Бұл белгілер қандай анемияға тән?
А)Фанкони апластикалық анемиясы
В)Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы
С)Талассемия
D)Фолий тапшылықты анемиясы
Е)Темір тапшылықты анемиясы
3 жасар бала аймақтық педиатрдың қабылдауына анасымен келді. Қарағанда бала әлсіз, физикалық және психикалық дамудың кешеуілдеуі байқалды. Тері жамылғысы сарғыш реңді сұр. Тексергенде гепатоспленомегалия. Қан анализінде микроцитарлық анемия, ретикулоцитоз, гипохромия, бос билирубиннің деңгейі жоғары.
Бұл белгілер қандай анемияға тән?
А) Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы
В)Фанкони апластикалық анемиясы
С)Инфантильді пикноцитоз
D)Талассемия
Е)Глюкоза 6-фосфатдегидрогеназа жетіспеушілік анемия
Стационарға 1,5 жасар ұл бала анасымен келіп түсті. III дәрежелі шала туылған. Жиі ауырады. Дұрыс тамақ жемейді, әсіресе көкөністі. Тексеру кезінде - терісі бозғылт, сарғыш, спленомегалия. Нв - 70 г/л, эритроциттер - 2,0х1012/л, түс көрсеткіші - 1,0. Қан сарысуындағы сарысулық билирубиннің деңгейі - 40 мкмоль/л. Анасының қан тобы O(I), баланікі A(II).
Бұл жағдайда анемияның қандай түрі дамиды?
А)Алиментарлық анемия
В)Шала туылған баланың кеш анемиясы
С)Жаңа туылған нәрестенің АВО жүйесі гемолитикалық ауруы
D)Витамин тапшылықты анемия
Е) Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы
40. Аймақтағы педиатрдың қабылдауына 10 айлық баланы анасы алып келді. ЖРВИ-мен жиі ауырады, ішектік инфекцияның ауыр түрімен ауырған. Дене салмағы қалыптыдан 18%-ға төмен. Соңғы 2 айда үлкен дәреті 2-3 күнде 1 рет келеді. Баланың үлкен дәреті келген кезде тік ішектің шығып кететіні анасын ойландырады.
Не себептен тік ішектің шығып кетуі байқалуда?
А) іштің қатып қалуынан
В) тік ішектің сегізкөзге көлденең орналасуы
С) шектің шырышты қабатының әлсіз болуы
D) ішек шажырқайының ұзын және жіңішке болуы
Е) салмағының қалыптыдан төмен болуы
41. Перзентханада орталық жүйке жүйесінің перинатальды зақымдалуымен туылған 5 күндік балаға зонд арқылы тамақтандыру тағайындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |