Бұл дүниенің жүзінде өткінші емес кім бар дейсің. Бәрі өтеді,
Дауылбай да өтеді. Қара жер қараны да, төрені де, жарлыны да,
байды да бірдей етеді. Бір өлмесе Ескендір Зұлқарнайын өлмес
еді. Ол да кетті. Топырақ болды. Кім біледі, сол топырақтан бір
байғұс
балшық илеп, қыш құйған шығар... Ал Дауылбай кім
Ескендірдің қасында (сонда).
17-тапсырма. Мәтін үзінділерінен ішкі монологтердің
қолданылу уәжін, стильдік қызметін ашып көрсетіңіз.
...Бір болыс о дүниеге кетер, одан бұл дүниеде не өзге-
реді? Баяғы зар заман сол заман қалпында қалар. Әттең, дүниеде
не көп, мен сияқты зорлық көргендер көп.
Құлақ кесті құл
болып жүре бермей, бәрі де үдере көтерілер күн болар ма? Әне,
сонда әділетсіздік артын қысар еді. Менікі не? «Бүлінгенді бөрі
жердің» кері емес пе?
...Жоқ деді ол пішендегі шашыратқының қураған көк
гүліне қол соза беріп, «Біреуге шұқыр қазса – алдыңнан ор шы-
ғады» деген қайда? Жазығым не? Бауыздарда лақша бақырады.
Лақ
құрлы болмай, тұяқ серіппей кете беру керек пе? Жоқ!
Саймасай алшаң басып, аранын ашқан дүниеде маған орын жоқ.
Атасына нәлет! (Ш.Мұртаза).
Достарыңызбен бөлісу: