Заттың құрылымы —молекулалардың кеңістікте орналасуы және бірігу сипаты.
Құрылыс-қасиет байланысы
Дәрілердің химиялық құрылымы олардың келесі әсер ету ерекшеліктерін анықтайды:
1. Дәрі молекуласының кеңістік конфигурациясы және оның рецепторларды белсенділендіру немесе тосқауылдау қабылеті. Мысалы, пропранолол L-энантиомері β1- және β2-адренорецепторларды тосқауылдауға қабылетті, ал D-энантиомер бірнеше есе әлсіз адреноблокатор.
2. Зат әрекеттесуге қабылетті биосубстраттың түрі. Мысалы, С18-стероидтық класының ароматты сақиналы стероидтық молекулалары эстрогендік рецепторларды белсенділендіреді, ал сақинаның қанығуы барысында андрогендік рецепторларды ынталандыру қабылетіне ие болады.
Құрылыс-қасиет байланысы
Құрылыс-қасиет байланысы
Әртүрлі заттардың фармакодинамикасын салыстыра отырып, заттардың құрылысындағы аздаған өзгерістер олардың қасиетін күрт өзгертуі мүмкін, көбінесе сипатты әсер толық жойылады. Мысалы, 4-пиридинкарбон (изоникотин) қышқылының гидразиді туберкулезға қарсы жоғары белсенділік көрсетеді, ал 3-пиридинкарбон (никотин) қышқылы гидразидінің мұндай қасиеті мүлдем болмайды.