Мамандығы: 304000 «Стоматология» Біліктілігі: 030402 «Дантист» Курс



бет2/15
Дата25.12.2022
өлшемі89,93 Kb.
#164380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
medicinadagy latyn tili
8 сын тест қаз тарихы, Д ниеж зі тарихы 8сынып Та ырыпты тесті Англия, РА презент, Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org, Правила волейбола, фольклор 1-6 сұрақ
2.3 Пәнді оқытудың мақсаты:
Медициналық пәндерді оқуда, сондай-ақ, өзінің тәжірибесінде де грек-латын терминологиясын латынша да, қазақша да, орысша да жазылған түрінде түсіне біліп, сауатты түрде қолдана алатындай маман-медиктің терминологиялық құзыреттілігінің негізін салу.
2.4 Пәнді оқытудың міндеттері:

  • Латын тілінде оқуды үйрету: анатомиялық, фармацевтикалық, клиникалық терминдерді құрастырып, түсіне білу үшін қажетті латын грамматикасының негізін оқыту.

  • Негізгі 3 бағыттағы - анатомо-гистологиялық, фармацевтикалық және клиникалық медициналық терминологияның лексикалық минимумын, сонымен бірге, грек терминэлементтерінің белгілі бір санын меңгеру.

  • Негізгі 3 бағыттағы анатомо-гистологиялық, фармацевтикалық және клиникалық медициналық терминдерді құрастыру спецификасы мен негізгі тәсілін оқу.

  • Латын тіліндегі анатомиялық, фармацевтикалық және көп сөзді клиникалық терминдерді аудару.

  • Грек терминэлементтерінен құралған клиникалық терминдердің түсінігін табу және сондай терминдерді құрастыра білу.

2.5 Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері:
Студент білуі тиіс:

  • Әліпбиді есіне сақтауды;

  • Фонетика және морфологияны қолдануды;

  • Медициналық терминология негіздерін қолдануды (анатомиялық, клиникалық, фармацевтикалық);

  • Кәсіптік лексиканы қолдануды.

Жасай алуы тиіс:

  • Әртүрлі дәріге рецепт құрастыруды;

  • Кәсіби мәтіндерді сөздіктің көмегімен аударуды;

  • Дәрі атауларын дұрыс оқу мен жазуды;

  • Алған білімдерін тәжірибеде қолдануды;

  • Рецепт құрастыруда 5 септікті қолдануды;

  • Белсенді сөздік қоры ретінде 500 сөз жасай білуі тиіс.

Дағдыларды игеруі тиіс:

  • Латын тілінде аударуды;

  • Рецепт құрастыруды;

  • Медициналық терминдерді жатқа біліп, толық игере алуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет