Малды генотипі бойынша бағалау және іріктеу



бет2/2
Дата14.11.2019
өлшемі4,07 Mb.
#51804
1   2
Байланысты:
Зертханалық жұмыс 8


1-кесте. КССРО ХШЖК қатысушысының (Мәскеу, 1976 ж) 1973 жылы туған, тірі салмағы 118 кг, қырқыны жуылған жүні 5,7 кг, ұзындығы 16 см, 50 сапалы № 30157 өндіруші қошқардың шежіресі


Ш№ 1369, т.с.67 кг, жуылған жүн 2,8 кг; жүн ұзындығы 14 см; 50 сапа; кл. Элита

Ә№ 91167, т.с. 102 кг, жуылған жүн 4,2 кг; жүн ұзындығы 14 см; 50 сапа; кл. Элита

ШШ 1750-63-2,3-

14-50, кл. элита



ШӘ 40565-97-3,5-17-50 кл. элита

ӘШ 55661-65-2,2-14-50

ӘӘ 57289-95-3,4-17-50 кл. элита

шшш

№1718-


68—2,2-

14-50


кл.

элита


шшә

№1850-


101-

3,3-16-


50 кл.

элита


шәш

№1109-


58-1,7-

14-50


кл. I

шәә

№1320-


98-3,1-

16-50


кл.

элита


әшш

№1210-


65-1,8-

13-48


кл.

элита


әшә

№1314-


97-3,2-

15-50


кл.

элита


әәш

№17184-


62-2,0-

14-50


кл. I

әәә

№14569-


106-3,2-

16-50


кл.

элита

Шежіре талдауы малдың асыл тұқымды қасиеттері мен өнімділік мүмкіндіктерін, олардың ататегілерінің көрсеткіштеріне қарап болжауға болады. Шығу тегі бойынша іріктеу кезінде, жеке ататегін ескеріп қана қоймай, шежірені толық ескеру керек. Шежіренің терең толық талдауы үшін бірінші қатардағы мәліметтен басқа, басқа алыс туыстары туралы мәлімет болу керек, өйткені барлық ата-тегінің ерекшеліктерін сәйкестіріп, малдың тұқым қуалаушылық фундаментін қалыптастырады. Шежірені зерттеген кезде табынның тұтас ерекшеліктерін білуге, өткен жылдар жұптастыру нәтижелерін анықтауға, туыстас шағылыстырудың нәтижелерін анықтауға көмектеседі. Шежіре табындағы малдың шағылыстыру керек екендігін анықтауға көмектеседі. 35,36-кестелерде екі сиырдың (Золотуха және Алюминьевая) қара ала тұқымды шежіресі көрсетілген.
2есте. Золотуханың 59276, II- 8672- 3,65 шежіресі


Глина 250, IV-10587-3,80

Изменник 6987, элита рекорд

Топ 6.1-6067-3,54

Боукесс-паулюс 62761, элита рекорд

Счастливая 2498, ІІ-4188-3,97

Аромат 4739, элита- рекорд

Флюгарка 603576 I-3972-394

Корнюмер-Боуке 403345, III-5605-4,36

Асехланнер-Паулюс

50717, элита-рекорд



Тичка 3724, VII-5826-3,11

Адема СВГП-87, элита-рекорд

Кенже 922, IV-7700-4,05

Берберс 61557

Егер малдарды шығу тегі бойынша туған күннен бастап бағаласа, онда Золотуха шежіресі бойынша өзінің сүттілігін болжауда асып кетуші еді, өйткені оның ұрғашы ататегінде аз өнімді малдар болмаған, әсіресе оның шешесі (10587 кг), ӘШ (9129 кг), ӘӘШ (7700 кг), ШШ (6067 кг) жоғары сауыммен сипатталады. Алюминьевая сиырын шежіресіне келетін болсақ, әкесінің жағынан ұрғашы ататегінің сүт өнімділігі жоғары болғанымен, оның шешесі мен шешесінің шешесінде сауымын салыстырғанда өте төмен.

Золотуха табынның жоғары өнімді сиырларын бірі болды, 305 күнде II бұзаулағанда 8672 кг сүт берді, ал Алюминьевая сиырында азықтандыру және ұстау жағдайы бірдей болса да, I-ден IV бұзаулағанда 3000 кг-ға дейін әрең жетті. Бірақ Алюминьевая сиырында сүттің майлылығы жоғарылау. Өйткені оның шежіресінде сүттің майлылығы жоғары болатын ұрғашы ата-тегі көп. Оның арғы атасы Хаубойс-Аннас-Адем 4416 майлы сүтті голланд ата-ізінің 30587 Аннас-Адеманың ұлы болып табылады.

3-кесте Алюминьевая 4492, 1- 2116- 4,21; II- 3229- 4,16; III-3228- 3,89; IV-

3135-4,21 шежіресі


Сделка 2082, 1-3746-4,29

Боукес- Паулюс 62761, элита-рекорд

Мазепа 8988,1-

2622-4,2


Варнастер-Бонне

54257, элита-рекорд



Корнюмер-Боyке

403345, III-5605-4,36



Асехланнер-Паулюс 50717, элита-рекорд

Античная

4220,1-


46383,65

Драгyн

6933


элита-

рекорд


Варгастер-

Бонби


33,ІІ-4791-

4,24


Варгастер-

Бонне


47091,

элита-


рекорд

Боуке15

270628,


III-

5766-


4,16

Корнюмер-

Афкес-


Такомет 49611,

элита-


рекорд

Асехланнер-

Мартнас-


Адема

266891, V-

7153-4,75


Хауббойс-

Аннас-Адема,

44165, элита-рекорд


Жалпы шежіреге (малдың шығу тегіне) қандай талаптар қоюға болады?

Біріншіден, егер онда неғұрлым өнімділік пен асыл тұқымды қасиеттері жоғары құнды ататегі болса, соғұрлым шежіре құнды болады. Бұл кезде маңыздысы атақты ататегі шежіренің екі жағында (әке мен шеше жақтарында) орналасуы керек. Екіншіден, неғұрлым әр ұрпақ ата-тегінен жақсырақ болса, соғұрлым шежіре құнды болады, әсіресе, ең маңыздысы ата-анасы жоғары құнды болуы керек. Үшіншіден, шежіре бойынша бағаланатын малдың ата-анасы атақты табында немесе тұқымындағы генеалогиялық топқа аталық із, аналық ұя, сондай-ақ бұрын өзара сәйкес келген туыстас тобына жатса, тұқымдық қасиеттері нақты тұқым қуалайды. Төртіншіден, егер әкесі және шешесінің жақтарынан сол немесе басқа атақты ататегі қайталанатын болса, шежіренің құндылығы жоғарылайды, өйткені инбридинг ондай малдарға салдарды болдырмайды, керісінше жақсы тұқым қуалаушылықты бекітеді. Сондай-ақ шежіреде ұрпақтарына жоғары сапа берген ататегін ескерген жөн – ол ең маңыздысы және ең соңғысы, жануарларды шығу тегі бойынша іріктеуде шежіре бойынша бағалаумен қатар, шеткі туыстары – апалары, жартылай апалары, ағалары, жартылай ағалары туралы мәліметтерін қолдану бұл сибс және жартысибс бойынша бағалау деген атқа ие болды. Ол бір ата-анадан шыққан малдардың генотиптік ұқсастығына негізделеді.

Қазіргі кезде малдардың асыл тұқымды қасиеттерін сандық белгілер мен шежіре бойынша шамамен ғана болжауға болады. Бұл көптеген сандық қажетті-шаруашылықты белгілердің тұқым қуалауының төмендігіне, мейоз кезінде гендердің үлкен сандық комбинациясына байланысты. Б. П. Завертяевтің ойынша, егер белгінің тұқым қуалауы толық болса да, ондай жағдайда ұрпақ өзгергіштігінің 25 % ғана әр ата-анадан, ал 50 % жаңа генетикалық комбинациямен анықталады.

Бағаланатын (пробанд) малға ең көп тұқым қуалаушылық әсерін ата аналар тигізеді.

Басқа ататегінің әсер деңгейі олар пробандадан алшақтаған сайын төмендейді. Ф. Гальтонның айтуынша, әр малдың тұқым қуалаушылығы 50% оның ата-анасының тұқымдық қасиеттерінен, 25% атасы мен әжесінің, 12% үшінші қатар ататегінің тұқымдық қасиеттерінен қалыптасады. С. Райс әсер үлесін осылай бөледі: ата-аналары-60%, екінші қатар ататегі - 40 %; В. Е. Альтшулер мен Н.П. Сухонов бойынша бұл көрсеткіштер сәйкесінше 70 және 30 %.

Шежіремен пробандтың асыл тұқымды құндылықтарының нақты бағасын алу үшін, регрессия жеке коэфициенттер көмегімен ататегінің өнімділігін өңдеу керек. Пробандтың асыл тұқымды құндылықтарын регрессия коэффициенті әкесінің қыздарының саны көбейсе және белгінің тұқым қуалау деңгейі жоғары болса жоғарылайды (4-кесте).



4-кесте. Әкесінің асыл тұқымды құндылықтарына пробандтың асыл тұқымды құндылықтарының регрессия коэффициенттері (Б.П. Завертяев бойынша)

Ұрпақ саны


Тұқым қуалау коэффициенті

0,1

0,2

0,3

0,4

0,5

0,6

0,7

5

0,11

0,21

0,28

0,36

0,42

0,47

0,51

10

0,20

0,34

0,45

0,53

0,59

0,64

0,68

20

0,34

0,51

0,62

0,69

0,74

0,78

0,81

30

0,43

0,61

0,71

0,77

0,81

0,84

0,86

40

0,51

0,68

0,76

0,82

0,85

0,87

0,89

50

0,56

0,72

0,82

0,85

0,88

0,90

0,91

100

0,72

0,84

0,89

0,92

0,93

0,95

0,95

Егер әкесінің қыздарының орташа өнімділігінің ауытқу көлемін белгілі бір белгінің тұқым қуалауда регрессия коэффициентіне көбейтсе, пробандтың құндылығын бағалауға болады. Мысалы, егер бұқа әкесінде өнімі құрбыларынан 200 есе көп болатын 30 ұрғашы болып, берілген белгінің тұқым қуалауы һ2 = 0,2 болса, онда пробандтың асыл тұқымдық құндылықтары А= 200* 0,61= 122 кг сүтті құрайды. Егер енесінің асыл тұқымды қасиеттері белгілі болса, онда асыл тұқымды құндылықтар пробандтың әкесі мен енесінің асыл тұқымды қасиеттерінің орташа арифметиклық көрсеткіштерімен анықталады.



Қорытындылай келсек, шығу тегі бойынша малдарды бағалау мен іріктеуде оның сұрыптауда мәні үлкен болса да, ол алдын ала жасалған болып саналуы керек. Малдың генотипі жөнінде нақты және дұрыс пікірді тек оның өнімділігі мен ұрпақтарының сапасын анықтаған соң айтқан жөн.



Ұрпақ сапасы бойынша малды бағалау мен іріктеу Ұрпақ сапасы бойынша малды бағалау мен іріктеу - шаруашылықта алынған төлді - қажетті селекцияланған белгілерді дамытуда және малдың асыл тұқымды құндылықтарын анықтауда маңызды да, қорытынды әдіс. Бұл – берілген дара ұрпаққа беретін гендердің орташа таңдау нәтижесін бағалауға мүмкіндік болып табылады. Малдың генетикалық әлеует мүмкіндігі ұрпақ өнімділігінде көрсетілсе, онда ұрпақтың фенотипі бойынша малдың асылтұқымды қасиеттерін бағалау селекциялық жұмыста негізгі әрі ақырғы бөлім болып табылады.

Ұрпақ бойынша малды бағалауды 19 ғасырдың екінші жартысына дейін жеке шағын зауыттарда өткізген, және ол мал өсірудің шыңы болған. Аталған жұмыстың басталуын ғылыми нақтыланған әдісті ағылшын зауытшысы Р. Беквелл (1725-1795) есімімен байланыстырады. Ол қойлардың лейстер тұқымын шығарды, осыларды шағылыстыру нәтижесінде Англия қойларының ұзын жүнді етті тұқымдары шығарылды. Р. Беквелдің жас ізбасарларының ішінен шортгорн етті малдың авторлары - ағылшындар Роберт (1750 ж. т. ) және Чарльз (1751 ж. т.) Коллинг ағалы інілердің атағы шықты. Біртіндеп осындай бағалау көптеген елдер қатарында мемлекеттік көлемде өткізілді. Ресейде ұрпақ сапасы бойынша малдарды бағалау ғылыми әдістемелерімен алғаш рет О. В. Гаркави (1926-1928) жұмыс жасаған, ол малшаруашылығында селекциялық жұмыстың көрнекті бағдарламасын жасады.

Біздің елімізде аталық малды сынау жұмыстары 1945-1950 жылдары басталды. Оны В. Л. Бальмонт, Н. С. Бутарин, М. А. Ермеков, Д. Н. Пак, А. И. Есенжолов, Т. Б. Бокенбаев, М. А. Алетов және т.б. сияқты атақты селекционерлер басқарды.

Малдың генетикалық әр түрлілігі және шаруашылыққа қажетті белгілердің тұқым қуалауын қиындығы - ата-тегінде сипатталатын белгілер қандай мөлшерде ұрпақта кездесетінін нақты болжауға мүмкіндік бермейді. Зоотехния даму тарихы мынаны көрсетеді: ұрпақ сапасы бойынша бағалау жүйелі түрде жүргізілсе, сонда мал тұқымын жетілдіру тез жүреді.

Ондай бағалауды жүргізу қажеттілігі өте маңызды. Өйткені асылдандыру жұмыстары кезінде анықталғаны жоғары өнімді ата-аналардан өнімділік деңгейі бойынша өнімділігі төмен ұрпақ алу немесе керісінше, "орташа" мал өте құнды ұрпақ береді. Одан басқа, үлкен мәнді болып, төмен тұқым қуалаушылыққа қатысты белгілердің ұрпақ бойынша бағалау, сондай-ақ бір жыныста фенотиптік түрде айқындалатын белгілер өте маңызды. Мысалы, бұқалардың сүттілігі мен әтештердің жұмыртқалауы және т.с.с. Осындай бағалау "теориялық" дұрыс болса, "генотиптік" бұқалар үшін сауымы және әтештерге арналған жұмыртқалауын анықтауға болады, іс жүзінде олардан сүт пен жұмыртқа алмайтыны белгілі.

Ұрпақ сапасы бойынша бағалауға аталықтар да, аналықтар да алынады. Тұқым қуалаушылықты генетика-статистикалық әдіспен зерттегенде, малдың қасиеттер жиынтығы ата-анадан теңбе-тең беріледі деп саналады. Дегенмен, әкесі мен шешесінің әр малдың сапалық ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер деңгейі әр түрлі болады, неғұрлым ол әсер көп болса, соғұрлым ата-ананың асыл тұқымды қасиеттері жоғары болады. Бұдан шығатыны, ұрпақ сапасы бойынша бағалау арқылы әкесі мен шешесінің асыл тұқымды құндылықтары анықталады.

Ұрпақ сапасы бойынша аналықтарды бағалау зоотехнияда бұрыннан пайдаланылады әсіресе көп төл беретін малды іріктеуде үлкен мәні бар. Шошқа шаруашылығында және елтірі қой шаруашылығында ұрпақ сапасы бойынша аналықтарды іріктеу өте нәтижелі болады, өйткені аналықтардың көбеюлілігі жоғары. Сүт бағыттағы ірі қара мал шаруашылығында ұрпақ сапасы бойынша сиырларды бағалауда аналық ұяларды құру мен өсіру сияқты асылдандыру жұмыстарының маңызды әдісі негізделген. Сұрыптауда аналықтардың кейде керекті мал типтері мен олардан аталықтарды алуда үлкен мәні бар.

Осылай, етті бағыттағы ірі қара малдың герефорд тұқымын шығаруға Мотле сиыры үлкен рөл атқарды. Ресейде рекордты сүт бағытындағы ірі қара малдың кострома тұқымының табынын шығаруда құнды ұрпақ, оның ішінде құнды бұқаларды берген Беляна, Послушница, Симпатия, Камета және т.б. сиырларды пайдаланудың үлкен мәні болды.

Шаруашылықта пайдалы малдардың қалыптасуына жатырда және жатырдан кейінгі кезеңде дамудың жағдайлары әсер ететінін ескерсек, енесінің ағзасының өзінің ұрпағына әсері жоғарылайды. Енесінің жатырындағы ұрық енесінің ықпалында болады. Кейін жатырдан кейінгі кезеңде төлдің өсуі мен дамуы аналықтың сүттілігіне байланысты болады. Сондықтан басқаша тең жағдайларда анасының ағзасы төлдің өнімділік қасиеттерінің дамуына ықпал жасауға үлкен мүмкіндігі бар.

Дегенмен, мүмкіншілік әлі ақиқат емес. Біріншіден, бұл мынамен түсіндіріледі: ұрпақ саны малдарда (қой саулығы, сиырлар, биелер және т.б.) саулықтарда аз (өмір бойы қой саулығы 5-7 ұрпақ береді, сиырлар мен биелер де сондай ұрпақ береді) және олар неғұрлым аз ұрпаққа әсер етеді, сондықтан олардың асыл тұқымды бағалауы тәжірибеде, кейбір жағдайларды қоспағанда негізінен ұрпақ фенотипі бойынша емес, өздерінің өнімділігі бойынша беріледі. Екіншіден, үлкен деңгейде ұрпақтың сапасына әсер ететін, әрине асыл тұқымды қасиеттері жақсырақ және тұқым қуалаушылықта берілудің үлкен күшімен сипатталатын ата-ана.

Қазіргі зоотехнияда әлемнің барлық елдерінде ұрпақ фенотипі бойынша генотипті бағалауда негізінен асылтұқымды аталықтар алынады. Бұл келесі жағдайлармен түсіндіріледі. Ең алдымен табынды көбейтуде, малдың өнімі және асыл тұқымды қасиеттерінің жоғарылауы, аталыққа күрт өскен талаптар осыған жатады. Бұл –жануар репродукциясындағы жасанды ұрықтандырудың негізгі әдіс болуымен байланысты. Табында пайдаланатын аталықтар жоғары қатаң іріктеуге шалдығады және олардың негізгі өнімді қасиеттері бойынша селекциялық дифференциал жоғарырақ болады, сондықтан да келесі ұрпаққа шешелеріне қарағанда аталықтардың әсері өте жоғары болады. Бұған қоса, жасанды ұрықтандыруда аталықтар алынатын ұрпақ саны бойынша 10, 100, тіпті мың есе аналықтардан артық болады. Сондықтан, олар табын генофондын жасауда үлкен әсерін тигізеді. Мысалы, біздің мәліметіміз бойынша дегерес құйрықты тұқымның №30375 қошқардың шәуетімен Баканас асыл тұқымдық шаруашылығында пайдаланудың 7 жылдық кезеңінде 2900 саулық басы ұрықтандырылды. Сондай-ақ АҚШ-та 1 бұқа шәуетімен жыл бойы 50 мыңға жуық сиыр ұрықтандырылғаны белгілі. Невинномыск (Украина Республикасы) асылдандыру станциясында биязы жүнді кошқардың шәуетімен 1 жылда 17680 саулық басы ұрықтандырылды. Аталықтардың асылдандырудағы маңызы -196° С температурада шәуетті мұздатып сақтау әдісі, бұл әдіс аталықтардың шәуетін географиялық орындарына қарамастан және көптеген жылдар бойы пайдалануға болады.

Ағылшынның ежелгі мақалы "Сапалы аталық – бұл табынның жартысы" дегені қазіргі кезде мәнді анықтауды қажет етеді. Асылдандыру прогресі әр ұрпақта негізінен он шақты атақты аталық жалғастырушылар бойынша анықталғанда, жасанды ұрықтандырудың кең түрде енгізілуі, табынның генетикалық жақсаруы ондағы пайдаланған аталықтар сапасымен анықталатынын. Әлемдік селекция зерттеулерінің озат тәжірибелері көрсеткендей, аталықтарды дұрыс бағалау мен оларды интенсивті пайдаланудың арқасында алуан түрлі мал популяциясында 70-80% генетикалық прогресті алуға болады.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар табынды көбейтуді және оның өнімділігін жоғарылататын аталық сапасына ерекше жауапкершілікті қояды. Сондықтан ұрпақ бойынша аталықтарды бағалау үлкен мәнді және қазіргі селекция мен зоотехниялық ғылымның көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады.

Ұрпақ бойынша аталықтарды бағалау және іріктеудің мақсаты - арнайы таңдалған аналықтармен шағылыстырып және керекті ұрпақ беретін аталықты анықтап, оны көп ұрпақ алу үшін максималды пайдалану.

Ұрпақ сапасы бойынша асыл тұқымды аталықтарды кеңінен пайдалану қосымша мал басын, азықты, қораны қажет етпейді, өйткені малдың өзінде қалыптасқан әлеуетті мүмкіндіктерін пайдалануға негізделгенін ескерген жөн.

Ұрпақ фенотипі бойынша аталықтарды дұрыс бағалаудың әдістемелік талаптарын орындаудың маңызы зор екендігін атап көрсеткен жөн. Кез келген бағалауда аталықтың асыл тұқымды қасиеттерін қорытындылағанда одан алынатын ұрпақтың қасиеттері бойынша шығару керек.

Аналық мал басының асыл тұқымды қасиеттерін ескерген жөн, ол аталықпен шағылысу нәтижесінде ұрпақ береді. Егер біз бағаланатын аталықпен шағылыстыруда ең жақсы аналықтарды пайдаланып, өнімділік көрсеткіші шешесінікінен төмен болса (регрессия құбылыс салдарынан), осы төмен көрсеткіш толығымен регрессиямен түсіндіріледі немесе бағаланған аталықтың асыл тұқымды қасиеттерінің төмендігіне байланысты деп айтуға болмайды. Осы мақсатта нашар аналық мал басын пайдаланғанда шешесіне қарағанда жақсы ұрпақ туады. Дегенмен, осы жағдайда барлық жақсы қасиеттерін әкесіне жатқызуға болмайды. Ең дұрысы – аталықты бағалау үшін осы аналықтардан алынған ұрпақ бойынша аналықтарды алдағы уақытта аталықпен пайдалануды болжауда бағалаған дұрыс.

Ұрпақ бойынша аталықты бағалаудың дұрыстығына шағылыстырылатын ата-ананың жасы да әсер етеді. Ең жақсы ұрпақты жас аталықтан, әдетте, жетілген толық жасты аналықтармен шағылыстырғанда алады және нашар ұрпақты өте жас немесе өте кәрілермен шағылыстырғанда алуға болады.

Ұрпақ бойынша аталықты бағалау нәтижелеріне салыстырмалы топтағы малдың даму жағдайы, яғни паратиптік факторлар мәнді ықпалын тигізеді. Онда бағаланатын аталықтың ұрпақ көрсеткіштерін бірдей, теңестірілген шаруашылық жағдайларында өсірілген мал топтарының көрсеткіштерімен салыстырған жөн.

Ф. Ф. Эйснер бойынша (1967), ұрпақ бойынша аталықтарды бағалау шараның болшақта орны бар, өйткені бағаланған бұқаны пайдаланудан шын мәнінде нәтижені 2,5-4 жылдан кейін алуға болады. Бұдан шығатыны, аталықта бағалағанда кездейсоқ жағдайларға емес, қалыпты, келешектегі азықтандырудың түрін және болашаққа жоспарланған өнімділік деңгейіне бағдарланады. Ф. Ф. Эйснер және Л. К. Эрнст (1967) ойларынша, абсолютті көрсеткіштер ғана емес, бір аталықтың екіншісінен азықтандыру мен ұстаудың нақты жағдайларына қатысты басымдылығының үлкен мәні болады. Ұрпақ сапасы бойынша бағалаудың міндеті аталықтың генотипі жөнінде пікір айту болса, ал генотип қоршаған орта жағдайларына ағзаның жауап межесін анықтаса, оның тұқым қуалау негізінде ғана көрінбейді және аталықтың ұрпақтары тіршілік ететін нақты жағдайларға байланысты. Егер бір аталық ұрпақтарының шешесі құрдастарына қарағанда жағдайлары төмен болса, олардың төмен өнімділік көрсеткіші әкесінің жаман тұқым қуалаушылығынан емес, оларды ұстау мен азықтандыру жағдайларынан болады.

Аталықтың ұрпағын басқа аталықтың ұрпағымен (олардың құрдастарымен) салыстырғанда тек азықтандыру мен ұстау жағдайларының теңдігі жеткілікті болмайды (38-кесте).

6-кестеден көріп отырғандай, № 41191 және № 45024 қошқарлардың ұрпақтары бірінші және екінші бағалауда бірдей жағдайларда болды, ал аталықтарды бағалау деңгейі өте айқын өзгергені көрінеді.



6-кесте. Дегерес тұқымындағы № 41191 және № 45024 қошқарларының тірі салмағының, жүн қырқымының орташа көрсеткішін олардын 12 ай жасындағы қолайлы (+) және қолайсыз (-) азықтандыру жағдайларындағы салыстыру кестесі


Қошқар

Тірі салмағы, кг




Жүннің қырқылуы

-




+




-




+

№41191

49,4




53,8




3,8




4,1

№ 45024

46,5




59,1




13,4




4,9

Демек, осында басты болып бағалаудың кез келген бірдей жағдайлары емес, олардың қолайлығының бірдейлігінде, яғни бағалауды тек азықтандырудың қолайлы жағдайында жүргізу керек.

Ұрпақ бойынша аталықтарды бағалау ұрпақ өсірілетін нақты жағдайларды ескеріп, биологиялық және шаруашылыққа - пайдалы белгілер кешені бойынша ұрпақ талдауын жасау қажет.

Аталықты бағалау кезінде оның ұрпақтарының жақсы бөлігін ғана емес, барлық ұрпақтарын ескеруі маңызды болып саналады. Барлық топтың орташа көрсеткіштерімен шектелмеу керек, әр шағылыстырудың жеке талдауын жасау дұрыс. Орташа көрсеткіштерінің артында, мынадай жағдайлар жасырынуы мүмкін: белгілі топтағы аналықтармен немесе жеке даралармен шағылыстырғанда құнды ұрпақ пайда болады. Бұл тұқым қуалаушылық қасиеттерінің сәтті сәйкестігін көрсетеді. Ондай аталықты мақсатты түрде қандай аналықпен сәйкестігі басым болса солармен шағылыстыру керек.

Аталықты бағалау беріктігі ескерілген ұрпақ санына байланысты болады. Бір де бір аталық мүлде бірыңғай ұрпақты бермейді, оның бір немесе екі ұрпақ бойынша тұқым қуалаушылығы жөнінде пікір айту қиын. Неғұрлым көп санды ұрпақ бойынша аталық бағаланса, соғұрлым оның асыл тұқымды сапасы дәлдеу болады. Осылайша, сүтті мал шаруашылығында 25-30 бас, қой шаруашылығында 100-120 бас толық жеткілікті болады.

Аталықтың ұрпақтар саны олардың асыл тұқымды сапаларына нақты баға беру белгінің өзгергіштік дәрежесіне байланысты болады. Осында, баға берудің нақтылығы тұқым қуалаушылық коэффициенті жоғарылаған сайын жоғарлайды. И. Иогансен бойынша тұқым қуалаушылықтың төмен көрсеткішімен (Һ2<0,3) сүт шаруашылығында бұқаларға баға беру 5 және 10 ұрпақ бойынша онша сенімді болмайды; һ2, ауытқуы 0,05-тен 0,1-ге дейін болғанда, ұрпақтың саны 50-100-ге дейін өссе де нақтылығы төмен болады, 0,5-ке тең һ2 болғанда (жоғарғы тұқым қуалаушылық) 15-20 ұрпақта жеткілікті дәрежеде нақты болады.

Практикалық селекцияда бұқаларды 5 ұрпақтары бойынша жиі бағалауға тура келеді. Бұл қалған қыздарының өнімділігіне нақты болжаулар беруге негіз болады және жақын ұрғашы тұқымдарының өнімділігіне қарағанда осындай баға беру сенімді болады.

Я. Рендел мен А. Робертсон (1950) қыздарының әр түрлігіне байланысты олардың болашақ өнімділігін есептеу үшін формула ұсынған, бұқалардың баға беруді осы формуламен есептелінеді.


п*0,25*һ

T=


1+(п-1)*0,25*һ

Берілген формула бойынша К. Панье, Н. М. Крамаренко және Л. К. Эрнст аталықтың бағалау деңгейінің дәлдігін шығарды (ертеде бағаланған және аталықтың қыздарының көрсеткіштерінің сәйкестігі) қыздарының саны мен олардың коэффициентіне байланыстылығы (7-кесте).


7-кесте. Бағаланған ұрғашылардың саны және тұқым қуалаушылық коэффициентке, сүттілікке нақты баға беру деңгейі


һ2

Тексеретін ұрғашылар саны

Авторы




10

20

40

60




0,20

0,34

0,51

0,68

0,75

К. Панье бойынша

0,30

0,45

0,62

0,76

0,83




0,40

0,52

0,69

0,82

0,85

Н. М. Крамаренко бойынша

0,50

0,59

0,74

0,85

0,90

Л. К. Эрнст бойынша

К. Панье (39-кесте) алғашқы 2 жолы негізінде 50 қызға баға беру жеткілікті деген пікірге келеді. Н. М. Крамаренко мен Л. К. Эрнст сүттіліктің тұқым қуалаушылығы 0,4-0,5-ке тең болғандықтан, бұл ұрғашылар санын азайту болатынын айтады.

Ұрпақ бойынша аталықтың бағалау әдістерін дұрыс қою маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі кезде бағалаудың келесі әдістері қолданылады:

Бірінші әдісті «шеше-қыз» деп атайды. Осы әдісте анықтаудың 3 тәсілі бар. Бірінші тәсіл – жақсартушы-нашарлатушы әдіс. Қыздарының орташа өнімділіктерін шешесінің орташа өнімділігімен салыстыру осы әдістің мәні болып табылады.

Осында аталықтың асыл тұқымды құндылығы қыздарының абсолютті сүттілігі емес, қыздары (Қ) мен шешелерінің (Ш) көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтармен анықталады. Бұл әдіс мына формуламен белгіленеді:

А=Қ-Ш
Егер қыздарының көрсеткіштері оның шешелерінің көрсеткіштерінен жоғары болса, аталық жақсартушы болып саналады. Егер төмен болса, аталық нашарлатушы; егер тең болса, бейтарапты болады. Оны былай көрсетуге болады: Қ>Ш - жақсартушы, Қ<Ш - нашарлатушы, Қ=Ш - бейтарапты.

Жақсартушы-нашарлатушы әдісі аз өнімді табындарда пайдаланатын аталықтар үшін аса "жомарт" болып, жоғары өнімді табындарда шегіне "сараң" болады. Осыдан шығатыны - бұл әдіс өндірушілерді бағалауда қыздары мен шешелері үшін өсіру мен пайдаланудың бірдей жағдайларын жасағанда да, басты болып саналмайды. Практикада әр түрлі жылда бірдей жағдай жасау өте қиын (қызмет атқарушылар, табиғи-климаттық және азықтық факторлар және т.б.).

Кейбір селекционерлер шешелері мен қыздарының өнімділігін бір жылда (мысалы, шешесі 7 жаста, қызы 4 жаста) салыстыруды ұсынды, бұл олардың өнімділік қасиеттерін бірдей жағдай қатынасында бағалауға мүмкіндік береді. Дегенмен, осында шешелері мен кыздарының жастары әр түрлі. Сондықтан жас малға арналған түзету коэффициенті ұсынылған, көп жылдық мәліметтері бойынша оны жастың өзгергіштігін ескере отырып құрайды. Осылайша қой шаруашылығында азықтандырудың жақсы жағдайында ұрғашы тоқтыларға (қыздарына) тірі салмағы бойынша бағдарлап қосымша 15%, жүнқырқымын 20%, ұстау және азықтандыру қанағат-тандырылатын жағдайларында сәйкесінше 20 және 25%-ке жасайды. Жеке шаруашылықтардағы түзету коэффициенттер мөлшері мүлде басқаша болуы мүмкін. Сондықтан мақсатты түрде азықтандыру мен ұстаудың белгілі жағдайларында ұрғашы тоқтылар мен шешелерінің жүн қырқымы мен тірі салмағын ескеріп, қосымшаның %-ын тексерген жөн.

Егер қыздары мен шешелері әр түрлі жағдайларда болса, онда бағалау кезінде болатын қателер үлкен көлемді болуы мүмкін.

Бұл әдістің кемшілігі - жұптардың сәйкестігінің талдауының болмауы. Қыздары мен шешелерінің азықтандырылу мен ұстау жағдайлары бірдей емес, өйткені салыстыруға тек әр түрлі жылдарда өсірілген малдар ғана жатады. Аналықтар ықпалын ескермеуге болмайды, өйткені осы әдіс көбінесе аналық сапасына байланысты болады.

Екінші әдіс – тұқым қуалаушылық торы. Осы әдіспен аталықты бағалау үшін, орташа мәліметтер емес, жеке әр жұбы (шеше-қыз) талданады. Осы мақсат үшін тұқым қуалаушылық торы мен корреляциялық торды пайдалану ұсынылады (38-сурет). Стандартты торды келесі әдіс бойынша құрады: әр белгінің көрстекішін орналастыру үшін квадрат сызады. Квадраттың сол тік жағында ұрпақтарының өнімділік қасиеттерінің көлем белгілері белгіленіп, ал төменгі жағында сондай масштабта шешесінің көрсеткіші. Квадраттың сол жақ төменгі бұрышынан оң жақ жоғарғы бұрышқа диагональ жүргізеді, кейін "шеше-қыз" әр жұптың көрсеткіштерінен жүргізген сызықтар қиылысында нүкте қояды. Егер ондай белгішелер диагональдің үстінде орналасса – онда аталықты жақсартушы деп, диагональ астында орналасса – нашарлатушы деп, ал егер нүктелер орналасуы тең болса - бейтарапты болып саналады.
7-сурет. Бұқаларды "шеше-қыз" әдісі бойынша бағалаудың тұқым

қуалаушылық торы


Осы әдісте аталық қандай аналықтарымен сәтті сәйкестікте болатынын, ал қандайлармен нашар сәйкес келетінін ескеруге, яғни әр шағылыстырудың нәтижелерін талдауға мүмкіндік береді. Кейін міндетті түрде осы сиырлардың жас ұрғашыларын шешелерімен шағылысқан аталықтармен будандастыру керек. Шешелерімен жас ұрғашыларының мәліметтер негізінде корреляция коэффициенті анықталады. Егер корреляция коэффициенті жоғары болса, бұл шешелерінің күшті әсері жөнінде айтады, яғни аталық тұқым қуалаудың аз әсерін тигізді, ал керісінше болса – неғұрлым шешелері мен қыздарының мәліметтер арасындағы корреляция коэффициенті аз болса, соғұрлым аталықтың әсері көп болады.

Top ішінде ең көп нүктелер шоғырлануын тік төртбұрышпен белгілейтіні негізделді. Негізгі мөлшерден тыс жатқан жеке нүктелерді төртбұрышқа енгізбейді. Толтырылған торды талдау бағытымен әр қой бойынша атақты ғалым-селекционер, қойдың оңтүстік-қазақ тұқымының авторы, профессор А. Метлицкий саулықтарды бағалаудың келесі бөлшектерін анықтады.

1. Ұрпақтың орташа сапасына аталықтың әсерін төртбұрыштың орналасуымен диагональ теңдігіне қатысты анықтайды. Біріншіде төртбүрыштың көпшілік бөлігі диагональ теңділігінен жоғарыда тұр (38а-сурет). Ондай қошқар берілген аналық табынның көрсеткіштерімен салыстырғанда ұрпақтың орташа сапасын жақсартады және жақсартушы болып саналады. Екінші жағдайда тор диагоналінің жоғары және төмен бөлігінде төртбұрыштың тең бөліктері жатыр. Бұл дегеніміз, жақсы және нашар ұрпақтар саны шешелерімен салыстырғанда бірдей (38б-сурет). Үшінші жағдайда төртбұрыштың көпшілік бөлігі диагональдан төмен болып отыр. Ол ұрпақтардың көбі шешелерінен нашар дегенді білдіреді. Берілген белгі бойынша аталық нашарлатушы болып табылады. (38в -сурет).>

2. Ұрпақтардың алуан түрлілігіне аталықтың әсерін төртбұрыш формасы бойынша анықтайды. Осында да 3 нұсқа болуы мүмкін. Біріншіде төртбұрыштың жақтары бірдей, және формасы бойынша квадратқа жақын (39а-сурет). Ол минимумнан максимумға дейінгі белгі құлашы шешелерінде де, ұрпақтарында да бірдей екендігін көрсетеді. Берілген аталық аналық мал басы сияқты белгілердің алуан түрлілігі бойынша ұрпақтарын береді. Зерттелетін белгі бойынша аналықтар неғұрлым түзетілген болса, соғұрлым ол аталықтың ұрпақтарында біркелкі болады. Екінші нұсқада төртбұрыштың тік жақтары көлденең жақтарынан қысқа (39б-сурет). Берілген жағдайда аталықтың ұрпақтары зерттелетін белгінің шешесіне қарағанда көп емес алуан түрлілік болады.



Демек, осындай қошқар зерттелетін белгі бойынша аса ұқсас ұрпақ береді. Қошқардың жақсартушы болғаны жақсы, ал қошқардың нашарлатушы болғаны тіпті қаланбайды. Үшінші нұсқада төртбұрыштың тік жақтары көлденеңге қарағанда ұзындау болып келеді (39в-сурет). Осы жағдайда аталықтың ұрпағы зерттелетін белгі бойынша шешелеріне қарағанда алуан түрлі болады. Егер тауарлы фермалар, шаруашылықтар мен асыл тұқымды станциялар үшін түзетілген жоғары өнімді ұрпақтарды беретін аталықтар аса құнды болып орналасса, асылдандыру зауыттарында көп ұрпақ бермесе де, бірақ ұрпақта өзгергіштік құлашының арқасында атақты рекордшы малдарды бере алатын қошқарлардың болуы өте маңызды. Кейінде берілген аталыққа аналықты таңдау осы қасиеттердің бекітілуін қамтамасыз етіп, жалпы тұқым мен табын прогресіне әкеп соғуы мүмкін.

8-сурет. Ұрпақтың алуан түрлілігіне аталықтың әсері


3. Шешелердің сапасы, өнімділігі төртбұрыштың көлденең бағытында әр түрлі деңгейінде анықталады. Сондай-ақ 3 жағдай болуы мүмкін. Біріншісінде, төртбұрыш тордың сол жағында орналасуы шешелерінде белгінің нашар дамуын көрсетеді (40а-сурет). Егер қошқар осында жақсартушы болса, нашар шешелерінің ұрпақтарын жақсартатынын бөліп көрсету керек. Екінші жағдайда төртбұрыш тордың орта бөлігінде орналасуы шешелерінде белгінің орташа дамуымен сипатталады (40б-сурет). Ол қошқардың орташа аналықтарда тексерілгенн білдіреді. Үшінші жағдайда төртбұрыш тордың оң жағында орналасқан. Демек, берілген қошқардың ұрпағы осы белгі бойынша ең жақсы шешелерден алынған. Егер аталық жақсартушы бола қалса, онда оны ең жақсы шешелермен будандастырылғанын ерекшелеу керек. Жеке белгілердің қой жақсартушыларында ерекше үлкен асыл тұқымды құндылықтары бар. Оларды табынның аса өнімді бөлігіне (элита және I класс) есепке алу максималды үстеме жұмыспен пайдалану.

9-сурет. Тексеретін қошқардың шешелер сапасын анықтау Дегенмен, ұрпақ бойынша қойларды бағалау нәтижелерін талдау әр түрлі аталық іздегі мал сәйкестігін зерттеудің терең жұмыстары мақсатында асылдандыру зауытында қажет. Товарлы табында аталықтарды жаппай бағалауда осындай нәтижелердің талдауы келмейді. Кәдімгі шаруашылықтарда ұрпақ бойынша қошқарларды тексергенде ұрпақтар мен олардың аналарының белгісін орташа көрсеткішімен салыстыру әдісін жиі қолданады. Бұл әдістің кемшілігі – қыздарын шешелерімен салыстырғанда, жағдайлардың бірдей еместігін, қыздары мен шешелері дамыған және өнім беретін түрлі жастарын ескерген жөн.Үшінші әдіс – аталықтың индекс әдісі. Ол әдіс швед ғалымы Хансен ұсынған сандық белгілердің аралық тұқым қуалау тұжырымында негізделген. Аталықтың генотипі қызының өнімділігінің екі еселенген орташа көрсеткіші мен шешелерінің орташа көрсеткіштері арасындағы айырмасымен анықталады. Бұл формуланы аралық тұқым қуалау гипотезасы бойынша шығарады. Қызының тұқым қуалаушылығы оның әкесі мен шешесінің генотипінің жарты сомасымен анықталады.



Мұндағы белгісіз болып аталық (А) генотипін келесі формуладан аламыз:

А =2Қ-Ш формула

Берілген формула аталықпен қосылған саулықтар деңгейін анықтайды. Ол осы деңгейден жоғары болса, ол нашарлатушы болып саналады, ал төмен болса, жақсартушы болып саналады.

Осы әдістің кемшілігі – қыздары немесе олардың шешесі өнім беретін орта жағдайларының салыстырылмайтыны, аталықтардың сонымен қоса табын арасындағы орташа көрсеткіштің есепке алынбауы.

ІІ әдіс ұрпақтарды өздерінің шамаластарымен салыстыру. Берілген әдіс бізде және шет елдердің тәжірибелерінде кең тараған, сондықтан ол дұрыс деп саналады. Олармен жастылар деп бағаланушылардың ұрпақтарымен бір мезгілде туғандарды айтады. Осы әдістің қолайлысы болып аталықтардың ұрпақтарының бірдей жағдайда және бір жаста болуы жатады. Осы тәжірибенің артықшылығы – аталықтардың жасына, азықтандырылуына және күтуіне ешқандай өзгертулер енгізудің қажеті жоқ, өйткені осы факторлар ұрпақтар мен олармен жастылармен бірдей болып келеді.

Табында (фермада немесе шаруа қожалығында) жастылардың орташа өнімділігі деп – табындағы барлық бастың өнімділігінің орта деңгейін жасы, бұзаулау мерзімі, бір өнім беру жылын, тек қана бағалайтын аталық ұрпақтары жеке көрсеткішін атайды. Егер бір уақытта бірдей аталықтарды бағалайтын болса, жастылар арасында орташа өнімділіктері өзгермей қалады.

Осы әдіс аталықты бағалауға мүмкіндік береді және әр түрлі табында алынған ұрпақтың айырмашылықтарын жастылармен салыстыру түр аралық факторлар бірдей болған жағдайда жүргізіледі.

Осы әдістің кемшлігі заттық сапасы мен ұрпаққа әсері саналмайды.

Әр кезде осы аталықтардың арасындағы айырмашылықтарды салыстыруға болмайды, өйткені осындай өндірушнің сапасы жақсы немесе жаман болуын позициялау айқын көрінбейді.



Ф.Ф. Эйснер аталықтарға баға бергенде жас малдар арасындағы орташа өнмділікті процентпен және формуламен көрсетуді ұсынды.

Ө – аталық өндірушінің асыл қасиеті

Д – жас ұрғашы малдың өнімі

С – жастылар арасындағы өнімділік


ІІІ әдіс ұрпақтың өнімділігін табынның орташа өнімділігімен салыстыру. Ол табынның жақсаруы мен нашарлауын көрсетуі мүмкін. Мысалы, өткен әдістердегі аталықтың жақсартушы қасиеті табынның жақсаруына түгелдей әкелмейді, керісінше, егер де күту және азықтандыру жағдайлары бірдей болған жағдайда әрбір табынды өзімен жастылармен салыстыруға болады.

IV әдіс ұрпақтың өнімділігін тұқымның түріне сай салыстыруға, яғни малдың І класына қойылған талаптарға сай болуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет