Мамандық бойынша ғылыми зерттеулердің методологиясы мен технологиясы Мамандық



бет2/2
Дата14.10.2022
өлшемі17,17 Kb.
#153151
1   2
Байланысты:
Ляззат апай
СиллабусОсень22-23 (2) (1)
Техникалық ғылымдар техникалық объектідегі табиғи дене мен құбылысының бағытталған өзгерісі туралы, құрастырушы-техникалық сала әдістері туралы, қоғамдық өндіріс жүйесіндегі техникалық объект функциялау әдістері туралы білімнің ерекше жүйесі.
Ғылыми зерттеу институттары жүйесінде, жоғарғы оқу орындарында, кітапханада және т.б. құрылуына байланысты ғылым әр түрлі түрлерге жіктеледі.
Ғылым салалары
Физико-математикалық ғылым
Химиялық ғылым
Биологиялық ғылым
Техникалық ғылым
Ауылшаруашылық ғылым
Экономикалық ғылым
Философиялық ғылым
Заңды ғылым
Педогогикалық ғылым
Медициналық ғылым
Фармацевттік ғылым
Ветеринарлық ғылым
Өнертану
Архитектура
Психологиялық ғылым
Социологиялық ғылым
Саяси ғылым
Мәдениеттану
Жер туралы ғылым (геология, мұнай және газ кен орындарын іздеу және барлау, ұңғыманы бұрғылау мен игеру технологиясы, мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану, қазба байлықтардың теңіз кеніштерінде игеру технологисы, мұнай газ құбырының пайдалануы мен құрылысы, т.б.)
Қоғамдық өндіріске байланысы жағынан ғылыми жұмыстар мына жұмыстарға жіктеледі: жаңа технологиялық үрдістер, машиналар, құрылыстар, өндірістің тиімділігінің артуы, еңбек шартының жақсаруы, жеке адамның тұлға болып дамуы және т. б.

Ғылыми — зерттеу жұмыстарының түрлері

Теория ғылымы өз кезегінде аналитика және өнертапқыш түріне бөлінеді. Аналитикалық ғылым белгілі түсініктер мен заңдарды математикалық өңдеудің есептеу әрекетінен


іс-әрекет бұған дейін беймәлім, белгі мен қасиеттер ашу арқылы зерттеу құралады, мұның мақсаты аталған заңдармен құбылыстардың сандық сипаттамасын беру. Бұл зерттеулердің мақсаты, зерттеу объектісін жүзеге асырудың түрлі жағдайында бет алысын болжамдап математикалық байланыстылығын табу.
Теория ғылыми жүзеге асуда арнайы жабдық пен бөлмелер қажетсінбейді, зерттеуші ешкімнің көмегіне зәру емес, керек нәрсені өзі – ақ қамти алады. Сондықтан теория ғылымы көп жағдайда дара тұлғалардың үлесінде болады, ондай ғалым жеке өзі –ақ айтарлықтай нәтижеге жете алады.
Өнертапқыштық объектісіне қажетті сапалы дәреже (индикатор) мен санды деңгейін (параметр) аса зор өлшемге көтеру мүмкіндігін туғызатын жаңашылдық сипатындағы ерекше шешімдер іздеп табудан құралады. Мұндай іс – әрекет жүргізу үшін тек қана ақпарат тық қамсыздандырумен шектелуге болмайды, ол үшін көп білу керек, зор шығармашылық қабілеттерді, қиялды өз бойында қалыптастыру қажет, ерекше ойлау дағдысын тәрбиелеу қалыпты пікір – шешімге бағынбай, өз көзқарасын байыту қажет. Дәл осындай шешімдер ғылыми ой – өрісті ілгері жылжытады, жаңа көкжиек, бағыт ашады, ескірген идеялар тоқырауынан алып шығады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты – іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу. Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары табылады. Бұл ғылымның маңызы ешқандай экономикалық критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уақытта қолдану мәселелері қойылмайды.
Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге жақын түсінікті міндеттерді қарастырады. Мұнда ғылыми нәтижелерді іс- жүзінде пайдалану негізгі міндет болып саналады, сондықтан бұл салаға жататын зерттеулерді бастар алдында «бұл кімге қажет?» деген сұрақтар қойылады. Іргелі және қолданбалы ғылымның арасында айқын шекара жүргізу мүмкін емес, себебі қолданбалы ғылым өзінің даму барысында және жетістіктерін қорытындылай келе бірте – бірте зерттеудің іргелі түріне айналады. Ал керісінше іргелі ғылым тапқан жаңалықтарды пайдалана отырып, қолданбалы ғылым өндіріс пен шаруашылықтың ірі мәселелерін шешуге көп ықпал жасайды. Жүргізіліп отырған жұмыстың түріне қарай қолданбалы ғылым теориялық немесе эмприкалық (тәжірибе) сипат алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет