Дәрігер науқасқа қандай ем тағайындады?
А) Метилпред,Прозерин,Колхицин,Трилон
В)Пенициллин,Преднизолон,Вольтарен,Аспирин
С)Винкристин,Онкавин,Адриомицин
D)Гемодез,Альбумин ерітінділері,плазмоферез
Е)Эуфиллин,Диклофенак,Атропин,Новакаин
341. Аймақтық дәрігерге 5 жасар баланы анасы алып келді. Анасының айтуы бойынша: бала аз қозғалады, тез шаршайды, баланың орнынан тұруы қиын және жүрісі «үйрек» тәрізді . Қарағанда: көз айналасының ісінуі, көруінің нашарлағаны, буындарының қызарып, терісінің қабыршақтанғаны анықталды. ҚЖА: анемия, эозинофилия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Қан сарысуында: альдолазаның, трасаминазаның, креатиинфосфокиназаның деңгейі жоғары. Рентгенде тері және тері астына кальций жиналған. Аймақтық дәрігер қандай диагноз қойды?
А) Полиомиелит
В) Бұлшық ет дистрофиясы
С) Дерматомиозит
D) Жүйелі қызыл ноқта
Е) Ревмотоидты артрит
342. 13 жасар баланы қалалық аурухананың қабылдау бөліміне анасы алып келді. Баланың шағымдары: мазасыз, тәбеті төмен, жүрегі айнып 1-2 рет құсқан, іш аймағы және кіндігінің айналасы ауырады. Қарағанда: терісі бозғылт, тілі ақ жабындымен жамылған, басқанда эпигастрий аймағы ауырсынады, үлкен дәреті тұрақсыз.
Дәрігер қандай болжам диагноз қойды?
А) Жедел перитонит
В)Эзофагит
С) Жедел гастрит
D) Гепатит
Е)Энтероколит
343. Аудандық ауруханаға келген 14 жасар ұл баланың шағымдары мен лабораториялық зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып дәрігер жедел гастрит диагнозын қойды. Ауру асқынусыз. Дәрігер қандай ем тағайындады?
А) Диета, спазмолитик( Но-шпа), Платифиллин, Церукал, Алмагель
В) Диета, Промедол, Эуфиллин, Глюкозаның 5%-тік ерітіндісі көк тамырға
С) Ацетилсалицил қышқылы, Метиндол, Метрит
D) Омепразол, Аспирин, Строфантин, В12 витамині
Е) Аллахол, Халасас, Аспирин, Пиперазин
344. Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 3 жасар ұл баланы анасы алып келді. Анасының айтуы бойынша баланың тәбеті төмен, әлсіз, мазасыз, туылғаннан бері салмақ қосуы жасына сай емес, салмақты аз қосады. Қарағанда: іш маңы катты ауырады, іші ісінген, үлкен дәреті сұйық және ащы иісті. Науқастың зерттеулері нәтижесінде лактозурия, аминоацидурия, гипергликемия анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |