Дәріханалық ұйымдар тұрғындарға дәрілік заттарды қабылдауға дайын күйінде босатулары керек.
Дәріханалық ұйымдарға тұрғындарға көрсетілетін дәрі-дәрмектік көмектің сапасын қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың минималды ассортиметін үнемі сақтау міндеттелінеді. Дәрі-дәрмектердің дәріханалық ұйымдардағы болуы керек минималды ассортименттерінің тізімі ҚР ДСМ бұйрығымен анықталып бекітіледі.
Дәріхананың негізгі міндеті – тұрғындарды және дәрі-дәрмектермен қамтуға бекітілген емдеу-профилактикалық, басқа да мекемелерді дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, фармацевтикалық және парафармацевтикалық тауарлармен уақытында, сапалы түрде үзіліссіз қамтамасыз ету.
Тұрғындарды қамту дәріханалары келесі қызметтерді атқарады:
логистикалық (дәрі-дәрмектік тауарларын қорын қабылдау, сақтау және басқару);
өндірістік (дәріханаға келген рецептерді қабылдау, рецептер мен ЕПМ сұрау-талап қағаздары бойынша дәрілік формаларды дайындау, дайындалған дәрілердің сапасын бақылау, дайындалған дәрілік формаларды безендіру және босату);
ақпараттық (тұрғындарды және ЕПМ дәрігерлерін, басқа да медициналық қызметкерлерін дәрілік заттар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету);
маркетингтік (дәрілік заттардың сұранысын, ұсынысын және ассортименттік, баға саясаттарын қалыптастыру);
әлеуметтік (дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды ақысыз және жеңілдетілген бағамен босату);
медициналық (қажеттілігіне қарай алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмектерді көрсету, тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу);
Дәріханалар фармацевтикалық қызметтерінің түрлері мен жұмыс 2005 жылғы 26 қаңтардағы №65 Қаулысымен бекітілген «Дәріханалардың, дәріханалық қоймалардың құрылымын және категорияларын анықтау Ережесіне» сәйкес үш категорияларға бөлінеді.
1 категориялы дәріханаларға келесі дәріханалар жатқызылады:
негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың толық тізіміне кіретін дәрілік заттарды, есірткілік әсері бар және психотроптық заттарды, прекурсорларды қабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;
Достарыңызбен бөлісу: |