Малғажина Арай Аманкелдіқызы «Солоновка орта мектебі»кмм-нің бастауыш сынып мұғалімі. Ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың


-лекция. Педагог-зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті



бет6/39
Дата03.05.2020
өлшемі132,14 Kb.
#65610
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
гылыми керек

4-лекция. Педагог-зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті.
Дәріс мақсаты: Педагог-зерттеудің әдіснамалық мәдениетін қарсатыру.
Жоспар:

  1. Мұалімнің әдіснамалық мәдениеті.

  2. Әдіснамаық сауатттлық.

Қазіргі әдебиетте ғылыми-зерттеу әрекетін құрудың ұстанымдары, түрлері және тәсілдері туралы ілім ретіндегі ғылыми танымның әдіснамасы туралы сөз болып отыр. Әдіснама туралы пайымдаулардың анық болмауы педагогика ғылымының ерекшеліктерін ескермей, біресе бірін, тағы бірде басқа педагогика ғылымының ерекшеліктерін ескермей, біресе бірін, тағы бірде басқа анықтамаларын педагогикалық болмысқа көшіруден туындап отыр.

Ғылымның осы саласындағы өзгерістердің сипатын түсіну үшін ғылыми таным әдіснамасы дамуының жалпы барысын қарастыру қажет. Өткен ғасырдың өзінде зерттеуші алған нәтижесін өзі негіздеуі керек еді. Одан бұл нәтиженің білімнің осы саласында қабылданған ережеге сай екенін және оның ғылымның кеңірек жүйесіне қалай енетіні көрсетілуі талап етілді. Қазіргі уақытта бұл зерттеу логикасын, болшақтағы нәтижені және бұл нәтижені алу тәсілін белгілеу керек.

Әдіснаманы не үшін білу керек екені бірден-ақ көрініп тұр - әдіснамалық білімдерсіз педагогикалық және басқа керек зерттеуді жүргізу мүмкін емес.

Мұндай сауаттылық мазмұнына әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми қызметін талдау дағдысы), ғылыми негіздеме жасауға, белгілі бір тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен қолдана білу қабілеті енетін әдіснамалық мәдениетті меңгертеді.

Бірақ әдіснамалық мәдениет тек ғылыми қызметкерге ғана керек емес. Жалпы мағынада алғанда, әдіснамалық мәдениет – қажетті бөлігі рефлексия болатын әдіснамалық білімдерге негізделген ойлау мәдениеті. Мұндай мәдениет ғылымға қандай керек болса, практикаға да сондай қажет. Педагогикалық үрдістегі ойлау актісі бұл үрдістегі мәселелерді шешуге бағытталған және бұл жерде рефлексиясыз, яғни өз әрекеті туралы пайымдаусыз мүмкін болмайды.

Ғылым мен мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті арасындағы айырмашылық – біріншісі ғылыми педагогикалық білімдерді алады, «жасайды», ал екіншісі оларды пайдаланады.

Мұғалім үшін әдіснамалық мәдениетті меңгеру дегеніміз – ол педагогиканың әдіснамасын білу және бұл білімді педагогикалық жағдаяттарды шешкенде пайдалана білу. Мәдениеттің бұл түрінің негізгі бөліктері: оқу-тәрбие үрдісін жобалау және құрастыру; педагогикалық міндеттерді сезіну, даярлау және шығармашылықпен шешу; әдістемелік рефлексия. Бұл құрамдас бөліктер мұғалімнің кәсіби әрекетінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, оның шығармашылық тұлғасын сипаттайды.

Бірақ ғалым мен мұғалім арасында бұл ретте өтілмейтін жиек жоқ. Жалпы екеуіне де педагогика саласындағы интеллектуалдық міндеттерді шешу ортақ болып табылады, ол үшін мәселені көре білу және оны фактілік материалмен сәйкестендіру болжам жасау және оны іске асыру нәтижелерін ойластырып көру, егер осылай болса, не болар еді деп, міндеттерді шешу жолдарын бірізді қадамдарға бөле білу іскерліктері қажет. Бұл ретте мұғалімнің әдіснамалық мәдениетінің ең маңызды белгісі – өз жұмысын талдау және жетілдіру үшін ғылыми педагогикалық білімдерді пайдаланып көруі және қолдана білуі. Әдіснамалық сауаттылық – бұл жемісті жұмыстың алғышарты. Мұғалім өзі педагогика ғылымы мен практикасының қандай байланыста, бұл байланыста педагогтың орны қандай, оның практикалық жұмысында зерттеу әдістері қандай орын алатынын біліп алуы қажет. Әдіснамалық мәдениеттің басқа элементтеріне міндеттерді сезіну және оларды шығармашылықпен шешу, әдістемелік рефлексия (өз жұмысын ғылым тұрғысынан ойластыра алу) және оқу тәрбие үрдісін жобалай алу жатады. Егер әрбір педагогтың, зертеушінің және практиктің жетістігі ретіндегі әдіснамалық мәдениетті емес, бүкіл педагогиканың әдіснамасы деп аталатын ғылыми саланы алсақ (әдіснаманың үшінші деңгейі), ғылымдағы көп жылғы талқылаулардан, пікірталастардан және нақты зерттеулік жазбалардан соң, біз мынадай анықтаманы беруімізге болады: педагогиканың әдіснамасы дегеніміз – педагогиканың теориялық негізлері мен құрылымы, педагогикалық болмысты бейнелейтін білімдерді алу тәсілдері мен зерттеу жұмысының сапасын бағалаудың бағдарламаларын, логикасын және әдістерін негіздеудің ұстанымдары туралы білімдер жүйесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет