М.Қанабекова


-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің



Pdf көрінісі
бет92/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   138
4-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің 
орнына қажетті компоненттерін тауып, жалғастырып жазы-
ңыз. Көркемдік құрал ретіндегі антонимдердің қолданы-
сына назар аударыңыз. 
1.Ер бір рет өледі, ... 2. Көз қорқақ, ... 3. Аздың азаншысы 
болғанша, ... 4. Ұрыстың арты – реніш, ... 5. Ашу – дұшпан, ...
6. Қайғы қартайтады, ... 7. Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер, 
...8. Аз сөйле, ...9. Ердің жақсысы елімен ойласады, ...10.Тәтті 
өтіріктен.... артық. 11. Мал аласы сыртында, ... 12. Қорлық 
өмірден ... 13. Тоқтығында жараспаған ... . 
5-тапсырма. 
Мысалдардан антоним сөздер мен 
оксюморондарды ажыратып тауып, олардың қолданылу 
мәнін түсіндіріңіз. 
1.Босағасы кең еді, төрде орын тар. Төрде жалғыз отырмақ 
ойында бар (Абай). 2.Жақсы даудан жаман бітім артық(Мақал). 
3.Өлі-тірісін берген соң өлі күйеу жата ма? – деп өзің қалайсың? 
(М.Әуезов). 4.Ойланса – артын ойламай, алдын ойлауы көбейді 
(М.Әуезов). 5.Барактағы тірі өліктермен тез қоштасып, шұба-
тылып шықтық (С.Сейфуллин). 6.Тәтті өтіріктен ащы шындық 
артық (Мақал). 
6-тапсырма. Мына сөйлемдерден каламбур тудыру-
дағы омонимдердің стилистикалық қызметіне талдау 
жасаңыз. 
1.Жандай сүйген Ақсаусақ, Жалғыз ба, қазір байлы ма? 
Жаманатын жат елге, Жайды ойламай жайды ма? ( Б.Майлин.) 
2.Қалқам, 
жаным, 
қарағым, 
Бетіңе 
келмес 
қарағым 
(С.Торайғыров). 3.Махаббаттың соңғы жыры – үйлену, Күйеу 


болып, келін болып үйге ену (Қ.Мырза Әлі). 4.Аяғыңа қарамай, 
Басып алдың қара май (М.Әлімбаев). 5.Тамақтан өткеннің бәрі 
тамақ (Мақал). 6....Диплом алып жұрттан бұрын, Елге қайтты 
Сырттан біздің. Аты да Сырттан, емтиханы да сырттан, Айыр-
машылығы сол жұрттан (А.Тоқмағамбетов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет