Түсіндірме жазба
Бұл құзыреттіліктерге негізделген модульдік оқытудың жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және 0518000 «Есеп және аудит (салалар бойынша)» мамандығының «Аудит» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес дайындалған. Бағдарлама 18.12.2000ж. №192/2 «Әлеуметтік серіктестік туралы» заң шеңберінде және Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сай жұмыс тобының еңбектерінің нәтижесі болып табылады. Модульдік оқытудың бұл бағдарламасы біліктілікке негізделген, еңбек нарығын талдау негізінде жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс істеу арқылы жасалған. Модульдік оқытудың бағдарламасына біліктілік негізінде жұмысты орындау бойынша маманның кәсібі дағдыларын қалыптастырушы модульдер қосылған.Типтік бағдарламада бұл пәнді оқытуға 48 сағат қарастырылған,оның ішінде теориялық сабақтарға -28 сағат, машықтандыру сабақтарына-20 сағат.
Модульдік оқытудың жұмыс бағдарламасының құрылымы «Аудит» пәні бойынша 2 модульден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |