Малды генотипі бойынша бағалау
Дайндаған: Нусипбай Беглан
Қабылдаған:Бейсенов Арипжан
Малды генотипі бойынша бағалау және сұрыптау:
Селекцияның негізгі мақсаты-малдың адамға тиімді қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа жақсарту, осыған орай сұрыптау нәтижесінде таңдап алынған малдың өнімі мол, сапалы болумен қатар, тұқымдық қасиеті де жақсы болу керек. Әдетте, малдың тұқымдық қасиеті деп оның өнімі өзінен артық болмаса кем емес, сапалы ұрпақ беру қабілетін айтады. Малдың бұл қабілеті, сайып келгенде, оның генотипіне, яғни тұқым қуалаушылық – нәсілдік қасиетіне байланысты.
Жануарлар селекциясы тәжірибесінде малдың генотипін анықтау, бағалау әдістері оның ең жақын ұяластарының, ата-тегінің, аталас-енелес туыстарының ұрпағының өнімділік қасиеттерін тексеруге, зерттеуге негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |