2.3 Пәнді оқытудың мақсаты:
Медициналық пәндерді оқуда, сондай-ақ, өзінің тәжірибесінде де грек-латын терминологиясын латынша да, қазақша да, орысша да жазылған түрінде түсіне біліп, сауатты түрде қолдана алатындай маман-медиктің терминологиялық құзыреттілігінің негізін салу.
2.4 Пәнді оқытудың міндеттері:
Латын тілінде оқуды үйрету: анатомиялық, фармацевтикалық, клиникалық терминдерді құрастырып, түсіне білу үшін қажетті латын грамматикасының негізін оқыту.
Негізгі 3 бағыттағы - анатомо-гистологиялық, фармацевтикалық және клиникалық медициналық терминологияның лексикалық минимумын, сонымен бірге, грек терминэлементтерінің белгілі бір санын меңгеру.
Негізгі 3 бағыттағы анатомо-гистологиялық, фармацевтикалық және клиникалық медициналық терминдерді құрастыру спецификасы мен негізгі тәсілін оқу.
Латын тіліндегі анатомиялық, фармацевтикалық және көп сөзді клиникалық терминдерді аудару.
Грек терминэлементтерінен құралған клиникалық терминдердің түсінігін табу және сондай терминдерді құрастыра білу.
2.5 Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері:
Студент білуі тиіс:
Әліпбиді есіне сақтауды;
Фонетика және морфологияны қолдануды;
Медициналық терминология негіздерін қолдануды (анатомиялық, клиникалық, фармацевтикалық);
Кәсіптік лексиканы қолдануды.
Жасай алуы тиіс:
Әртүрлі дәріге рецепт құрастыруды;
Кәсіби мәтіндерді сөздіктің көмегімен аударуды;
Дәрі атауларын дұрыс оқу мен жазуды;
Алған білімдерін тәжірибеде қолдануды;
Рецепт құрастыруда 5 септікті қолдануды;
Белсенді сөздік қоры ретінде 500 сөз жасай білуі тиіс.
Дағдыларды игеруі тиіс:
Латын тілінде аударуды;
Рецепт құрастыруды;
Медициналық терминдерді жатқа біліп, толық игере алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |