Мұқан Иманжанов 1916 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды облысына қарасты



Pdf көрінісі
Дата22.05.2020
өлшемі87,21 Kb.
#70529
Байланысты:
мұқан



 

 

 



Мұқан Иманжанов 1916 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды облысына қарасты 

Жезді ауданында дүниеге келген. Мұқан Иманжанов асылдың сынығы. Оның әкесі 

Иманжан Жылқайдаров кезінде Қазақстанның халық ақыны атанған тұлға. Араб, 

парсы, шағатай тілдерінің білгірі. Иманжан ақынның жыршы, әңгімешіл, шежіреші, 

өлкетанушы, құсбегілігі елге аңыз. 1972 жылы Иманжан Жылқайдаровқа Жезқазған 

қаласының құрметті атағы беріледі. Демек, осындай тұғырлы тұлғаның тұяғы 

Мұқанжан Иманжановтың тектілігінен де табиғи тамырластықты танимыз.  

1930 жылдардың басында Мұқан Иманжанов Баубек досының жолын қуып Алматыға 

келеді. Екеуі әсем қалада соғысқа дейін тығыз шығармашылық қарым-қатынаста 

болған деген дерек жетерлік. Ол Баубек Былқышевтың жан досы ғана емес, жерлесі, 

тағдырласы. Баубек 28 жасында көз жұмса, Мұқан Иманжанов 1958 жылы бар-жоғы 

42 жасында өмірден өтті. Сондықтан, ол туралы дерек тым аз. Иманжановпен дәмдес 

болған жалғыз адам ол жезқазғандық жазушы Аппаз Қаражігітов ақсақал. 

«Ол мен, осындай қадірлі, қасиетті адаммын деп, ешкімге мақтанып тұмсығын 

көтерген адам емес. Тәпаппар емес. Ол таза жүректі, ақ пейілді адам еді. Ешкімге 

жазығы, жазары, айыбы жоқ, айтанын кінәсі жоқ адам болған. Ол таза жанды адам 

болды»,- дейді жезқазғандық жазушы Аппаз Қаражігітов. 

Мұқан Иманжвнов 1935-38 жылдары Алматыдағы есеп-экономикалық техникумында 

білім алып, оны 1938 жылы бітіреді. Мұқанның журналистік мансабы да осы жылы 

басталады. Ол 1938 жылы республикалық радиокомитеттің әдеби-драмалық хабарлар 

тарату бөлімінде редактор болып қызмет ете бастайды.  

1942-1948 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде жұмыс істеп, 

көптеген шығармалар жазады. Сол жылдары, яғни 1948 жылы оның «Жастық» атты 

әңгімелер жинағы оқырмандар назарына ұсынылды. Тәжірибе жинақтап, қаламы 

төселген жазушы бірнеше жылдан кейін сол өзі қызмет етіп жүрген «Социалистік 

Қазақстан» газетіне бөлім меңгерушісі болып тағайындалады. 




Араға жылдар салып, 1952 жылы «Таныс қыз» атты әңгімер жина жарық көрді.  

Еңбек жолын әдеби қызметкер ретінде бастаған жазушы 1949 жылдан бастап, 1958 

жылға дейін бүгінде оқырмандарға «Ақ желкен» деген атпен танылған 

«Пионер» журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет етеді.  

Мұқан заманның ащы шындығын бейнелеп, әлеуметтік-моральдық мәселелерге назар 

аудара отырып, көптеген әңгіме, повестер жазды. Оның қаламынан туған туындылар 

халықтың жүрегінен орын тапты. Жазушы қызметте жүріп-ақ әдебиет әлеміне бас 

сұққан жас қаламгерлерге қамқорлық танытып, ағалық ақыл-кеңесін беріп, көмек 

көрсететін. Жазуға ынталы жас мамандарды өзіне жақын тартып, тәрбиеледі. 

Әдебиеттің кешеуілдеп дамып жатқан саласына өз үлесін қоса отырып, балалар мен 

жасөспірімдер әдебиетіне жаңа есімдерді алып келді.  

Оның қаламынан «Жастың», «Тыңдағылар», «Таныс қыз» секілді жинақтар ғана емес, 

сондай-ақ «Сөнген шала» сатиралық комедиясы, «Менің махаббатым» пьесасы, 

аяқталмай қалған «Көк белес» романы туып, кітап болып басылды. 

Мұқан Иманжанов балалар әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қаламгер. 

Халық тарихында қалған қасіретті жылдар Мұқанның балалық шағына, келешек 

өміріне үлкен әсер етті. Мұқанның журналистік таланты Ұлы Отан соғысы 

жылдарындағы мақалаларымен, очерк және публицистикаларымен танылғаны 

белгілі. Әсіресе, оның Баубек Бұлқышекпен жазысқан хаттарының мазмұны туған ел 

мен жерге деген махаббатпен өрліген еді.  

Баубек пен Мұқан Ұлытаудың қос қыраны. Екеуінің достығы кісі қызығатындай 

болған. Ал Ұлытаудың төріндегі 1995 жылы бой көтерген ескеркіш сол достықтың 

белгісін мәңгілікке паш етіп тұр.  

1944 жылы ақпан айында «Социалистік Қазақстан» газетінде «Қош бол Шығыс ұлы» 

деген публицистикалық эссе жарық көреді. Ол майданда Отан үшін оққа ұшқан 

командир, майдангер жас жазушы Баубек Бұлқышев туралы болатын. Соңында 

автордың М. Тауұлы деген бүркеншек аты тұрды. Оны оқығандар ойлы да әсерлі 

әңгімеге айрықша тебіренді. Иманжановтың алғашы жеке кітабы да Тауұлы деген 

атпен оқырман қолына тиді. Жазушының «Алғашқы айлар» повесіне 1950 жылы 

республикалық бәйгеде Жамбыл атындағы бірінші орынның берілуі оның 

қарым-қабілетін көрсетсе керек. Себебі, бұл туындыны жұртшылық жылы қабылдап, 

кітап әдеби қауымның назарын аударды. Жазушы жаңа көркемдік ізденісі арқылы 

қазақтың әдебиет әлеміне жаңа бейнелер әкелді. Осылайша, сол кездегі зәру 

мәселелерді көтерді.  

Жалпы, Мұқан Иманжановтың шығырмашылығының негізгі нысаны гуманизмді 

ардақтау. Адамның ұлылығы, тазалығы, өз мақсатына беріктігі, 

рухани-адамгерішіліктерін мадақтау, екінші жағынан жағынан осы асыл қасиеттерді 

өнеге етіп, бала жастан осыған тәрбиелеуді көздеу. Міне, осы қасиеттердің барлығын 

жазушы кезінде оқырман жылы қабылдаған, 1950 жылы жазылған «Алғашқы айлар» 

повесіндегі негізгі кейіпкер Жақыпбектің бейнесіне сыйғызған.  

Мұқан Иманжанов шығарманы жазар алдында көптеген орыс жазушыларының 

шығармаларымен танысып шыққан. Бұл ретте оған Толстой, Горький және т.б. 

танымал классик жазушылардың шығармалары, сондай-ақ, Ушинский, Макаренконың 

педагогикалық еңбектері жақсы көмектесті. Сөйтіп, биология, ботаника, физика және 

т.б. мектепте өтетін жаратылыстану ғылымы саласындағы пәндермен танысады. Сол 

білімның арқасында сұрапыл соғыстан енді ғана ес жиып келе жатқан еліміздің сол 

таңдағы өзекті мәселерін көтеруге ат салысады. Ол уақытта әдеби шығарманың 

идеясы мен көркемдік мазмұнына айрықша мән берілгендіктен, барлық жазушы сол 

талапты ұстануға тиіс болды. Ал Иманжанов өзіне жақсы таныс заман шындығын 

көрсете отырып, соғыс зардабынан енді айығып келе жатқан елдің ертеңгі келбетіне, 




келешегіне айналатын жас ұрпақты қалай жаңаша тәрбиелеу керек деген өзекті 

сауалға жауап іздейді. Қаламгердің «Алғашқы айлар» повесінде қиын-қыстау шақтағы 

мектеп өмірі өрнектеледі.  Ол осы туындысы арқысы қазақ прозасына тың тақырып, 

жаңа мәселе, бейнелер әкеліп, ерекшеленеді. Жұртшылықтың көңілінен шыққан 

повесте оқушылардың өмірі, олардың мектептегі өмірімен қатар, мектептен тыс 

тіршілігі, жеткіншектердің ересек адамдармен арасындағы қарым-қатынасы 

бейнеленеді. Осылайша, автор әлеуметтік орта мен сол замандағы мәселелердің 

ықпалын және өзара сабақтастықтарын сарапта салады. Қаламгер өмірдің түрлі 

салаларын суреттеуге көңіл аударып, мінез арқылы сол заманның қткір мәселелерін 

көтеріп, оқырманға көрсетуге ден қой білді. Яғни, Иманжановтың осы повесі  балалар 

мен жас-жеткіншектер өмірін сол кездегі заман, қоғам талабына сәйкес таныта алған 

туынды.  

Ол өз шығармаларында жастар өмірін, олардың өршіл ой-қиялын, арман 

құштарлығын, ізгілік пен адамгершілік мұраттарды жырлады. Соғыс жылдарында 

және одан кейінгі тың көтеру кезеңінде қаламынан көптеген очерк, 

корреспонденциялар мен мақалар туған Мұқанжан Иманжанов жауынгер жанрдың 

барлық қыр-сырын меңгерген журналист болды. Оқырмандарына Тауұлы деген атпен 

танылған. Ол адамның асыл қасиеттерін арқау еткен әңгімелер, хикаяттар мен 

драмалық шығармалар, аяқталып үлгермеген «Көк белес» романын жазды. Жан досы 

Баубек Бұлқышевтің «Өмір біздікі» кітабына кірген көркем әдеми мұрасы осы 

қаламгердің редакциясымен жарық көрді.  

Мұқан Иманжановтың еңбектері «Жастық», «Алғашқы айлар», «Азамат мақтанышы», 

«Таныс қыз», «Тыңдағылар», «Менің махаббатым», «Адам туралы аңыз», «Көк белес» 

шығармаларының екітомдығы кітаптарына енді.  Ғұмырының соңғы 10 жылында 

«Пионер» журналында қызмет атқарған Мұқан 1958 жылы қайтыс болды. Оның өмірі, 

қызметі мен шығармашылығы жайлы 1980 жылы «Өткен» деген атпен жинағы жарық 

көрді. Қазақ мемлекеттілігінің алтын діңгегі  Ұлытаудың төрінде тіршілігінде  ерлік пен 

мәрттікті, достық пен махаббатты қастерлеп өткен қос арысының қола мүсіні тұр. 

Әрдайым өз заманының, өз уақытының тынысын, тамыр соғысын жіті сезініп 

отыратын ұлытаулық ұландар соғыстан кейінгі бейбіт өмірден «Жаңа алматылықтар» 

мен «Көк белесін» табар еді. Оған сөз жоқ. Осындай ұл болып туып, құйрықты 

жұлдыздай жарқ етіп өткеннің өзі мақтаныш, жұбаныш. 

  

«Алғашқы айлар» повесі 



Жазушы есімін танытқан туындыларының бірі - «Алғашқы айлар» повесі 1950 

жылы жарыққа шықты.  Мұқан Иманжановтың əдеби-шығармашылық қызметі 1938 

жылдан басталғанымен, оның республика жұртшылығына анық таныла бастағаны Ұлы 

Отан соғысы жылдары. Қаламгердің романтикалық сарында жазылған көркем əңгімелері 

мен очерктері баспасөз бетіне жиі басылады. Алғашқы əңгімелер жинағы «Жастық» деген 

атпен – авторы "Тауұлы" деп 1948 жылы басылып, оқырман қолына тиеді. Мұқаңның 

қазақ оқырман қауымы арасында кеңінен танылып, жазушы есімін əйгілі еткен «Алғашқы 

айлар» хикаяты мектептегі оқу-тəрбие тақырыбына арналған. Оның басты кейіпкері 

білімді де жігерлі жас мұғалім Жақыпбек бүкіл оқу-тəрбие мəселесін өмірмен, өндіріспен 

байланыстыра жүргізу мəселесін көтереді жəне сол мақсат-мұратын жүзеге асыру 

жолында бар күш-жігерін салып, аянбай күреседі. Хикаят авторынан қалың оқырман 

арасында абырой-беделін арттыруға 1950 жылы «Алғашқы айларға» Жамбыл атындағы 

республикалық бəйге берілуі де кəдімгідей əсер етеді. «Алғашқы айлар» повесі 1950 жылы 

шыққан. Повесте ауылдық жердегі мектеп өмірі, мұғалімдер ұжымының сан салалы 




жұмыстары, оқушылардың мінез-құлық, іс-əрекеттері, адамдар арасындағы 

қарым-қатынастар шынайы əрі терең суреттелген. Мектеп өмірі, оқу мен еңбекті 

ұштастыру мəселесі, мұғалімдердің ауыр да абыройлы еңбегі шебер бейнеленеді. 

Балалардың арман-мақсаты, отансүйгіштігі, еңбекқорлығы, көпшілдігі, турашыл 

адалдығы əрі нанымды, əрі тапқырлықпен тартымды суреттеледі. «Алғашқы айлар» 

повесіндегі басты тұлға – Жақыпбек мектеп мұғалімі қандай болу керек деген талапқа 

жауап бергендей. Жақыпбек оқушылардың əрқайсысымен жақындасып, бала мен мұғалім 

арасындағы сенімсіздіктің жігін жойып, тіл табыса білу қияңқы баланы тəрбиелеуде 

бірден-бір дұрыс жол екенін дəлелдейді. Рас, бала жүрегіне жол табу оңай емес, 

Жақыпбек осы жолда табандылықпен күресіп, мақсатына жетеді. Жазушы Жақыпбекті 

балалардың жақсы көріп, үйір болуының себебін ашады. Ол бала табиғатына тəн, əр 

нəрсені білсем деген құштарлық мінезін қолдап, оқушыларды колхоз шарушылығымен де 

етене жақындатып, көп мағлұмат береді. Немесе экскурсияға апару секілді қызықты 

жұмыстар жүргізеді. Жазушы баланы еңбекке баулып өсіруді тəрбиенің басты шарты деп 

қарайды. Мектеп білім беруді ғана мақсат етпей, ата-анамен ынтымақтасып, қайткенде 

нағыз азамат тəрбиелеп өсіреміз деген мақсатты алына қою керек. Осы ойын кейін бір жас 

талапкерге жолдаған хатында Мұқан: «Біз балаларды оқы деп қана үгіттей бермей, еңбек 

етте, өмірді біл, колхоз шаруашылығын сүй дегенді де құлақтарына сіңіріп, қажетті 

жерінде дəріптеп отырумыз керек», - дейді. Міне, «Алғашқы айлар» повесінде осы идеяны 

негізгі нысана етіп ұстайды жазушы. Уақыт тынысын əрдайым қадағалап, тамыршыдай 

тап басып отырған жазушы қоғамның даму процесін, болашағын сол кезеңнің биігінен 

қарап бағалайды. «Социалистік Қазақстан» газетінде, «Пионер» журналында бөлім 

меңгерушісі болып қызмет атқарған жылдарында ізденгіш, білімдар, бауырмал жазушы 

шебер шығармалары арқылы жас қаламгерге көркемдік ықпал жасады, ондаған 

талапкерлерге ағалық ақыл, пайдалы кеңесін айтып, тəлім берді. Мұқан Иманжанов «Жас 

өмір», «Менің махаббатым», «Сөнген шала» пьесаларын жазып, драматургия саласында 

да еңбек етті.   

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет