Мамандар не дейді? Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тестілер бар.
Қорытынды шешім Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі 5-10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екіге бөліп, оң және кері жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтын сызып тастаңыз. Тізімде үш пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп, ең соңғы шешім қабылдаңыз.
Талдау: Осы күннен не алдыңыз?Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?Ж. Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»
егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
Тәрбие сағатының тақырыбы: Құқықтық сауаттылық – заман талабы Мақсаты:Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Түрі: Кездесу, пікірталас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер
РЕКЛАМА Жүру барысы: І Психологиялық тренинг ІІ Құқық туралы жалпы түсінік ІІІ Сенің құқығым – менің құығым (Оқушы құқығы) IV «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу) РЕК V Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап VI Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру) VII Қорытынды Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар және кеш қонақтары «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер!
Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
РЕКЛА І Психологиялық тренингПікірталасымызды бастамас бұрын бір-бірлеріңізге деген қарым – қатынастарыңызды ізгілендіру мақсатында біз мектеп психологымен бірлесіп, тренинг дайындаған болатынбыз.
Сіздерге екі ақ парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалаған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.
Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек)
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар
Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз. Әлеуметтік норма
Құқық Мораль
Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент — нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар — нормативтік шешімдер қабылдайды.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ деклорациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.
Адам құқығы
Табиғи Азаматтық құқық Экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.