Ассонанс
– дауысты дыбыстардың үндесе қайталануынан
тұратын стилистикалық айшықтау түрі.
Аллитерация
– дауыссыз дыбыстардың бірыңғай қай-
талануындағы стильдік айшықтау түрі.
Анафора
– бір сөздің не сөз орамының өлең жолдарының,
сөйлемнің басында қайталануынан тұратын стильдік айшықтау
түрі.
Эпифора
– өлең жолдарының не сөйлемнің соңында бір
сөздің, сөз тіркесінің қайталанып келуі.
Парцелляция
(фр. «бөлік») – тұтас бір сөйлемді бірнеше
дербес фразаға бөлшектеп көрсетудегі синтаксистік-стильдік
тәсіл, яғни стильдік мақсатпен бір сөйлем мүшесін бөлшектеп
орналастыру құбылысы, дербес шығарылған сөз не сөз тіркесі
парцеллят мүше деп аталынады.
Парцеллят
– дербес фраза болып бөлшектелген біртұтас
сөйлемнің құрылымдық бөлігі.
Инверсия
– сөйлем мүшелерінің дағдылы орын тәртібінің
стильдік мақсатпен ауыстырылу құбылысы.
Функционалдық-стилистикалық
талдау
– ұлттық тіл
құралдарының көркем тілде қызмет ету ерекшеліктері, тілдік
құралдарды сипаттау тілдік деңгейлер бойынша жүргізіледі.
Құрылымдық-стилистикалық
талдау
–
тілдік
құралдардың шығарма құрылымындағы ұйымдасу механизмін,
конструктивтік мәнін анықтау болып табылады.
Пайдаланылған негізгі әдебиеттер:
1.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға
қатысты еңбектері). – Алматы: Ана тілі, 1992.
2.
Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ
тілінің
стилистикасы: Оқулық.–Алматы: Мектеп, 1966
, 1974, 2005.
3.
Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Атамұра, 2005.
4.
Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. –
Алматы: Мектеп,1982.
5.
Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің зат есім стилистикасы. –
Алматы: Мектеп, 1976.
6.
Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы: Оқу құралы. –
Алматы: Ы.Алтынсарин ат. Қазақтың білім академиясының
Республикалық баспа кабинеті, 1999.
7.
Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасы-
ның негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 1991.
8.
Серғалиев М. Стилистика негіздері: Оқулық. – Астана:
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006.
9.
Әлкебаева Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы: Оқу құралы.
– Алматы: Зият-Пресс, 2007.
10.
Қанабекова М. Қазақ тілінің стилистикасы: Оқу құралы. –
Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2004.
11.
Бейсембаева З, Уәлиев Н, Исмаилова Ж, Қанабекова М.,
Қайдарова Г. Тіл мәдениеті: Оқу құралы. – Алматы: Prints, 2005.
12.
Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи.
Поэтика. – М.: Наука, 1963.
13.
Виноградов В. В. Итоги обсуждения вопросов стилистики. –
М., 1955.
14.
Кожина М.Н. Стилистика русского языка. – М.: Просвеще-
ние, 1983.
15.
Стилистика русского языка. Под ред. Н.М.Шанского. – Л.:
Просвещение, 1989.
|