Тақырыбы: Адалдық және сыпайылық – шынайы адам келбеті
Тәрбие сағатының мақсаты: а) Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар - ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.
ә) Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Барысы:
І. Ақын, жазушылардың ойлары
ІІ. Әдептілікке, адамгершілік – сыпайылыққа байланысты мақал - мәтелдер
ІІІ. Жұмбақ шешу
ІҮ. «Құпия хаттарға» жауап беру
Ү. Ойын «Жалғастыр»
VІІІ. Ойын “Саяхатқа шығу”
ҮІ. Адамгершіліктің негізгі қағидалары
М: Сыпайылық тәрбиенің белгісі. Сыпайылық адам бойындағы құнды қасиеттердің бірі. Сыпайы болу, әйел затына да, ер адамға да тән. Әсіресе бұл қасиет қыз баласының бойынан табылуы қажет. Сонау ата - баба заманынан, біздер үшін, яғни, қазақ халқы үшін тәрбиенің маңызы өте зор екені бәріне белгілі. Ал тәрбиелілікке жатады? Оған: үлкенге құрмет, кішіге ізет, қарапйымдылық сынды қасиеттер жатады, ал айтылған қасиеттердің барлығы сыпайылықтан бастау алайды ма?! Демек, сыпайылық – тәрбиенің белгісі...
І. Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата - ана үлгісі
Ыбырай Алтынсарин. Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде ұлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз
деп, адам баласын тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.
ІІ. Мақал - мәтел (Кім тапқыр)
1. Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Ақылына ақыл қос.
2. Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала
3. Адалдық жүрген жерде,
Адамдық жүреді
4. Асылдың бірі - Адамгершілік
5. Ала жіпті аттамағанның абыройы биік
6. Адалдық ардың ісі
7. Ақылдың алдыменен жүр
Ақымақтың артыменен жүр
8. Өтірік айтып жағынғанша
Шынынды айтып жалын
9. Ауыз ашса сыр көрінеді
Есік ашса төр көрінеді
10. Ақылы жоқ басқа, адырайған көз бітеді
Дуасы жоқ ауызға, судыраған сөз бітеді.
11 «Сөйлесе сөз әдепті»
12 Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар.
ІІІ. Жұмбақ шешу
1 Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам).
2 Жеке адам ұғымын білдіретін сөз (индивид).
3 Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана).
4 Адамның өмір сүру ортасы (қоғам).
5 Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатігездік).
6 Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі (сенім).
7 Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық).
8 Адам іс - әрекеті қозғаушы күші (қажеттілік).
9 Адам бойындағы асыл қасиет (әділдік).
10 Ең асыл қасиеттердің бірі (ержүректілік).
ІV.«Құпия хаттарға» жауап беру
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі. Жауабын әр топ ойланып, ақылдаса отырып айтады.
Хаттардың мазмұны:
1 хат. Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?
V. Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?».
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс — әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі,-
деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.
Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ.
- Адамгершілік дегеніміз не?
1 оқушы: Адамгершілік, мейірімділікті дегеніміз ар, намыс, адалдық, достық, жақсылық жасау деп ойлаймын.
2 оқушы: Кейбір адамдар ауыр қылмыс жасап алады да, кінә менде емес, заманда, бәріне заман кінәлі дейді. Заманына қарай адам болмай, адам қай кезде де адам деген атқа лайық болу керек. Сондықтан да мен бұл өмірде адамгершіліктің, мейірімділікті барлық қасиеттерін бойына дарытқан адамдар көп болса екен деп армандаймын.
3 оқушы: адамгершілік деген асыл сөз. Адамның игі іс - әрекеті, еңбек, татулық осының бәрі адамгершілікке жатады. Ар ұят жоқ жерде қылмыста, алдау, арбау, тонауда болады.
4 оқушы: ия, дұрыс айтасыз Қазақ осы арға үлкен мән берген. «Жаным - арымның садағасы» дейтін қазақ үшін ардан қымбат ештеңе жоқ. «Ар» деген сөздің өзі түркі тілінен тазалықты білдіреді.
- Балалар сендер адамгершіліктің не екенін біледі екенсіңдер, ал енді сол адамгершілік категорияларының бірі - парыз. Сендер оны қалай түсінесіңдер?
5 оқушы: Менің ойымша Парыз ол халықтың жарқын болашағы үшін күрес. Бұл адамның ата - анасына, Отанына мектебіне, қоршаған ортасына деген көңіл күй.
Мұғалім: ия дұрыс айтасың, Парыз дегеніміз ол адамның тыныс тіршілігімен орын алатын сезім. Оған халыққа қызмет ету және адам қай әлеуметтік топқа жатса сол топтың алдында борышын өтеу жатады.
Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?
1 оқушы: Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік. Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т. б.
2 оқушы: Ізеттілік - айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез - құлықтың нормасы.
3 оқушы: Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет - ғұрып дәстүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.
4 оқушы: Рұқсат сұрау - адамдар қарым – қатынасындағы ішкі мәдениетті айнақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және қол сұқпау. Әр адам бір – бірінің құрметтей білуді үйренгендері жөн. Имандылық - әр адам ұлтына, нәсіліне, намысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата - анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.
5 оқушы: Кешікпеу - бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.
Сабырлылық - адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін - өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
Қайырымдылық - айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата - анасының мақтанышы.
Мұғалім: Адамгершіліктің басты қағидаларын орындау адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай?
6 оқушы: Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарай заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.
Мұғалім: Балалар, біз бүгінгі сынып сағатында адамгершілік, әдептілік, сыпайылық жайлы пікірлер айтып, өз ойларымызды ортаға салдық Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтып үйреніп, кішілерді қамқорлай білейік! Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата - ананың, өз Отаныңның мақтанышы боласың.
Достарыңызбен бөлісу: |