3.Рефлекстерді, вегетативтік жүйке тамыр жүйесін және ликворды (сары суды) зерттеу
Беткі және терең рефлекстерді зерттеу. Беткі және терең рефлекстерді зерттеу кезінде жүйке жүйесін зерттеуге арналған И.П.Шаптала конструкциясымен жасалынған құралдар жиынтығын пайдаланған жөн.
Тері рефлекстерінің клиникалық маңызы барлары: тері рефлексітеріге тиген кезде тері асты бұлшық еттерінің жиырылуы; құрсақ-бауыр рефлексі құрсақ-бауыр қабырғасының (теріге сызық жүргізіледі) әр жеріне тиген кезде құрсақ-бауыр еттерінің жиырылуы. Құйрық рефлексі-құйрықтың ішкі жағы терісіне тиген кезде құйрықтың екі аяқтың ортасына қысылуы; аналь (артқы тесік) рефлексі-анус маңайындағы теріге тиген кезде сыртқы сфинктердің жиырлуы; кремастер (үма) рефлексі-артқы аяқ санның ішкі бетін тітіркендірген кезде үманың жоғары көтерілуі; тұяқты сүйегінің рефлексі-тұяқтың жоғарғы бетін балғамен нұқыған кезде аяқтың жоғарғы жақ бұлшық еттерінің жиырлуы; тұяқ рефлексі-тұяқ арасын басқан кезде аяқтың көтерілуі; құлақ рефлексі-құлақ терісін тітіркендірген кезде малдың басын бұруы.
Ликворды микроскопиялық зерттеуге қанның формалық элементтерін санау және тұнбаны микроскоппен зерттеу жатады.
Клеткалық элементтерді санау Горяевтің санақ торшасында жүргізіледі. Лейкоциттерді (канның ақ түйіршіктерін) араластырғыштың "I" белгісіне дейін бояғыш сұйықты (көгілдір метилді - 0,1, химиялық таза сірке қышқылы - 2г, дистильденген су - 50 мл) алады, сонан соң "П" белгісіне дейін жаңадан алынған ликворды алады, оны жақсы араластырып, бірқалыпты боялуы үшін 10-12 минут уақытка қояды. Сонан кейін тағы да жақсы араластырып, араластырғыш түтікшесінен алғашқы 2-3 тамшыны сүртіп тастап, сонан соң бір тамшыны санақ торшасына тамызады, клеткалық элементтерді санауды дәл қанның ақ түйіршіктерін санаған сияқты жүргізеді. Сау малдарда 1 мкл ликвордың құрамындағы формалық элемеиттердің саны: ірі қара малдарда -2-10, жылқыларда - 1-5, қой және ешкілерде - 2-9, иттерде - 5-8. Ликвордың құрамында формалық элементтер санының көбеюі менингоэнцефалитте, соққы алғанда бас пен жұлын миы шайқалғанда және басқа ауруларда байқалады.
Центрифуга көмегімен тұнбаға отырғызылған және Романовский-Гимза бойынша боялған жұғындыларды микроскопия жасаған кезде, ликвордың клеткалық элементтері кұрамын анықтайды. Сау малдарда ликвордың құрамында нейтрофильдерді, эозинофильдерді, лимфоцитгерді, плазма клеткаларын және жіктеуге келмейтін клеткаларды табуға болады. Іріңді менингоэнцефалит ауруында нейтрофильді клеткалар көп мөлщерде табылады. Вирусты энцефалит кезінде ликвор құрамында көп мөлшерде лимфоциттер және моноциттер табылады.
Ликворды бактериологиялық зерттеу қажетті жағдайларда жүргізіледі. Бүл кезде жалпы қабылданған бактериологиялық әдістерді қолданады.
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары.К.Н.Қожанов.Семей 2005ж
2.Ауылшаруашылық малдың жұқпайтын ішкі аурулары.Құрбанов С,Құрбанова К.С,Мамбетали О.Д,Шымкент 2010ж
3.Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары.М.Қожабаев,Ш.М.Қаратаев,Шымкент 2006ж
Достарыңызбен бөлісу: |