Мамандық: D021 Арнайы педагогика



Дата29.03.2022
өлшемі1,71 Mb.
#137125
Байланысты:
лекция 2

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институты Арнайы білім беру кафедрасы

  • Дәріс 2. Дамуында ауытқулары бар балаларды зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері
  • Мамандық: D021 Арнайы педагогика
  • Орындаған: Молбаева Н.

Жоспар:

  • 1. Дамуында ауытқулары бар балаларды зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері
  • 2. Даму бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың әдіснамалық принциптері
  • 3 Дамудың бұзылуы бар балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау міндеттері
  • Қазіргі уақытта дамуында ауытқуы бар балалар жан-жақты клиникалық, психологиялық және педагогикалық бағыттарда зерттелген, оның клиникалық белгілері анықталған. Дамуында ауытқуы бар балалардың клиникалық түрлерінің жіктелу негізінде генетикалық өзгерістер мен олардың әсерінен туындайтын клиникалық белгілер алынған. Бұл өзгерістерді білікті мамандар немесе медициналық, педагогикалық және психологиялық коммисиялардың мүшелері ғана анықтай алады.
  • Дамуында ауытқуы бар балаларға тән белгілер:
  • — тез жалығу және шаршаудың әсерінен ынта мен қабілеттің төмендеуі;
  • — сезім мен еріктің жетілмеуі;
  • — жалпы мәлімет мен елестету қорының шектелуі;
  • — сөздік қорының жеткіліксіздігі интеллектуалды іскерлік, ойлау әдетінің қалыптаспауы;
  • — ойын іскерлігінің толық қалыптаспағандығы;
  • — қабылдаудың баяулауы;
  • — сөйлеу логикалық операциясының ойымен қиылыспауы;
  • — ақыл-естің барлық түрлерінің бұзылуы;
  • — сенсорлық мәліметтерді қабылдау мен оны түсіну мерзімінің ұзақтығы;
  • — өзін-өзі бақылау деңгейінің төмендігі.
  • Осы өзгерістердің дәрежесіне сай, баланың жасын ескере отырып, оларды әлеуметтік бейімдеу, оқыту және түзету жолдарын айқындайды.
  • Сонымен дамуында ауытқуы бар балаларда жиі кездесетін белгілері: енжарлық, қызықпаушылық, өз-өзіне сенбеушілік тезжалығу, шаршау, бастаған ісін аяқтамау, ынта-жігерінің төмендеуі – бұл жоғары жүйке жүйесінің қызметінің негізі болып саналатын қозу және тежелу процестерінің тепе-теңдік заңдылықтарының бұзылуынан төмендейді.
  • Осымен қатар кейбір балаларда көру, есту, сезіну, қимыл-қозғалыс талдағыштарының әрекеті де жетілмеген.
  • Сондықтан 5-8 жастағы балалар арасындағы кездесетін дамуында ауытқуы бар балалар жан-жағындағы өзгерістерге мән бермеу, оқуға талпынбау, дене қимылының, саусақтарының, координацияларының бұзылуы, баланың тез шаршауы, қарындаш, қаламсаппен жұмыс істей алмауы, тіл мүкістіктері, сөздік қорының аздығы, есте сақтау, ойлау әрекеттерінің жетілмегені сияқты белгілерімен білінуі мүмкін.
  • Дамуында ауытқуы бар балалардың танымдық қабілеттерін тексеруге ең алдымен олардың эмоциясына назар аударған жөн. Бұл балалардың эмоциясы көбінесе өзгеріске ұшырап отырады. Бұл балалардың қалыпты балалардан ерекшелігін айтар болсақ, яғни олардың әлеуметтік ортаға бейімделуімен, мінез-құлықтарымен және іс-әрекеттерімен ерекшеленеді.
  • Дамуында ауытқуы бар балаларда арнайы оқытусыз сөздік белсенділік пайда болмайды, айналасындағы адамдар сөзге дейінгі қатынас түрлері де қалыптаспайды, заттық іс-әрекет дамымайды. Эмоционалды ерікті дамудың жеткіліксіздігі органикалық инфантилизммен көрінеді. Балаларда дені сау балаға тән эмоцияның жылдамдығы мен айқындығы байқалмайды. Дыбыстау жеткіліксіздігі, ол кейде кейбір балалардың бір жұп дыбыстарды қабылдауына байланысты. Дамуында ауытқуы бар балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының түрлері көп
  • Түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:
  • — баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
  • — шаршап кетпеуін анықтау;
  • — оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту;
  • — сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;
  • — ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;
  • — арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;
  • — жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
  • Дамуында ауытқуы бар балалардың ұсақ қол қимылдарын дамыту, тіл байлығын байыту, сонымен бірге баланың логикалық ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту мақсатында көптеген ойын түрлерін сабақтарда пайдалануға болады. Психолог, педагог, тәрбиеші, ата-ана тығыз байланыста болған жағдайда баламен жүргізілетін жұмыс нәтижелі болады, яғни баланың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру арқылы түзете дамыту жұмыстарын жүргізу тиімді.
  • Дамуында ауытқуы бар баламен жүргізілетін жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Таным қабілеті бірнеше кезеңдерден өтеді. Дамуында ауытқуы бар балалардың таным ерекшеліктерін ескере отырып үш топқа бөліп қарастырады:
  • 1. Бұл ойлау қабілетінің дамуы қалыпты болғанымен танымдық қабілетінің төмендігін көрсетедін балалар;
  • 2. Бұл танымдық қабілеті және тапсырманы орындау белсенділігі бірқалыпсыз балалар;
  • 3. Танымдық қабілетінің дамудан тыс қалған тапсырманы орындау деңгейі өте төмен балалар.
  • Танымдық қабілет (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері қалыптасады.
  • Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық, бақылағыштық, білуге құштарлық тапқырлық, әзденімпаздық сияқты жағымды, болымды жақтары жетіле түседі. Балалар өздерінің қимылдық әрекеттерін бағдарлай да,бақылай да алмайды. Көп жағдайда моториканың бұзылуы, сондай – ақ, қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау операцияларының бұзылулары жиі кездеседі. Қимылдың жетіспеушілігінде – тактиль мен кинестетикалық түйсінулерінің бұзылыстары орын алады. Кеңісті бағдарлауының функцияларының бұзылысы да бар.
  • Дамуында ауытқуы бар баланы дамыту барысында жұмыс нәтижелі болу үшін, әр баланың физиологиялық, психологиялық, жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаны дамыту жұмыстарын дұрыс және тиімді ұйымдастыру болып табылады. Бірінші кезекте оқуға деген жағымды түрткі қалыптастырып, жақын эмоционалды көріністерді тудыратын, ой-өрісін кеңейтетін материал алынады. Дамуы баяу балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру, оқу материалын жай бөліп қоймай, керісінше жалпы дамуға бағытталған жаңа бағдарлама (баланың қоршаған ортаға бейімделуі, мінез-құлық ерекшелітері, өзін-өзі төмен бағалауы, қоршаған ортаға сенбеушілікпен қарауы, өз күшіне деген сенімсіздігі, белсенділігі төмен) құруды талап етеді. 
  • Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру.
  • Қазіргі психологиядағы жетістіктердің біріне психологиялық диагностика нақты сүйенеді, сондықтан адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы арқылы психикалық іс - эрекеттердің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Осы қатынас эдістемелік міндеттерді түзеді де, психологиялық ақпараттар алу мүмкіндіктеріне кең жол ашады.
  • Психологиялық диагностиканың негізгі теориялық әдістемесін түпкілікті зерттеген отандық жэне шеттелдік психологтар: Б.Г. Ананьев, Л.С. Выготский, А.Ф. Лазурий, А.М. Монтьев, В.Н. Мясенщев жэне т.б.
  • Дамуында ауытқуы балаларға белгілі бір диагноз қоярдан бүрын оған диагностика жасау қажет. Әрине оның медицинада жэне психологияда өзіндік ерекшеліктері бар. Баланы жан-жақты тексеріп балада психикалық немесе физикалық дамуыны. Бүл жерде тексеріп диагнозқоюмен қатар, оның денсаулығынада ден қоя білген жөн.
  • Толығымен баланың денсаулығын жүйелі түрде тексеру оның денсаулығындағы эрине кейбір өзгерістер мен кемшіліктерді байқап көруге болады. Баланың бойындагы кемістіктерді байқай білу әрине Г.С. Выготскийдің дефект қүрылымы негізінде жүргізіледі.
  • Қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету – педагогикалық
  • қолдау, бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстарымен жеке
  • ерекшеліктерімен ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне
  • толық қосуды қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе инклюзивті
  • білім беру туралы айтуда. (Д.Митчелл – профессор. Жаңа Зеландия. 1997 ж).
  • Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықта білім беру саясатындағы
  • басымдылық саясаты дәл осы инклюзивті білім беру принциптеріне негізделеді.
  • Дегенмен инклюзивті білім беруді енгізу бойынша әр елдің қайталанбас
  • ерекшеліктеріне байланысты мемлекет үшін қолданылатын нақты әдістемелер
  • мен нұсқаулықтар жоқ, инклюзивті үрдістерді дамыту тәжірибесі оның дұрыс
  • бейімделу барысында оларды пайдалану үшін маңызды болып табылады
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларды білім берумен қамтамасыз етудің ең
  • маңызды мүмкіндіктерінің бірі қашықтықтан оқыту, электронды оқыту жүйесі
  • болып табылады.
  • Үйде оқитын мүгедек балаларды жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі
  • шарттары: мүгедек-балалардың жеке ерекшеліктеріне қарай, компьютерліктехникалық кешенмен, бағдарламалармен, сонымен қатар Интернет желісіне
  • қосу қарастырылған. (2011-2020 жылдары Білім беруді дамытудың мемлекеттік
  • бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар
  • жоспары).
  • Тірек-қимыл аппараттары бұзылған балаларға арналған қозғалысын
  • қамтамасыз етумен қоса, бүгінгі күні арнайы пернетақталар және
  • манипуляторлар, есту бұзылыстары бар балаларға арналған жеке есту
  • аппараттары, дыбысты қатайтатын микрофоны бар тифлотехникалық құралдар сатып алынуда. Білім алуға мүкіндіктердің бірі ақпараттық қамтамасыз ету, сонымен қатар принтерлер, Браиль дисплейі, оқитын машиналар және ұлғайту құрылғысы, электронды лупа, сөйлейтін, экранды ұлғайтатын мобильді құрылғылармен қамтамасыз ету маңызды.
  • Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуі 4 нұсқада орындалуы.
  • 1. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте
  • немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары,
  • тәрбиелеу жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала
  • қарапайым сыныпта оқи отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан
  • адаптациялық орталыққа барады.
  • 2. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім
  • алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша оқиды. Мысалы, көруі
  • бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек,
  • мұғалімнен қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша сабақтарға
  • қатысады.
  • 3.Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама
  • бойынша оқиды (әдетте психикалық дамуында кешігушілік бар балалар).
  • Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы
  • оқушылармен дайындалады.
  • 4. Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте
  • ойлау қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне
  • қатысады: біріккен таңғы ас, тәрбие шараларына біріккен қатысу, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • ҚР Президентінің «2011-2020 жылдарға арналған ҚР-да білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы №1118. 2010 ж. 7 желтоқсандағы Жарлығы.
  • “Білім беру саласындағы дискриминациясымен күрес” туралы ҰБҚ Конвенциясы (1960).
  • Қазақстан Республикасы «Мүгедектер құқығы туралы» Келісімшарт және Келісімшарттың Факультативті хаттамасы. 2008 ж. №711. ҚР Президентінің Жарлығы.
  • Сулейменова Р.А. «Система ранней коррекционной помощи детям с ограниченными возможностями в Казахстане: проблемы создания и развития» Алматы. 2001.г.
  • Грозная Н. «Развитие инклюзивного образования: международный опыт. 2004. Обращение к ресурсу. 29.12.2006.
  • Интегрированное обучение образование детей с ограниченными возможностями. Социологическое исследование. 2004. №7. С. 127-132.
  • Лошакова И.И. Ярская-Смирнова Е.Р. Интеграция в условиях дифференциации: проблемы инклюзивного обучения детей-инвалидов. Социально-психологические проблемы образования нетипичных детей. Саратов. Пед.институт. СГУ. 2007.
  • Малофеев Н.Н. Инклюзивное образование в контекстен современной социаольной политики. Воспитание и обучение детей с нарушением развития. 2010. №1. С.3-10.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет