Мамандық таңдау- өміріңнің кірпішін дұрыс қалау Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/15
Дата28.03.2022
өлшемі58,63 Kb.
#137040
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Сымбат тірбие сағаттары


Мамандық таңдау- өміріңнің кірпішін дұрыс қалау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауға бағыт беру; Мамандыққа байланысты термин сөздердің жалпы мағнасын аша білу; Қоғамға бір пайдасы тиетін мамандық иесі болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Әдіс- тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі бөлім: Бүгін біз “ Мамандық таңдау- өміріңнің кірпішін дұрыс қалау
” деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай “Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында,олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді”. Ақыл жастан , асыл тастан деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар.Содан бері неше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әр кез қоғаның қозғаушы күші ретінде танылған.
Бір кездері Мағжан бабамыз:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін,- деп бекерден -бекер айтпаған болар. Сондықтан да біз жастар өзіміздің қоғам ,халық алдындағы борышымызды , міндетімізді сезіне білуіміз қажет.
Балалар бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысып отырған студент жастарымызға сөз берейік. Бұл жастар бізге өз мамандықтары жайлы айтып берсін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет