10-дәріс.
Дәрістің мақсаты:
Ойлау түрлерiнiң типологиялык және генетикалык классификациясының жалпы мәселелерін талдау
Дәрісте қаралатын сұрақтар:
1.Ойлаудың түрлері.
2.Көрнекі-әрекетті, көрнекі-бейнелі және сөздік-логикалық ойлау.
3.Бейнелі ойлау және қиял.
4.Теориялық және эмпирикалық ойлау ерекшеліктері.
Ойлау түрлерiнiң типологиялык және генетикалык классификациясы
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін — объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге үмтылдыратын. —: оның қажеттері.
Ойлау — өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор^ Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау-сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шещуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады.
Мәселен, “Сырдария Арал теңізіне құяды” деген сөйлемде ой естіген, не көріп білген мағлұматтарды жәй қайталау бар. Ал, затты не құбылысты түспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің иебір керіністерін байқауға өркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюыі мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез аңғарады да, мәселе қоя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады.
Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан “ауытқитын кездері де болады”. Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің, адам танымыньщ тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырылады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау құбылыстардың мәнін екі жақтан (теория мен тәжірибе) бірдей қарастырып, тереңірек біліп отыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сөйтіп, ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.
Ғылыми-техникалық прогресс “ойлайтын” машинаналарды дүниеге келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те атайды) өз жұмысының нәтижесін бағалай алады, программаланған нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы келеді. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден екінші тілге аударады, сөйленіп тұрған сөзді машина тіліне, яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай машина дойбы да “ойнайды”. Ол адамды ұтып кетуі де мүмкін. Бірақ оқып үйрену қабілеті женінен машина адамнан аса алмайды. Машинаға қарағанда адамның оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл. Адам өзін машинаға ұтқызбас үшін, өз өнерін жетілдірігі отыруы тиіс. Машинаға төңірдей табынатын кейбір адамдар: алдағы жерде бәрін машина істейді, ал адамдар қолын қусырып, әзір асқа ие болып қарап отырады дегенді айтады. Бұл —сөз енжар, әрекетсіз адамның сөзі. Машинаның алдына тиіслі міндет қойып, оған программа беретін — адам.
Осы міндетгі қоя білу үшін адаіега мол біл Мқаіе. Машинадан «ақыл» үйрейуге болмайдьі, онда «ақыли жоқ. ЕсептегіИі машинаньщ қүндылығы — адамның оны дүрыс пайдалана білуіне байланысты. Бұл үшін адамға өз ойлауын үнемі жетілдіріп отыру қажет. Екінші жағынан, машина да адамның ойлау қабілетінің дами түсуіне, оның психикасының шыныға түсуіне жағдай жасайды. Әрқашанда идеяньщ иесі болумен бірге, машинаға тәуелді болып қалмау жағын да қарастырып отыру — адамның алдында тұрған ең басты міндет. Сөйтіп, есептегіш машиналар қанша “ақылды” болғанымен адам ойлауына пара-пар келе алмайды, адам ойлауы, оның барлық психологиялық қасиеттері өз қасиеттерін мәңгі-бақи сақтап қалады.
Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтар бар. Мәселен, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінін, заңдылықтарын қарастырса, логика — бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |