Мал азығының түрлері Коректілігіне, физикалық жағдайы т.б. қасиеттеріне қарай:
Табиғи;
Жасанды.
Табиғи азықтар тегі бойынша:
өсімдік тектес;
жануар тектес болып бөлінеді.
1.2 Жасанды азықтарға – химия өндірісінің және микробиологиялық түзудің өнімдері кіреді.
Өсімдік тектес азықтарға:
физикалық жағдайы мен құрамындағы коректік заттардың шоғырлану дәрежесіне сәйкес:
аумақты;
құнарлы топқа бөлінеді.
аумақты азықтарға 1 кг құрғақ затында 0,5 килограммнан төмен қорытылатын коректік заттар шоғырланған, құрамында ылғалдығы немесе клетчаткасы мол азықтар жатады. 1 кг құрғақ затының қуаттылығы 0,65 азық өлшемінен, яғни 7,1 мега джоульденаспайды.
Бұл топқа Көк, ірі және шырынды жемшөп кіреді.
Ылғалды мал азығының ең үлкен тобы көк азық(көк шөп, балауса). Көк шөпке табиғи және қолдан еккен көк өсімдіктердің жер бетіндегі жапырақ, сабақтары жатады.
Ірі азық құрғақ затында 19%-тен астам клетчатка болады, оларға:
Барлық пішен түрлері, сабан, қырман қалдықтары (топан, диірмен дән қабығы, ұшындысы)
Шырынды азықтарға:
Көк балауса шөп, тамыр-түйнек жемістілері, сүрлем, пішендеме, химиялық жолмен сақталған көк азықтар кіреді.