120. Балалар емханасына шала туылған 4 апталық нәрестені сары ауру болғандықтан анасы қан анализін тексертуге алып келді. Қандай көрсеткіш жасына сәйкес келеді? А) Гемоглобин - 102 г\л
В) ЭТЖ- 10 мм/ч
C) Эритроциттер - 4,1х1012/л
D) Лимфоциттер - 57%
Е)Лейкоциттер -7,8х109 /л
121. Аймақтық педиатрдың қабылдауына 7 жасар ұл баланы анасы алып келді. Қарағанда: мойын лимфалары ұлғайған, көлемі грек жаңғағы тәріздес, лимфа түйіндерімен байланыспайды, ауырсынбайды. Дене температурасы субфебрильді. Лимфогранулематоз анықталды. Қандай көрсеткіш қанның қалыптыдан ауытқығанын көрсетеді? А) Гемоглобин - 110 г/л
В) Лейкоциттер - 12,1х109/л
С) Эритроциттер - 3,0х1012/л
D) ЭТЖ - 37 мм/ч
Е) Лимфоциттер - 48%
122.Стационарға ауруханадан жедел пневмония диагнозы қойылған 4,5 жасар ұл бала келді.Қанның қандай көрсеткіші жедел процесті анықтайды? А) Лейкоциттер - 11,8х109/л
В) Эритроциттер - 3,0х1012/л
С) Гемоглобин - 120 г/л
D) Моноциттер- 4%
E) Лимфоциттер - 50%
123. Аймақтық педиатрдың қабылдауына 10 жасар ұл бала анасымен келді. Шағымы: аяқ ауырсынуы, мұрнынан қан кету. Тексеру кезінде ұл балада гепатолиенальді синдром анықталды. Қан анализінде қандай көрсеткіштің ауытқығаны анықталды? А) Эритроциттер - 2,6х1012/л
В) Лейкоциттер - 8,8х109/л
С) Моноциттер- 4%
D) Лимфоциттер - 50%
Е. ЭТЖ - 11 мм/ч
124. 3 жасар ұл баланы анасы аденотомия жасату үшін ЛОР бөлімшесіне қан анализін тексертуге алып келді. Отоларинголог дәрігер операция жасамай, науқасты педиатрға жолдады.