Мал өсіру әдістері деп малдың тұқымдық және түрлік тегін ескере отырып белгілі бір мақсатпен бірнеше ұрпақ бойы жүргізілген жұп таңдау жүйесін айтады. Бір-бірімен шағылыстыратын жануарлардың тұқымдық және түрлік ерекшеліктеріне қарай мал өсіру әдістерін, негізінен, үшке бөледі: тұқымды таза өсіру, будандастыру және гибридтеу (түраралық будандастыру).
МАЛ ӨСІРУ ӘДІСТЕРІ
Тұқымды таза өсіру
Будандастыру
Гибридтеу
Тұқымды таза өсіру
Тұқымды таза өсіру деп- ұрпақтан – ұрпаққа бір ғана тұқымның малын өзара жұптастыру арқылы жүргізілетін мал өсіру әдісі. Тұқымды таза өсіру екі түрлі жолмен жүзеге асырылады: туыстас малды жұптастыру (инбридинг) және туыстас емес малды жұптастыру (аутбридинг)
Кірістіре (түзетуші, қанараластыра) будандастыру деп өсіріліп отырған зауыттық тұқымның өнімділігін және асылтұқымдық қаситеттерін одан әрі жетілдіру, кейбір кемшіліктерін түзету мақсатымен басқа жақсартқыш тұқымның (аз ғана) «қанын араластыру» әдісін айтады.
Кірістіре (түзетуші, қанараластыра) будандастыру
Сіңіре будандастыру деп өнімі төмен қолда бар мал тұқымын өнімі жоғары зауыттық тұқыммен бірнеше буындық ұрпақ алғанша, яғни жақсартқыш тұқымға ұқсағанша будандастыруды айтады.
Зауыттық (тұқым түзуші) будандастыру деп жаңа жаңа тұқым шығару мақсатында жүргізілетін екі және одан көп мал тұқымдарын будандастырудың күрделі әдістерін айтады
Өнеркәсіптік будандастыру деп екі немесе үш тұқымды будандастыру арқылы гетерозис құбылысы тән, І не ІІ буындық будан ұрпақ алуды айтады.
Жай
Күрделі
Кезек (ауыспалы) будандастыру. Кезек будандастырудың мақсаты өнеркәсіптік будандастырумен сәйкес – гетерозис құбылысын мейлінше толық пайдалану, ал айырмашылығы – гетерозис құбылысын бір-екі ұрпақ бойы ғана емес, бірнеше ұрпақ бойы пайдалану