Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру» Біліктілігі: 0105083 «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі»



Дата07.02.2022
өлшемі277,94 Kb.
#93761
түріКонспект
Байланысты:
ТЖӘ11.2020


Мамандығы: 0105000 - «Бастауыш білім беру»
Біліктілігі: 0105083 - «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі»
Тобы: ББ-П-18
Күні: 11.11.2020 жыл
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ата – ана және бала тәрбиесі
Қайырлы күн, білім алушы!
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:

  1. Теориялық материалмен танысу, конспектілеу.


2. Бала тәрбиесінің қыр -сыры, ата-ананың тарапынан жиі жіберілетін қателіктер, бала тәрбиесіндегі ата- салтымыздың үлгі-өнегесі жайлы төмендегі сілтеме арқылы өтіп, өз ойыңызбен бөлісіңіз.
https://www.youtube.com/watch?v=A0B50NF4LTM&feature=youtu.be&ab_channel=AsylarnaTVonlin
Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала ұлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс - әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. 
Мектеп партасында отырған баланың жан – жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс, оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыру керек. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар бұған жеткілікті мән бермейді. Тіпті, кейде баласының қай сыныпта оқитынын, сабақтарының жетекшісін де білмей жататын үлкендер бар. Бала тәрбиесі - өте күрделі үрдіс және ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді.
Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс:
1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;
2. Білім алуына көмектесуге міндетті;
3. Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті;
4. Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті;
5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;
6. «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.
Ата – ананың жауапкершілігі:
1. Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;
2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;
3. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.
4. Балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;
5. Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;
6. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет