Мамандығы: «Электр энергетика» Оқу жылы



бет5/12
Дата27.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#150945
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ИЭВ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС . ЭЭ

_____________________________________________________________
6-зертханалық жұмыс. Вольтметрдің өлшеу шектігін кеңейту
(6-апта, 2 сағат)


Жұмыстың мақсаты: вольтметрдің өлшеу шектігін кеңейтуде тәжірибелік шеберлікті жинақтау.


Жұмысқа дайындық


1. Вольтметрдің өлшеу шектігін кеңейту әдістемесін оқу.


2. Өлшеуіш механизмінің қосымша кедергімен қосылу сұлбасын құрастыру.
3. Қосымша кедергінің Rқ анықтау формуласын қорытындылау.
4. Қосымша кедергінің Rқ тағайындалуын түсіндіру.
5. Вольтметрдің өлшеу шектігін кеңейту үшін қолданылатын элементті қалай атайды?
Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Сұлбаны жинаңдар (6.1-сурет). Сұлбаның элементтерін оқытушының көрсетуімен таңдап алыңдар.



6.1-сурет. Вольтметрдің өлшеу шектігін кеңейту сұлбасы

2. 6.1-кестеге К кілтінің қосылу және ажыратулы қалпында V аспабының көрсетулерін жазыңдар.

6.1-кесте.

К кілті UV қалпында

К кілті U қалпында


бөлік

В

бөлік

В













3. 6.1-кестедегі мәліметтер бойынша қосымша кедергінің Rқ мәнін есептеңдер. RV кедергісі омметрмен өлшенеді.


_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________

4. Қосымша кедергіні қосу арқылы вольтметрдің өлшеу шектігін В-ден В-ке дейін кеңейтіңдер. Вольтметрдің кедергісі кОм тең.


4.1. Қосымша кедергінің шамасын есептейміз:


Ом =100 кОм.

4.2. Вольтметрдің өлшеу шектігін кеңейту үшін сұлбаны жинаңдар (6.2-сурет).


Реттелетін тұрақты кернеу көзінің G (блок А1, 212.2) шығысына тізбектеліп жалғанған қосымша кедергіден қос (блок А13, 1407), вольтметрден (мультиметр 7050, блок 510.1) тұратын тізбек жалғанған. Кернеудің өлшеу шектігі кеңейтілген вольтметрді калибрлеу үшін сандық вольтметр (мультиметр MY60, блок 510.1) пайдаланылады.
Бір фазалы қорек көзі G1 кернеу генераторларының блоктарын А1 (212.2) және мультиметрлерді А3 (510.1) қауіпсіз қоректендіру үшін арналған.
Реттелетін тұрақты кернеу көзінің G (блок А1, 212.2) шығысында минималды шығыс кернеуін қойыңдар: 0…15 В кернеуді реттеу тұтқасын барынша (тірелгенге дейін) сағат тіліне қарсы бұрыңдар. Тұрақты кернеу көзінің тумблерін жоғарғы қалыпқа ауыстырыңдар: қорек көзі «+» және «-» ұяшықтарына жалғанған.
Кедергілер магазинін ауыстырып қосқышпен А13 қосымша кедергінің шамасын 100 кОм (100 К- қалпына) қойыңдар.
Мултиметрлер блогының А3 (510.1) өлшеу шектіктерін қойыңдар:
- 7050 мультиметрі үшін тұрақты кернеу өлшеу шектігі 2,5 В;
- MY60 мультиметрі үшін тұрақты кернеу өлшеу шектігі 20 В;
Тұрақты кернеу генераторының А1 реттеу тұтқасын сағат тілінің бағытымен айналдыра отырып, аналогты аспаптың (7050) жебесін шкаланың соңғы бөлігіне ауытқуына қол жеткізіңдер. Аналогты вольтметрдің кеңейтілген шектігінің соңғы мәнінің күтілетін шамасын (7,5 В) сандық спапен дәл өлшеніп алынған мәнімен салыстырыңдар.
Қосымша кедергіден және вольтметрден тұратын тізбек 7,5 В өлшеу шектігі бар волтметрді береді. Аналогты вольтметрдің (DCV,A) сызықтық шкаласының 5 үлкен бөлігі бар, оның әрқайсысы 7,5/5=1,5 В сәйкес, яғни шкаланың санмен белгіленген бөлігі 0; 1,5; 3; 4,5; 6; 7,5 В сәйкес.
Кернеуді өлшеу шектігі кеңейтілген вольтметрдің дәлдігін бағалау үшін, оның санмен белгіленген шкаласы үшін абсолютті қателігін анықтаймыз.
Тұрақты кернеу генераторының шығыстық кернеуін азайта отырып, аналогты аспаптың жебесін шкаланың 40, 30, 20 және 10 бірліктер бөліктеріне біртіндеп қойыңдар, бұл 6, 4,5, 3 және 1,5 В сәйкес.

6.2-сурет. Вольтметрдің өлшеу шектігін кеңейту үшін электрлік қосылу сұлбасы


Аналогты аспаптың бұл көрсетулеріне сәйкес келетін генератор кернеуінің дәл (нақты) мәнін сандық мультиметрдің көрсетуі бойынша анықтаңдар. Аналогты аспаптың көрсетулерінің абсолютті қателігін есептеңдер. Алынған мәндерді 6.2-кестеге енгізіңдер.


6.2-кесте.





Аналогты вольтметрдің көрсетулері ( )

Сандық вольтметрдің көрсетулері, В ( )

Абсолютті қателік, В


Бөліктер

В

1

40

6





2

30

4,5





3

20

3





4

10

1,5





5. Жұмыс бойынша қорытынды жасау_________________________________


_____________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет