Аммиак типтес заттар – аммиак, біріншілік, екіншілік және үшіншілік аминдер, азотты гетероциклдық қосылыстар, төртіншілік аммонийлық негіздер және олардың тұздары, тағы басқалары.
Бұл типке талғампаз әсер жасайтын заттарды жатқызуға болады. Бірақ бұл топқа әртүрлі, кейде қарама-қарсы әсер жасайтын заттар да жатады. Сондықтан аммиак туындаларының арасынан жекеленген типтерді бөліп алуға болады, ал олардың кейбіреулері аминдік азоты жоқ заттармен де бірігуі мүмкін.