290. Қабылдау бөліміне 8 айлық қыз бала түсті. Ауруы жедел басталған.Үлкен дәреті жиі және сұйық, құсу байқалады. Ішек инфекциясы диагнозы қойылды.
Балада сусызданудың пайда болуына қандай көрсеткіштер тән?
А)Шөлдеу, шырышты қабаттың құрғауы
В)Үлкен еңбектің ісінуі
С)Тері жамылғысының ылғалдануы
D)Дене қызуының көтерілуі
Е)Әлсіз,мазасыздану
291. 9 айлық бала стационарға сусызданудың 3- дәрежесімен жеткізілді.
Ауыр дегидратация диагнозын қоюға тән көрсеткіштер?
А) тін тургорының қатты төмендеуі
В)Диурезі сағатына 10 мл-ден төмен
С)Акроцианоз
D)Қайталамалы құсу
Е)Дене қызуының көтерілуі
292. Аймақтық дәрігер үйге шақыртумен 10 айлық баланы қарады. Дәрігер ішек инфекциясы, сусызданудың 2- дәрежесі диагнозын қойды. Дене салмағы 7% -ға дейін төмендеген.
Қандай емдеу тактикасын қолданған дұрыс?
А)Көктамырішілік гемодезді енгізу
В)Көктамырішілік реополиглюкин енгізу
С)Көктамырішілік тұзды глюкоза ерітінді енгізу
D)Энтералды тұзды-глюкоза ерітінді енгізу
Е)Көктамыр ішілік физиологиялық ерітінді енгізу
293. 2 жарым жасар ұл бала жиі ЖРВИ-мен ауырады. Лимфатико-гипопластикалық анамолиясы бар. Анасы соңғы тәулікте баласының тәбетінің төмендеуін, мұрынмен дем алуы қиындығын, әлсіздігін байқады. Дене температурасы 37,00С. Түнде кенеттен мазасыз ұстамалы жөтел, ысқырықты, алыстан естілетін шулы тыныс пайда болды. Бала мазасызданды. Жедел жәрдем дәрігері қарау барысында анықтады: бетінің ісіңкі болуы, ауыз төңірегінің цианозы, тыныс алу жиілігі минутына 52-60 рет, аускультацияда өкпеде құрғақ ысқырықты және әртүрлі калибрлі ылғалды екі жақты сырылдар естіледі.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
А) Обструктивті синдромы бар ЖРВИ
В)Бронхтарға бөгде зат түсу
С) Бронх демікпесінің ұстамасы
D)Жедел пневмония
Е)Көкжөтел
294. Қабылдау бөліміне 5 жасар ұл бала анасымен келіп түсті. Бала басының ауыруына, әлсіздікке, зәрінің түсі «ет жуындысы тәрізді» екеніне шағымданады. Стационарда жедел гломерулонефрит диагнозы қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: |