Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы



Дата17.10.2023
өлшемі40,5 Kb.
#186113
Байланысты:
Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды


Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың асыл тұқымдық және өнімділік сапасын арттыру, асыл тұқымды жас малдарды өсіру бойынша зоотехникалық жұмыстарды жүргізеді
Мал азығын, жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануды ұйымдастырады, кешендерде прогрессивті цифрландыру технологияларын, малды ұстау, бордақылау, күтіп-баптау және өсімін молайту жүйелерін енгізуді қамтамасыз етеді.
Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылайды, оның нашарлау себептерін зерделейді және оларды жоюға ұмтылады, өнімді өткізудің мерзімдері мен кестелерін, өткізуге арналған малды сұрыптауды және іріктеуді қадағалайды.
Өндірілген өнімнің стандарт талаптарына сәйкестігін анықтайды
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы маманы кәсіби қызметінің нысандары:
ғылыми-зерттеу институттары мен биологиялық, ауылшаруашылық профильдегі университеттер
мал шаруашылығы кәсіпорындары, оның ішінде кешендер, асыл тұқымды зауыттар, тауарлы шаруашылықтар, репродукторлар және т.б.
сүтті/етті мал шаруашылығы
асыл тұқымды/өнімді/спорттық жылқы шаруашылығы
биязы жүнді/жартылай биязы жүнді/қылшық жүнді/жартылай қылшық жүнді қой шаруашылығы;
беконды/майлы/аралас шошқа өсіру
ауыл шаруашылығы құстары: жұмыртқа/етті құс шаруашылығы; ара шаруашылығы; балықшаруашылығы; тері аң шаруашылығы; бұғы шаруашылығы
өңдіруші кәсіпорындар (ет, сүт, ара шаруашылығы, құс шаруашылығы, жүн және т.б.) өңдеу өнеркәсіптері
ғылыми-зерттеу зертханалары; селекциялық, сынау станциялары
білім беру ұйымдары
Лауазымдар тізімі

Мемлекеттік қызмет: Ауыл шаруашылығы министрлігі, департаменттер, мал шаруашылығы басқармалары


Мал шаруашылығы шикізаты мен өнімдерін бағалау жөніндегі маман
Мал шаруашылығы шикізаты мен мал азық сапасы зертханасының меңгерушісі
Асыл тұқымды іс инспекциясы
Ет және сүт өндірісі роботтық жүйелерінің операторы
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу ұйымдарының технолог-менеджері
Бас зооинженер, зоотехник-селекционер
Генетик, жануарлар психологы, балық өсіруші инженер, ихтиолог, бұғы өсіруші, аң өсіруші, құс өсіруші, омарташы, жылқы өсіруші
Сүт және сүт өнімдерінің технологы, тамақ өндірісінің технологы
Ғылыми қызметкер, оқытушылық қызмет
Фермер, мал өсіруші, ұрықтандырушы техник, асыл тұқымды есепші
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы маманының кәсіби дағдылары:
барлық құрамдас бөліктері бойынша жануарлардың теңдестірілген рационын құру және олардың дұрыс тамақтануын бақылау; ұсталатын малдардың денсаулық жағдайын бақылау, оларды уақтылы вакцинациялау
асылдандыру жұмысы (малды сұрыптау мен қатарлау, асыл тұқымды аналық малға өндірушілерді белгілеу)
өнім сапасын бақылау, оның төмендеу себептерін анықтау, жағдайды түзету шараларын қолдану
жануарларды ұстауда оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету, соның ішінде. алдын алу шаралары (дезинфекция, дератизация, ғимарат-жайларды тазалау)
мал басына қатысты бастапқы құжаттаманы және есептеуді жүргізу; жұмысты жоспарлау
Биологиялық және сабақтас ғылымдар
жеткілікті жаңа пән және әлі толық зерттелмеген
Бұл қарапайым биологияға қарағанда әлдеқайда қызықты - себебі, оқу және жұмыс үрдісінде мамандар мүлдем жаңа заттарды, өнімдерді, дәрі-дәрмектерді жасайды.
Маман - биотехнолог биологиялық нысандарды, ДНҚ технологияларды және биологиялық үрдістерді пайдалана отырып, адамға қажетті өнімдер мен материалдарды өндірумен айналысады
Биотехнолог маманының кәсіби дағдылары
Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасау білу
Сынама алу
Талдаулар мен зертханалық зерттеулер жүргізу
Микробиологиялық мәліметтерді талдау
ПТР (полимеразды тізбекті реакция) Реал-тайм әдістері бойынша зерттеулер жүргізу
Гендік функцияларды және ДНҚ маркерлерін құруды білу және зерттеу
ДНҚ жасушаларымен, бактериофагтармен жұмыс
Молекулярлы- биологиялық клондау
Микроорганизмдерді өсіру
Техникалық құжаттаманы жүргізу
Биотехнология мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры үшін лауазымдар тізімі:
Биотехнолог, микробиолог техник, тамақ өнімдерін өңдеу инженері, сапа үрдістерінің инженері, зерттеуші биолог, биофармаколог, биохимик, генетик, гендік инженер, колледж оқытушысы, ғылыми қызметкер, тірі жүйелер сәулетшісі, биоинженер, заттар мен дәрі-дәрмектер дизайнері (драг-дизайнер)

Биотехнолог кәсіби қызметінің нысандары


ғылыми-зерттеу институттары мен биотехнологиялық, биологиялық, медициналық, ауылшаруашылық профильдегі университеттер
тамақ өңдеу, микробиологиялық және фармацевтикалық өнеркәсіптердің өндірістік кәсіпорындары
экологиялық қызметтер мен ұйымдар
азық-түлік, фармацевтикалық және ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау зертханалары
ғылыми-зерттеу зертханалары; өсіру, станциялар
білім беру ұйымдары

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет