Мамандығы: Жалпы тәжірибелік дәрігер Кафедрасы: жтд2 және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру



бет4/5
Дата28.11.2023
өлшемі18,42 Kb.
#194005
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мамандығы Жалпы тәжірибелік дәрігер Кафедрасы жтд2 және жоғары-engime.org

Риннэ тәжірибесі. Бұл тәжірибе дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуін салыстыру үшін жасалады. Самай сүйегінің еміздік тәрізді өсіндісіне дыбысы шығып тұрған камертонды қояды. Сонда зерттелуші адам, камертон қойылған жақтағы құлағымен, бірте-бірте баяулайтын дыбысты естиді. Дыбыс толығынан жоқ болған кезде камертонды тікелей құлаққа жақындатады, сонда адам дыбысты қайтадан естиді. Дыбыстың ауа арқылы берілуі әр құлаққа бөлек анықталады


  • Риннэ тәжірибесі. Бұл тәжірибе дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуін салыстыру үшін жасалады. Самай сүйегінің еміздік тәрізді өсіндісіне дыбысы шығып тұрған камертонды қояды. Сонда зерттелуші адам, камертон қойылған жақтағы құлағымен, бірте-бірте баяулайтын дыбысты естиді. Дыбыс толығынан жоқ болған кезде камертонды тікелей құлаққа жақындатады, сонда адам дыбысты қайтадан естиді. Дыбыстың ауа арқылы берілуі әр құлаққа бөлек анықталады

Аудиометрия - құлақтың есту өткірлігін анықтау әдісі.


  • Аудиометр- магнитофоннан, аудиометриялық қосымша, ауа және сүйек арқылы өткізгіштік телефондары, бақылау телефоны, стандартты сөздер жазылған тексті бар магнитофон таспасынан тұратын аспап.

  • Адамның құлағы диапазоны 16 - 20000 Гц арасындағы дыбыс тербелістерін қабылдайды. Соның ішінде 1000- 3000 Гц тербелістерге өте күшті сезімтал болады, себебі бұл дыбыс адамның дауысына сәйкес келеді.

  • Есту талдағышының сезімталдығы әсер ететін дыбыстың есту түйсігін тудыратын ең аз шамасымен, яғни естілу табалдырығымен, бағаланады. Сондықтан құлақтың есту өткірлігін анықтау үшін клиникада аудиометрия әдісі қолданылады. Аудиометрдің көмегімен дыбыстың жиілігін (100-ден 10000 Гц дейін) және күшін (0-ден 100 дБ дейін) дәл белгілеп беруге болады.

Жұмысты орындау: Зерттелуші адам аспаптан біраз қашықтықта отырады да, ауа арқылы өтетін телефонның құлақ талдағыштарын киеді. Аудиометрлік қосымшада дыбыстың ең аз қарқындылығын белгілейді де, сыналушы адамнан естіген сөздерін қайталап айтуын сұрайды. Таспа қозғалысы басталғаннан зерттелуші адам екі- үш сөзді қатарынан дұрыс қайталағанша дыбысты біртіндеп күшейтеді. Бұл кезде аудиометриялық қосымшадағы дыбыс қарқындылығы индикаторының көрсеткіші есту қабілетінен айырылу дәрежесін көрсетеді. Сыналушы адамның есту талдағышының жағдайын сипаттау үшін әрбір дыбыс тербелісінің жиілігіне сәйкес келетін естілу табалдырығын анықтап, аудиограмманы сызып шығарады. Адамның есту қабілетінің кемістігін анықтау үшін жазылып алынған аудиограмманы қалыпты еститін адамның аудиограммалық көрсеткішімен салыстырады


  • Жұмысты орындау: Зерттелуші адам аспаптан біраз қашықтықта отырады да, ауа арқылы өтетін телефонның құлақ талдағыштарын киеді. Аудиометрлік қосымшада дыбыстың ең аз қарқындылығын белгілейді де, сыналушы адамнан естіген сөздерін қайталап айтуын сұрайды. Таспа қозғалысы басталғаннан зерттелуші адам екі- үш сөзді қатарынан дұрыс қайталағанша дыбысты біртіндеп күшейтеді. Бұл кезде аудиометриялық қосымшадағы дыбыс қарқындылығы индикаторының көрсеткіші есту қабілетінен айырылу дәрежесін көрсетеді. Сыналушы адамның есту талдағышының жағдайын сипаттау үшін әрбір дыбыс тербелісінің жиілігіне сәйкес келетін естілу табалдырығын анықтап, аудиограмманы сызып шығарады. Адамның есту қабілетінің кемістігін анықтау үшін жазылып алынған аудиограмманы қалыпты еститін адамның аудиограммалық көрсеткішімен салыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет