Мамандыққа кіріспе рубежка 1


Дәрілік өсімдік шикізаттарынан алынған дәрілік препараттар және олардың өндірісі



бет4/15
Дата16.10.2022
өлшемі43,95 Kb.
#153281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Маманды а кіріспе рубежка 1

7. Дәрілік өсімдік шикізаттарынан алынған дәрілік препараттар және олардың өндірісі.
Қазіргі заманда химиялық құрамды дәрілік препараттарды өсімдік тектес дәрілік заттарға айырбастау кеңейе түсті. Кейбір ауруларды алдын алу шараларында және емдеуде табиғи тектес дәрілік препараттар активтілігі химиялық препараттардан артады. Алдыңғы қатарлы Еуропа елдері ранция, Германия, Италияда фитопрепараттар сатылымы 40% шамасында.
Өсімдік шикізаттарынан алынатын экстракттар, эфир майлары және т.б. биологиялық активті заттардың қоспалары фармакологиялық әсері кең спектрлі және олардың негізінде әртүрлі дәрілік қалыптар алуға болады
8. Фармацевтке қандай талаптар қойылады.
Кәсібилік
Жауапкершілік
Шыдамдылық
Әдептілік
Коммуникабельділік
Адалдық
Ұқыптылық
Мейірімділік
Сыпайылық
Тәрбиелілік.
9. Фармацевтердің кәсіби қызмет кезіндегі міндеттері мен жауапкершілігі.
10. Фармацевтердің кәсіби қызмет кезіндегі құқығы.
11. Фармацевт – аналитик, оның қызметі мен міндеттері.
12. Фарм-аналитиктің дәрілік заттар сапасына жауапкершілігі.
13. Дәрілік заттар ассортиментіне байланысты дәріханалар қалай жіктеледі?
14. Дәріханаларға қандай талаптар қойылады?
15. Дәріхана құрылымы.
16. Дәріхана ұйымының қызметкерлері.
17. Өндірістік дәріханалар.
18. Фармацевтикалық қызмет құрылымы.
19. Азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік политика.
20. ҚР фармацияны басқару ұйымдары.
21. Халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың негізгі принциптері.
22. ҚР ДСМ фармацевтикалық бақылау Комитеті, оның құрылымы.
23. Фармацевтикалық ұйымдарды басқару процестері мен ұйымдастыру элементтері.

24. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерді жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды атаңыз.
4. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің құрамы мен аудандары осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
5. Асептикалық кешеннің үй-жайларында мынадай ағымдылық сақталады: ыдыстарды жуу-стерилдеу бөлмесі – ассистенттік (иньекциялық дәрілік түрлерді, көзге арналған тамшыларды және жаңа туған нәрестелерге арналған дәрілік түрлерді дайындауға арналған) – шлюзі бар өлшеп-орау – тығыздап жабу бөлмесі – дәрілік түрлерді стерилдеу бөлмесі. Осы үй-жайларды беру-тарату терезелерімен, есік арқылы байланыстыруға жол беріледі. Иньекциялық дәрілік түрлерді, көзге арналған тамшыларды және жаңа туған нәрестелерге арналған дәрілік түрлерді дайындаған кезде ассистенттік бөлмемен байланыс беру-тарату терезесі арқылы жүзеге асырылады.
6. Стерилді материалдарды сақтауға, асептикалық жағдайларда дәрілік түрлерді дайындауға арналған үй-жайларда құбырларды және арматураны көрінбейтіндей етіп салу көзделеді.
7. Дәріханалар, оптика дүкендері, медициналық бұйымдар дүкендері:
1) бөлек тұрған ғимараттарда;
2) тұрғын үй қорына кірмейтін ғимараттар құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда;
3) тұрғын үй қорына кіретін ғимараттар құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда орналасады.
8. Медициналық ұйымдардың дәріханалары:
1) медициналық ұйымға жататын аумақта бөлек тұрған ғимаратта;
2) медициналық ұйым ғимаратының құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда орналасады.
9. Дәріхана пункттері тек медициналық ұйымның жанында немесе олардың аумақтарында:
1) оқшауланған үй-жайларда;
2) үй-жай ішіндегі оқшауланған блокта орналастырылады.
Келушілерге қызмет көрсету аймақтары негізгі объектіде тиісті алаң бар болғанда және осы Санитариялық қағидалардың талаптары сақталған жағдайда оқшауланған блоктың үй-жайынан тыс орналастырылуы мүмкін.
10. Жылжымалы дәріхана пункті автомобиль көлігінің шассиінде орналастырылады және жүргізушінің кабинасы мен жолаушылар орындарынан алшақтатылады.
Жылжымалы дәріхана пункті:
1) шкафтармен және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықпен;
2) санитариялық режимді сақтауға арналған дезинфекциялау хаттарымен және мүкаммалмен жабдықталады.
11. Медициналық бұйымдар қоймасы, дәріхана қоймасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймасы:
1) бөлек тұрған ғимараттарда;
2) тұрғын үй қорына кірмейтін ғимарат құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда орналасады.
12. Ғимарат құрылымында орналасқан кезде дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер үшін үй-жайлардың оқшауланған блогы көзделеді.
13. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерді ғимарат құрылымына орналастырған жағдайда қызметтік, тұрмыстық үй-жайлар (санитариялық торап) ғимараттың негізгі үй-жайлар құрамына кіреді.

25. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер персоналының еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
75. Асептикалық жағдайларда жұмыс істейтін персонал жұмыс алдында (асептикалық блок шлюзінде) орындалатын өндірістік операцияларға (дайындау, бақылау, өлшеп-орау) сәйкес түксіз матадан тігілген стерилді санитариялық киім киеді.
76. Асептикалық жағдайлардағы жұмыс уақытында: парфюмерлік-косметикалық өнімдерді пайдалануға, сағаттар мен зергерлік бұйымдарды тағуға жол берілмейді, шаш қалпақ немесе орамалдың ішіне жиналады.
77. Персоналға санитариялық киім мен санитариялық аяқ киім екі-екі жиыннан беріледі.
78. Дәрілік түрлерді дайындаумен, өлшеп-ораумен және бақылаумен айналысатын персоналға ауысым алдында жеке қолдануы үшін таза сүлгілер беріледі. Қолға арналған электр кептіргіштерін пайдалануға жол беріледі.
79. Уақытша жұмыс істейтін адамдарды қоса алғанда, дәрілік заттарды дайындаумен, өлшеп-ораумен, бақылаумен, өткізумен, дайын өніммен жанасатын дәріхана ыдысын өңдеумен айналысатын персонал алдын ала және мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өтеді, жеке медициналық кітапшалары болады.
80. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің қызмет көрсететін персоналы үшін санитариялық-тұрмыстық үй-жайларда киім ілетін орындар жұмыс істейтін адамдардың саны бойынша, жеке және санитариялық киімді, аяқ киімді және бас киімді бөлек сақтауды қамтамасыз ететін, жабылатын шкафтармен жабдықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет