мамандығы бойынша «Жалпы медицина» бағытында интерндерді дайындау силлабусы «Хирургиялық инфекция мен амбулаторлық хирургия»


Дәрігер-интерннің оқу кезіндегі өзіндік жұмысы



бет2/3
Дата31.01.2018
өлшемі0,53 Mb.
#36752
1   2   3




  1. Дәрігер-интерннің оқу кезіндегі өзіндік жұмысы:

  • Мамандандырылған кабинеттерде (рентген-кабинет, компьютерлі томография, ЭКГ, УДЗ және функционалдық диагностика бөлімшесінің басқа да кабинеттері) жұмыс істеу;

  • Бөлімде науқастарды курация жасау (5 науқас);

  • Науқастарды клиникалық талдауға, кафедра меңгерушісінің, профессорлардың немесе доценттердің қарап шығуына даярлау;

  • Дәрігерлі конференцияға тақырыптық ақпарат дайындау;

  • Медициналық құжаттамаларды жүргізу;

  • Ғылыми-зерттеу жұмысы, кафедралардың СҒЖ қатысу, ғылыми конференцияларға шығып баяндама жасау;

  • Кәсіби қарап тексеруге және диспансеризация жасауға қатысу;

  • Хирургтар қауымдастығының жұмысына, ғылыми-практикалық конференцияларға, симпозиумдерге, съездерге қатысу;

  • Дәргер үшін міндетті санитариялық-ағарту жұмыстарын орындау.


7.1. «Хирургиялық инфекция мен амбулаторлық хирургия» модулі бойынша ИӨЖ тақырыптық жоспары



Бөлімнің аты

ИӨЖ тақырыптары



Сағат саны

Хирургиялық инфекция мен амбулаторлық хирургия (60 сағат)

1

2

3

1

Некроздаушы фасциит

5

2

Пирогова-Парона кеңістігінің флегмонасы, диагностика және хирургиялық емі

5

3

Перитониттің кешенді еміндегі антибиотиктер мен детоксикация әдістерінің орны.

10

4

Абдоминалды сепсис. Септикалықй шок. Сепсис иммунологиясы .

10

5

Өкпенің іріңді аурулары

10

6

Статистикалық есептің түрлері.

10

7

Амбулаторлы және стационарлы хирургиялық көмекті ҚР ұйыдастырылуы

10




Барлығы__60__Клиника_лық_анатомия_мен_оператив'>Барлығы

60

Клиникалық анатомия мен оперативті хирургия (15 часов)

1







2










Барлығы

15

Анестезиология және реанимация (15 часов)

1

Хирургиялық сепсистің заманауи диагностикасы мен қарқынды емдеу әдістері

3

2

Анаэробты инфекция кезіндегі қарқынды ем

3

3

Өкпе мен плевраның іріңді қабыну ауруларымен ауыратын науқастарды жансыздандырудың ерекшеліктері

3

4

Астматикалық статустың қарқынды емі

3

5

Жедел каранарлы синдромның қарқынды емі

3




Барлығы

15


Дәрігер-интерндердің аудиториядан тыс өзідік жұмысы:

  • Хирурргияның қабылдау бөлімінде кезекшілік өткізу (12 сағаттан – аына 4 кезекшілік);

  • Арнайы медициналық әдебиеттерді оқу;

  • Электронды ақпаратты ресурстармен, оның ішінде интернет желісіндегі медициналық порталдармен жұмыс істеу;

  • Медициналық статистика мен есеп беру негіздерін зерттеу;

  • Жеке компьютерлермен жұмыс істеу машығын жетілдіру.


7.2. ИНТЕРНДЕР ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
1. Білу: теориялық білім (1-2 деңгей)

2. Жасай білу: когнитивті дағдылар мен жасай білуі (3-4-5 деңгей)

3. Дағдыларды меңгеруі: процедуралық дағдылар мен манипуляциялар (2-3-4-5 деңгей)

Игеру деңгейі:

I – білу (есту, оқу);

II – көріп білу;

ІІI – стандартты жағдайларда орындау;

IV – оқытушының бақылауымен орындау;



V – оқытушының бақылауынсыз орындау.
7.1.1. Жалпы құзыреттілік


Құзыреттіліктің атауы

Мазмұны

Игеру деңгейі

Коммуникативті дағдылар

Пациентпен және оның туған-туыстарымен алғашқы қарым-қатынас орнату. Кейіннен қолданылаған емнің тиімді, әрі сәтті болуы үшін олардың сеніміне кіру

IV

Пациенттерді емдеу және диагностикалау шараларына тарту

IV




Пациенттермен және жұмыстағы әріптестермен мейірбанды және кәсіби қарым-қатынас орнату

IV

Жұмыста сенімділік және жауапкерлішік білдіру. Өзін-өзі бағалау, үнемі өз білімін жетілдіру, өзін-өзі жетілдіруде қабылетті болу

IV

Құқық мәселелері

Қазақстан Республикасының заңнамалық негіздерін білу, денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру, адам мен адамның қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормалар. ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары. ҚР-ң денсаулық, денсаулық сақтау, дәрі-дәрмектер, ағзаларды трансплантациялау және донорлық туралы заңдары мен құқықтық актілері

IV

Пациент пен оның туған-туыстарының жазбаша келісімін алу. Құпиялылықты сақтау, пациенттің құқығы мен міндеттері, пациенттің құқығын қорғау тәсілдері

Денсаулық сақтау саласындағы сараптама. Дәрігер құқығы. Медициналық қызметкерлердің міндеттері. Дәрігерлік қателік пен селқостық

IV

Медициналық сақтандыру. Кепілді медициналық жәрдем көрсету ауқымы. Дәрілермен қамтамасыз ету. Хирургияда ҚР ДСМ негізгі хаттамалары мен бұйрықтарына сәйкес фармакотерапияны жүргізу

IV

ҚР хирургиялық жәрдемді, аурухана мен емхана мекемелерінде жүмысты ұйымдастырудың жалпы мәселелері, жедел және шұғыл жәрдем көрсетуді ұйымдастыру

IV

Медициналық, әлеуметтік, құқықтық жәрдемді ұйымдастыру принциптері, соның ішінде бас бостандығынан айыру орындарында, есірткі тұтынушыларға, АИТВ-жұқтырғандарға, инъекциялық есірткілерді тұтынушыларға (ИЕТ), ЖИТС науқастарға, АИТВ-і бар тұлғаларға жәрдем көрсетуді ұйымдастыру

IV

Өздігінен біліп алу (ИӨЖ)

Тесттер, жағдаяттық есептер, ғылыми рефераттар, клиникалық жаядайларды сипаттайтын презентациялар дайындау, әдебиеттерге шолу жасау, видеофильмдер, жобалар дайындау және оларды қорғау, рецензиялар дайындау, пікірталастарға қатысу, бюллетендер, үнпарақтар дайындау. Портфолио құру. Ғылыми әдебиеттермен, интертенпен жұмыс істеу. Ғылыми үйірмелерге, ғылыми-практикалық конференцияларға, симпозиумдарға, съездерге қатысу

IV- V

Шұғыл жәрдем көрсету

Шоктар, суға бату, улану, үсу, термиялық зақымдану, күн тию, электрлік жарақат, механикалық асфикция, жіті тыныс алу жеткіліксіздігі, физиологиялық босану, жыландар мен жәндіктердің шағып алуы, жануарлардың тістеп алуы кезінде шұғыл жәрем көрсету. Бас, омыртқа, кеуде, қол-аяқ жарақаттары бар науқастарды иммобилизациялау және тасымалдау. Жүрек-өкпе реанимациясы.

IV


7.1.2. Хирургиялық инфекция мен амбулаторлық хирургия модулі бойынша құзыреттілік

ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР




Хирургиялық инфекция мен амбулаторлық хирургия




Құзыреттілік

деңгейі

Хирургиялық науқастарды диспансеризация жасау, медициналық құжаттамаларды ресімдеу

II


Амбулаторияда және стационарда хирургиялық жәрдемді ұйымдастыру

II

Жарақат инфекциясының алдын алу принциптері

III

Сыздауықтар және фурункулез, тілме қабынуы, эризипелоид

IV

Көршиқан, гидраденит, абсцесс, целлюлит

IV

Күбіртке. Кіріп кеткен тырнақ

IV

Қолбасы флегмонасы, күбірткесі

IV

Остеомиелит

II

Іріңді медиастинит. Ілкі және салдарлық медиастинит

II

Өкпе абсцесі, гангреналық абсцесі және гангренасы. Плевра эмпиемасы

IIІ

Хирургиялық сепсистің ерекшеліктері. Сепсистік шок

IIІ

Перитонит жайындағы қазіргі мәселелер. Перитониттің клиникалық жіктемесі. Перитонит патогенезі. Перитонит клиникасы мен диагностикасы. Операциядан кейінгі перитонит ерекшеліктері. Науқасты операцияға даярлау. Жайылған перитонитті емдеу ерекшеліктері, құрсақ қуысын тампондау және дренаждау көрсетімдері, құрсақ қуысын шаю. Ішек декомпрессиясы әдістері. Антибиотиктердің және детоксикация әдістерінің комлексті ем қолданудағы рөлі. Перитонитпен сырқаттанған науқасты емдеуде жіберілетін қателіктер мен туындайтын асқынулар. Құрсақ қуысына санация жасаудың эндовидеолапароскопиялық әдістері, олардың қазіргі аспектілері

ІІІ

Сепсистің жіктемесі, этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы. Абдоминалдық сепсис. Сепсистік шок. Сепсис иммунологиясы. Сепсисті кешенді емдеу принциптері. Сепсисті хирургиялық жолдармен емдеу

ІІІ

Дені сау адамдар мен науқастарға, соның ішінде балаларға диспансеризация жасау

IV

Денсаулық сақтау саласы бойынша заңнамада қарастырылған медициналық құжаттамаларды ресімдеу

V

Хаттамаларға сәйкес науқастарды аспаптық және зертханалық әдістермен тексеру

V

Эндоскопиялық, ретнгенологиялық, ультрадыбысты, МРТ, КТ зерттеу әдістерінің мәліметтерін талдау

V

Зертханалық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдау

V

Науқасты операцияға даярлау және операциядан кейін жүргізу

V

Жасалынатын шұғыл оперативті әрекеттердің көрсетімдерін және қарсы көрсетімдерін анықтау

IV

Гемотрансфузия көрсетімдері мен қарсы көрсетімдерін анықтау

IV

Жарақат инфекциясын жалпы емдеу

V

Сыздауықты, фурункулезді, тілме қабынуын, эризипелоидты емдеу

V

Көршиқанды, гидраденитті, абсцесті, целлюлитті, фасциитті емдеу

V

Қолбасы флегмоналарын емдеу

V

Медиастинитті емдеу

V

Перитонитті емдеу

III

Күбірткені ашу

V

Маститті ашу

IV

Іріңді жарақаттарды және абсцестерді дренаждау

III

Құрсақ қуысына лапароскопиялық санация жүргізу

III

Құрсақ қуысы абсцестерін емдеу

III

Ішперде артындағы және құрсақ қуысындағы абсцестер мен кисталарды емдеу

III

Остеомиелиттерді емдеу

V

Плевраға сұйықтық және ауа жиналған кезде жасалынатын плевра пункциясы

V

Іріңді жарақаттарға, құрсақ қуысына таңғыш таңу кезінде санация жүргізу

IV

Трофикалық ойықжараға жергілікті ем қолдану

IV

Екіншілікті тігістер салу

V

Микробиологиялық және цитологиялық зерттеуге жарақаттан материал алу

V

Жұмсақ тіндердің іріңдіктерін ашу

V

Оберст-Лукашевич және Усольцева әдістері бойынша жасалынатын өткізгіштік анестезия

V

Тері асты және сіңір күбірткелерін ашу

V

Тырнақ пластинкаларын алып тастау

IV

Құрсақ қуысына тампондар, дренаждар қою және алу

III

Беткей орналасқан қатерсіз ісіктерді алып тастау




КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯ ЖӘНЕ ОПЕРАТИВТІ ХИРУРГИЯ

II

Қол-аяқ жұмсақ тіндерінің (тері, тері шелмайы, шандырлар) клиникалық анатомиясы

III

Көршиқан, фурункулез, тілме қабынуы, көршиқан, гидраденит, абсцесс және некроздайтын фасциит кезінде жасалынатын операциялар

II

Білек пен қолбасының шандырлары мен шелді кеңістіктері, олардың клиникалық мәні

II

Білек пен қолбасының флегмоналары мен іріңді-қабынбалы зақымдары кезінде жасалатын операциялар

II

Мойынның шандырлары мен шелді кеңістіктері, олардың клиникалық мәні. Мойынның іріңді-қабынбалы үдерістері кезінде дренаж қою тәсілдері

II

Сүтбезге жасалатын оперативті әрекеттерді анатомия-физиологиялық тұрғыдан негіздеу. Іріңді мастит және ретромамарлы флегмона кезінде жасалынатын тіліктер

III

Плевра қуысы мен өкпенің хрургиялық анатомиясы

III

Плевра эмпиемасын, өкпе абсцестерін, гангренасын хирургиялық жолмен емдеудің қазіргі әдістері

II

Көкірекортаның шелді кеңістіктерінің хирургиялық анатомиясы

III

Құрсақ қуысының ағзаларына оперативті жолдармен (лапаротомия) жетуді топография-анатомиялық тұрғыдан негіздеу

II

Құрсақ қуысының жоғарғы қабатындағы қалталардың (бауыр, асқазан алды, шарбы) хирургиялық анатомиясы

II

Құрсақ қуысының төменгі қабатындағы ішперде туындыларының хирургиялық анатомиясы

III

Ішперде артындағы шандырлар мен шелді кеңістіктер, оларды дренаждау

IV

Пирогов-Парон, қолбасы мен саусақтардың (тері асты, тырнақ маңы күбірткелері және пандактилит) шелді кеңістігіндегі іріңдіктерді ашу техникасы

III

Липома және басқа да қатерсіз ісіктерді алып тастау

III

Медиастиниттерді дренаждау техникасы (мойын, экстраплевралық, паравертебралық және парастерналық медиастинотомиялар)

IV

Құрсақ қуысына тампонада және дренаж жасау техникасы, құрсақ қуысын шаю

V

Қол-аяқтың қантамыр-нервтік будаларын ашу

V

Лукашевич-Оберст, Браун-Усольцева бойынша өткізгіштік анестезия жасау




АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАЦИЯ

II

Сепсистік шоктың, қабынуға жүйенің жауап беру синдромының (ҚЖЖБС) клиникалық көрінісі, ҚЖЖБС дәлелдейтін зертханалық-аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелері

II

Ірі веналар мен артерияларды катетерлеу үшін ірі қантамыр-нервтік будалардың (мойынның, қол-аяқтың және бұғана астындағы аумақтың қантамырлары) топографиялық анатомиясы мен кескіндері

II

Омыртқа бағанасының және жұлынның топографиялық анатомиясы және құрсақ қуысы ағзаларына жасалатын оперативті әрекеттер кезінде аймақтық анестезияны жасау (эпидуралық, спиналық)

II

Уытты шок синдромының (УШС) клиникалық көрінісі, басқа аурулармен саралау диагностикасын жүргізу

II

Анафилаксиялық шоктың клиникалық көрінісі, емдеу алгоритмі

IV

Орталық веналарды катетерлеу көрсетімдерін анықтау, орталық веналық қысымды анықтау

III

Кернеулі (қақпақшалы) пневмо-, пио-, гемоторакстар кезінде плевра қуысын дренаждау, Бюлау бойынша активті және пассивті аспирациялық жүйені қою

IV

Өкпеден қан кетуді асқазаннан кеткен қанмен саралау диагностикасын жүргізе отырып диагностикалау.

Өкпеден қан кеткен кезде қарқынды ем қолдану алгоритмі



V

Пневмотораксты (ашық, жабық, кернеулі) диагностикалау, шұғыл жәрдем көрсету

V

Гемотрансфузия кезінде науқастың қан тобын және резус-факторын анықтау. Жеке үйлесімділікке сынама және биологиялық сынама жүргізу

III

Бел пункциясы

IV

Плевра пункциясы. Артериялық қан қысымды анықтау үшін шеткі артерияларға (кәріжілік, шынтақ) пункция жасау








  1. Каталог: download -> files
    files -> Нуо казахстанско- российский медициналық
    files -> Нуо казахстанско- российский медициналық
    files -> Семинар сабақтары: 25 сағат Оқытушымен бірге студенттің өзіндік жұмысы 30 сағат СӨЖ : 30 сағат
    files -> Нуо казахстанско- российский медициналық
    files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско
    files -> Нуо казахстанско
    files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско
    files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско
    files -> Меббм қазақстан-ресей
    files -> Департамент внутренних болезней


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет