрынғысынша қалды?
2. Азаптар мен одан құтылудың арасындағы өмірдегі өзгерістер, Құдайдың жомарт сыйлары мен Оның рақымдарына толы. Зарықтырған күту, ақыр соңында әйтеуір жеңілдеумен, жаңа оқиғалармен және жаңа үміттермен алмасты, бірақ Жүсіптің оқиғасы көрсеткендей осы бақытты өзгерістердің өзі қиындықтармен ұштасып жатты.
а) Өзіңнің азаптардан құтылатыныңды алдын ала болжап немесе олардан құтыла отырып, өзін-өзі алдауға апаратын қандай жасырын арандатушылық — қандай құйтырқылықты күтуге болады? Ойлап көріңізші, сіздің болып жатқанды бағалауыңыз, не себептен байқаусызда Құдайға үміттенуден өз күшіңізге сүйену қажеттілігіне бет алады?

б) Егер сіз осы жасырын арандатушылықтарға берілсеңіз, өзіңізді қандай бақытсыздықтар күтуі мүмкін? Ойлап көріңізші, келешекте өз қауіпсіздігіңізді өз бетіңізше қамтамасыз ету ойына сізді не итеруі мүмкін?

в) Жүсіптің сенімі перғауынның көзқарасына ықпал етті. Құдайдың тұтас билігіне деген өз сеніміңіз, сіз үшін қандай маңызды өзара қарым-қатынастарға ықпел ете алады? Сіз сол адамдардың Құдай туралы түсінігін өзгертуге, мүмкін өзіңіз туралы түсініктерін өзгертуге үміттенесіз бе?
3. Мұқалмайтын табандылық, міндетті түрде бұрынғы өмір салтына оралуды білдірмейді. Жүсіптің құтылуы оны әкесінің үйіндегі үйреншікті өмірге қайтарған жоқ, лейтенант Сэм Браунның өмірі де өзі Ауғаныстанда өткерген сол сұмдықтан кейін түбегейлі өзгерді. Екеуі де екі себепкер шарттың, яғни өткенмен қош айтысып және Құдай жасайтын өзгерістерді қабылдауға келісудің арқасында аман қалды.

Тағдырдың тәлкегінен күйремейтін әркімге Киелі Жазба беретін уәде осы:


Қиын сынақты төзімділікпен басынан өткізіп жатқан әркім бақытты! Содан өтіп, сенімді екендігі дәлелденгеннен кейін, ол бәйге жүлдесіндей «шынайы өмірдің тәжін» иемденбек.

Жақып 1:12
а) Қазіргі қиындықтар мен азаптардан құтылуды күтіп, сіз өз үміттеріңіздің кейбірі орындалады деп күтесіз. Нақ қайсылары? Қаншалық бұрынғы өміріңізге оралғыңыз келеді?

б) Бұрынғы өмірге оралу енді бола қоймас деген ой, өзіңізде қандай ойлар мен сезімдер туғызады?

в) Құдайды соншалық қатты сүйгендіктен, Оны өзінің балласты (теңгерімі) етуге дайын адамдарға табандылығы үшін уәде етілген сый «өмір тәжі». Киелі кітаптың басқа аудармасында осы уәде келесідей айтылады: «Барлық сынақтардан табанды өтетін адам бақытты, себебі олардан өткен соң ол, Құдай өзін сүйетіндерге уәде еткен мәңгілік өмір тәжін алады» (MSG). Бұл уәде мәңгілік өмірге қатысты, бірақ ол жердегі өмірге де дәл солай қатысты (Забур 26:13–14 қар-з).
Сіздіңше, не нәрседе Құдай сізге Өзіне сенім артып қана қоймай, сонымен бірге Өзін көбірек сүюді ұсынады? Құдай уәде еткен жаңа өмірді қабылдау үшін, өзіңізге не нәрседен қол үзу керек болады?

8 Тарау
Өміріңде бәрі ойдағыдай болмағанда, Құдай бұрынғысынша игі болып


қала бере ме?
1. Кристина Тейлор өзінде өлі бала туылғаннан кейін, өзінің Құдаймен жасаған біржақты келісімі күйрегенін айтып, былай деді: «Жан дүниемде үрей орын алып, сенімім күйрей бастады. Құдай кепілдеген «қауіпсіздік аралы» күнделікті тұрмыстың дауылында батып кетті. <…> …Өмірімде алғаш рет, өзімді абыржу сезімі жегідей жей бастады».
а) ерте ме, кеш пе, біздің әрқайсымыз Құдаймен келісім жасауға тырыстық. Егер Құдай _______________, мен _______________міндеттеме аламын. Өзіңіз бір кездері Құдаймен не туралы келіспекші болдыңыз? Ал қазіргі жағдайыңызда Онымен не нәрседе келісім жасауға тырысасыз?

б) Құдай Кристинаның шарттарын бұзған кезде, ол сенімнің дағдарысын бастан кешірді. Сіздің Құдаймен келісіміңіздің нәтижесі қандай болды? Өзіңіздің Құдайдың мейірімді екендігінде сенімділігіңізге ол қалай ықпал етті?

в) Құдайдың мейірімділігіне қатысты өзіңізді бүгін қандай сұрақтар мазалайды? Мысалы, егер Құдай сіздің қиындығыңызды шешуге қабілетті болса, неге Ол соны істеуге асықпайды? Неге Құдай осындай әділетсіздікке жол береді? Құдай сіздің қиындығыңызды сіздің игілігіңізге айналдыра ма?
2. «Құдай, бізбен болып жатқан нәрселер әйтеуір ақыр соңында игілікке айналады деп уәде етеді, бірақ бұл болып жатқанның бәрі игілік дегенді білдірмейді. Өміріміздегі кейбір жағдайлар сұмдық болуы мүмкін, бірақ ақыр соңында бәрі тамаша аяқталады».
а) «Игілікке айналады» дегеннің «игілік болып табылады» дегеннен айырмашылығы қандай? Осы айырмашылық сіздің бүгінгі жағдайыңызды түсіндіре ме? Және осы айырмашылықты түсіну, жоғарыда «в» тармағында келтірілген сұрақтарды талдауға көмектесе ме?

б) «Бірақ біз Құдайдың түсінігіндегі «игілікке» сенім арту керекпіз. Егер сізге игілік ұғымына түсінік бер деп тапсырма берсе, өміріңіз қалай өзгереді? Осы жағдайда сізді қандай артықшылықтар мен ыңғайсыздықтар тосады?


3. Қиындықтар мен қуғынға ұшырағанда елші Пауыл, азаптар — Иемізбен қарым-қатынастың ажырамас бөлігі екенін білді:
…Рухани баласы болғандықтан, Оның бізге дайындап қойған мәңгілік игіліктеріне де ие боламыз: Құдай Мәсіхке сыйлағандары іспетті игіліктерді бізге де сыйламақ. Егер Мәсіхтің жолында жүріп, азабына ортақ болсақ, Оның салтанатты ұлылығына да ортақ болып, сол игіліктерді қабылдаймыз.

Рим. 8:17
Ол сендерге рақым етіп, Мәсіхке сенуді ғана емес, Ол үшін азап шегуді де белгіледі …

Філіп. 1:29
Пауыл, сондай-ақ мәңгі өмірге ие болуда сенімділіктің аса маңызды екенін атап өтті:
…Болашақта біз үшін анық көрінетін салтанатты ұлылықпен салыстырғанда, қазіргі заманның азаптарының түк емес екендігіне сенемін.

Рим. 8:18
…Уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздерінен әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік ұлылыққа жеткізеді…

2 Қор. 4:17
а) Сүйікті адамыңмен өткізетін өмір, ортақ қуаныштар ғана емес, ортақ қайғыны да меңзейтінін бәрі біледі. Өзіңізге қымбат адамдармен қарым-қатынастар, Мәсіхпен Оның салтанатын ғана емес, сонымен бірге Оның азаптарын да бөлісудің не екенін түсінуге қалай көмектеседі?

б) Кейде келесі сұрақтарды қойып, біз болып жатқан нәрсені түсінуге тырысамыз: «Бұл бір аптадан кейін маған қалай әсер етеді?» «Бір айдан кейін ше?» «Бір жылдан соң ше?» Елші Пауыл, басымыздан өтіп жатқан қиындықтар туралы дұрыс түсінік жасау үшін жердегі өміріміз тым қысқа, — ол үшін оларды мәңгіліктің көзқарасынан қарастыру керек деген болжам айтты.


Бүгінгі өз жағдайларыңызды бір аптаға, бір ай немесе бір жылға алшақтап көруге тырысып көріңіз. Осы қиындықтар сіздің күнделікті өміріңізге, адамдармен қарым-қатынасыңызға және жеке басыңыздың игілігі туралы көзқарасыңызға қалай ықпал ететінін ойлап көріңіз? Уақыт өте сіздің осы түсінігіңіз қалай өзгеруі мүмкін?
4. Баласынан айрылғанда Кристина Тейлорды, неге Құдай осының болуына жол берді деген сұрақ мазалады. Өз блогында ол: «Өзім жасаған жалғыз қорыту мынадай болды: мен өзім белгілеген шыдамдылық шегінен бас тартып, болып жатқан нәрсе өзіме ұнай ма жоқ па, өмірімді, оның әрбір сәтін қасарыспай Құдайға тапсыруға тиіспін» деп жазды.
а) Өз шыдамыңыздың шегі туралы ойлағанда сіз нені есіңізге түсіресіз? Нақты не нәрсені сіз Құдайдың абсолютті бақылауына тапсыруға дайын емессіз?

б) Жағдайды бақылаудан өз еркіңізбен бас тарту, тәуекелге бел буумен байланысты және көбіне үрейлендіретіні — шешім қабылдау, бірақ осы шешімде өзіңіз үшін әлдебір шытырман немесе үміттендіретін нәрсе жоқ па? Өміріңізді бақылауды Құдайға тапсырған болсаңыз, басқа жағдайларда алу мүмкін емес болған қандай рухани тәжірибені күтесіз?

9 Тарау
Өтінем, аз маз болса
да ризашылық айт
1. Қандай да бір ойды жүзеге асыру үшін немесе қандай да бір теорияны тексеру үшін оларға нақты форма беру қажет. Жүсіп балаларына ат қойғанда, сөзбен өз ойларының бірін білдірді. Осылайша ол шын мәнінде Құдайға алғысын білдірді және екі рет солай етті.
а) Есіңізге түсіріңізші, басқа адамға немесе Құдайға қатысты қашан өзіңізді алғыс сезімі толтырды? Өзіңіз сол алғысты қалай білдірдіңіз? Өз мінез-құлқыңызды, сөздеріңіз бен іс-әрекетіңізді талдаңыз.

б) Неліктен өзіңізге алғысыңызды дәл сондай тәсілмен білдіру маңызды болды? Егер өзіңіз соны жасамасаңыз — сіз немесе басқа адамдар үшін ол қандай шығындарға апаратын еді?

в) Өз тәжірибеңіз сізге, Құдайға ризашылығын білдіріп, балаларына ерекше ат қойған Жүсіптің әрекетін жақсырақ түсінуге көмектесті ме?
2. Ат қою, қалай болған күнде де сол адамның өзіне қатты әсерін тигізеді. теолог Александр Дмитриевич Шмеман, ат қою және ризашылық тығыз байланысты деп есептейді:
Затты атау… — сол зат үшін Құдайды жарылқауды білдіреді… Киелі кітапта бұл «діни» акт емес, Құдай тұрақты беретін өмірдің мәнінің өзі. Құдай барлық нәрсені Өзінің сүйіспеншілігімен, Өзінің рақымымен толтырды, бәрін «өте жақсы» етіп жаратты. Сондықтан осы сыйға «қалыпты» жауап, қарсы тараптың бата беруі болып табылады. Құдайға бата беру, Оған рахмет айту, әлемді Құдай қалай көрсе солай көру, Құдайдың «әріптесі» болу — және осылай алғыс айтып және қабылдауда — дүниені танып, оны атап, оның мәнін танып-білу…7
а) Өмір салты — өзіміз үшін қалыпты өзара қарым-қатынастардан, жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттен қалыптасатын біздің күнделікті тәжірибеміздің кескіні. 1-ші сұраққа жауап беріп және өзіміз қазір ғана айтып өткен алғыс білдіруді негізге алып, Құдайға алғыс айту — өз өмір салтымызбен Оған бата беру дегеніміз нені білдіретінін түйіндеңіз. Сондай алғыс сізден қандай өзара қарым-қатынасты, мінез-құлықты және іс-әрекетті талап етеді?

б) ризашылық, әлемге Құдайдың көзімен қарау қабілетін болжайды. Жүсіп өзінің балаларына берген есімдер, оның осы әлемге көзқарасын қалай ашады?


3. Біз, өзіміз риза болған адамды не затты байқамағанша, алғыс айту дегенді– білдіре алмаймыз. Біз өмірімізде рақымның азғана көріністерінің өзін байқап үйренген сайын, алғыс айтудың іс жүзіндегі дағдыларын соғұрлым табысты жетілдіреміз.
а) Алғыс айту үшін ең «болмашы» себептер туралы ойлаңыз. Өзіңіз соңғы жиырма төрт сағат немесе бір сағат, немесе қазір ғана байқаған сондай себептердің екі-үшеуін және өзіңіз солар үшін Құдайға рахмет айтқыңыз келетіндерін атаңыз.

б) Дәл осы сәтте өзіңіздің байқағыштығыңыздың деңгейін қалай бағалаған болар едіңіз? Басқа сөзбен айтқанда, өзіңіз Құдайдың рақымын, жомарт дарындарын қаншалық жиі байқап, Оған өз алғысыңызды білдіресіз?


4. Макс Лукадо адамдардың Құдайға алғыс айтқысы келмеуінің төрт ықтимал себебін атады. Солардың ішінде көбірек өзіңізге тән себептің қасына «белгі» қойыңыз.
□ Жұмысбастылық. Менің уақытым жоқ! Өзімнің жұмысбасты болатыным соншалық, алғыс айтуға тіптен үлгірмеймін немесе ұмытып кетемін.

□ Аса сақтық. Бір секунд! Бұның бәрі тамаша сияқты, бірақ мен уақытынан бұрын қуанғым келмейді. Шындық болу үшін, бұл тым жақсы. Рақымның бар екеніне толығымен көз жеткізбейінше алғыс айтуға асығудың қажеті жоқ.

□ Өзімшілдік. Жарайды, соған тұрарлық зат екенін көріп тұрмын, бір жағынан мен әрине ризамын, бірақ бір жағынан — енді менің өмірім өзгереді, ал мен оны болжаған жоқпын, сол себептен осы жөнінде сезімдерім шым-шытырық.

□ Менмендік. Ойпырым-ай, бұрында да жағдайым тәп-тәуір болатын. Оның үстіне ризашылыққа қатысты осы күйреуік бос сөз — әлдекімнің әлсіздігін дәлелдеудің тағы бір реті. Жеке өз басым оған мұқтаж емеспін.

□ Басқа бір нәрсе.
Осы себеп, негізінен сіздің Құдаймен, адамдармен немесе Құдаймен де адамдармен де қарым-қатынаста рақметі жоқтығыңызды сипаттайды ма?
Өзіңіздің Құдайға және адамдарға алғыс білдіру тәсіліңізде өзгешелік бар ма, егер бар болса қандай? Олардың қайсысына өзіңіз жиі алғыс білдіресіз? Олардың қайсысына айтылған алғысыңыз нақты формаға еніп, шынайырақ көрінеді және неге?
5. «Адам жаны үшін қорқынышты сын сағатында Исаның жүрегі алғысқа толы болды. Күн жарқыраған нұрында кез келген адам алғыс айта алады, бірақ Иса бізді айналамызда түннің қапасы үйрілгенде де Құдайға алғыс айтуға үйретеді». Қалай ойлайсыз, Құдай өміріңіздің қай саласындағы сынақ үшін өзіңіздің алғыс айтқаныңызды күтеді? Ойлап көріңізші, Оған өз алғысыңызды қалай білдіре алар едіңіз? (мүмкін оны жазбаша түрде, біреумен бөлісу арқылы немесе тағы басқаша түсіндіруге болады). Егер өзіңіз Құдайға алғыс айтуға дайын болмасаңыз, Оған өз қиындықтарыңыз туралы немесе алғыс айтқыңыз келмейтініңізді айтыңыз. Одан өзіңіздің келесі қадамыңыз үшін рақым сұраңыз.

10 Тарау
Отбасылық реніштер


туралы сөйлесейік
1. «Өзінің отбасын қайдан табатынын біле тұра, Жүсіп оны істемеуді шешті. Отбасылық құпияларды жабулы қазан жабулы күйінде қалдырып, солай еткенде оларды қансыраған күйінде қалдырып, ол өткенді өткен өмірінде қалдыруды жөн көрді». Төменде келтірілген сөздер мен сөз тіркестері Жүсіптің отбасындағы кейбір анық психологиялық қиындықтарды сипаттайды. Олардың тізімімен танысып, өз отбасыңызда орын алғандарын белгілеңіз.

[оң жақтағы БАҒАНДЫ сол ЖАҒЫНАН ТҮЗЕТУ КЕРЕК]



□ Жалғыздық

□ Опасыздық

□ Бедеулік

□ Мезгілсіз өлім

□ Реніштер

□ Жек көрушілік

□ Қорлаулар

□ Балалар арасындағы бақталастық

□ Некеден тыс қатынастар

□ Сүйікті болу

□ Қатыгез қатынас

□ Ауыр қаза

Басқа бір нәрсе

□ Жүректің қайғы-қасіреті

□ Менсінбеген қатынас

□ Өзіне шому

□ Ата-ананың баладан бас тартуы

□ Тұйықтық

□ Кінә

Айналадағыларды елемеу

□ Өтірік

□ Келелі мәселелі неке(және)


а) сіздің отбасыңызға психологиялық қиындықтар алып келген екі-үш жағымсыз зардаптарды анықтауға әрекет етіңіз.

б) өз отбасыңыздың психологиялық қиындықтарын талдап, сіз бастапқыда Жүсіп жасаған сияқты, бәрін сол күйінде қалдырып, өткенді еске түсірмеген жақсырақ деген тұжырымға келесіз бе? Немесе керісінше, сіз олардың бар екенін ашық мойындағыңыз келе ме? Осы жөнінде отбасыңыздың басқа мүшелері не ойлайды?

в) Өз отбасыңыздың өткенін талдау немесе шешілмеген отбасылық қиындықтардың теріс зардаптарын отбасының басқа мүшелерімен талқылау қажеттігі туралы ой келгенде, не нәрсе өзіңізді үрейлендіреді немесе мазалайды?


2. Жанның сауығу үдерісі, өзіңізге келтірілген жан жаралардың егжей-тегжейлерін анықтауды және Құдайдан өзіңізбен бірге осы ауырсынуды қайта бастан өткізуін өтінуді қамтиды.
а) 1-ші сұраққа жауап беріп, жағымсыз зардаптар туралы ойланғанда қандай екі-үш оқиғаны есіңізге түсірдіңіз? Егер сол эпизодттардың нақты бөлігін жазбаша түсіру өзіңізге қиын болса, неліктен екенін ойлаңыз? Болған жайттың егжей-тегжейін жазу қажеттігі туралы ойлағанда өзіңізді қандай сезімдер билейді?

б) алдыңғы сұраққа жауапты ойлау кезінде, өзіңізге Құдайдың тарапынан қандай көмек керек? Оның қатысуын, жетелеуін және жұбатуын қандай формада сезінгіңіз келеді?


3. Ескі жан жаралармен бетпе-бет ұшырасу, абыржытуы мүмкін. Ұзақ айрылысудан кейін ағаларын кездестіргенде Жүсіп оларға өзін ашпады, олармен қатал сөйлесті, оларға жалған айып тақты, түрмеге отырғызды, бірақ сосын оларды босатып, олардың кетуі және оралуы үшін шарт қойды, олардың біреуін кепілге алып, күшті сезімдерін жасырды, оларға танылмастан жомарттық танытты (Жар.баст 42:6–28).
а) Бұрынғы реніштерді және олармен байланысты өзіңізді ренжіткен адамдарды талдау мүмкіндігін қарастыру кезінде қандай кереғар сезімдерді сезесіз?

б) Жүсіптің қай іс-әрекеттерін бәрінен де өзіңізге қатыстырасыз және неге?


4. Иеміз бізге өзіміз сұрағаннан да артығымен беріп, олардың болуы туралы өзіміз де білмейтін жан-жараларымызды сауықтырады. Ол жүрегімізді жаулап қана қоймай — бірақ Оны сауықтырғысы да келеді. Неге? Себебі, жаралы адам айналасындағы адамдарды жаралайды..
а) Өміріңіздің қай саласында жүрегіңіз бәрінен көп жараланған? Ол адамдармен қарым-қатынастағы қиындықтар, жеке қорғансыздық сезіміңіз, зор қаза, өзін өзі жоятын мінез-құлық, күнәны тыюға қабілетсіздік немесе ізіңізге түскен сәтсіздік болуы мүмкін. Өз жағдайыңызды қысқаша суреттеңіз.

б) Өзіңіз жан жараңызды қалай сезесіз? Мысалы, егер өзіңізде қарым-қатынастағы қиындықтар деп диагноз қойсаңыз, онда жан жараңызды өзіңіз кешіре алмаушылық, татуласуға үміттің болмауы немесе өзіңізді жаралаған өткен өмірге айықпайтын қасірет ретінде сезуіңіз мүмкін.

в) Сіздің сауықпаған жүрегіңіз өзіңізді, адамдарды жаралайтын немесе оларға жаман әсер ететін мінез-құлыққа қалай итермелейді? Өзіңіздің адамдармен бұрынғы сондай-ақ таяудағы байланыстарыңызды сараптаңыз.
5. Жүсіптің отбасымен татуласу сүрлеуі, ұзақ және қиын болды, бірақ ол кішкентай рақым мен қайырымдылық танытудан басталды: Жүсіп ағаларының жол сөмкелерін бидайға толтырды және оларға байқатпай бидай үшін төлеген күмістерін қайтарды. Риясыз әрекет!
а) Жүсіп ағаларына, өздері бәрінен де мұқтаж болған нәрсені берді. Олар бидай үшін төлеуге дайын болды, бірақ Жүсіп ағаларына сый жасады. Қалай ойлайсыз, өткен оқиғалармен байланысты өз отбасыңыздың мүшелері сізден нені күтеді?

б) Жақындарыңызбен қарым-қатынаста Құдай сізді қалай қайырымдылық пен рақым көрсетуге итермелейді?


11 Тарау
Кек қайтару масайратады,
бірақ кейін…
1. Кек — бұл есесін қайтару, ренжіткен адамды жазалап, әділдік таразысын теңестіру талпынысы. Кейбір жағдайларда Джозеф Ричардсон салған Кек үйі сияқты, есесін қайтару әдеттен тыс болуы мүмкін.
а) Джозеф Ричардсон сияқты кейбір адамдарда кері жауласу белсенді-агрессивті формада көрінеді. Басқаларда ол енжар-агрессивті формада болып, ішке тығылады. Ондай адам ренжіткен адамнан сезімдік шеттетіледі немесе тіпті онымен кез-келген қатынасын үзеді. Агрессияның осы екі формасының қайсысы — белсенді немесе енжар формасы — өзіңізге көбірек тән?

б) Өзіңізді ренжіткен адамға кек қайтару үшін, өзіңіз қолданатын шебер немесе аса ондай емес бір-екі тәсілді атаңыз. Ол басқа адамға және өзіңізге қалай әсер етеді?


2. Елші Петр кек қайтару мәселесін біздің Мәсіхпен қарым-қатынасымыз мәнмәтінінде қарастырды:
…Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек. <…> Мәсіх Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады, азап көрген кезде де оларды қорқытпады. Қайта Ол ісін әділ соттаушыға тапсырды.

1 Пет. 2:21, 23
а) грек тілінде «тапсыру» сөзі paradidōmi, бұл «біреудің күзетуіне тапсыру немесе беру» дегенді білдіреді. Көне Грецияда, осы етістікті тұтқынды беруді немесе сезіктіні сотқа жеткізуді суреттеу үшін қолданған8. Paradidōmi грек етістігінің мәнін ескере отырып, сіз кек қайтаруды көксеудің орнына, Құдайға сенім арту дегенді қалай суреттер едіңіз?

б) Жүсіптің ағаларымен кездесуін талдап, оның қай іс-әрекеті, өзіне сенім артқанын, ал енді бір әрекеттері оның Құдайға сенім артқанын көрсететінін анықтап көріңіз.

в) Жоғарыда келтірілген киелі кітаптық үзінді, өзіңізді қандай деңгейде бойсұнып қиындықтарды бастан кешуді, ал қай деңгейде кек алу тілегін қолдайды?
3. «Жаулардың сазайын тартқызу ма? Бұл Құдайдың міндеті ғой. Жауларды кешіру ме? Ал бұл — мына сіз бен біздің міндетіміз». Сенушілер ретінде бізге өзіміз үшін кек қайтармау ғана емес, өз жауларымызды жақсы көру жүктеледі:
«Досыңды сүй» және оның айнымас серігі «жауыңды жек көр» деген көне қағида өзіңізге таныс па? Мен сізге әлдеқайда қиын міндетті қойып, былай деймін: жауларыңызды жақсы көріңіз. Олардың арқасында өзіңізде нашар емес, ең жақсы қасиеттеріңіз көрінсін. Өзіңізге қасірет әкелгенде, оларға дұғаның күшімен жауап қайырыңыз, сонда сіздің нағыз болмысыңыз — Құдай жаратқан болмысыңыз көрінеді. Құдай дәл солай әрекет етеді. Ол Өзіндегі бар жақсымен, ең жақсымен бөліседі. Ол жерді жылытатын күнмен және оны нәрлендіретін жаңбырмен, — жақсымыз ба, жаманбыз ба, одан тәуелсіз біздің әрқайсымызбен бөліседі.

Матай 5:43–45 MSG
а) Өзіңізге тән қай қасиеттерді сіз ең жақсы деп есептейсіз? Бес сөз немесе тіркестен аспайтын сөздерді қолданып, оларды суреттеңіз. Мысалы, сіз өзіңізді былай сипаттай аласыз: «Мен қайырымды, жомарт және алғыр адаммын».

б) Сіз — Құдай жаратқан тұлға ретінде — жақсы қасиеттеріңізді есіңізге түсіріп, өзіңіз кешіру қажет немесе жақсы көру қиын адамдарға қатысты не сезінесіз?


4. Қоштасу кезінде осындай екіойлылық жиі болатын жағдай. Қоштасу кенеттен болмайды, оның жолында кідірістер мен аялдаулар көп: бірде күн жылт етсе, енді бірде көкжиекті қайтадан бұлттар торлайды. <…> …Бірақ бұл қалыпты. Кешірім туралы сөз болғанда, біз бәріміз де тәжірибесізбіз. Бірақ сен кешіруге тырысып жатқан кездің өзінде кешірім бересің».
а) Өзіңіз біреуді кешіру үшін жасаған күш салуларыңыз туралы есіңізге түсіріңізші. Соған қалай қол жеткіздіңіз? Кешіру туралы шешім тек бір жола қабылданатынымен келісесіз бе? Сіздің кешірімге жақындауыңыз біртіндеп болды ма? Кідірістер мен аялдауларды қайттіңіз?

б) Енді, кешіре алу көзқарасынан өзіңізді қалай бағалайсыз? Сіз әлі де кешірудің белсенді талпыныстарын жалғастырудасыз ба немесе қырсығып олардан қашасыз ба?

в) Матай жазған Ізгі хабардың 5-ші тарауындағы Исаның өсиеті «дұғаның күшімен жауап беріңдер» деген сияқты айтылады. Өзіңізді ренжіткен адамның игілігіне және оны жарылқау үшін нақты дұғаңыз қалай айтылады?

12 Тарау
Жоғарғы Билеуші —


Сенің Бауырың
1. «Үлкен ағалар қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертуге қабілетті».
а) Сіздің көзқарасыңыз бойынша, керемет үлкен ағаны (немесе үлкен әпкеңізді) не ерекшелейді? Өз жауабыңызды жазыңыз.

б) Балалық шағыңызда үлкен ағаның қандай қолдауы жетіспеді? Қандай жағдайларда, өзіңізге бәрінен де жоғарыда аталған қасиеттері бар адам қажет болды?

в) Сондай жағдайда сізде қорғаушының болуы немесе болмауы өзіңізге қалай әсер етті?

г) Қазір өзіңізге үлкен ағаның қандай көмегі жетіспейді? Қандай жағдайларда сіз жоғарыда аталған қасиеттері бар адамның қолдауын аңсайсыз?


2. Жүсіп және оның ағалары өте мелодрамалы қауышудың қатысушылары болды.
а) осы оқиғаны оқығанда өз ағаларын кешіру немесе кешірмеу туралы шешім қабылдап, ұтымды ұстанымда болған Жүсіпке өзіңізді қаншалық ұқсатасыз?

б) қызығарлық емес, осал ұстаным және кешірімге мұқтаж, Жүсіптің ағаларына өзіңізді қаншалық ұқсатасыз?

в) Жар.баст 45:1–15 үзіндісін оқыңыз. Жүсіптің өз ағаларымен сөйлесуінде, үлкен ағаға тән қандай қасиеттерді көресіз?
3. Елші Пауыл Мәсіхті Құдайдың рөлінде нанымды бейнеледі:
…Құдай алдын ала білетін біздерді, Өзінің рухани Ұлы үлгісіне ұқсасын, көптеген бауырластарының арасындағы тұңғышы іспетті. <…> Ендеше кім үкім шығара алады? Мәсіх Иса біз үшін өлді, Ол қайта тірілді де: Ол Құдайдың оң жағынан орын алып, бізді қолдауда.

Рим. 8:29, 34
Соңғы аятты MSG аудармасындағы дәл сол аятпен салыстырайық:
Біз үшін өмір сүру үшін, бізге бола өліп — тірілген, біздің Жақтаушымыз ретінде дәл қазір Құдайдың жанында.

34 аят
а) Жаңа Өсиетте Мәсіхтің метафоралық үлгілері аз емес: Оны бақташымен (Жохан 10:11 қар-з), жүзім бұтасымен (Жохан 15:5), нұрмен (Жохан 8:12) және нанмен (Жохан 6:35) салыстырады. Оның Аға, әсіресе үлкен аға рөліндегі бейнесі Мәсіх тұлғасының қандай теңдесіз қасиеттерін көрсетеді?

б) Өзіңіз, Мәсіх сізге үлкен ағаңыздың тарапынан жетіспеген қолдауды көрсетеді деп айта аласыз ба? (1-ші сұраққа оралыңыз).

в) Қазіргі уақытта өзіңіз кездесетін жағдайларда Исаның қандай жақтаушылығына және өзіңіз үшін өтініш білдіруіне мұқтажсыз?
4. «Сенің қолыңнан келеді. Өзің күшті болғандықтан емес, бірақ сенің Бауырың, Ағаң күшті болғандықтан. Өзің лайық болғандықтан емес, бірақ сенің Ағаң лайықты болғандықтан».
а) Оларды жеңу үшін, бүгінгі жағдайларыңызда сіз не істемек ойыңыз бар? Едәуір «лайықты» болуға өршелене ұмтылып, өз күшіңізге көбірек сенесіз бе»?

б) Осы жағдайларда неліктен өзіңізге Мәсіхке сенім арту және Үлкен Ағаңыз ретінде Оған сену қиын?

13 Тарау
Қоштасулармен қош айтыс
1. «Өлім — төзгісіз қиын қоштасу».
а) Өзіңіз кімге соңғы рет «кешір» деуге мәжбүр болдыңыз? Осы қоштасу алып келген қандай айырылу, сіздің қайғыңызды күшейтті? Үміт пе, келешекке жоспар ма, достық қарым-қатынас па, бірге тойлаулардан айырылу ма?

б) Өлім өзіңізді сүйікті адамыңызбен айырмағанымен де, азаптар әрдайым қандай да бір шығынға апарады. Қазіргі уақытта басыңыздан өткеріп жатқан қиындықтарға кезігіп, өзіңіз қандай шығындарға ұшырадыңыз? Ол қорғаныс сезімінен, жақын қарым-қатынастар, қандай да бір мүмкіндіктерден, кәсіби жұмысбастылықтан, еркіндік сезімінен, денсаулық немесе армандардан айырылу болды ма?


2. «Айналада түк болмағандай өмір қызып жатыр, ал сен өзіңді жалғыз және тастанды сезесің, себебі «қош бол» дегенді айта алмай жүрсің». Кейде біз қоштасудан бас тартамыз, себебі өзімізге қымбат адамнан немесе өзіміз тым жақсы көретін бір нәрседен біржола айрылдық.
а) Өзіңіз тізіп жазған айрылысулардың қайсысын әлі күнге дейін қайғырып, бастан кешіп жүрсіз (1-ші сұрақты қараймыз) және кіммен (немен) әлі де қоштасуға дайын емессіз?

б) Неліктен оларға «қош бол» деу өзіңізге қиын?

3. Киелі кітаптың аспан туралы шындығын зерттеуге бірнеше минутыңызды жұмсаңыз. Киелі Жазбаның келесі үзінділерін оқып, сізге ерекше маңызды болып көрінген сөздер немесе тіркестерді жазып алыңыз.


Аян 21:3–4

Аян 22:3–5

2 Қор. 5:1–5

Забур 15:11

Жохан 14:1–3 1

Жохан 3:2

Філіп. 3:20–21

Лұқа 22:28–30

1 Қор. 15:50–54

а) Өзіңіз жазып алған сөздер мен тіркестерге қараңыз. Өз тізіміңіз бен 1-ші сұрақта белгілеген айырылулар арасында қандай да бір ортақ нәрселер табасыз ба?

б) Осы аяттардан сіз қандай жұбаныш немесе үміт беретін наным таптыңыз?
4. К. C. Льюис былай деп жазды:
Жамандық пен жақсылық пісіп жетілгенде, қайтымды күшке ие болады. <…>Жер бетінде адамдар мұны түсінбейді. Олар: «Мұны ешнәрсе ұмыттырмайды» деп уақытша азаптар туралы айтады, сөйтеді де рақат өңін беріп, өткенді түрлендіретінін білмейді9.
а) Жақсылық өсе алады, өзінің жетілмеген күйінен ол ақыр соңында өсіп жетіліп, яғни піседі дегенге қалай қарайсыз? Осы ойды сіздің рухани тәжірибеңіз қалай растайды немесе теріске шығарады?

б) Кейбір ізгіліктер аспанда ғана толық жетіледі дегенді еске түсіріп, сіз олардың өсуін бүгінгі қиындықтарыңыз бен шығындарыңызда қалай бағалаған болар едіңіз? Олар, жер астындағы ұрық сияқты, әлеуетті жетілу жағдайында ма? Немесе алғашқы жас өскіндер беріп жатыр ма? Немесе гүлдеп, жеміс беріп жатыр ма?

в) Аспан жөнінде «өткеніңізді шолу» мүмкіндігі тұрғысынан ойлағанда, ойыңызға не келеді? Өткен өміріңіздің қай оқиғасын бәрінен де Иса Мәсіхтің даңқына түрленгенін көргіңіз келеді?
5. Еврейлерге арналған хаттың туындыгері, бізді өзімізді жарысып жатқан спортшылар ретінде елестетуге шақырады (Евр. 12:1–3 қар-з). Ұзақ қашықтыққа жүгіруде шеңберлерді еңсеріп жатқаныңызды елестетіңіз. Жанкүйерлер мен мінбенің сүйсінген айқайынан құлағыңыз тұнады, өз жанкүйерлеріңіз — атағы жер жарған спортшылар. Жәй ғана мәреге жету емес, бірақ мәреге бірінші болып жетуді олар әбден біледі. Сіздің ең адал жанкүйерлеріңіздің ішінде Ыбырайым, Сара, Ысқақ, Жақып, Жүсіп және өз майданын сізден бұрын аяқтағандардың бәрін тануға болады (11-ші тарауды қар-з). Бір екпінде олар аяқтарынан ұшып тұрып, сізге: «Жүгір! Жүгір! Жүгір!» деп ұрандайды.
а) Жер бетіндегі майданыңыздан өтіп, өз «жанкүйерлеріңіздің» арасынан кімдердің жүзін көргіңіз келеді? «Өз жанкүйеріңіз» ретінде өзіңіз үшін маңызды Киелі кітап кейіпкерлерін, сондай-ақ өзіңізге қымбат, «жарыстары» тәмамдалған адамдарды қарастырыңыз.

б) Өз «жанкүйерлеріңізден» бәрінен бұрын не естігіңіз келеді? Олардың аузынан шыққан қандай қолдаулар сізге жылдамдықты кемітпеуге, Исадан көз алмауға және келешектегі қуаныштар туралы ұмытпауға көмектеседі?

14 Тарау
Сабырлық сақтап, берік бол
1. Жүсіп, Құдай оның басына түскен бақытсыздықтар жөнінде біледі деп болжамдады. Аштықты Құдай бастады, Құдай одан аман шығуға көмектесті және бір сәтке де Ол жағдайды бақылаусыз қалдырған жоқ.
а) Өзіңіз қазіргі уақытта кезіккен қиындықтарға Құдайдың қатысы бар екеніне сіз қаншалықты сенімдісіз? Өз сеніміңіздің деңгейін сіз қалай белгілер едіңіз: өте төмен, орта, жоғары? Оны қалай суреттеген болар едіңіз?

б) Сізге өз сеніміңізді бағалауға аса ықпал еткен екі-үш оқиғаны айтыңыз. Олар бұрын болған немесе таяудағы оқиғалар болуы мүмкін, сондай-ақ әсерлер, қарым-қатынастағы әлдебір жаңа нәрселер ж. с. с.


2. Макс Лукадо, Құдай нақ сол ауырсынуларды әкелген оқиғалардан жылжып, оларды осы оқиға кейіпкерлерінің игілігіне айналдырған екі оқиғаны әңгімелеп берді.
а) Сіздің бүгінгі қиындықтарыңыз туралы айтатын болсақ, олардың қайсысын сіз өз игілігіңізге айналғанын көруге үміттенесіз?

б) Егер сіз, Құдай ауыртпалығыңызды міндетті түрде сіздің игілігіңізге айналдыратынына күмәнданбасаңыз, бұл сіздің өмір туралы бүгінгі ұғымыңызда қалай көрінеді?


3. Оңтүстік полюске бірінші болып жетеміз деген жарыста Руаль Амундсен жоспарды ұстанды, оған сәйкес оның тобы ауа-райы жағдайына қарамастан, күніне он бестен жиырма шақырымға дейін еңсеріп отырды. Роберт Скотта керісінше алдын ала ойластырған жоспар болған жоқ: жақсы ауа-райында оның тобы барынша алға жылжып, шаршап-шалдықты, ал ауа-райы нашар болғанда орындарынан тапжылмады. Кейіннен өзінің аңызға айналған экспедициясына арнаған кітабында Амундсен былай деп жазды: «Жеңіс, өзінде бәрі ойдағыдай адамды күтеді, — оны сәттілік деп атайды! Жеңіліс, қажетті сақтық шараларын уақытылы қабылдамаған адамның басына түсетіні шүбәсіз, — оны сәтсіздік дейді!»10
а) Амундсеннің Оңтүстік полюсті бағындыру сапары мен Жүсіптің өнімсіздікпен байланысты қиындықтарды шешу жөніндегі әрекеттерінің арасында ортақ не бар?

б) Сіздіңше, жеке қиындықтар мен дағдарыс жағдайларын шешуде «қажетті шараларды уақытылы қабылдау» деген нені білдіреді? Осы сұраққа жауап берерде, сіз Жүсіптің күш пен билікке ие болып, аштықты жеңуін ғана емес, бірақ Потифардың үйінде құл болған және түрмеде болған кезде қалай әрекет еткенін қарастыра аласыз.

в) Сіз әдетте, Роберт Скотт сияқты жағымды және жағымсыз жағдайларға мезеттік әрекеттеріңізді анықтауға жол бересіз деп айтуға бола ма? Әлде сіз төзімді алға ілгерілеуі сыртқы жағдайлардан тәуелсіз болған Руаль Амундсенге көбірек ұқсайсыз ба?

г) Осы екі ізашарлардың оқиғасы, өз жағдайыңызды шешуде алдыңызға қандай міндеттер қояды? Ол сізге қандай үміт береді?


4. Дағдарыс жағдайларын шешу саласындағы мамандар Джим Коллинз және Мортен Хансен, қазіргі кезде дағдарысты бастан кешіріп жатқан табысты компания басшыларын ерекшелейтін негізгі қасиет — сабырлық, яғни өзін ұстай білу дейді. Даллас Уиллард сабырлық, өзін ұстай білуді «өз көңіл-күйіне қарамастан, бастаған ісін аяқтауға немесе қойған мақсатына жетуге айнымас бел буу» деп айқындайды11.
а) Өзіңіз тап болатын қиындықтар туралы ойланғанда, әдетте қай кезеңде сізге сабырлық және күшіңізге сенімділік жетіспейді? Сіз үшін сабырлықты аса қиын ететін қандай себепкер шарттар?

б) Киелі Жазба, «Себебі Өзіне ұнайтын істерді қалап, жүзеге асыруларыңа түрткі болушы — Құдай» (Філіп 2:13) дейді.Өз көңіл-күйіңізді жеңу үшін, Құдай сізде қандай қалау және түрткі жасауы тиіс?


5. «Сен әрекет етудің жоспарын құра аласың. Құдай сенің қиындықтарың туралы білетінін ұмытпа. Оны өзіңді қадамдық нұсқаулықпен жабдықтап, дәл қазір өзің жасай алатын бір-екі қадамды көрсетуін сұра».
а) Қиындықтарыңыздың сипатына қарай, іс-әрекетіңіздің жоспары өзіңізге бірер сағатта қиындықтарды жеңуге көмектесу үшін қысқа мерзімді және қиындықты шешу үшін бірнеше апта, керек десеңіз бірнеше айларды талап ететін ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Өз жоспарыңызды жүзеге асыру үшін қазіргі сәтте қандай уақыт шектеуі сізге лайықты болып көрінеді? Бір сағат па, күн бе, апта немесе одан да көп мерзім қажет пе?

б) Осы уақыт аралығында не нәрсеге қол жеткізгіңіз келеді? Мақсатыңыз нақты және бағалауға икемделген болсын. Мысалы «Құдайға көбірек сенім арту» — өздігінен жап-жақсы мақсат, бірақ өлшемі қиын. Оны былай тұжырымдаған жақсырақ: «Әркез үрей мен күмән билегенде, мен Құдайға сенім арту туралы шешімімді, дұға күнделігіме қысқа дұғаны жазып, бекітіп отырамын».

в) Өзіңіз қойған мақсатқа жету үшін, дәл қазір қандай екі-үш қадам жасай аласыз? Егер сізге өз бетіңізше қажетті қадамдарды анықтау немесе жасау қиынға соқса, сіз кімнен көмек сұрай аласыз?

15 Тарау
Қиындық. Құдай. Игілік


1. Төменде Макс Лукадоның «Сенің қолыңнан келеді» атты кітабын оқып, танысқан он киелі кітаптық шындық келтірілген:
Менің Құдайға арнаған өмірім — ашық кітап (Забур 138 қар-з).

Құдай менің жанымда (Забур. 23:4 қар-з).

Иеміз менің өмірімде Өз ой-ниетін жүзеге асырады (Забур 137:8 қар-з).

Құдай өзімнің сынақтарда алған тәжірибемді, мені ағыл-тегіл өмірге үйретіп және дайындау үшін қолданады (Жақып 1:2–4 қар-p); барлық сынақтар уақытша (1 Пет. 1:6 қар-з).

Құдай мені үздіксіз жетілдіреді (Філіп 1:6 қар-з).

Мен Иемізге сенім арта аламын, себебі Ол адал, рақымды және күшті (Забур 129:5–7 қар-з).

Өткен сынақтарға сый ретінде шынайы өмір тәжі уәде етілген (Жақып 1:12 қар-з).

Жердегі өмірге мәңгіліктің тұрғысынан қарау, маған өз қиындықтарымды уақытша қиындықтар ретінде қабылдауға мүмкіндік береді (2 Қор. 4:17 қар-з).

Иса мені қолдайды (Рим. 8:34 қар-з).

Құдайдың қолында ойластырылған жамандық ақыр соңында игілікке айналады (Жар.баст 50:20 қар-з).
а) Осы шындықтар сіздің тұрмыстық қиындықтарға және оларды жеңу бойынша іс жүзіндегі тәжірибе алуыңызға қалай әсер етті? Осы кітапты оқып шығып, сіз өз үлесіңізге тиген қиындықтарға қатынасыңызды өзгерттіңіз деп айтуға бола ма? Солай болса, қалай өзгерді?

б) Қазіргі сәтте өзіңіз үшін аса маңызды екі-үш шындықты көрсетіңіз. Олар қандай рухани мұқтаждықтарыңызды толастырады?

в) Өзіңіз үшін қазіргі сәтте өзекті, жоғарыда келтірілген бір немесе бірнеше шындықты бірінші жақтан әңгімелеп түсіндіріңіз. Мысалы: «Өзімнің ертең неге кез болатыным Құдайға аян. Өмірімдегі ешбір қиындық, Оған Өз ой-ниетін жүзеге асыруға кедергісін келтірмейді. Мен жалғыз болғанда Құдай менің жанымда. Менің азаптарым мәнсіз емес — Құдай оларды өзімді үйрету үшін қолданады және оларды менің игілігіме айналдырады».

г) Қалай еткенде, осы мәтін Құдайдың өзіңізге қатысты адалдығын есіңізге түсіріп отырады. Мысалы, оны екі-үш досыңызға жіберіп, апта ішінде өзіңізге қайта электрондық пошта немесе смс-хабар ретінде жолдап отыруын өтініңіз. Мәтініңіз сілтейтін киелі кітаптық үзіндіні жаттап алыңыз немесе оны күнделікті көзіңізге түсетін жерге қойыңыз. Оны кішкене карточкаға теріп жазып, осы қиын кезеңнің өзінде сеніміңіздің өсетінін көзіңіз шалып, есіңізге түсіретіндей етіп бөлме өсімдігінің ыдысына сүйеп қойыңыз.


2. «Құдай өміріңіздің орталығына айналғанда, барлық қиындықтар біздің игілігімізге айналады».
а) Бір парақ қағазда үш бағаннан тұратын кестені сызыңыз, оларға солдан оңға қарай: «Қиындық», «Құдай», «Игілік» деп тақырып беріңіз.

б) Бірінші бағанда өзіңіз бүгін кезіккен қиындықтарға қатысты екі-үш тіркес жазыңыз.

в) Дұға етіп, екінші бағанда өзіңізге бүгінгі қиындықтарыңызды шешуге көмектесетін Құдайдың қасиеттерін жазыңыз.

г) Үшінші бағанда, сіздің жағдайыңызды шешуге Құдайдың килігуінің нәтижесінде өзіңіз байқаған кез келген артықшылықтарды жазып түсіріңіз. Егер өміріңіздегі оң өзгерістерді анықтауға қиналсаңыз, келешекте қандай артықшылықтарға ие болатыныңыз туралы ойланыңыз. Мысалы:




Қиындық

Құдай

Игілік

Мен жұмысымнан айрылдым.

Құдайдың билігі шексіз және Ол жомарт. Ол мені қамқорынсыз қалдырмайды. Менің қиындықтарым Ол үшін кедергі немесе қиындық емес.

Менің қауіпсіздігім бұдан былай менің уайымым емес. Менің қауіпсіздігім Құдайдың қолында

3. Кристина Кейннің оқиғасын әңгімелеп, Макс Лукадо бізге Өз нұрын төгу үшін Құдай біздің азаптарымыздың саңылаусыз түнегін қалай қолданатынын көрсетті.


а) өзіңіз толтырған таблицадағы жазуларды талдап, Құдай сізді осы әлемге қандай нұр төгуге шақырып тұрғанын ойлаңыз.

б) Құдайдың шақыруы, сізден бірден және толық түсіністікті әрі келісіміңізді күтпейді — сізден тек бір нәрсе: кішкентай болса да келесі қадам жасау талап етіледі. Құдайдың шақыруына жауап ретінде, таяудағы жиырма төрт сағат ішінде өзіңіз қандай қадам жасай алар едіңіз?


4. 1-ші Тарауда бүкіл кітапқа сарын беретін қолдау бар: Сенің қолыңнан келеді. Иә ауыр болады, бірақ төзуіңе тура келеді. Құдай осы қайғыны сенің игілігіңе айналдырады. Қазір жігеріңді жасытпай, албырт қиялдарға бой алдырмай және ақымақтық жасамауға тырысу керек. Бірақ үмітіңді үзбе, сонда Құдайдың көмегімен сен бұны еңсере аласың».
а) Егжей-тегжей талдамай-ақ, оқыған кітаптан алған әсеріңізді бейнелеп түсіндіріңіз. Құдай өзіңізге қалай қамқорлық көрсеткенін көрсетіңіз. Ол жұбату, қолдау, даналық, қамтамасыз ету болды ма? Немесе басқа бір нәрсе ме?

б) Құдайдың өзіңізге көрсеткен қамқорлығы, сізге қиындықтарыңызды жеңуге қалай көмектеседі?

в) Асықпай дұға ету үшін уақыт бөліңіз. Құдайға, қандай болмасын өзіңізге көрсеткен қамқорлығы үшін рақмет айтыңыз. Өзіңізді дәл қазір толғандыратын нәрсені Оған сеніп тапсырыңыз және Одан өзіңіз бәрінен де мұқтаж нәрсені сұраңыз. Тыныштықта отырып, Құдайдың өзіңізді жақсы көретінін мойындауын күтіңіз. Дұғаңызды аяқтап, Иемізге Оның қандай екеніне және өз өміріңізге құдіретті ықпалы үшін рақмет айтыңыз.
Ескертулер
1 Тарау. Сенің қолыңнан келеді

1. Spiros Zodhiates, ed., The Hebrew-Greek Key Word Study Bible: Key Insights into God’s Word, New American Standard Bible, rev. ed. (Chattanooga, TN: AMG, 2008), Жар.баст 50:20. Сондай-ақ: «Greek/Hebrew Definitions», Bible Tools, Strong’s #2803, chashab, www.bibletools.org/index.cfm/fuseaction/Lexicon.show/ID/H2803 /chashab.htm. қар-з.

2. Осы сөз Жар.баст 13:4 («құрбандық беретін орын тұрғызған жерге»), Әйүп 9:9 («Ол аспандағы Жетіқарақшы, Көгалдай мерген, Үркерді …жаратты») және Нақыл сөз 8:26 («Тәңір Ие әлі жаратпастан бұрын жер, дала, әлемнің алғашқы топырағын») кездеседі.

3. Zodhiates, The Hebrew-Greek Key Word Study Bible, Быт. 50:20. См. также: Strong’s Exhaustive Bible Concordance Online, #6213, www.biblestudytools.com/lexicons/hebrew/nas/asah.html.

4. Өзін мадиамдық көпестерге сатқанда Жүсіп шамамен он жеті жаста еді (Жар.баст 37:2 қар-з). Өзін түрмеден шығаруды уәде еткен, бас шарапшыға рақым көрсетілгенде Жүсіп жиырма сегізде болатын (Жар.баст 40:21–23 қар-з). Екі жылдан кейін отыз жасар Жүсіп, перғауынның түстерін жоруға шақырылады (Жар.баст 41:1, 46 қар-з). Молшылықтың жеті жылынан кейін келген аштықтың екінші жылы, ағалары Мысырға екінші рет келгенде Жүсіп шамамен отыз тоғызда болды (Жар.баст 45:1–6 қар-з).

2 Тарау. Мысырға бару

1. «Өйткені мысырлықтар үшін ұсақ мал бағушылар жиренішті» (Жар.баст 46:34).



3 Тарау. Жалғыз, бірақ түбінде жалғыз емес

1. Джей-Джей Джаспер, автормен бейресми әңгіме. Оның рұқсатынан қолданылды.

2. Thomas Lye, «How Are We to Live by Faith on Divine Providence?» in Puritan Sermons 1659–1689 (Wheaton, IL: Richard Owen Roberts, Publisher, 1981), 1:378.

3. Edward Mote, «The Solid Rock», in Sacred Selections for the Church, comp. and ed. Ellis J. Crum (Kendallville, IN: Sacred Selections, 1960), 120. «Мызғымас жартас» мадақтау әні (ағылшын бақташы ЭдвардМоуттың сөзі (1797–1874)).

4. Saint Augustine: Sermons on the Liturgical Seasons, trans. Sister Mary Sarah Muldowney (New York: Fathers of the Church, 1959), 85–86.

4 Тарау. Ақымақтықты ақымақтықпен түзей алмайсың

1. Жар.баст 39:5.

2. David M. Edwards, «Song Story; Take My Hand, Precious Lord: The Life of Thomas Dorsey», Worship Leader Magazine, March/April 2010, 64–65. Copyright © 2010 by Worship Leader Partnership.

3. Ibid., 65.

4. Thomas A. Dorsey, «Take My Hand, Precious Lord» (Hialeah, FL: Warner-Tamerlane, 1938, renewed).

5. Edwards, «SongStory», 65.



5 Тарау. А, бұл бар болғаны дайындық па еді?

1. Howard Rutledge and Phyllis Rutledge with Mel White and Lyla White, In the Presence of Mine Enemies 1965–1973: A Prisoner of War (New York: Fleming H. Revell, 1975), 33, 35.

2. Spiros Zodhiates, ed., The Hebrew-Greek Key Word Study Bible: Key Insights into God’s Word, New American Standard Bible, rev. ed. (Chattanooga, TN: AMG, 2008), #977, p. 1817. См. также: Strong’s Concordance with Hebrew and Greek Lexicon, http://www.eliyah.com/cgi-bin/strongs.cgi?file=hebrewlexicon&isindex=977.

3. Bob Benson, «See You at the House»: The Stories Bob Benson Used to Tell (Nashville: Generoux, 1986), 202–203.

4. Rutledge and Rutledge, In the Presence, 39, 52.

6 Тарау. Құдай әрекет етіп жатқанда, сабыр сақта

1. Забур 45:11.



7 Тарау. Құламайтын күлдіргі-қуыршақ

1. JayKirk, «BurningMan», GQ.com, February 2012, www.gq.com /news-politics/newsmakers/201202/burning-man-sam-brown-jay-kirk -gq-february‑2012, 108–15; СэмБраун, автормен бейресми әңгіме. Оның рұқсатынан қолданылды.



8 Тарау. Өміріңде бәрі ойдағыдай болмағанда, Құдай бұрынғысынша игі болып қала бере ме?

1. ChristynTaylor, CaringBridge.org, August22, 2010, created at http:// www.caringbridge.org/visit/rebeccataylor1. Оның рұқсатынан қолданылды.

2. Joni Eareckson Tada, «God’s Plan A», in Be Still, My Soul: Embracing God’s Purpose and Provision in Suffering, ed. Nancy Guthrie (Wheaton, IL: Crossway, 2010), 32–33, 34.

3. Donald G. Bloesch, The Struggle of Prayer (Colorado Springs, CO: Helmers and Howard, 1988), 33.

4. Taylor, CaringBridge.

9 Тарау. Өтінем, аз маз болса да ризашылық айт

1. Henry Ward Beecher, Proverbs from Plymouth Pulpit: Selected from the Writings and Sayings of Henry Ward Beecher, comp. William Drysdale (NewYork: D. Appleton, 1887), 13.

2. Оның оқиғасымен бөлісуге рұқсат берген Даниэльге ерекше алғыс.

10 Тарау. Отбасылық реніштер туралы сөйлесейік

1. Жар.баст 37:2.

2. Жар.баст 43:30; 45:2, 14–15; 46:29; 50:1, 17.

11 Тарау. Кек қайтару масайратады, бірақ кейін…

1. «Spite House», New York Architecture Images, nyc-architecture.com, http://nyc-architecture.com/GON/GON005.htm.

2. Strong’s Exhaustive Bible Concordance Online, #5117, www.biblestudytools.com/lexicons/greek/nas/topos.html.

12 Тарау. Жоғары Билеуші — сенің Бауырың

1. Rick Reilly, «Matt Steven Can’t See the Hoop. But He’ll Still Take the Last Shot», Life of Reilly, ESPN.com, March 11, 2009, http:// sports.espn.go.com/espnmag/story?id=3967807. См. также: Gil Spencer, «Blind Player Helps Team See the Value of Sportsmanship», Delaware County Daily Times, February 25, 2009, www.delcotimes.com /articles/2009/02/25/sports/doc49a4c50632d09134430615.

2. Қарындасын зорлағаны үшін кек қайтарып, Шимон мен Леуі Сихем ауылының барлық ер-азаматтарын өлтірген. (Жар. баст 34).

13 Тарау. Қоштасулармен қош айтыс

1. «John Herschel Glenn, Jr. (Colonel, USMC, Ret.) NASA Astronaut (Former)», National Aeronautics and Space Administration, Biographical Data, www.jsc.nasa.gov/bios/htmlbios/glenn-j.html.

2. Bob Greene, «John Glenn’s True Hero», CNN.com, February 20, 2012, www.cnn.com/2012/02/19/opinion/greene-john-annie-glenn /index.html.

3. Стив Чапменмен 2011 жылғы 30 қарашадағы әңгімеден. Оның рұқсатынан қолданылды.

4. Todd Burpo with Lynn Vincent, Heaven Is for Real: A Little Boy’s Astounding Story of His Trip to Heaven and Back (Nashville: Thomas Nelson, 2011), 94–96.

14 Тарау. Сабырлық сақта және берік бол

1. «The Story of Keep Calm and Carry On», YouTube video, 3:01, posted by Temujin Doran, www.youtube.com /watch?v=FrHkKXFRbCI&sns=fb. См. также: Keep Calm and Carry On: Good Advice for Hard Times (Kansas City, MO: Andrews McMeel, 2009), introduction.

2. Jim Collins, «How to Manage Through Chaos», CNN Money, September 30, 2011, http://management.fortune.cnn.com/2011/09/30 /jim-collins-great-by-choice-exclusive-excerpt.

15 Тарау. Қиындық. Құдай. Игілік

1. Christine Caine, Undaunted: Daring to Do What God Calls You to Do (Grand Rapids: Zondervan, 2012), 48.

2. Ibid., 48–49.

3. Ibid., 191.

4. Кристина Кейн, 2012 жылы 8 қарашада болған туындыгермен бейресми әңгіме. Оның рұқсатынан келтірілді.

Ойлануға сұрақтар

1. Francis Brown, S. R. Driver, Charles A. Briggs, Brown-Driver-Briggs Hebrew and English Lexicon (Peabody, MA: Hendrickson, 1996), 595–596.

2. C. S. Lewis, The Problem of Pain (New York: Macmillan, 1962), 93.

3. Dallas Willard, The Divine Conspiracy: Rediscovering Our Hidden Life in God (San Francisco: HarperSanFrancisco, 1998), 344.

4. C. S. Lewis, God in the Dock (Grand Rapids: Wm. B. Eerdmans, 1970), 52.

5. Craig L. Blomberg and Mariam J. Kamell, James, vol. 16 of Zondervan Exegetical Commentary on the New Testament, gen. ed. Clinton E. Arnold (Grand Rapids: Zondervan, 2008), 49.

6. Scot McKnight, The Letter of James, The New International Commentary on the New Testament (Grand Rapids: Wm. B. Eerdmans, 2011), 71.

7. Alexander Schmemann, For the Life of the World: Sacraments and Orthodoxy (Crestwood, NY: St. Vladimir’s Seminary Press, 1973), 15.

8. Hartmut Beck, New International Dictionary of New Testament Theology, vol. 2, gen. ed. Colin Brown (Grand Rapids: Zondervan, 1986), «paradidōmi».

9. C. S. Lewis, The Great Divorce (New York: Macmillan, 1946), 67. Н. Трауберг аудармасындағыК. С. Льюистің «Некені бұзу» кітабынан.

10. Roald Amundsen, The South Pole (Seattle: CreateSpace Independent Publishing Platform, 2012), 139.

11. Dallas Willard, Renovation of the Heart: Putting on the Character of Christ (Colorado Springs: NavPress, 2002), 127.



1 Эверглейдс — Флориданың оңтүстігіндегі ірі ұлттық саябақ (АҚШ), ол батпақты тропиктер мен шабындықтарда орналасқан, «шөпті өзен» деген атқа ие.  осы жерде және одан әрі мәтін асты ескертулердің бәрі аудармашынікі.

1 Марди Гра (фр.Mardi gras, сөзбе-сөз семіз сейсенбі дегенді білдіреді) — католиктердің Ұлы оразасы басталардағы Күлді сәрсенбінің алдындағы сейсенбі, ол жеті «семіз күннің» аяқталуын білдіреді (орыстың Бәрін жеуге болатын аптасына ұқсас).

1 Багги — жеңілдетілген спорттық жоғары маневрлі, әдетте ойқы-шойқы жерлерде жарыстарда қолданылатын спорттық автомобиль.

1 1776 ж. АҚШ тәуелсіздігінің Декларациясына қол қойылған күн, ұлттық мереке.

1 Махалия Джексон (1912–1972) — госпел және спиричуэлс жанрындағы музыканың қазіргі айтылуын айқындаған америкалық ұлы әнші.

 Евгений Соловьев, 2009, Э. Преслидің альбомынан «Рождественский альбом Элвиса» әндер аудармасы («Elvis’ Сhristmas Album»).

1 «Жаралы жүректер мейманханасы» — 1956 ж., Элвис Преслидің, оныатақты еткен әні.

1 MSG, немесе The Message, — осы жағдайда Макс Лукадо жүгінген, Юджин Петерсон жүзеге асырған Киелі кітаптың қазіргі аудармасы. Осы үзіндінің синодалдық аудармасы:«Егер сендер осылай тәрбиеленсеңдер, онда Оның шынайы рухани балалары болмағандарың. Әке-шешелеріміз бізді өз пайымдауларынша шектеулі уақыт аралығында жазалап та тәрбиелесе, Құдай бізді нағыз игілігіміз үшін басымызға қиыншылықтар туғызып тәрбиелейді. Осылайша Өзінің қасиетті болғанындай бізді де қасиетті етуді көздейді».

1 Әлемдік серия — бейсболдың бас лигасының шешуші ойындар сериясы. 1969 ж. 4:1 есебімен «BaltimoreOrioles»тіжеңген «New York Mets» командасы жеңімпаз атанды.

 Пиньята(исп.Piñata) — ірі көлемді папье-маше немесе орайтын жеңіл қағаздан, ою-өрнектеліп және безендіріп жасалатын мексикалық іші қуыс ойыншық. Өзінің формасымен ол жануарлардың (әдетте жылқылардың) фигурасын жасайды немесе ішіне балаларға арналған түрлі тәттілермен сыйлықтарға толтырылған геометриялық фигуралар.

1 «Chick-Fil-A» — тауықтан тағамдар пісірумен шұғылданатын, тез тамақтану мейрамханаларының ірі желісі. «Eat Mor Chikin» («Тауықты көбірек же») желілік жарнамасында сүйкімді сиырлар келушілерге құс етін жеуін өтінеді.

2 Пух-Бах (англ. Pooh-Bah) — бірден бірнеше лауазымда отырған адам («Микадо» комедиялық опера кейіпкерінің есімі бойынша).

1 Джиу-джитсу яп. дзю (жұмсақ, иілгіш, икемді, көнгіш) және дзюцу (техника, тәсіл), дәлме дәл жұмсақтық шеберлігі) — қоян қолтық күрес шеберлігі, оның негізгі принципі икемді, көнгіш іс қимыл техникасы болып табылады.

1 есім «Марвиннің тағдыры» атты поэмадан алынған, оны Айманың ағасы Томас Хогг жазған. Ima Hogg, есімі мен тегін қосып айтқанда ағылшынша I’m a hog («Мен шошқамын) деп естіледі. Айма өмір бойы есімін түсініксіз етіп жазып немесе Хогг ханым деп жазып өзінің есімін жасыруға тырысты.

1 «Көрсет және әңгімеле» — кіші сыныптағы балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту үшін жаттығу.

1 Таймс-саябағы — Нью-Йорктегі Манхэттеннің орталық бөлігіндегі аудан, қаланың танымал жерлерінің бірі.

1 Чирлидер (ағылш. cheerleader) — матч алдында және үзілістерде стадионда көрініс көрсететін спорттық команданы қолдау тобына қатысушылар (көбіне қыздар).

1 Сұр фланель костюм — АҚШ-та офис әлемінің әмбебап униформасы.

2 Анестетиктер — толықтай анестезия (ауыртқызбаушылық) жасауға қабілетті емдік дәрілер.

Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет