Алиментарлық анемияға тағы қандай лабораториялық көрсеткіш тән?
А)Түс көрсеткіші төмен
В)Түс көрсеткіші жоғары
С)Ретикулоцитоз
D)Эритроциттің осмотикалық тұрақтылығының төмендеуі
Е)Бос билирубин деңгейінің жоғарылауы
Стационарда 1 жас 9 айлық ұл балаға Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы диагнозы қойылған. Нb - 70 г/л, эр. - 2.1х1012/л.
Бұл анемияға қандай лабораториялық көрсеткіштер тән?
А)Микросфероцитоз
В)Ретикулоцитопения
С)Тікелей билирубиннің жоғарылауы
D)Эритроциттің гипохромиясы
Е)Лимфоцитоз
Аймақтық дәрігердің қабылдауына 7,5 айлық ұл бала анасымен келді, екінші жүктіліктен, 38-аптада туылған. Анасының сүтімен тамақтанады, қосымша тамақ берілмеген, тістері жоқ, отыра алмайды, зерттеу кезінде анемия байқалды. Нb - 85 г/л, эр. - 3.7х1012/л, түс көрсеткіші - 0.69.
Бұл жағдайда анемияның қандай түрі?
А)Шала туылған баланың ерте анемиясы
В)Шала туылған баланың кеш анемиясы
С)Тапшылық анемиясы
D)Минковский –Шоффар гемолитикалық анемиясы
Е) Нәрестенің резус-факторлы гемолитикалық ауруы
Аймақтық дәрігердің қабылдауына 8 айлық ұл бала анасымен келді. Жүктіліктің 38-39- аптасында туылған. Жасанды түрде тамақтандырады.Тамақты нашар жейді.Отит және диспепсиямен ауырған. Диспансерлік зерттеуде алиментарлық анемия деп диагноз қойылды.
Бұл жағдайда қандай ем тиімді болып келеді?
А)Эритроциттік масса
В)Антибиотикотерапия
С) В6 витаминін егу
D)Темір препараттарын алу
Е)Гемотрансфузия
1 жас 9 айлық қыз бала ауруханада анасымен ем қабылдауда. Туылған кездегі салмағы 1800г, бойы 43 см. Ана сүтін ембейді, бейімделген қоспалар қабылдайды. Статикалық функциялары кеш жетілген. Стационарда тұмау кезінде қыз балада анемия анықталды. Тері жамылғысы сарғыш реңді бозғылт, көкбауыр қабырға асты доғасынан 4 см шығыңқы.Қан анализінде: Нb - 70 г/л, эр. - 2.1х1012/л, түс көрсеткіші - 1,0.
Достарыңызбен бөлісу: |