Мамандық: В130100 «Жалпы медицина» Курс: Лектор: Х.ғ. к., доцент Кожалова Б. З


Дәрілік заттың бионысанамен химиялық әрекеттесу түрлері



бет11/11
Дата26.12.2021
өлшемі0,59 Mb.
#128701
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
лек қаз 4

Дәрілік заттың бионысанамен химиялық әрекеттесу түрлері

Ацетилдену ацетил тобын (сірке қышқылының қалдығы СН3-СО-) енгізу процесі (новокаинамид, сульфонамидтер).

Ацилдену

Ацилдену – органикалық қосылыстың молекуласындағы сутегі немесе металл атомының орнына ацил тобын енгізу процесі. С-, N- және О- ацилдену болады.

Метилдену

  • Метилдену – молекулаға метил тобын енгізу процесі (норадреналин, гистамин, тиоурацил, никотин қышқылы).

Тотығу (аминазин, имипрамин, морфин)

Тотықсыздану (сульфаниламид, преднизолон, нитразепам, хлорамфеникол, этанол, хлоралгидрат)

Гидролиз (ацетилсалицил қышқылы, норзпинефрин, кокаин, прокаинамид, лидокаин, пилокарпин, изониазид новокаинамид фентанил)

Глюкурон қышқылымен әрекеттесу (салицил қышқылы, морфин, парацетамол, налорфин, сульфаниламидтер)

Дәрілік заттардың синергизмі және антагонизмі

  • Егер бір уақытта қолданылса, дәрілік заттардың молекулалары бионысаналармен ғана емес, сол сияқты өзара да әрекеттесуі мүмкін.
  • Бірнеше дәрілік препараттың бір мезгілде тағайындалуы (полипрагмазия) фармакологиялық әсердің басталу жылдамдығының, оның сипаттылығы мен ұзақтығының өзгеруіне әкелуі мүмкін.
  • Синергизм (грек. syn - бірге; erg - жұмыс) – бірге қолданылған екі дәрілік препараттың біріккен күшті әсері, ол препараттардың жеке әсерлерінің қосындысынан жоғары болады. Мұндай синергетикалық әсердің пайдалы болуы міндетті емес, ол кейде қауіпті де болуы мүмкін.
  • Антагонизм (грек. anti - қарсы; agon - күрес) – бір дәрілік препарат әсерінің, бірге қолданылғанда, екіншінің әсерінен азаюы немесе толық жойылуы. Улану барысында дәрі ретінде қолданылатын химиялық антагонистер антидоттар (уға қарсы) деп аталады.
  • Кейбір жағдайларда антидоттар умен тікелей әрекеттеспейді, олар ағзада уды бейтараптайтын заттарды туындатады. Цианидтермен уланғанда антидот ретінде азоттықышқыл натрий қолданылады, ол қан гемоглобинін метгемоглобинге айналдырады, ал соңғысы цианды қосылыстармен әрекеттесіп, оларды заласыздандырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет