Маматкулова Перизат,ҚТӘ-2020



бет3/3
Дата13.12.2021
өлшемі22,01 Kb.
#100141
1   2   3
Байланысты:
ПҚК-БӨЖ1. МАМАТКУЛОВА П.
ПҚК-БӨЖ1. МАМАТКУЛОВА П., ПҚК-БӨЖ1. МАМАТКУЛОВА П.
3-тапсырма

Мұғалім - педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретінде. Субъект категориясы білім беру процесінде барлық мүмкін кескіндеріне талдау, сипаттама жасау барысында жүзеге асады. Мысалы мұғалімдік қасиеттерді алсақ. Олар: арнайы және тұлғалық. Арнайы қасиетке объективтілік(мұғалімнің ғылыми дацындығы) және субъективтілік(жеке мұғалімдік талант) жатады. Ал тұлғалыққа – адамгершілік-еріктік қасиеттер жатады.

Мен неге тіл маманы болғым келеді?

Мамандықты дұрыс таңдау – өмір жолының сәттілігінің негізі, болашағының жемісі. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұлы сөз бар. Шын ұстаз – ұстаз болуды жастайынан армандайды. Қиындығы мен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Дегенмен де, осы саланың тамаша нәтиже берері анық.



Армандар орындалады демекші, бала кезден ұстаз боламын деген арманым мақсатқа айналып, сол мақсатқа жету жолындағы алғашқы қадамның бірін жасадым. Яғни, өзім қалаған оқу орнына, педагогика факультетіне, еңбегімнің арқасында грантқа түстім. «Неге басқа мамандық емес, неге әдебиет пәні?» деген сияқты сұрақтар өзімді де мазалайтын. Жастайымнан ертегі-аңыздарды оқығанды, кітаптардан өлеңдер жаттағанды, қағаз бетіне ойымды түсіріп шығарма жазғанды жаным сүйетін. Әрдайым қызығы мен қайғысы, қуанышы мен шаттығы, қайғы мұңы мен уайымы бір туындыда ұштасқан, жүрек сырларын жеткізген қазақ жазушыларының, мақтаныштарының һәм алпауыттарының шығармалары жүректі тебірентіп, көңілге ұшқын ұялататын. Адам баласының жан сырына жететін, көзқарасын өзгертетін, рухани бай болуына септігін тигізетін, көзі ашық-көкірегі ояу азамат болуына жол салатын, ол – әдебиет әлемі. Сонау ертегі іспетті, шығарма оқығанда өзіңді кейіпкердей сезінетін, ұйып тыңдайтын, көңіліңде өшпес орын қалдыратын әсерді - әдебиет сыйлай алады. Бұл мамандықты таңдаған да , таңдамаған да арманда. Мектеп оқып жүрген кезімде практикалық сабақтарда осы пәннен сабақ беріп, балалармен шығармаларды талқылап, ойымызбен бөлісіп қызыққа батқанымда, мен осы мамандық үшін жаралғанымды түсіндім

Менің мақсатым – қазақ елінің патриот азаматы ретінде, өскелең ұрпаққа, білімді жастарға, ата-бабамыздың рухын, сонау заманнан мұра болып келе жатқан байлықтарымызды, яғни атап айтқанда ертегі,аңыз,өлең-жыр, қисса-дастандар, неше түрлі шығарма-туындыларды сол қалпы таза күйінде жас шыбықтай бала бойына ұялату, оған қызығушылығын ояту, кейіннен сол бала да келесі ұрпаққа жеткізетіндей етіп білім беру. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасына, сөз өнерінің асыл қазынасына үлесімді қосу арқылы өзімді дамылтып, білікті де білімді, оқушының жүрегіне жол табатын ұстаз болу мен үшін үлкен жетістік.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет