360. Қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 13 жасар қыз бала анасымен келді. Шағымы: басы ауырады, әлсіз, аяқ-қол буындары ауырсынады, шашы түскіш, таңертеңгі құрысу бар, беті ісінеді. 3 апта бұрын тұмаумен ауырған. Қарағанда: дене қызуы жоғары, жалпы жағдайы нашар, бетінде және мойнында көбелек пішінді қызыл түсті нүктелер бар. ҚЖА: протеинемия, ЭТЖ, С-реактивті белок жоғары, лейкопения, тромбоцитопения. LE-клеткалар табылды. НЖА: альбуминурия, гематурия. Дәрігердің қойған диагнозы? А) Жүйелі қызыл жегі
В) Дерматомиозит
С) Жүйелі склеродермия
D) Геморрагиялық васкулит
Е) Миокардит
361. Қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 14 жасар ұл бала келді. Шағымдары: тәбеті төмен, жүрегі айниды,майлы, қуырылған тамақ жегеннен соң іш аймағы ауырсынады, «кофе қойыртпағы» құсады, құсқаннан кейін жеңілдейді. Диагноз қоюға ең тиімді тексеру жоспары? А) Кеуде торының шолу рентгенографиясы
В) Ларингоскопия
С) Ирригоскопия
D) ФГДС
Е) Колоноскопия
362. Қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 15 жасар қыз бала келді. Шағымы: ащы, тұзды, майлы тамақ жегеннен 20-30 минуттан соң оң жақ қабырға асты ауырсынады, тершең, әлсіз, тәбеті төмен, аузында қышқыл дәм сезіледі. НЖА: микрогематурия және микроальбуминурия. Копрологиялық зерттеу: стеаторея, аминорея, аздаған қан құрамдастары. Клиникалық диагнозыңыз? А) Ішек тітіркену синдромы
В) Асқазан жарасы
С) Дизентерия
D) Жедел гастрит
Е) Жедел холецистит
363. Қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 12 жасар қыз бала келді. Шағымдары: Мазасыз, әлсіз, тәбеті төмен,жиі, ауырсынумен зәр шығарады, ауырсыну шат пен тік ішек аймағына таралады. Қарағанда: Терісі бозғылт, дене қызуы көтерілген, уретраның айналасы қызарған. НЖА: лейкоцитурия, бактериурия, эпителий талшықтары бар, микрогематурия. Дәрігер қандай диагноз қойды? А) Цистит
В) Гломерулонефрит
С) Нефротикалық синдром
D) Нефритикалық синдром
Е) Пиелонефрит
364. Қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 8 жасар ұл бала келді. Шағымы: әлсіз, тез шаршайды, басы ауырады,ұйқысы бұзылған, тәбеті төмен, іші кебеді, физикалық күш түскенде бел аймағы ауырсынады, зәр шығарғанда уретра аймағы ашып, қышиды, түнде дәретке 3-4 рет шығады. Қарағанда: дене қызуы 38,5 градус, терісі, көз алды ісінген. ҚЖА: лейкоциттер-9,6*109л, эритроциттер-4,5*1012л, гемоглобин-135г/л, ЭТЖ -13мм/сағ. НЖА: бактериурия, лейкоциттер- 7-8 к.а. эритроциттер-3 к.а. Дәрігер қандай диагноз қойды? А) Цистит
В) Гломерулонефрит
С) Нефротикалық синдром
D) Нефритикалық синдром
Е) Пиелонефрит
365. Қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 6 жасар ұл бала келді. Шағымы: әлсіз, мазасыз, ұйқысы бұзылған, тәбеті төмендеген, аяқ-қол буындары сыздап, іш аймағы жиі ұстамалы түрде ауырады. Қарағанда: дене қызуы көтерілген, аяқ-қолында, бөксе аймағында симметриялы, ұсақ нүктелі бөртпелер бар,басқанда ағарады, тізе буындары ісінген, қызарған. Іш бұлшықеттері қатайған, пальпациялағанда ауырады. Ауруханада дәрігер гепарин бергеннен соң нүктелер 2 сағаттың ішінде жойылды.