60. Дәріханалық ұйымдарда іс жүргізуге қолданылатын негізгі құжаттар.
Рецепт заңдылық құжат, себебі рецепті жазған дәрігер, рецепті дәріханаға қабылдаған, рецепте жазылған дәрілік форманы дайындаған және босатқан фармацевт заңдылық жауапкершілікте болады.
Рецепт финанстық құжат болып табылады, рецепте жазылған, дәріханада дайындалып босатылған дәрілердің бағасы тұтынушылармен төленеді немесе түрлі деңгейдегі бюджеттер есебінен дәріханаға қайтарылады.
Дәріханаға рецептерді қабылдауда және дәріханадан дәрілерді босатуда фармацевтикалық мамандар ҚР ДСМ 2009 жылғы 16 қарашадағы № 771 «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техникаларды көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы босату Ережелерін бекіту туралы» бұйрығының және 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 173 «Бақылауға жататын құрамында есірткілік, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттарға рецептер мен сұрау – талап қағаздарын жазу және босату Ережесі» бұйрығының талаптарын сақталды.
Рецептер науқастың жас ерекшелігін, дәрілік заттардың бағасының төлену тәртібін және дәрілік заттың құрамына кіретін ингредиенттердің құрамдық сипатын ескере отырып жазылады. Рецепт сиялы немесе шарикті қалам мен түсінікті түрде бланктегі барлық көрсетілген реквизиттерді толтырып безендірілуі керек.
Дәріханаларда рецептерді қабылдау және рецептер бойынша дәрілерді босату кезінде рецептерге фармацевтикалық сараптама жүргізіледі (Сур.7).
Рецептердің фармацевтикалық сараптамасының бірінші сатысында фармацевтикалық қызметкер дәрілік жазылым рецептуралық бланкісінің жазылу тәртіптерімен бекітілген міндетті және қосымша реквизиттерге сәйкестігін тексереді.
Рецептің жазылған дәрілік заттардың төлену тәртібіне және құрамдық ингредиенттердің сипатына қатыссыз келесі негізгі реквизиттері болды:
• ЕПМ атауы, мекен жайы және телефоны көрсетілген штампасы;
• рецептің жазылған күні;
• науқастың аты, әкесінің аты, жасы;
• дәрігердің аты, әкесінің аты;
• дәрілік заттың атауы, саны;
• дәрілік заттың қолданылу тәсілі;
• дәрігердің қолы және жеке мөрі.
Достарыңызбен бөлісу: |