Әртүрлі нысаналық молекулаларға әсер ететін химиялық қосылыстардың құрылымдық ерекшеліктері
Мамандық: 5В130100 «Жалпы медицина»
Курс: 2
Лектор: х.ғ.к., доцент Кожалова Б.З.
Лекцияның жоспары
1. Заттың құрылымы туралы түсінік және химиялық байланыстың түрлері.
2. Рецепторлардың агонистері және антагонистері.
3. Дәрілік заттың бионысанамен химиялық әрекеттесу түрлері.
4. Дәрілік заттардың синергизмі және антагонизмі.
Кіріспе
Химиялық қосылыстардың физиологиялық белсенділігі, ереже бойынша, кездейсоқ немесе талғап, сараптау жолымен ашылады: химик-органиктер органикалық қосылыстардың сан-алуан түрін синтездеді және синтездеуде, сол сияқты оны тестлеуге жіберуде. Бұл әдіс ғылыми әдіске жатпайды, бірақ оның көмегімен сәтті құрылымдар мен белсенді дәрілер алуға болады.
Егер органикалық химиядағы барлық құрылымдарды (оттегі, көміртегі, сутегі және азот атомдарының комбинациялары) есептейтін болсақ, олардың саны шамамен 10180 болуы мүмкін. Егер әлемдегі атомдардың саны жеткілікті болса, теориялық тұрғыдан, оларды синтездеуге де, сынақтауға да болар еді.