Құнарлы мал азығына энергетикалық қуаттылығы мен қоректілік құнарлылығы жоғары, құрғақ затындағы жасунығы - 19%-дан аспай, 1 кг- дағы қоректік заттар қосындысы — 0,5 кг-нан, жалпы қоректілігі — 0,65 азық өлшемінен асатын азықтар жатады. Оларға:
мал азығына жұмсалатын дән;( арпа, жүгері, бидай, сұлы, қара бидай, тары, сорго, т. б. астық тұқымдастар дәні)
дән қалдықтары және кебегі;
өсімдік май өндірісінің күнжара мен шрот түріндегі қалдықтары кіреді.
Құрғақ затындағы жасұнықтың көлемі бойынша ірі жемшөпке жатқызылатын шөп ұнын (витаминная мука) жалпы қоректілігі бойынша құнарлы азыққа жатқызады.