МақҰлданды оқу-әдістемелік комиссиямен


-дәрістің тақырыбы : ӨРТ қауіпсіздігі



бет21/33
Дата12.02.2023
өлшемі496 Kb.
#168469
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
Ма лданды о у- дістемелік комиссиямен

13-дәрістің тақырыбы : ӨРТ қауіпсіздігі.
Дәрістің жоспары:
1. Өрт қауіпсіздігі бойынша нормативті құжаттар.
2. Өрттің негізгі себептері.
Өрт қауіпсіздігі - бұл еңбекті қорғаудың бір бөлімі, мұнда өрттің пайда болуының алдын-ала жою шарттарын үйретеді, бір сөзбен айтқанда адамдардың жалпы және мемлекеттік мүліктердің және жеке заттарының, өрттен қорғайтын мүмкіндігі.
Өрт – бұл адам өміріне және денсаулығына, материалдық шығын әкелетін жалпы және мемлекеттік назардағы, ешқандай бақыланбайтын жану. Жер бетінде күн сайын 2 миллионнан аса өрт болып, 1 миллионнан көп адам қаза табады, әрбір 2 өртте 1 адам қаза болады. Қазақстанда 2003 жылға ғана 15000- ға жуық өндірістік және тұрмыстық өрттер тіркелген. Олардың ішінде 1000 адамға жуығы зиян шегіп , 532- сі қаза болған. Материалдық шығын 3200 млн. тенгені құрады.
Өрттер –эндогенді («еndon» грекше – ішкі) және экзогенді («exo» -грекше – сыртқы) болып бөлінеді. Барлық жердің үстіндегі, сонымен бірге ғимараттың және үйлердің ішіндегі өрттер экзогенді өрттерге жатады. Эндогенді өрттерге көбінесе жер астындағылары жатады.
Бұл көмірдің сланецтардың, сульфидті кендердің жер астындағы жануы. Эндогенді өрттердің ең үлкен уақытқа созылғаны өте алыстағы Памир Алтайдағы Ростовскі кен орнындағы өрттері Өрт қауіпсіздігі аймағында нормативті реттеу- өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау үшін, міндетті нормативті құжаттарда (ҚР ТЖ Министрлігіндегі ӛртті бақылау бойынша департаменті) мемлекеттік өкілеттік органдармен бекіту.
Өрт қауіпсіздігі бойынша нормативті құжаттарға жататындар: стандарттар, нормалар және өрт қауіпсіздігі ережелері, СНмЕ, СанЕмН, ережелер, инструкция және өрт қауіпсіздігін құрайтын басқа құжаттар.
Оларға жататындар:
1. 20.12.04 ж ҚР «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңы.
2. ҚР өрт қауіпсіздігі туралы ережесі, Алматы, 2003.
3. ҚР 2.02-05-2002 СНмЕ «Ғимараттра мен үйлердің өрт қауіпсіздігі».
4. ҚР 1.03-05-2001 СНмЕ «Құрылыстағы техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау».
5. ҚР СНмЕ 4.02-05-2001 «Желдету, ауа алмастыру, жылу беру»
6.ҚР 2.02-11-2001 РДС Қарашағанақ мұнай газ конденсатты кен орнының даму объектілерінің өрт қауіпсіздігі шараларын жобалау негіздері.
7. 12.1.2004 жылғы МЕСТ «Өрт қауіпсіздігі».
8. ҚР СН 2.02-11-2002 «Ғимараттарда, үйлерде, автоматты өрт дабылын салу, өрт сөндірудің автоматты құралдарымен өрт туралы адамдарды хабардар ету және басқа да нормативті құжаттарының жабдықтандыру нормалары».
Өрт қауіпсіздігі бойынша нормативті құжаттар бекітілген тәртіпте жеке басып шығару мен тіркеуге жатады.
Өрт қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштері. Өрт қауіпсіздігі белгілі көрсеткіштері бар, әрбір объектідегі факторларға байланысты.
Өрттің қауіпті факторлары, бұл адамдардың қаза болуына немесе шығынға және жарақатқа, материалдық құндылықтарға әсет ететін фактор. Қауіпті факторларға мыналарды жатқызуға болады. Төменде өрттің қауіпті факторларының шекті мәні келтірілген:
Ортаның температурасы -70° С
Жылулық сәулелену – 500 Вт/м2
Көмір тотығының құрамы – 0,1 %
Екі тотықты кӛміртегінің құрамы – 6 %
Оттегінің құрамы – < 17 %
Жанғыш қоспаның қасиетіне байланысты жану – Жану үш жағдайда болуы мүмкін: жанғыш зат (қатты сұйық және газдар) тотықтырғыштың жеткілікті көлемі (оттегі, хлор, фтор, бром, иод) белгілі температурасымен, тұтану көзінің белгілі қуаты (жалын, ұшқын).
Өрттің негізгі себептері болып: оттың және дәнекерлеу жұмыстарын дұрыс жүргізбеу; отқа назар аудармау; жылыту пештері мен қондырғыларын пайдалану ережесін бұзу, тұрақты электр найзағай разряды, шаңды газды ауалық қоспалар мен булар жарылысы; үйкеліс кезіндегіқызу мен ұшқындану; электр жабдықтары, кабелдік тораптар және электр қондырғыларының ақауы; жанғыш заттардың өздігінен жануы; технологиялық режимді бұзу; аттыру жұмыстары; трактілер.
Жоғарыда аталған себептерді экзогенді өрттерге жатқызуға болады. Эндогенді өрттердің себептері болып: тотықтыруға қабілетті материалдардың болуы (ұсақталған көмірдің, торфтың, сланцтың, руданың жиналуы); жанған бөліктердің бетіне тотықтырғыш оттегінің жиналуы; өздігінен жану ошағындағы жылудың қайтуы қиындығы ;жану фазасына өту үдірісі мен материалдардың орташа және төмен температурада тотығуын гемогенді болады (грекше homogenes – құрамы бойынша бірдей) және гетерогенді (грекше gter – күрделі).
Гемогенді жану кезінде алғашқы заттардың агрегатты жағдайы бірдей, мысалы газдардың жануы. Қатты және сұйық заттардың жануы гетерогенді болады. Жануды келесі түрлерге бөлуге болады: тұтану, жалындау, өздігінен тұтану, жану және жарылыс. Тұтану жанғыш қоспалардың сығылған газсыз, тұтану көзімен жағу кезіндегі жылдам жану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет