Дәрігердің қойған болжам диагнозы?
А) Обструктивті бронхит
В) Жедел бронхит
С) Созылмалы бронхит
D) І ші дәрежелі тыныс тапшылығы
Е) ІІ ші дәрежелі тыныс тапшылығы
355. Жедел жәрдеммен қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 10 айлық ұл бала келіп түсті. Қарағанда: баланың жағдайы ауыр, әлсіз, басы шалқайған, аузы ашық, кеуде қуысының бұлшықеттері тыныс алу актісіне қатысады, айқын цианоз дамыған, жүрек соғысы әлсіз, ТАЖ-60рет/мин.
Балада тыныс тапшылығының қай дәрежесі дамыған?
А) І
В) ІІ
С)ІІІ
D) ІV
Е) компенсациялық саты.
356. Жедел жәрдеммен аурухананың қабылдау бөліміне 14 айлық ұл бала келіп түсті. Ауырғанынан 2 күн бұрын баланы ашық құрғақ жөтел мазалаған,дауысы қарлыққан, мазасызданған, ентіккен. Қарағанда: баланың жағдайы өте ауыр,терісі бозғылт, есінен танған, цианоз дамыған. Қосымша зерттегенде: брадикардия, афония, АҚҚ төмен, аритмиялық тыныс. Дәрігердің қойған диагнозы?
А) Ларингит, ІV сатысы
В) Жедел бронхит
С) Ларингит,ІІІ саты
D) Созылмалы бронхит
Е) Ларингит, ІІ саты.
357. Қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 9 айлық ұл баланы анасы алып келді. Шағымдары: ысқырықты құрғақ жөтел, мазасыз,дене қызуы жиі жоғарылайды. Қарағанда: терісі бозғылт, дем алып, дем шығаруы қиын, тахикардия, дене қызуы-39градус, инспираторлық стридор. Дәрігердің қойған болжам диагнозы?
А) Өткір ларингит
В) Эпиглоттит
С) Фарингит
D) Трахеит
Е) Өткір бронхит.
358. Қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 10 жасар ұл бала келіп түсті. Шағымдары: әлсіз,мазасыз, терлегіш, ентігеді, тез шаршайды, дене қызуы жоғарылаған.
Анамнезінде: 2 апта бұрын баспамен ауырған. Қарағанда: бала әлсіз, мазасыз, терісі таза, бозғылт, дене қызуы өзгермелі. Үлкен буындары ісінген, қызарған, қозғалғыштығы төмендеген, ауырсынады. ҚЖА: С-реактивті белок анықталды.
Дәрігердің қойған диагнозы?
А) Дерматомиозит
В) Жүйелі қызыл жегі
С) Ревматизм
D) Подагра
Е) Миокардит
359. Қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 11 жасар қыз бала келді. Шағымдары: Аяқ бұлшықеттері қатты сырқырап ауырады, әлсіз, үлкен қадам тастай алмайды, дене қызуы көтерілген, жұтыну қиындаған. Қарағанда: терісі бозғылт, буын аймағы ісінген, қызарған.
Достарыңызбен бөлісу: |