Мал өcipy. Алматы:Қайнар, 1995



бет23/24
Дата18.02.2017
өлшемі5,89 Mb.
#9897
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

320

(зоб) балға толтыру үшін ғана келеді. Жалпы еркек араларда белгілі бір омартаға тұрақтылық жоқ. Олар ыңғайы келген бір омартадан екінші омартаға көшіп жүреді. Әсіресе омартада жас ұрғашы аралар көп болса, олар да сол жерге үйір болады.

Сайьш келгенде, еркек аралар неғұрлым көп болса, аналық аралардың алысқа ұшпай омартаның маңайында ұрықтануына толық мүмкіншілік туады. Омартаның үстінде еркек араның қаптап ұшьш жүруі, екі жыныстың да тезірек кездесуіне ең қолайлы жағдай туғызады.

Жұмысшы ара. Омартаның негізін қалайтын жұмысшы аралар. Олардың саны ара семьясында әр түрлі болады. Қыстан шыққан орташа ара семьясында, яғни көктемде олардың саны 14—18 мың, күшті ара семьясында жазда — нағыз бал беріп жатқан кезде олардың саны 80 мың, кейде тіпті 100 мыңға дейін жетеді.

Көлемі жағынан ара семьясының ішіндегі ең кішісі жұмысшы аралар. Олардың денесінің ұзындығы 12—15 мм, салмағы 90 мг. Бірқалыпты ара семьясындағы барлық жұмысшы араларды екі топқа бөлуге болады. Олар ұшпайтын (омартада) және ұшатын (далада) болып бөлінеді. Ұшпайтын топқа 14—20 күндік аралар жатады. Олар омартаның ішіндегі жұмыстарды орындайды. Сыртқа тек ішек ішіндегі артық заттарды шығарып тастау үшін ғана шығады. Ұшатын топқа сақа аралар жатады. Олар өте жақсы ұшады, күніне бірнеше рет ұшып шығып гүл тозаңдарын, тәтті шырындарды жинап, бүкіл семьяны азықпен қамтамасыз етеді.

Жұмысшы аралар дегеніміз көбею мүшелері толық жетілмеген ұрғашы аралар. Олар еркек аралармен шағылыса алмайды. Соған орай ұрықтанған жұмыртқаларды балауыз ұяшықтарға салуға мүмкіндігі жоқ. Сайып келгенде, жұмысшы аралар ұрғашы аралар бола тұра ара семьясының тіршілігін қамтамасыз ете алмайды. Бірақ оларда аналық инстинкті жақсы дамыған.

Жұмысшы аралар өздерінің бар тіршілігін (30—35 күн) ты-нымсыз да пайдалы еңбекпен өткізеді. Аралардың үлесіне “балалық шақ” тимеген десе де болады. Өйткені тіршілігінің екінші немесе үшінші күнінен кейін-ақ жас аралар балауыз ұяшықтардың түбін, қабырғаларын тазалап, оның санитарлық жағдайын қадағалай бастайды. Төрт күн тіршілік еткеннен кейін бал және гүл тозаңдарының қосындысымен личинкаларды қоректендіруге кірі-седі. Омарта маңын бағдарлап ұша бастайды. Өздерінің болашақ қанатты “қарындастарын” қоректендірген 6 күннің ішінде олар әрбір личинкаға 8 мың рет азық тасиды. Жетінші күннен бастап жұмысшы араның ұрғашы ара мен болашақ ұрғашы аралардың личинкасын қоректендіруге қажетті, сүт шығатын жоғары жак бездері қызмет істей бастайды. 12—18 күннен кейін олардың ба-лауыз ұяшықтары құрылысын салуға кіріседі. Осы кезеңде жұ-мысшы аралар күзет және тәтті шырын қабылдау қызметтерін ат-қарады. Сондай-ақ ара тұқымдары маңында тірі “көрпе” ретіндө қажетті жылу сақтайды. Жұмысшы аралар болашақ ұрпақтардың жақсы жетілуі үшін омартада ауа алмасуының ойдағыдай болуын



321

қадағалайды. 15—18 күннен кейін аралар өздерінің ең құрметті борышы — тәтті шырын мен гүл тозақдарын жинауға кіріседі.

Аралар тәтті шырынның, гүл тозаңдары мен судың мол көздерін барлауға шығып тұрады. Олар гүл тозаңдарын көп мөлшердө жинап, тәтті шырынды сілекейлерімен ылғалдап, артқы екі аяғында болатын арнайы қуыстарға салады. Тек жұмысшы араларда ғана ерекше балауыз бездері болады. Балауыз жасайтын аралар 3—5 күннен кейін-ақ айнашықтарынан жұқа балауыз шығара бастайды. Ал 12—28 күннен кейін, әсіресе омартада гүл тозаңдары мен бал бар кезде, олардың- балауыз шығаратын бездері ең жоғары дәрежеде жетіледі. Олар өздерінің қысқа тіршілігінің барлық кезеңінде аянбай тынымсыз еңбек етеді.

Омартада әрдайым тазалық сақталады. Аралар ұя қабырғаларын, саңлауларды процолиспен жалтыратып бітеу өнерлерін жете меңгерген. Кездейсоқ тәтті бал жеп рақаттанғысы келген тышқан омарта ішіне кіріп кетсе, аралар өткір бізгектерімен оны шағып өлтіреді. Өліктің шіріп, иістенбеуі үшін оны қолма-қол иіс өткізбейтін прополиспен жабындап тастайды. Ара омартасының ауасы әрқашан жеңіл, таза болады. Олар өз тұрақтарының ауасын жеңілдетіп қана қоймай, ондағы температураның біркелкі болуын да қадағалап отырады.

Жаздың ыстық күндерінде омартаның кірер жеріндегі алаңшада, қанаттарын қаққан аралар тізбегін көруге болады. Олар омарта ішіне салқын ауа айдап тұрган желдеткіш аралар. Сыртта ауа салқындаса аралар рамаларға шоғырланып, жылу шығынына жол бермейді, зат алмасуын ұлгайту арқылы денелерінің жылуын арттырьш, омарта ішінде бірқалыпты температура сақтайды. Кейбір аралар омартаға кіре берістегі алаңшаны күзету қызметін атқарады. Олар алғашқы дабыл бойынша кездейсоқ жәндіктерге қарсы тұрады.

Егер омартаны ашып, үяшықтарда құжынап жүрген мыңдаған араның қимылына көңіл аударсаңыз олардың бір сәт те дем алмай өздерінің шегі жоқ, толып жатқан міндеттерін тынымсыз атқаратынына көзіңіз жетеді.

Аралар тіршілігінің ұзақтығы. Аралар жасының ұзақтығы олардың қорегінің сапасы мен жасаған жұмыстарының мөлшеріне тікелей байланысты.

Жұмысшы ара сақайған шағында балмен қоректенеді. Көмір-тектес азық ыдырағанда жылу және бұлшық еттер қуатына айна-лады, Белокты азықтар тозған, қажыған органдарды қалпына келтіру үшін қажет. Сондықтан жаз айында жұмыртқадан шыққан аралар онша ұзақ тіршілік ете алмайды. Олар бар болғаны 35—37 күн ғана тіршілік ете алады. Өйткені олар тыным таппай гүл тозаңдарын, тәтті шырын жинаумен қажып, шаршайды. Шамадан тыс көп қуат жұмсайды. Ал жұмыртқадан сентябрьде шыққан араларға жаздағыдай көп жұмыс жоқ. Олардың үлесіне жас жұмысшы араларды баулу тиеді. Сондықтан олар 7—8 ай, кейде одан да көп тіршілік етеді.



322

Бал жинауға ауа райы қолайлы болса аралар да тынымсыз жұмыс істейді. Соның салдарынан олар ұзақ тіршілік ете алмайды.

Ұрғашы аралар бірнеше жыл, кейде 5 жылға дейін тіршілік етеді. Ол көп уақыт /кұмсайтын бал жинау жұмысына қатынаспайды. Жұмыртқа салатын кезінде күтімі өте жақсы, қорегінің құрамында организмдерді тез қалпына келтіретін белокты заттар көп болады. Міне осы жағайлардың бәрі ұрғашы араның ұзақ тіршілік етуіне себін тигізеді.

Еркек аралардың тіршілігі 4 айта ғана жетеді. Әрине еркек ара-лардың бәрі бірдей бұл шамаға да жете бермейді. Өйткені негізгі бал жинау жұмысы аяқталысымен, оларды омартадан қуып шығады. Ал ұрықтандыра сала өліп қалатын еркек аралар туралы айтып қажеті де жоқ. Өйткені олар ұрғашы аралармен шағылысқан сәтте-ақ келеді. Оның жыныстық бездері жетілгеннен кейін бірнеше күннен соң-ақ өліп қалуы ықтимал.



Аралардың жұмыс қабілеті. Ара сөмьясы ара өсірушінің өсім-діктерді тозаңдатушы, тәтті шырын жинайтын және ара балауызын өндіретін шикізат беретін құралы. Жұмысшы араның жұмыртқадан шыққан күнінен бастап, өлгенге дейінгі тіршілігін қадағалап байқап отырсақ, олардың жұмыс қабілетіне қайран қаласың. Әрине, олардың ішінде көп жұмыс істемей бос жүретіндері де болады. Мысалы, жаздың жауынды күндері олар омартадан шыға алмайды. Сонда олар не істейді? Олар омартаның ішінде жұмыс істейтін араларға көмектесе ме? Жоқ, олар ешкімге де көмектеспейді екен. Ашық күндерді күтіп, келесі гүл тозаңдарын және гүлдің тәтті шырындарын жинауға дайындалып, балауыз ұяшықтарының үстінде отырады. Мұның бәрі де ара өсірушілерге тікелей байланысты: Біз әлі күнге дейін ара семьясына жүз процент жұмыс істетуді үйренө алмай жүрміз. Ол үшін ара семьясының жұмбағын тереңірек зерттеп, толық пайдалануға мүмкіндік туғызуымыз қажет.

Ара тұқымдары. Еліміздің әр түрлі аймақтарының табиғаты да, климаты да әр түрлі. Сондықтан да ара тұқымдары да әр түрлі болып келеді. Олар мыңдаған жылдар бойы сол табиғи жағдайға бейімделген. Бір-бірінен сыртқы түрі, мінез-құлқы және шаруа-шылыққа пайдалы белгілері арқылы ажыратылады. Негізгі кең тараған тұқымдарға орман арасы, украина арасы, кавказ арасы жатады.

Орман арасы орманды жерлерде өсіріледі. Украина арасынан үлкен, түсі қаралау болып келеді. Балауыз ұяшықтарын аппаң балмен жабады.

Украина арасы далалы және қара топырақты аймақтарда өсі-ріледі. Орманды аймақта өсірілетін аралардан айырмашылығы — түсі ақшылдау, түмсығы ұзын, гүл тозаңдарын жинауға епті келеді. Балауыз ұяшықтарын олар да орман аралары сияқты аппақ балмен жабады. Оларға тек түтінсіз және арнайы жасалған тор маскасыз жақындау қиын.

Кавказ арасы Кавказда өсіріледі. Оларды түсіне қарай сары,

323

таулық сұр, абхаз арасы және солтүстік Кавказ арасы деп төрт топқа бөледі. Бұл аралардың тұмсығы ұзын. Сондықтан басқалар-мен салыстғанда олар қызыл жоңышқаны жиі пайдаланады. Қазір олар Кавказда кең тараған. Кавказда өсірілетін аралардың барлық тұқымы адамдарды шақпайды. Сондықтан олармен түтінсіз және арнаулы тор маскасыз жұмыс істеуге болады.

Араның дене құрылысы. Араның денесі қатты қабыршақпен қапталған. Қатты қабыршақ араның ішкі жұмсақ органдарын сыртқы механикалық әсерлерден, атмосфераның зиянды әрекетте-рінен сақтайды және бұлшық еттердің бекінуіне мүмкіндік береді.

Араның денесі үш бөліктең: бастан, кеудеден және құрсақтан тұрады. Денесінің үшке бөлінуінің ара тіршілігіне зор маңызы бар. Әсіресе басының өз бетінше қозғалуы гүл тозаңдарын жинауда, басын кез-келген бағытқа бұруына мүмкіндік береді. Ұрғашы және жұмысшы аралардың басы үш бұрышты болып келеді. Еркек араның басы жалпақ және жұмысшы араныкінен үлкен болады.

Әр араның басында аузы, мұртшалары және екі күрделі көзі мен үш қарапайым көзі бар.

Кеуде бөлігіндё аяқ пен қанаттары орналасқан. Құрсақ бірнеше сегменттерден тұрады. Оның тыныс алу және жұмыртқа салу кезінде көлемі өзгеріп отырады. Құрсақ өте қозғалғыш келеді. Ол өсімдік тозаңын жинауда үлкен көмегін тигізеді.



Ара ұясы. Орманда және тауда мекендейтін жабайы аралар өздерінің ұяларын ағаштың қуысына, үңгірлерге салады. Әрине, ұя желдің өтінен, жауын мен қардан таса жерге салынады. Құрылыс материалына балауыз пайдаланылады. Сол балауыздардан балауыз ұяшықтарын құрады. Ағаш қуысының және үңгірлердің көлеміне қарай балауыз ұяшықтарының да мөлшері әр түрлі болады.

Қолда өсірілетін аралар ұяларын омартада рамкада салады да, олардың балауыз ұяшықтары бірдей болады. Мұндай балауыз ұя-шықтарды омартадан алып қарауға, бір жерден екінші жерге ауыстырьш қоюға мүмкіндік бар.

Араның балауыз ұяшықтарының мөлшері екі түрлі — ұсағырақ және үлкенірек ұяшықтан тұрады. Ұсағырақ ұяшықтар гүл тозаңынан алынған балды салу үшін пайдаланылады және осы ұяшықтардан жұмысшы аралар, ал ірірек ұяшықтардан еркек аралар шығады.

Аралар балауыз құрылысының бәрін түнде жасайды. Демек, оларға құрылыс кезінде көздің қажеті жоқ. Өйткені оларда сезім мүшелері өте жақсы жетілген. Аралар балауыз құрылысты өте шапшаң, тез арада салып бітіреді.

Зат алмасу процесі. Қоректік заттардың және ауадағы оттегінің организмге енуіне байланысты олардың денеде өзгерістерге ұшырауы және қайта өңделуі, қорытылмаған заттардың денеден бөлініп шығуы, міне, осы барлық процесті зат алмасу деп атайды.

Аралардың бірқалыпты тіршілігі тек организмдегі дұрыс зат



324

алмасуға байланысты. Бұл процесс бұзылса аралар өлім-жітімге ұшырайды. Араларды үнемі құнды азықтармен қамтамасыз етіп отырса ғана олардың зат алмасуы бірқалыпты жүреді. Мұндай құнды заттарға белоктар, углеводтар, майлар, витаминдер, мине-ралды тұздар және су жатады.

Организмдегі зат алмасу негізінде ас қорыту, қан айналысы, тыныс алу және зәр шығару органдары жәрдемімен жүзеге асырылады.

Ас қорыту органы. Ара органдарының ішінде ас қорыту ор-гандарының құрылысы ерекше. Мысалы личинка дайын азықты қорытуға бейімделген. Сондықтан оның құрылысы онша күрделі емес. Сақаларында ас қорыту органдары азықтың қандай түрі болса да қорыта беретін, балды да қорытатын, тоқ ішекте қыс бойы жиналған қиды да ұзақ уақыт сақтайтын күрделі құрылысты болып келеді.

Анатомиялық құрылысына, атқаратын қызметіне қарай араның ас қорыту мүшелерін ас қорыту каналы мен бездөр жүйесіне бөлуге болады.

Ас қорыту каналы ауыздан басталып, тік ішекпен аяқталады. Азық трубка тәрізді сол ішек арқылы жылжып қорытыла бастайды.

Бездер жүйесі — ас қорыту процесіне қатынасатын ферменттер мен басқа да керек заттарды жасайды. Мысалы қарын сөлінің ферменті — пепсин мен ішек сөлінің ферменті — трипсин тек қана белокты заттарға әсерін тигізеді, ал майлар мен көміртегіндік қосылыстарға ешқандай әсері жоқ. Керісінше, амилаза ферменті тек крахмалға ғана әсер етеді. Аралардың сілекей бездерінің қызметі ұрпақ өсірушімен бірге тәтті шырынды балға айналдыруға да негізделген. Араларда тіршілік қажетіне керекті бездер көп-ақ және олардың ара тіршілігінде алатын орны ерекше.

Қан айналу жүйесі. Араларда арнайы тұйық қан айналу жүйесі болмайды. Түссіз қан дененің біраз жерінде қан тамырлары арқылы жүреді де қалған жерінде ол қуысқа төгіледі. Содан кейін барлық ішкі органдарды қанмен шайып өтеді. Тұйық қан айналысы болмағанына қарамастан, қан денеде белгілі бір бағытпен ағады. Оның негізгі қан айналдыру органы — қарыннан басына қарай қан жүгіртіп тұратын арқасындағы бес камералы жүрегі. Әрбір камераңың бүйір қабырғаларында саңылау формалы тесіктер болады. Солар арқылы камералар кеңейгенде жүрекке қан құйылады. Камералар жиырылғанда жүректен қан. ортаға барады да, одан әрі басқа жетіп, миды, сезім органдарын, кеуденің бұлшық еттерін шаяды. Орта ішекті жуып өткенде ңан олардың ңабыргалары арңылы сүзіліп, қорөктік заттар алады. Сондай-ақ қан ара организмін, зәр шығару органдары — мальпигиев сауытында қалған зат алмасу жүйелерін тазалап отырады. Мальпигиев сауыты омыртқалы жануарлардың бүйрегі тәрізді қызмет атқарады.

Сақа араның жүрегі (тіршілік әрекетіне, айналадағы ауаның температурасына және басқа да себептерге орай) ұяда немесе гүл

325

үстінде тыныш отырғанда минутына 65 — 70 рет, қозғалып жүрген-де 100 рет, ал ұшқанда 150 рет соғады. Бұл жағдай қанның үздіксіз жылжып, клеткаларға қоректік заттар және оттегін беріп тұру үшін қажет.

Араның қаны гемолимфа деп аталады. Ол плазма (сұйық бөлік) және гемоцит клеткаларынан тұрады. Мұның ішінде фагоцитоз немесе организмді микробтардан тазалау процесін қамтамасыз етстін лейкоциттер мен фагоциттердің маңызы өте зор.

Тыныс алу органы. Араның тыныс алу жүйесі жақсы жетілген. Оныц омыртңалы жануарлардан айырмашылыгы — ауадағы оттегі бірден қанға түспей, капиллияр-өңеш арқылы тікелей дене клеткаларына түсөді. Өңеш дегеніміз — микрондық жіңішке тү-тікше болъпт табылады. Араның денесіне тыныстатқыш деп атала-тын ерекше' саңылаулар арқылы барады. Мұндай тыныстатқыш ұрғашы, жұмысшы аралар кеудесінде 3 жұп, құрсағында 6 жұп, ал еркек араларда 7 жұп болады. Ара қозғалыссыз тыныш отырғанда тыныстатқыш жабық, тұрады, ал жұмыс істёп немесе ұшқан кезде организмнің оттегін өте көп қажет етуіне орай кеңінен ашылады. . . .

Араның тыныс алуын тыныс орталығы реттеп отырады. Сөйтіп ара организміндегі оттегі мен көмір қышқылының мөлшеріне қарай тыныстатқыш ашылып-жабылып тұрады.



Зәр шығару органы. Зат алмасу кезінде араның денесіне керек емос жоне зиянды заттар жиналады. Осы заттар араның денесінен екі мүше (орган) арқылы — мальпигиев сауыты мен май денелері арқылы сыртқа шығады.

Нерв жүйесі мен сезім органдары. Әр жануар сезім мүшелері арқылы сыртқы ортамен тығыз байланысты болады. Сондықтан олардың жануарлар үшін маңызы зор. Жұмысшы араның, ұрғашы, еркек аралардың барлық органдарының гармониялық қызметін орталық, шеткі және симпатиялық нерв жүйелері басқарады. Орталық нерв жүйесі ми, қарын нерв тізбектеріне бөлінеді.

Ара миы формасы саңырауқұлақ тәрізді, клеткалы қабаттардан тұрады. Жұмысшы аралардың қимыл-әрекетіне күрделі құбылыстар тән. Сондықтан да оның миы, әсіресе ондағы саңырауқұлақ тәрізді бөлшектер ұрғашы және еркек араларға қарағанда анағұрлым жақсы жетілген.

Құрсақ, нерв тізбегі мидың жалғасы болып табылады жәнө бір-бірімен .бітісіп кеткен екі жүйке түйіншегінен тұрады. Осы нерв түйіншектерінен араның құрсақ және бүкіл денесіне жайылған нервтер тарайды. Ара денесінің барлық жерінде нерв түйіншектері орналасқан. Сондықтан да олардың барлық органдары мен бұлшық еттерінің үндесе қызмет етуі миға тікілей байланысты болмайды. Мысалы араның басын кесіп тастаса денесі қимыл-дай береді. Оның үстіне тітіркендіргіштерді ажырата алады, ал бөлініп қалған шағу аппараты шаға береді. Симпатиялық нерв жүйесі мидың маңындағы маңдай түйіншегінен басталады да, ас

326

корыту, қан айналу және тыныс алу органдарына тарайтып ғана нерв түйіншектерінен тұрады.



Иіс сезу органдары. Мидың төменгі жағы екі иіс сезгіш терден тұрады. Осы бөліктер араның иіс сезу органы болып алатын мұрттарына барып жалғасады.

Аралардың иіс сезу органдары мұрттарында немесе антенала рында орналасқан. Әрбір мұртында 500 мыңнан иіс сезетін лаушалары болады. Аралардың 1:500 мөлшерлі және одан шоғырланған, адам сезе алмайтыы заттардың пісін сезетіні талды. Әрбір иіс сезу саңылаушасында нерв бар. Ал саңылаулар аралықтарында түйсік қылшықтары орналасқан. Сөйтіп оның мұрттары әрі иіс сезу әрі түйсік органдары болып табылады Омартаға кіретін алаңшадағы күзетші аралар ұшып келген өз тұрғындары, не бөтен екенін иісінен анықтайды.



Көз. Мидың екі жақ бүйірінде көру бөліктері және күр : көздер орналасқан. Араның екі күрделі, үш қарапайым, барл бес көзі болады. Олар қарапайым көздердің көмегімен гүл ішінде немесе гүл үстінде жұмыс істеп жүрген кезде қашығы — бір-екі сантиметр жердегі, сондай-ақ жақындағы заттарды көреді, ал күрделі көздер алыстағы заттарды көру үшін және күрделі көздер қозғалған заттарды жақсы көреді. нәтижесінде ара ұшып жүріп айналасын тез бағдарлап алады.

Аралардың күрделі көздері бастың екі жағында, ал пайым көзі самайында, еркек аралардың ңарапайым көздері м дайьша орналасқан. Жұмысшы ұрғашы аралардың көздері мың бөлік фасеткалардан тұрады, ал еркек аралардікі сегіз дейін жетеді. Олардан көздің ішіне қарай жіңішкере-жіңішке нерв тармақтарына айналатын түтікшелер тарайды. Әрбір фас ка заттың тұтас көрінісі емес, жеке бөлшектерінің ғана көрінісі қабылдайды.

Аралардың миында заттың мыңдаған бөлшектерінің ғана көріністері шоғырланып, содан кейін ол біртұтас болып қабылдаған ды. Мұндай көру — мозайкалық көру деп аталады. Қазір араладың көк, сары және ақ, түстерді анық айыратыны, ал қызыл түс мүлде аңғармайтыны, жасыл түсті сары және көк түстермён тастыратыны белгілі болып отыр.

Егер аспанды қара бұлт жауып тұрса, олар бұлттарды тесі өтетін ультракүлгін сәулелер арқылы жол табады. Сөйтіп арала адам көзіне көрінбейтін ультракүлгін сәулелерді де сезінеді.



Дәм сезу органы. Аралардың дәм сезу органдары нервтері ба хитиндік дәм айыру таяқшалары түрінде ауыз маңында орналасқан. Бұл орган әсіресе жұмысшы араларда жақсы жетілген. Сондықтан да олар аса сезімтал, дәм айырғыш болып табылады. Мысалы олар төрт проценттік қант шырынын тәтті деп сезінбейді Соған орай онымен қоректенбейді. Өте тәтті сахарин ерітіндісін де пайдаланбайды, ал хининді шырыннан ықыласпен бал жасайды.

Жұмысшы аралардың уақыт сезуі де жақсы жетілген. Олар



327

гүл жарған өсімдіктерге тек тәтті шырын немесе тозаң алуға бо-латын кезде ғана келеді. Байқаулар аралардың өз қимыл-әрекет-терін атмосфераның жағдайына, күнің жылжуына және өздерінің тұрған орындарына тәуелсіз реттейтінін көрсетті.

Есіту органы. Араларда есіту органдарының бар-жоғы әлі белгісіз. Алайда тәжірибелі ара өсірушілердің байқаулары олардың дыбысты, әсіресе темір жаңғырығын жақсы сезінетінін байқап отыр. Олардың есіту органдары алдыңғы сирағында орналасқан деп есептейді.

Аралардың өзара қарым-қатынасы зерттеушілер мен натура-листерді ғасырлар бойы ойландырып келе жатқан мәселелердің бі-рі. Кейбір ғалымдар олар түрлі дыбыстар шығару арқылы “сөйлесе-ді” деп септеп келді. Тәжірибелер арқасында барлаушы аралар өздерінің биімен омартадағы араларға тапқан тәтті нәр немесе тозаңдардың сапасы жайлы емес, сол табылған олжаларға барар жолдың қашықтығын хабарлайтыны анықталды.

Жаңа байқауларға сәйкёс барлаушы аралар “айналма” биін билегенде тәтті шырын немесе гүл тозаңдары жаңын жерде екенін, ал “шайқалма” би билегенде қашықта екенін хабарлайды. Аралар бимен бірге Несонов бездері бөлетін иіс арқылы иіс белгісін де пайдаланады. Әрбір ара семьясының өз омартасына тән ерекше иісі болады. Сондықтан да аралар бөтен омартаға кіруге бата алмайды. Бұл жағдай омартадары бал қорын ұры аралардан сақтауда маңызды роль атқарады. Ара шаруашылығындағы күнделікті байқаулар аралар күзетінің омарта қақпасынан бөтен араларды өткізбеудегі басты құралы — иіс сезімі екенін көрсетті. Сондай-ақ иіс аралардың тәтті шырынды' гүл тозаңдарын іздеу және омартаға оралу сапарларындағы компасы да болып табылады.

Аралардың көбеюі. Ара семьясының тіршілігіндегі қызықты бір мәселе — олардың көбеюі. Ол екі процестен тұрады: 1 жеке аралардың көбеюі; 2) семьялық көбеюі.

Аралардың көбею органдарының құрылысы. Ұрғашы араның жыныс органдары құрсаққа орналасқан. Олар оң және сол жақ екі жұмыртқадан, екі жұп, бір дара жұмыртқа өткізгіштен, тұқым қабылдағыштан тұрады

Аралар омартадан тыс, ауада ұшып жүріп ұрықтанады және басқа семьяның еркек арасымен де шағылысуы ықтимал.



Еркек араныц жыныс органдары аталық екі ұрық безінен тұрады. Ұрық безінде тұқым клеткалары — сперматозоидтар пайда болады. Ұрықтану кезінде еркек араның жыныс мүшесі қатты жабысьш қалады да, еркек ара сол жерде өледі, ал ұрғашы ара оны құрсағынан жұлып алып, өз бағытына ұшып жүре береді.

Жұмысшы араның жыныс органдары. Жүмысшы аралардың жыныс органдары, ұрғашы аралардікіне ұқсас. Барлық айырмашылығы жетілмеген және тұқым қабылдағыштың тек жұрнағы ғана қалған. Олардың жыныс органдары шағылысу жағынан бейімделмеген. Сондықтан ұрықтанбаған жұмыртқа салады, ал олардан тек қана еркек аралар шығады.

328

Жұмыртқадан шыққан аралардың жетілуі. Көбелектердің, қо-ңыздардың, шегірткелердің личинкалары жұмыртқадан шыға сала өз беттерімен тіршілік етеді. Олардың жақсы жетілген жүру, шайнау сезім т. б. органдары бар. Ал аралардың личинкасында олардың біреуі де жоқ және олардың біреуі де қажет емес. Араның личинкасында көз де аяқта жоқ. Сондықтан ол қараңғы жерде жатып алып даяр қорекпен қоректенеді. Личинканың ең жақсы жетілген мүшесі — ас қорыту органы. Личинкадан кейін қуыршақтану мерзімі келеді.

Жұмыртқадан жаңа шыкқан араның қай түрі болмасын жақсы жетіліп шықты деп есептеуге болмайды. Жұмысшы ара мен еркек аралар өте әлсіз, қозғала алмайтын күйде болады. Ал ұрғашы ара еркек немесе жұмысшы аралар сияқты әлсіз болмайды. Олар ширақ, өз бетімен жүре де, ұша да алады.

Араның қорегі және оны табу көздері. Араның тіршілігі гүл-дермен тығыз байланысты. Аралар негізгі қорегі — гүлдерден тәтті шырындар мен гүл тозаңдарын жинайды. Өз тарапынан аралар да өсімдікте үлкен пайда келтіреді. Олар бір гүлден екінші гүлге . ұшып қонып жүріп айқас тозаңдандыру жұмысын жүргізеді. Ара-лардың жұмысына қарай сол өсімдіктердің өнімділігі анықталады.



Тәтті шырын (нектар) жүзім, жеміс және қамыс қанаттарының аздап қышқыл, минералдық тұздар, сол сияқты эфир майы мен ароматты заттар қосылған қою ерітіндісі.

Тәтті шырынның құрамында 94 проценттен 34 процентке дейін су болады. Судың мөлшері өсімдіктің түріне, ауаның ылғал-дылығына және температураға байланысты.

Барлық қанттың орташа мөлшері тәтті шырында 35—40 про-цент болады. Тәтті шырынның түсі әр түрлі: мөлдір, қызыл қоңыр, жасыл сары т. б. болып келеді.

Бал — тәтті шырынды ара организмінде қайта өңдеу нәтиже-сінде пайда болған өнім (азық). Ара организмінде жүретін негізгі процесс — судың булануы және қамыс қантының жүзім қантына айналуы, ал жеміс қантының ферменттер арқылы инвертазаға ай-налуы.

Жақсы балда су 18—20 процент, декетриндер мен минералды тұздар бес процентке дейін және қант шамамен 75 процент. Қант ерітіндісінің осындай концентрацияда болуы балдың жақсы сақ-талып, ашымауына себін тигізеді.



Гул тозаңы мен перга. Гүл тозаңын жинайтын уақыт — көктем мен жаздың басы. Осы уақыт кезінде ара семьясы ұрпақ тәрбиелеуді бастайды. Сонда жаңа өсіп келе жатқан ара денесінің дұрыс жетілуі үшін белокты заттар керек, ал ол белокты заттар гүл тозаңында көптеп кездеседі. Мысалы ақ қайыңның гүл тозаңында белок 24 процент, орман жаңғақшасының гүл тозаңында 30 процент болады.

Гүл тозаңындағы белок араның негізгі қорегі. Сонымен бірге тозаңның құрамында май, крахмал, қант, гүл және басқа заттар



329

Мысалы ақ қайыңның гүл тозаңында 3,33 процент май,

щент қант, бақтақтың гүл тозаңында 12,87 процент май,

оцент ңант кездеседі. ч

;ар дұрыс өсіп-жетілуі үшін тек гүл тозаңымен ғана

Ііп қоймайды, пергамен де қоректенеді. Перга немесе ара

егеніміз ара ұяшықтарына нығыздалған, үстіне күрделі

аттік процестен өткен бал қүйылған гүл тозаңы. Бұл өнім

ңына да, балға да ұқсамайды (Перга деген славян сөзі,

сдерге аударылмайды). Пергада белок өте көп кездеседі.

бір личинкасын тойдыру үшін 0,145 грамм перга қажет,

личинканы тойдыру үшін 1,6 кг перга болу керек. Сон-

мьясына бір жылға 16—20 кг перга қажет.

рага су ішу үшін және личинкаға қорек дайындау үшін

ЮО араның личинкасын өсіруге 33 грамм су кетеді. Де-

мың личинка өсіретін орташа семья үшін, тәулігіне 40—

су қажет, ал құрғақ, желді күндері судың қажеттілігі

улігіне 150—200 грамға дейін су керек болады. Суды

еннен, су қоймаларынан және т. б. су көздерінен алады.

ашылығында қосымша су ішетін науалар жасап қояды.



ЬЯСЫНЫҢ ЖЫЛ МАУСЫМЫНДАРЫ ТІРШІЛІГІ

. Қар еріп, күн жылынады. Таңертең омартаны қыстақ- алаңға орнатады. Содан соң ара өсіруші омартаның шығатын есігін ашады. Осы сәтте гуілдеп ұшқан араның. Олар омарта маңында ұшып жүріп, оның сыртқы ортадағы заттардың орналасу жағдайын жадына сақ-тырысады.

е бірінші рет ұшып шыдқанда, олар қыс бойы қоры-- ктерінде жиналып қалған керек емес заттардан құты-

йін аралар өздері тұрған жерлерін тәртіпке келтіреді: раларды балауыз ұяшықтардан шығарады, қыс бойы алған шаң-тозаңдардан тазалайды, ңыстан Іпыга ал-таан аралардың өлімтігін шьгсарады. ;оц тездетіп рамкаларға балауыз ұяшықтарды сала гашы ара болса оларды жұмыртқамен толтырады. араларға арналған балауыз ұяшықтарды жасауға тіршілігі одан әрі жалғасады.

. Жаз айындағы ара жұмысының сипаты — тыным

озаңын жинау. Оған негізгі себепші сол жердегі бал

өсімдіктердің уақытында гүлдеп, балды көп бөлуі.

айының тағы бір ерекшелігі — ара семьясының тіршілі-

гінде еркек араларды омартадан қуып шығу. Күзге қарай аралар

тіршілігі бәсеңдеп бірте-бірте төмендей береді. Олар балауыз ұя-

шықтардың аузын жетіліп келе жатқан личинкаларымен біргө

330

бекітіп жауып тастайды. Осыдан кенін аралар пергамен қоректенуді тоқтатып, тек балмен қоректенеді.

Қыс қатал жерде аралар жарты жыл ұшпай, тіршілігін омартаза өткізеді. Бұл уақыт ішінде аралар ұйқыға кетпейді. Өйткені олардың денесінде жиналған қорек қоры жоқ (анабиоз). Ара семьясы жыл құстары сияқты жылы жаққа ұшып та кете алмайды. Сондықтан өздерін сақтап қалу үшін араларда бір-ақ, әдіс бар. Ол — ұяларына бүкіл суық кезеңге жететін қорек (бал) жинау және сол қоректі тиімді пайдалана отырып, ара семьясын сақтайтындай жылылық туғызу. Жақсылап күтіп, қыстайтын жері таза, жылы, құрғақ болса, құнды азықпен қамтамасыз етілсе аралар қыстан қысылмай шығады. Тек әлсіз, қартайған аралар ғана өледі.

ОМАРТА

Аралардың табиғаттағы тіршілік орны — ағаштың қуысы, олар табиғи сұрыптаудың нәтижесінде қоршаған ортат бейімделіп, жақсы белгілерін ұрпақтан ұрпаққа бере отырып, осы қуыстарда ондаған мың жылдар тіршілік етті. Алғашқы қауымның адамы аралар тіршілігіне араласпаған және ара өсірумен айналыспаған. Керісінше, ол ара ұяларын бұзып, иелерін қуып шығып балын кесіп алып кеткен.

Кейін адамдар олардың пайдасын түсініп, ұяларын бұзбай ке-рісінше көбеюіне себін тигізді. ,Адамдар қолдарынан келгенше ұя жасауға тырысты.

Осындай қарапайым әдіс ара шаруашылығын дамыту үшін қо-лайлы жағдай туғанша жалғасып келді. Ит тұмсығы өтпейтін ор-ман, көкжиекке дейін шалқып жатқан дала, араларға шексіз мол қорек берді. Адамдардың қажетін қанағаттандыру үшін (құрылыс материалы, отын т. б.) жер жыртылды, орман кесілді, ал ара ша-руашылығына алынатын өнім күрт төмендеді. Ара шаруашылығын жоғары дәрежеге көтеру үшін араның биологиясын жәнө ара семьясын байқап білу керек болды. Ол жұмысты ағаштың қуы-сында, тастың үңгірінде жүргізуге мүмкіншілік болмады, өйткені ара семьясын мазалауға тура келді. Сайып келгенде адамдар ал-дында жаңа мақсат тұрды. Ол — қайткен күнде де омартаны ойлап шығару еді. Сонда ғана ара семьясының тіршілігі күнделікті ара өсірушінің бақылауында болатынына көз жетті.

Сөйтіп рамалы омарта 1914 жылы іске асты. Содан бері де рамалы омарта бірнеше рет өзгерді, жақсартылды.

Омартаның құрал-жабдықтары. Халат, қара түсті киім және тамақтың, сарымсақтың, пияздың т. б. иісі араларды қоздырып жі-береді. Сондықтан омартада жұмысты үнемі таза ақ, халат киіп іс-теу керк."

Бетті қорғайтын тор — аралармен жұмыс істеуі кезінде арадан бетті және мойынды қорғау үшін керек. Оны мақта-матадан әзір-лейді. Кездеменің қара түсті болуы тиіс. Өйткені ол арқылы жақсы



331

көрінеді және адамның көзі де тез қарықпайды. Кездеме бетке жабыспас үшін оның үстіңгі жәнө төменгі бөлігіне жұқа тақтайша бекітеді, ал тақтайшаға жіңішке сым орнатады. Көптеген ара өсірушілер жұмыс кезінде қолғап киген дұрыс деп есептейді.



Түтіндеткіш ара семьясын қарап жүруге қажет. Түтіндеткіште жанған шірінділердің (жартылай шіріген ағаш қалдықтарының) түтінімен араларды ыстаған кезде, онда ауа жетіспейтіндіктен, қою түтін пайда болады. Аралар түтінді жақтырмайды. Өйткені түтін олардың тыныс жолдарын тітіркендіреді. Соған орай бұрын орманды мекендеген аралардың орман өртенген кезде өздерінің тұрағын тастап кету жағдайлары жиі кездескен.

Түтін араларды өзімен бірге балды көбірек әкетуге мәжбүр етеді, ал құрсағы балға толған араның қарнын иіп, шағуы қиынға соғады. Осыған орай ара еріксіз бейбітшіл болады. Тәжірибелі ара өсіруші омартада жұмысқа кіріскенде түтіндеткішті ертерек жағады және ара семьяларын қарауға дейін омартаның тесігіне 2—3 рет түтін жібереді. Тутіндеткіш ара өсірушінің ұяларды қарау кезіндө асықпай, қалыпты жұмыс істеуінө мүмкіндік береді.



Қашау — ара өсіруші ұяны тексерген кезде өте қажет. Ол қо-раптан тіректі оңай және шапшаң бөліп тастауға, балауыз ұяшық рамкаларын бөлетін тақтаны жәнө тағы басқаларды жылжытуға, шығарып алуға мүмкіндік береді. Қашаумен рамкалардағы пропо-листы тазартып және қырып тастайды, омарта мен саңылау қа-бырғаларын балауыз мен прополистан тазартады.

Қашауды қайнаған сумен жиі дезинфекциялап отырған жөн.



Щетканы шошқаның жуан қылынан немесе жылқы жалынан жасайды. Ол араларды омартадан шығару кезінде ұяшық рамкасын сыпыру, сондай-ақ, омартаның еденін тазарту үшін керек. Кейбір ара өсірушілер әрбір омартаның өз щеткасы болуы тиіс деп есептейді. Мұның ара гигиенасы жағынан маңызы зор. Араның астындағы қоқысты сыпыру үшін арнаулы щетка ұстау қажет. Бірақ ең жақсысы дезинфекциялайтын ерітіндімен шүберекті дымқылдап сүртіп отыру.

Ұрғашы араның торы ұрғашы араны басқа аралармен омартада уақытша қосып ұстау үшін және оны почтамен немесе авиа-почтамен жіберу үшін ұсынылған. Тор ұрғашы араны ұрғашы аралары жоқ семьяға ауыстырғанда, ұрғашы аралардың орнын айырбастағанда оны басқа аралардан қорғау үшін де қажет.

Ұрғашы ара қалпақшалары ұрғашы араны балауыз ұяшықта тұрақтатып, жауып қою үшін пайдаланылады. Өз торына ауыс-тырып отырғызу үшін ұрғашы араны қалпақшаның көмегімен ұс-тайды. Бұл кезде қалпақшаның үшкір шетін балауыз ұяшыққа қарай сәл басыңқырап қояды.

Бутлеровтың топтың омартасы — елімізде кең таралған. Омау-тадагы араларды табині топтау кезінде, топтық омартага орналас-тырады және топтық омартаны негізгі ұяға апарып ңойгавша араларды соның ішінде ңалдыра тұрады. Топтың омартаны жеке агашының қабығынан, фанерден жасайды. Көбінесе топтың омар-



332

та сопақ не дөңгелек етіп жасалады. Топтық омартаның ауа кіретін жағына тор ұстап қояды, ал екінші жағын кенеппен жауып тастайды.

Рамаларды алып жүретін жәшік — ұяны тазарту кезінде өтө

1 қажет. Рамалар ара өніміне, сондай-ақ балга және араларға толы

болса, ұядан алынып, жәшіктің ішіне қойылады. Сонымен қатар

балы бар рамаларды қоймадан омартаға және бал айыратын орын-

ға тасу үшін пайдаланылады.

Жәшік-орындық. Омартада жұмыс істеу кезінде құрал-жабдық-тарды жәнө материалдарды салып алып жүру үшін омарташыға өте қажет. Жәшік-орындық үш жәшіктен құралады. Оның біреуі Ішкі жағында, ал екеуі екі қапталында болады. Бірінші қапталдағы жәшікте: қашау, пышақ, щетка, ұяның торлары, жұмыс кезінде омартадан алынған әр турлі балауыз шикізаттары (балауыз ұяшықтардың, ұялардың кесінділері) болады. Ішкі жәшікте тү-тіндеткішке арналған шірінділер сақталады. Омарта журналы да сонда болады. Жәшік-орындықтың алып жүруге ыңғайлы болуы үшін үстіңгі жағында екі тұтқа жасалған. Қапталдағы бөлімінің қорабы түтіндеткішті іліп қоюға ыңғайлы. Жәшік-орындық өте қолайлы. Өйткені қажетті құрал-жабдықтардың барлығы да жа-нында болады. Ол жиналған балауыз шикізаттарын уақытша сақтау үшін де қажет. Омартада жұмыс істеген кезде жәшік-орындыққа отыруға да болады.

Арасы бар ұяларды тасымалдайтын зембіл — араларды көктемде далаға шығарып қою үшін және оларды күзде қысқы орынға (араханаға) көшіру үшін қажет. Бұл қызметке жіппен жасалған зембіл толық жарамды. Мұндай зембілді жасау қиын емес. Екі жеңілдеу, бірақ берік таяқты (ұзындығы 2 м, ал диаметрі 5— 6 см) екі жіппен байлайды (жіптердің ұзындығы 1—1,3- м, араларының алшақтығы 50 см). Таяқтардың ұштары тегіс және тиянақты жонылуы тиіс. Аралары бар ұялардың тесігін жауып тастау қажет. Тесіктері кейін қаратылып қойылуға тиіс. Сонда соңында келе жатқан адам оларды байқайтын болады. Арасы бар ұяны жұлқымай, еппен тасу керек. Оларды бұрынғы тұрған орнына, яғни өткен жылғы орнына қойған жөн. Тесіктерді ұяны орнына қойған соң 15—20 минут өткен соң, яғни аралар тынышталғаннан кейін ашу керек.

Омарташының жеке (қалталық) аптечкасында дәрі көбінесе таблетка түрінде сақталады, оның этикеткаларында дәрінің құрамы, дозасы туралы және оларды қандай жағдайда қабылдауға бо-латындығы жайлы көрсеткіштер жазылған. Аптечкада бас ауруына, тұмауға, тамақ ауруына, жөтел тигенде және басқа сырқаттарға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер, сондай-ақ термометр, бинт, мақта, йод тұнбасы және басқалар болуға тиіс. Егер аптечкаға қалтаға лайық кітаптар қосылса тіпті жақсы. Ол кітап-шада бақытсыздыққа ұшыраған жағдайда өз бетінше медициналық және өзара көмек жасаудың тәсілі көрсетіледі. Оларға қансырауды тоқтату жолдары, жасанды жолмен дем алдыру, ыс-

333

тық өту, күн өту кезінде, талып қалған уақыттарда көмек көрсету тәсілдері жатады.

Аптечкада омарта қызметкерлеріне алғашқы көмек көрсету үшін мынадай дәрі-дәрмектер болуы керек: йод тұнбасы, мырыш майы, аспирин, жөтелге және тұмауға қарсы қолданылатын дәрі, валерин тамшысы, бинттер, мақта, компресс қағазы және басқалар. Дәрілер және дезйнфекциялайтын заттар тығыз жабылатын банкаларда сақталуы қажет. Онда дәрілердің аттары бояумен жазылып қойылуы тиіс. Аптечканы жеке шкафта сақтаған жөн.

Бөлме термометрі қыс көзінде өте қажет. Оны төсеніштің баға-. насына-еденнен 1,5 м биіктікке іліп қояды. , Барометр — ауа қысымын анықтайтын аслап. Оның деректерін ауа райы үшін де пайдаланады. Барометрдің көрсеткіші үнемі, төмендейді берсө онда тұман түседі, ал қатты жел болар алдында1 ауа қысым күрт, төмендейді. Керісінше, ауа қысымы жоғары болса, ауа райының тымық, ашық болғаны. Омарташылар үшін аурайының мәліметі, әсіресе аралардың орнын ауыстырған кезде өте маңызды екені түсінікті.

Психрометр ауаның абсолютті және салыстырмалы ылғалдығын анықтайтъш аспап. Ол жанындағы ағаш тақтайға бекітілгені 0 градустан 50 градусқа дейін шкаласы бар бірдей екі термометрден тұрады. Оң жақтағы термометрдің сынапты шаригі мақтамен не дәкемен оралған, оның ұшы дистилденген суы бар стаканға батырылған. Оң жақтағы термометр “ылғалдылық” деп аталады. Ол ү'немі төменгі температураны көрсетеді. Сол жақтағы термометр “құрғақ,” деп аталады. Өйткені су буға айналып, оны салқындатып тұрады. Сөйтіп ара құргақ болған сайын булану да интенсивті жүріп, термометрлер көрсөткіштерінің айырмасы да арта түседі. Психрометрлік таблицадағы температуралар айырмасы бойынша ауаның процентпен берілген салыстырмалы және абсолютті ылғалдылығын оңай табуға болады. Психрометрлік таблицаны әрбір психрометрге арнап дайындаушы завод ұсынады. Бұл аспап ара қыстайтын орынның дәл ортасына, омартаның екінші қатарының биіктігіндей етіп, төсеніш деңгейіне орнатылады. Үй-жайда .қыстайтын аралар үшін ауаның ең жақсы салыстырмалы ылғалдылығы 80—85 процент шамасында болуға тиіс.

АРА АУРУЛАРЫ

Ара семьясы ауру болса пайда келтірмек түгел, өзіи-өзі қысқа дайындап, азыңтандыра да алмайды.

Араның ауруы бір сөмьядан екінші семьяға тез тарайды. Егер омартаны дер кезінде қарап отырмаса, алдын-алу шараларын жа-самаса бүкіл омартага жайылып, асңынып кетеді.

Жұқалы аурудың қоздырғыштары — микробтар немесе бак-териялар. Үлкен аралардың организмінде аурулардың қоздырғы-

334

шы ауыз арқылы тамақпен немесе дем алатын тесік арқылы ене-

ді. Личинкаларына тек ауыз арқылы жұғады.

Араның ауруы екі топқа бөлінеді: а) сақа араның ауруы; б)

ұрпағының ауруы.

Сақа араның ауруына нозематоз, акаропидоз, амебиоз, пара-

тиф, май ауруы, іш өту, улану және т. б. жатады. Ұрпағының ауруына америкалық шіріме, европалық шіріме

т. б. жатады.

АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫНАН АЛЫНАТЫН ӨНІМДЕР

Бал. Басқы азықтық өнімдермен салыстырғанда балдың ар-тықшылығы ерекше зор. Ол сүйкімді дәмдік қасиетін былай қой-ғанда, құнды дәрулік зат болып табылады. Бір сөзбен айтқанда ара балы табигаттың ғажайып сыйы. Бүгінгі таңда ғылыми зертеулер дәрігерлер мен философтардың ара балын ұзақ өмір сүру диетасы деп есептеп, сонша жоғары бағалауының негізсіз емес екенін дәлелдеп отыр. Лабораториялық зерттеулер, эксперименттік деректер және клиникалық байқаулар негізінде балдың құра-|йы өтө күрделі екені аныңталды. Оның құрамында глюкоза, левулеза, витаминдер, ферменттер, органикалық, қышқылдар, микро-элементтер, минералдық, гормондық антибактериялық заттар мен

асқа да адам организміне қажетті жүзден астам құнды компо-

енттер бар.

Бал арасы — табиғи дәрі-дәрмектердің қайнар көзі. Одан алынатын бал ара уы, перга, аналық сүтіне, балауыз және ара 'желімі сияқты өнімдер қазіргі медицинада кеңінен қолданылады. Бал өте қоректі, организмге жақсы сіңетін шипалы өнім. Оның құрамында адам организміне қажетті алпысқа жуық зат бар. Балдың құрамында көптеген минералды тұздар, органикалық қышқылдар, витаминдер, химиялық заттардың алмасуын күшейтетін ферменттер мен белок бар. Бұдан жүздеген жылдар бұрын-ақ адам баласы балдың шипалық қасиетін жете түсінген. Оның адам организміне тигізетін пайдасы ғылым жүзінде де дәлелденіп отыр. Қазіргі бал асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе және жүйке ауруларына, сондай-ақ суық тигенде, басқа да толып жатқан дерттерге қарсы ойдағыдай қолданылып келеді. Тек қант диабетімен ауыратын адамдар мен семіз адамдарға ғана бал жеуге болмайды. Алыну жәнө өңделу тәсіліне қарай бал балауыздық және ағызылатын бал болып екіге бөлінеді. Ұяларға құйылып, ауыздары балауыз қақпақтармен жабылған бал — балауыздық бал деп аталады.

Балдың кейбір сорттарын түсі, хош иісі мен дәмі арқылы ажы-ратуш болады. Оның түрлі сорттары бір-бірінен тек түсі арқылы ғана емес, басқа да көптеген ерекшеліктерімен ажыратылады. Мы-салы ақ қарағанның балы түссіз, яғни су сияқты мөлдір болады.

Егер осындай бал жиналған ара балауыздарына көз салсаңыз,



335

олар бос тәрізді болып көрінеді, ал банкадағы мұндай бал шыны-дай мөлдіреп тұрады.

Мөлдір бал жоғары сапалы бал қатарына жатады. Алайда, қоңыр, балдың құрамында минералды тұздар, темір, мыс, марганец көп болады. Сондықтан организм үшін мөлдір балдан гөрі қоңыр бал құнды деген пікірлер де бар. Бал хош иісіне қарай да сортқа бөлінеді. Оның кейбір сортта ры ерекше нәзік, жағымды иісті болып келеді. Ара балауызы. Балауыз дегеніміз — араның балауыз өндіретін безінен шығатын өнім,'Ара балауызы қатты, тез жұмсаратын өте жақсы зат. Оның халық шаруашылығындағы маңызы өте зор және өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Балауыз сумен және басқа сұйықтармен бірікпейді. Суға және глицеринге ерімейді, спиртке салғанда да өте нашар ериді. / Өндірістік әдістер бойынша балауыздың төрт сорты: омарталық, престелген, экстрактілік және ағартылған сияқты сорттары бар. Омарталық балауыз ең жоғарғы сортты, сапалы деп есептеледі. Оны балауызды таптау және престеу құралдарының көмегімен тікелей омартаның өзінде, балауыздың шикі затын өңдеу кезінде алады.

Престелген балауыз — балауыз өңдейтін заводтарда жасалады. Экстрактілік балауыз — балауыздардың ішіндегі нашарлауы. Ол экстрактілік зәводтарда балауыз шығаратын заводтың қалдықта- рынан өндіріледі. Ағартылған балауызды күнге қыздырып ағарту жолымен немесе химиялық жолмен өңдеу әдісімен алады.

Балауыздың тамаша қасиеті ерте заманнан-ақ адамдардың назарын аударды. Ежелгі Египетте оның құрбан шалған кезде кеңі-нен қолданылғаны анықталған. Ертедегі Рим мен Грецияда мерекө күндерінде құдайлардың құрметіне мазарларда балауыз шырағданы жанып тұрған. Революцияға дейінгі Россияда да шіркеуде шырақ жағу үшін орасан көп балауыз жұмсалған. Балауыз медицинада да үлкен орын алады. Пластырлар, майлар және кремдер тек қана ара балауыздарынан дайындалады.

Балауыз косметикада да кеңінен қолданылады. Ол сіңімді, тұт-қыр, тазартқыш, агартқыш кремдердің, бетті сылайтын майдың, көптеген косметикалық дәрі-дәрмектің құрамына кіреді.



Прополис ара семьясы үшін роль атқарады. Аралар прополиспон тесіктен ұяға кіретін жолды тарылтады. Сондай-ақ ұяның жа-рықтарын бітейді. Ұялардың қиюларына рамалардың иіндерін бе-кітеді. Бал мен гүл тозаңына қойма болатын және личинкаларға тербетпелі орын үшін қызмет ететін балауыз ұяшықтарын өңдейді. Омартаға келіп кірген және араның уымен уланған кесіртке, жылап, тышқандарды аралар.прополиспен орап тастайды, Сөйтіп омартаның мыңдаған тұрғын араларын жағымсыз иіс-қоңыстан, бактериялы өсімдіктерден қорғап, балдың іріп, шіруіне бөгет жа-сайды.

ТМД-ның әр түрлі географиялық аймақтарындағы прополис нұсқалары түсі, иісі. арқылы ғана емес, сонымен қатар



336

химиялық құрамы жөнінен де ерекшеленеді. Бұл, сірә, прополис жинаған аймаққа және облысқа байланысты болса керек. Тіпті бір омартадағы прополис нұсқаларының өзі химиялық құрамы жағынан бірдей болмайды. Прополис — өте күрделі зат, оның құрамында эфир майы, витаминдер бар, ал прополистің күлінде темір, марганец, кальций, алюминий, кремний, ванадий, стронций болады. Прополистің органикалық қосылыс болып табылатындығы, онда гүл компоненті, бәрінсн бұрын фиатонцидтерге әсер ететін ұшпалы эфир бар екендігі спектрлік талдаулар арқылы анықталған.

Пронолисте орта есеппен 55 процент қара май және бальзам, 10 процент хош иісті эфир майы, 30—35 процент балауыз және 5 процент гүл тозаңы болады.

Прополис техникада да қолданылып келеді. Ол жоғары сапалы лактың құрамдас бөлігі ретінде жоғары бағаланады. Мұндай лак, кебе-кебе затың үстіңгі бетін теп-тегіс етіп, айнадай жарқыратып жібереді. Ондай зат ыстық су әсеріне де шыдамды келеді Прополистен арнаулы лак дайындап шығарады. Бұл лак жағылған скрипкалар және басқа ішекті музыкалық аспаптар жылтырап, әдемі көрінеді және үні де ерекше жақсы шығады. Даңқты Страдивари өзінің бүкіл әлемге әйгілі скрипкаларын жасағанда осы прополисты қолданған екен.

Халық медицинасында көпке дейін жазылмайтын жара мен сүйелді емдеу үшін қолданылатын дәрі ретінде прополис кең түрде пайдаланылады.

Прополис майы некробацулезбен ауырған малды емдеу кезінде табысты түрде қолданылды. Бұл май малдың ісігін сылып алмай тұрып та, сондай-ақ оның үстіңгі бетін сылып алған кезде де терашюлық тұрғыдан өте жақсы әсер етеді. Прополис майы әлсіз тітіркендіргіштер қатарына жатады және қалыпты трофика жасауға себепкер болады.

10 проценттік прополис майы малдың әр түрлі хирургиялық ауруларын (түрлі жаралар, бітеу жара, желінсау) емдеуде табысты қолданылып келеді.

Араның уы. Халық медицинасы қазынасында дәрі-дәрмектік заттар аз емес. Солардың ішіндегі ерекше ғажайыбы араның уы — апитоксин (апис — латынның ара, токсикон — гректің у деген сөзінен алынған). Халық медиңинасы емдік зат ретінде тек араның балын, балауызын пайдаланып қана қойған жоқ, сонымен қатар араның уын да жиі қолданып келді. Көптегөн дәрігерлер араның уын шипалы деп санайды. Өйткені ол уақыт сынынан табыспен өтті.

Араның уы — улы безден бөлінетін түссіз, мөлдір ерітінді. Бір араның у сақтағыш бездерінде орта есеппен 0,2—0,4 кг у болады. Араның уы бал иісіндей хош иісті, бірақ ащы келеді. Құрғақ жо-ғары температурада (100 градусқа дейін) қыздырғанда, оның уландырғыш қасиеттері өзгермейді. Ара уының бұл маңызды қа-сиеті оның құрамында биологиялық активті айрықша белоктың болуына байланысты.

337

Фармацевтика өндірісінде ара уынан венапиолин, токсапин, апизартрон және верапин сияқты препараттар шығарылады. Бұл дәрі-дәрмектер көптеген ауруларға ем. Олар негізінен ревматизмді құяңды, нерв жүйесін, демікпені, бронхит, бас сақинасын (миг-рень), қан тасуды және басқа ауруларды емдеуге қолданылады. Ара уы — науқас адамға әр түрлі жолмен қолданылады: кейде араны денеге қондырып, шақтырады, кейдө ара уынан жасалған дәрімай түрінде жағылады немесе сұйық ерітінді түрінде егіледі.

Қазіргі кезде Қазақстанда 300 мыңнан аса ара семьясы бар. Оның жүз мыңға жуығын ара өсіруші әуесқойлар мен тәжірибелі омарташылар ұстайды. Омарта шаруашылығы әсіресе Шығыс Қа-зақстанда жақсы дамыған. Мұнда ара өсіретін арнаулы төрт шарушылық бар. Республика бойынша әр ұядан орта есеппөн жыл сайын 40—50 килограмнан бал жиналады. Сондай-ақ Алматы, Талдықорған және басқа облыстардың шаруашылықтары мен жеке әуесқойлары да араны көптеп өсіруде.

ДЕРБЕС ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ ЗООГИГИЕНАЛЫҚ ЖӘНЕ.МАЛ ДӘРІГЕРЛІК ШАРАЛАР

 

Дербес шаруашылықтағы мал басын аман сақтай, сапалы өнім өндіру үшін оларды тек құнарлы жемшөппен азық-тандыру жеткіліксіз. Оларға қазіргі заман талабына сан зоогигие-налық және мал дәрігерлік-санитарлық жағдайлар жасау керек.



МАЛ МЕН ҚҰС ҚОРАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЗООГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Мал мен құс ұсталатын қоралар адамзат үшін тамаққа пайда-ланылатын өнімдер мен өндіріске керекті шикізаттар өндірілетін орын. Демек, мал мен құс қорасы, біріншіден, организмге қажетті физиологиялық қажеттерді толығымен қамтамасыз етуі тиіс. Екін-шіден, сыртқы қоршаған ортадан инфекцияның енуіне жол бермеуі керек. Қораларды оларда ұсталатын мал мен құстың.түріне, жасына және шаруашылық, бағыты мен пайдалану мақсатына байланысты етіп салады. Қораның іші жылы, желдетуге және малдың неатып-түруына ыңгайлы болғаны жөн. Қора салардан бұрын желдің жиі тұратын бағытын анықтау керек. Мал мен құс қораларын салатын орын тұрғын үйдің ық жағынан, яғни желдің жиі тұратын бағытына қарама-қарсы жақтан таңдалады. Бұған қоса қора салынатын орынның тұрғын үй орналасқан жерден сәл болса да төмендеу болғаны жөн.

Өрт сөндіруші органдардың талабына сай тұрғын үй мен мал қоралары және жемшөп жиналатын жердің ара қашықтығы 20 метрден кем болмауы керек.

Мал қорасының күн түсетін жағынан малды күндіз, жылы күндері сыртта ұстау үшін қоршалған ашық алаң жасайды. Бұның көлемі малдың саны мен түріне байланысты анықталады.

Қора салынатын жер топырағының ылғал тартқыш болғаны жөн және жер асты суы деңгейінің жер бетіне бір метрден жақын болмағаны дұрыс. Мал мен құс қораларын салуға жылуды жақсы ұстайтын, өзі берік те арзан жергілікті құрылыс материалдарын қолданады. Әсіресе қора қабырғасын жасайтын материалды таңдай білу керек. Бұл материалдарға төмендегідей талаптар қойылады. Олар:ылғал сіңірмсйтін, аязды күндерде мұз болып қатып қалмайтын және жылуды нашар өткізетін болуы керек. Бұған себеп қыстыкүні, қора ішіндегі жылудың 30—45 процентінің қораның қабырғасы арқылы сыртқа, қоршаған ортаға өтетіндігі ғылым күзінде дәлелденген. Сондықтан қабырғаның ішкі бетін сылап,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет