М.Қанабекова


-тапсырма. Келтірілген көркем мәтіннен автордың



Pdf көрінісі
бет89/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   138
12-тапсырма. Келтірілген көркем мәтіннен автордың 
стильдік мәнерін айқындайтын ерекшеліктерді тауып, тал-
дау жасаңыз. 
Мені бұлар қарақшы, адам өлтіруші, қанішер дейді. Тым 
болмаса Тұрар білсін шындықты. Қарақшы кім? Қанішер кім? 
Жер бетінде қарақшы аз ба? Әне, соның қайсы бірін 
Түркістанның генерал-губернаторы өзі қадағалап, тергеу 
барысын дүрбімен қарап отыр? Ол ол ма, Приходько мырзаның 
бір «көңілі түсіп» айтып кеткеніне қарағанда, «Жылқайдаров 
Рысқұлдың ісі» туралы Түркістан генерал-губернаторы сонау 
Петербургтегі патшаның соғыс министріне ақпар айтып, ақыл-
дасуға мәжбүр болыпты. Көрдің бе, Тұрар, қай қазақтың ісін 
патша-ағзамның министрі тікелей өзі қарап еді? «Барып кел, 
шауып келмен» күн кешкен кәдімгі барымташы, қарақшы болса, 
онымен құдыретті өкімет өстіп тәжікелесіп жатар ма? 
(Ш.Мұртаза). 
13-тапсырма. Мәтінді оқып, қандай стильде жазылға-
нын анықтаңыз. Стильдік талдау жасаңыз. 
Елорданы Алматыдан Сарыарқаның сайын даласында 
орналасқан ежелгі Ақмола жеріне көшіру жөніндегі талай-талай 
керағар пікірлерге қарсы тұрған мемлекет басшысының ел 
ертеңін аса кемеңгерлікпен ойлағанын бүгінде нұр жайнаған 
әсем Астанаға, келбетті кербез шаһарға айналған қазіргі бас 
қалаға қарап бағалауға болады. Оның сыртқы тұлғасы күн 
сайын өзгеріп, түрленіп келеді. Аз уақыттың ішінде бой көтер-
ген өнер, ғылым және білім ошақтары бұл күндері халық игілі-
гіне қалтқысыз қызмет көрсетіп, еліміздің өркениетті дамуына 
өз үлестерін қосуда. 


Расында, қазірде бас қаланың дамуына әлем көз тігіп 
отыр. ЮНЕСКО-ның 1999 жылғы 16 шілдедегі шешімімен 
«Бейбітшілік қаласы» деген атқа ие болған Астана осындағы 
татулық пен ұлттар арасындағы достықтың арқасында айдай 
әлемге танылды. Жаңаша қарқынмен қарыштай бой көтерген 
құрылыс нысандарымен ғана емес, соңғы технологиялар не-
гізінде салынып жатқан әсем гүлзарларымен, аллеяларымен, кең 
де көрікті көшелерімен, таза аулаларымен сырттан келушілердің 
назарларына ілініп, шетелдіктерді таң қалдырған бас қалада 
өмір сүріп, еңбек етудің өзі – бақыт (Газеттен).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет