Малдардың жүйке жүйесін,мінез құлқын зерттеу


Малдың сезу және қозғалыс қабілетін зерттеу



бет2/3
Дата14.07.2022
өлшемі23,08 Kb.
#147475
1   2   3
Байланысты:
Доклад

2.Малдың сезу және қозғалыс қабілетін зерттеу

Сезу қабілетін зерттеу. Оған жоғарғы (экстерорецептивті) және терең (проприоцептивті) сезу қабілетін зерттеу жатады.


Беткейлік сезу қабілетін зерттеу. (Тері және кілегей қабықтар). Мал дәрігерлік жұмыста сезу қабілетін үш түрін зерттеу қабылданған: ауырсыну, тіксіну және ыстық-суықты сезу.
Ауырсынуды сезу. Ауырсынуды сезу қабілетін малға байқатпай ине ұшымен терісін шаншу арқылы анықтайды. Мал терісіне қол тиген кезде болатын рефлексті болдырмау үшін, ең алдымен, қолды малдың тексерілетін жеріне қойып, үйренгеннен кейін инені теріге шаншиды. Зерттеуді шат маңайынан бастап, омыртқа жотасымен, мойынның екі қапталын соңынан аяқтарын зерттейді. Сау малға ине шаншығанда жауап ретінде тері асты бұлшық еттері жиырлып, құйрықтарымен ұрады, басын ине шаншылған жаққа бұрады, аяқтарын көтереді және т.с.с.
Өте сезгіш бөліктері: ерін, тұмсық ұшы, санның ішкі беткейі, желін, тік ішек пен қынап аралығы, артқы тесік, жыныс мүшелері, бақайшық, тірсек терісі болып табылады. Әлсіз сезгіштік қабілет шап және санның сыртқы беткейі терісінде болады.
Ауру сезгіштік және тітіркендіргіш қасиеттерін толық анықтау мақсатында И.П.Шаптала конструкциясы бойынша жасалынған аспаптарды қолдануға болады.
Тактильді (тіксіну) сезгіштік. Тіксіну сезгіштікті мал көзіне байқатпай тез арада жүнге таяқша, талшық немесе басқа жеңіл затты тигізу арқылы анықтайды (51-сурет). Сау малда мұндай тітіркендіруге тері асты бұлшық еттерінің жиырылуымен, сілкінуімен, басын бұрып қарауымен және басқа қимылдар жасау арқылы жауап қайтарады.
Жылу сезгіштік. Температуралық сезгіштікті теріге жылы және суық затты тигізу арқылы тексереді, оны анықтау үшін дененің әр түрлі бөліктеріне кезекпен жылуды және суықты жақындату арқылы малдың жауап қайтаруын бақылайды.
Беткейлік сезгіштіктің патологаялық өзгерістері. Беткейлік сезгіштіктің патологиялық өзгерістеріне: гипоестезия (төмендеуі), анестезия (жойылуы), гиперестезия (күшеюі).
Сезгіштіктің бұзылу түріне байланысты мынадай атауларды қолданады:
- гипоалгезия-ауру сезгіштіктің төмендеуі;
- аналгезия-ауру сезгіштіктің толық жойылуы;
- гипералгезия-ауру сезгіштіктің күшеюі;
- тастгипоестезия-тітіркену сезгіштіктің төмендеуі;
- тастанестезия-тітіркену сезгіштіктің толық жойылуы;
- тастгиперестезия-тітіркену сезгіштіктің күшеюі;
- термогипоестезия - температура сезгіштіктің күшеюі;
- термогипоестезия-температура сезгіштіктің төмендеуі;
- термоанестезия-температура сезгіштіктің толық жойылуыжәнетермогиперестезия-температура сезгіштіктің күшеюі.
Беткейлік сезгіштіктің төмендеуі, әлсіреуі немесе жойылу. Сезгіштіктің жалпы бәсендеуі (әр түрлі қажулар кезінде) және жергілікті немесе шартты болуы мүмкін. Бір жақты сезгіштіктің жойылуы-гемианестезия-сопақша ми және ми қабықшасы арасындағы өткізгіш жолдардың бір жақты зақымдануы кезінде, ал жергілікті-жұлын миының дорсальді қабықшасы мен терідегі шалғай жүйке тамыр жүйелері зақымдануы кезінде байқалады. Атапөтілген зақымдануға бет жүйке тамырының салдануы мысал бола алады.
Сезгіштіктің екі жақты жойылуы - параанестезия-жұлын миының көлденең зақымдануы кезінде болады.
Тері сезгшітігінің күшеюі. Зақымданудың бұл түрі сезгіш жүйке тамырының немесе оның өткізгіш жолдарының тітіркенуі салдарынан және бас миының тиісті орталықтары патологиялық өзгерістері кезінде, жұлын миының қабықшасы қабынуы кезінде, дорсальді жүйке тамырлары зақымданғанда болады.
Ауруды сезіну шығу орнына байланысты орталық және шалғай болуы мүмкін, сонымен қатар ерікті немесе реактивті ауру сезінуді айырады, олар әр түрлі тітіркендірулерге жауап ретінде пайда болады. Еріксіз ауру сезіну сырттан қосымша тітіркендіргіштер әсерінсіз өз қалпына түрлі мүшелерде, мысалы абсцестер кезінде болатын сезгіштік. Ауруға жауап беру әсері тітіркендіру орны және аймағының таралуына байланысты жергілікті (тітіркендіру орнына байланысты), проекциялық (тітіркендіру орнында ғана байқалмайтын, сезгіштік жүйелейтін барлық аймақта байқалады), иррадиациялық (сезгіштік жүйке тамырының бір ұшынан басқа ұштарына беріледі) және шағылысу арқылы жұлын миының сол сегментіндегі сезгіш соматикалық жүйке тамырына симпатикалық жүйке тамырдың әсер етуі салдарынан, яғни, висцеросенсорлық рефлекс әсер етуі салдарынан болады, мысалы асқазанның күрт ісінуі кезінде шоқтық аймағында тері сезгіштіктігінің күшеюі байқалады.
Тері сезгіштіктігі бұзылуының ерекше түрі парестезия болып табылады, олар ешқандай сырттан әсер етпей-ақ әртүрлі сезінуді аңғартады, олар тітіркену, ыстық сезіну, суық сезіну, ауру сезіну арқылы байқалынады. Парестезия кезінде жануарлар қышынуы, жалануы және денесінің кейбір бөліктерін тістеп-кеміруі мүмкін. Парестезия Ауески, құтыру және т.б. ауруларда байқалады.
Терең (проприоцептивтік) сезгіштікті зерттеу
Бұл зерттеулердің маңызы тереңде жатқан анатомиялық құрылымдардың-байламдардың, буындардың, сіңірлердің сезгіштігін анықтауда болып табылады. Терең сезгіштіктің жағдайын мал денесінің кеңістіктегі орнына және қозғалуына байланысты анықтайды.
Малды зерттеу кезінде оның денесінің әр түрлі бөліктеріне қалыпсыз жағдай жасайды, мысалы алдыңғы аяқтарын бір-біріне айқастырады немесе оның біреуін ілгері жылжытады.
Терең сезгіштіктің бұзылуы кезінде мал сол қалпын ұзақ сақтайды-алдыңғы бір аяғын ілгері созып немесе айқасқан аяқтарымен ұзақ тұрады. Терең сезгіштіктің бұзылуы бас мияның зақымданғанын көрсетеді және оглум, энцефалит, бауыр ауыр зақымданғанда, уланғанда, бұзауларда ол ақ ет ауруында байқалады.
Жүру және қозғалуды зерттеу
Жүру және қозғалу жағдайын анықтау кезінде бұлшық ет тонусы мен әлсіз қозғалыстарды, қозғалу координациясын және атаксияны, жылдам қозғалу білетін, еріксіз қозғалыстарды, бұлшық еттердің механикалық қозуларын, бұлшық еттер мен жүйке тамырлардың электірлік қозуларын зерттейді.
Бұлшық ет тонусы және әлсіз қозғалыстар. Малды қарап тексеру кезінде бұлшық ет тонусы және әлсіз қозғалыстар жөнінде мағлұматтарды мал денесінің кеңістіктегі орнына, аяқтарын қоюына, басын ұстауына, құлақтарының, құйрығының қалпына байланысты анықтайды. Сипау әдісі арқылы кейбір бұлшық ет топтарының қаттылығын және көлемін анықтайды; аяқтары қозғалған кезде буындарды бүгу және созу кезінде қызмет атқаратын бұлшық еттердің бүгілуіне және созылуына қарсылық кедергілеріне көңіл аударады.
Патологиялық өзгерістердің ауруды анықтаудағы маңыздысы бұлшық ет тонусының күшеюі мен төмендеуі. Бұлшық ет тонусының күшеюі бұлшық ет гипертониясы сіреспе, стрихнинмен уланғанда, орталық сал аурулары кезінде байқалады.
Қозғалыс координациясы. Оны қозғалмай тұрғанда және қозғалу кезінде анықтайды. Қозғалыс координациясының бұзылуы - атаксия - статикалық немесе динамикалық болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет